Ойлау туралы курстық жұмыс көлемі 40 бет

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 08:21, курсовая работа

Описание работы

Когнитивтік психологияның көрнекті өкілі, әлемге белгілі ғалым, Америка Құрама Штаттарындағы Невада–Рено университетінің профессоры, осы саладағы танымал ғылымдардың бірі Р. Солсо өзінің атақты “Когнитивтік психология” атты ең бегінде қабылдау, ес, ойлау, қиял, жасанды интеллект жайлы ғылыми теориялық талдауларын бере отырып, олардың қолданбалы аспектісін де қарастырады. Адамның ойлау мен интеллектісін когнитивтік психология аясында зерттей отырып, ойлау мен интеллектіні табиғи және жасанды салаларға бөліп, теориялық тұрғыдан талдайды. Ойлау мен интеллектінің ара қатынасын зерттейді. Біріншіден, ұғымдарды қалыптастыру, логика және шешім қабылдау мәселесіне қатысты ойлаудың ғылыми негізі талданады. Сонымен қатар, ойлаудың этностық аспектілері зерттелінеді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
1.1 Ойлау. 9
1.2 Ойлаудың психологиялық териясы. 12
1.3 Ойлаудың негізгі формалары. 21
2. ОЙЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ. АҚЫЛ–ОЙ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ. ОЙЛАУ ҚАСИЕТТЕРІ.
2.1 Ойлаудың негізгі түрлері. 23
2.2 Ақыл–ой операцияларының негізгі түрлері. 31
2.3 Ойлау қасиеттері. 32
3. ОЙЛАУДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ. ОЙЛАУДЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ.
Ойлауды зеттеу әдістері. 34
Ойлаудың даму ерекшеліктері. 37
Баланың ойлауының дамуы. 38
ҚОРЫТЫНДЫ 39
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 41

Работа содержит 1 файл

ойлау.doc

— 294.50 Кб (Скачать)

         Жалпы, ойлау дегеніміздің өзі–мәселені  шешу, оның мәнісін түсіне білу  деген сөз. 

         Ойлаудың ең күрделі және жоғарғы  формаларының бірі–ой қорытындылары.  Ой қорытындылары дегеніміз–бірнеше пікірлерден жаңа пікірлер шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір–бірімен байланыстыруымыз қажет.

         Ой қорытындысының негізгі үш  түрі барЖ

    1) дедукциялық, 2) индукциялық, 3) аналогиялық ой  қорытындысы.

         Дедукция дегеніміз–жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мысалы, біз, тірі организмдер оттегі жоқ жерде  тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі десек, олай болса, балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қорытындыға келеміз.

         Индукция–жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Гүлдер сусыз  өмір сүре алмайды, ағаштар да сусыз өмір сүре алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап, сусыз өсімдіктер тіршілік ете алмайды, деген қорытындыны жасаймыз.

         Аналогия дегеніміз–ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И. Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда аналогиялық ой қорытындысына сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы, әсіресе құлауы, мен аспан денелерінің қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсіндіруде аналогияны келтіреді. Аналогия ғылыми болжамдарды жасаудың маңызды алғышарты болып табылады. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

         

  1. ОЙЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ. АҚЫЛ–ОЙ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ. ОЙЛАУ ҚАСИЕТТЕРІ.

2.1 Ойлаудың негізгі түрлері.

     Психология ғылымы өзінің тарихи дамуы барысында философиядан бірте –бірте алшақтай түсті, сондықтан психологтардың назарына, ең алдымен, алғашында философтардың назарында болған ойлаудың түрлері түсті. Бұл теориялық, пайымдап ойлау. Ірі философтардың бірі Р. Декарт “Мен ойланамын, яғни мен тіршілік етемін”, деген формуланы ұсынды. Егер формуланың философиялық мағынасын бір жақта қалдырсақ және оны тек нақтылы–психологиялық тұрғыдан ғана қарастырсақ, онда бұл формула, ойлауды адамның тіршілік етуінің белгісі деп есептей отырып, ойлауды адамның психикалық өміріндегі бірінші орынға шығарады: автордың пікірі бойынша, ойлаудан басқа ештеме де адамның тіршілігін сенімді дәлелдей алмайды. Сонымен, пайымдап ойлау, сөздік–логикалық ойлау бөліп алынды. Бұл ойлау бүгінгі таңда да тіл, тілдік құралдар базасында болатын, қызмет ететін түсініктерді, логикалық конструкцияларды пайдалануымен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі ретінде бөлінеді. Бірақ қазіргі кездегі психология ойлаудың бұл түрін жалғыз түр ретінде қарастырмайды.

     Адамның ойлауы өзіне әр түрлі  түрдегі және деңгейдегі ойлау операцияларын қосты.

     Адамның ойлауы әр түрлі деңгейдегі ойлау операцияларынан тұрады. Ең алдымен олардың танымдық мәндері әр түрлі болады. Танымдық қатынаста баланың алдында тұрған қиындықты шешетін қарапайым ойлау актісі және қандай да бір күрделі процестердің өту заңдылықтары жайлы ғылыми мәселені шешкенде ғалым адам қолданатын ойлау операцияларының жүйелері тең болмайды. Сөйтіп, оның жалпылау деңгейі қаншалықты биік, бір маңызды мәнді құбылыстан басқа оны анықтауға баратын жағдайлар қаншалықты терең болғанына байланысты ойлаудың әр түрлі деңгейлерін ажыратуға болады. Ойлаудың осындай әр түрлі деңгейлеріне қарапайым формадағы көрнекі ойлау және дерексізденген, теориялық ойлау жатады. Осындай әр түрлі деңгейдегі ойлаудың түрлері ретінде қарапайым көріністегі көрнекі, ойлау мен берілген көрініс шегінен шығатын теориялық ойлауды бөліп көрсетуге болады.

     Өз пәнінің заңдылықтарын ашатын  теориялық ойлау ойлаудың жоғарғы  деңгейі болып табылады. Алайда  ойлауды абстрактілі түсініктерде  теориялық ойлауға апару мүлдем дұрыс емес. Біз ойлау операцияларын тек теориялық проблемаларды шешекенде ғана емес, көрнекі оқиға аясында қала отырып, объективті шарттарды ескеріп кез келген міндентті ұғынып шешеміз, сондықтан да біз абстрактілі теориялық құрылуға барғанда да оларды қолданамыз. Тек дерексізденген ғана емес, сондай–ақ көрнекі ойлау да болады, себебі кейбір жағдайларда біз көбінесе көрнекі мәліметтерге сүйене отырып алдымызда тұрған міндеттерді шешеміз.   

     Осылайша, шығу тегі мен пайда  болуы (генезі) бойынша ойлау келесі түрлерге жіктеледі:

  1. Көрнекі-әрекеттік ойлау–мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі. Мысалы кіші жастағы балалармен жүргізілген тәжірибеде иінтіректің оң жағына бала үшін тартымды, оны алу тілегін туғызған ойыншық бекітілген. Үстелдегі ойыншықты қолмен алу мүмкін емес. Бір ғана жол бар – сол жаққа бекітілген тұтқаны пайдалану. Тұтқаны өзіне қарай тартқанымен ойыншық тае қана жылжиды, әдетте заттарды өзіне қарай тартқанда жасалатын әрекеттерге кері қозғалыс жасау қажет. Кіші жастағы бала үшін елеулі қиындықтармен іске асырылатын, бұл тәсілді табуды ойлау психологиясында солай атайды. Бұл көрнекі-әрекеттік ойлау, ол жоғары жануарларда да болады және оны И.П. Павлов, В. Келер, Н.Н. Ладыгина–Котс және т.б.  сияқты ғалымдар жүйелі түрде зерттеген. Көрнекі-әрекеттік ойлаудың негізгі сипаттамасы атауында бейнеленген: тапсырмаларды шешу, бақыланатын қозғалыс актісінің көмегімен, жағдайды шынайы өзгертудің көмегімен іске асырылады.           
  2. Көрнекі–бейнелік (бейнелік) ойлау–жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі. Психологияда сонымен қатар дербес түр ретінде бейнелік (немесе көрнекі-бейнелік) ойлау бөліктеніп тұрады. Н.Н. Поддъяков пен оның қызметкерлерінің зерттеулерінде мектепке дейінгі жастағы балаға белгілі бір формалы жайпақ фигураны ұсынған, мысалы фанерден кесіліп жасалған қазды. Одан кейін фигура фанерлік дискімен жабылады, сөйтіп оның тек басы мен мойыны ғана көрініп тұрады. Содан кейін фигураны бастапқы жағдайынан басқа бір бұрышқа бұрады да, балаға қаздың басы мен мойынының орналасуы бойынша оның құйрығы қай жерде екендігін анықтауды тапсырады. Бейнелік ойлаудың қызметі адамның жалпы жағдайлардың нақтылануымен жағдайды өзгертетін өз іс-әрекетінің нәтижесінде алғысы келетін, жағдайды және ондағы өзгерістерді түсінуімен байланысты. Бейнелік ойлаудың көмегімен заттың іс жүзіндегі әр түрлі сипатталарының әр алуандығы біршама толық түрде қайта жасалады. Бейнеде затты бір мезгілде бірнеше көзқарас тұрғысынан көру тіркелген. Бейнелік ойлаудың өте маңызды ерекшелігі – заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттегі емес, “керемет” сәйкестіктерін анықтау. Көрнекі - әрекеттік ойлауға қарағанда көрнекі–бейнелік ойлауда жағдай тек бейне тұрғысында өзгереді.  

     Көрнекі ойлау және дерексізденген–теориялық ойлау көптеген тәсілдермен бір–біріне өтеді. Олардың арасындағы айырмашылықтар салыстырмалы; ол сыртқы кереғарлықты көрсетпейді, алайда ол маңызды.

     Кез келген ойлау азды–көпті  жалпыланған абстрактілі ұғымдарда  жасалады және барлық ойлау азды–көпті көрнекі сезімдік бейнелерге қосылады; ұғымдар және бейне–түсініктер оларда үздіксіз бірлікте беріледі. Адам түсініктерсіз, сезімдік көрнекіліктен тыс ойлай алмайды; ол сондай–ақ ұғымдарсыз, тек қана сезімдік-көрнекі бейнелерде де ойлай алмайды. Сондықтан да көрнекі және ұғымды ойлау туралы оларды сыртқы қайшылықтар деп айтуға болмайды; алайда түсініктер және ұғымдар бір– бірімен байланысып қана қоймаған, олардың бір–бірінен айырмашылығы да болады, біртұтас ойлаудың ішінде, бір жағынан, көрнекі, екінші жағынан– абстрактілі–теориялық ойлауды ажыратуға болады. Біріншісі үшін тән нәрсе түсініктер мен ұғымдардың бірлігі, жалпы мен жалқы үшін көрнекі бейне– түсініктердің формасы тән болады; екіншісі үшін көрнекі бейнелер – түсініктер және ұғымдардың бірлігінде жалпы ұғымдар формасы тән болады.

     Танымның әр  түрлі деңгейлері  немесе сатылары болатын, бейнелі  және абстрактілі–теориялық ойлау  бірыңғай процестің әр түрлі жағы болып табылады және объективті шындықтың әр түрлі жақтарын танудың адекватты тәсіліне тең. Дерексізденген ойлау ұғымы жалпыны бейнелейді; алайда жалпы ешқашан да ерекшені және жалқыны жоққа шығармайды; осы соңғысы бейнелерде бейнеленеді.

     Сондықтан да әсіресе Гегель  жүйесінде ретті жүргізілген  ой, бейне танымның төменгі деңгейі бола алады, егер де жоғары деңгейде олар ұғымдармен алмастырылмаса, осы жағдай шындықты ұғыммен жасауды қате қиялдаған рационалисті адастыру болып табылады. Сондықтан да біз көрнекі –бейнелі ойлау мен абстрактілі–теориялықты екі деңгей ретінде ғана емес, бірыңғай ойлаудың екі түрі немесе екі аспектісі деп ажыратамыз; тек ұғым ғана емес, ойлаудың барлық, тіпті жоғарғы деңгейінде бола алады.

     Бейне ойды байытады дегенге  кез келген метафораның мысалында  көз жеткізуге болады. Кез келген метафора жалпы ойды көрсетеді; метафораны түсіну үшін оның жалпы мағыналық мазмұнын бейнелік формада ашуды талап етеді, себебі метафоралық бейнені қолдану үшін жалпы ойды адекватты білдіретін бейнелерді табуды талап етеді. Егер бейне жалпы ойға ештеңе қоспаған болса, онда метафорлық бейнелер қажетсіз әшекейлер мен артық масыл болған болар еді.

     Метафораның бүкіл мәні метафоралық  бейнеге апаратын жаңа көркем  бояуларда болады; оның құндылығы  жалпы ойларға қосылуына байланысты  болады. Жалпы ойларда көрсететін метафорлық бейнелер ойларға жалпы жағдайда тұжырымдама беретін болғандықтан бір мағынаға ие болады.

  1. Сөздік–логикалық (пайымдаушы) ойлау–тілдің және тілдік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайданумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі.                

     Көрнекі-әрекеттік, көрнекі–бейнелік, сөздік–логикалық ойлау онтогенез  бен филогенездегі ойлаудың даму  кезеңдерін қалыптастырады. Қазіргі  таңда психологияда ойлаудың  бұл үш түрі үлкен адамда  да болатындығы және әр түрлі тапсырмаларды шешуде қызмет ететіндегі сенімді көрсетілген. Бейнеліп көрсетілген топтастыру (үштік) жалғыз емес. Психологиялық әдебиеттерде бірнеше “жұптық” топтастырулар пайдаланылады.

     Егер  біреу “Менің жұлдызым  сөнді” деп айтса, онда ол онымен  дерексізденген тұжырымды беріп отыр, яғни енді жолым болмайды дегені. Алайда бейнелік көрсетулер өзіне ғана тән мәнерлі сипаты бар қосымша бояларды береді. Ол тек жалаң фактіні ғана емес, оған деген қатынасты да береді.

     Жұлдызбен салыстыру айтушының көзқарасы тұрғысынан сәтсіздік жайлы емес, елеулі, көтеріңкі, үстем жағдайды, адамның тағдыры туралы айтады. Ол стихиялық кезеңді болып жатқан оқиғаның адамның еркінен тәуелсізділігін ығыстырады, сөйтіп жеке кінәні осымен жойып жібереді. Ол сонымен қатар айтушының сәтсіздіктерге әкелген тағдыры жайлы эпикалық қатынасты да айтады. Бейнелі метафорлық ойлар жалпы ойды адекватты білдіреді, және жалпы жағдайда берілмеген қосымша кезеңдерді және бояуларды кіргізе отырып оның шегінен шығады. Метафоралық ойлар ұғымдар мен бейнелердің жалпы ойларының бірлігінің айқын дәлелдемесі сияқты оның бейнеден, ұғымнан да айырмашылығы болады. Поэтикалық бейне үшін ерекше нәрсе көрнекілік емес, оның мәнерлілігі. Осы жағдайды көркем ойлауды ұғу үшін маңызы бар.

    Көркем ойлауда бейненің өзі жалқыны нақтылы бейнелей отырып, сонымен бірге жалпыланған функцияны орындайды; абстрактілі схема болған, ол индивидтің нақты бейнелеуін көрсетеді, толық мәнді көркем бейне жалпыға дейін жоғарылайды. Бейнеде тек жалқыны ғана көру өте қате болар еді. Бейнелер жалқының және жалпының бірлігін береді; олар бір бірімен өзара байланысты болуы қажет, себебі бейнелетін объективті болмыста олар өзара байланыста болады.

     Көркемдік ойдауда бейнелер жалпыланған  функцияны атқарады, сондықтан да көркем шығарманың бейнелі мазмұны оның идеялық мазмұнын тасушы болады. Егер де көрнекі бейне өзіне идеялық мазмұнды қоса алмаса, онда ылғи да көрнекі бейнелі материалмен жасалатынын көркем шығарма идеясыз, үрдісшіл болар еді, себебі үрдісшілдік және көркем емес бейнелерсіз жалпы формулада мүлдем еш нәрсе бермейтін бейнелерден басқа идеялық мазмұнды беретін шығарма болар еді.

     Шын мәнінде кез келген көркем  шығарманың қандай да бір идеялық  мәні болуы қажет, себебі әрбір  көркем шығарма қандай да бір дәрежеде белгілі бір идеологияны бейнелейді. Мәселенің мәнісі ол оны қаншалықты дәрежеде жасайтындығында. Шынайы көркем, бір мезгілде идеялық және көркем шығармада оның бейнелік  мазмұны оның идеялық мазмұнын ғана тасымайды, ол оны басқаша білдіреді, және ол дерексізденген формулада және жалпы жағдайда жасауға болады. Бейнелік ойлау, сөйтіп, ойлаудың ерекше түрі болып табылады.

     Сонымен қатар психологияда ойлаудың қос классификациясы да танымал.

  1. Мәселенің түріне байланысты:

     1. Теориялық ойлау–ғылыми ұғымдарды пайдалану негізінде заңдар мен ережелерді танып–білуден тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрі.

  1. Практикалық ойлау–ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйін (мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру) білдіретін ойлау түрі. Бұл ойлау түрі кеңес ғылым–психологы Б.М. Тепловпен едәуір көп зерттелінген.

     Қазіргі жаңа психологияда көрнекі–бейнелі  және ойлауда теориялық және  практикалық ойлау жайлы мәселелер  қатар тұрады. Дәстүрлі психология  ойлаудың сырттай қарсы қойылуынан  және практикалық іс-әрекеттен басталды, ойды зерттеуде теориялық іс–әрекетті шешуге бағытталған ғылыми ойлаудың міндеттерінің дерексізденуі еске алынды. Ойлау мен іс- әрекеттің арақатысы жайлы мәселе көбінесе жай ғана шешіліп отырды: теориялық интеллектуалдық операциялар алғашқы ретінде қабылданды; ол операциялар сананың ішкі дүниесінде жасалады; сосын іс-әрекет солардың негізінде құрылады. Осы тұрғыдан ақылға қонымды іс-әрекет, теориялық ойлаудың нәтижелерін әрекеттің сыртқы жағына ауыстырады. Гетенің Фауыстындағы “алдымен іс болды” деген терең мағыналы сөзіне қарамастан –дәстүрлі психология үшін алдымен ойлау, содан кейін әрекет болды. Ойлаудың әрекетке қатынасы ылғи да іс-әрекеттің абстрактілі ойлаудан бір жақты тәуелділігі ретінде ойланды; және бұл тәуелділік тарихи дамудың барлық сатысында өзгермей берілді. Теориялық ойлау–бұл заңдарды, ережелерді тану. Менделеев кестесінің ашылуы–оның теориялық ойлауының нәтижесі. Теориялық ойлауды жүзеге асырмаған кез келген әрекет тек қана дағды,-бір сөзбен айтқанда интеллектуалдық операциямен емес, инстинкті реакциямен ғана болар еді; сондықтан да баламалы жағдай туды: немесе әрекеттің интеллектуалдық сипаты жоқ, немесе ол–теориялық ойлаудың бейнеленуі. Адамға ұқсас маймылдарды зерттеген В. Келердің зерттеулері ақыр соңында мәселенің дұрыс қойылмауына әкелді; осы зерттеулерге байланысты практикалық интеллект деп аталатын ұғым пайда болды. Практикалық ойлаудың негізгі міндеті–шындықтың физикалық өзгеруін дайындау: мақсат қою, жоспар, жоба, сызба құрастыру. Келер эксперименттерінің типі бойынша шимпанзеге, содан кейін–алдымен Келер, содан соң К. Бюлер–балаларға осы эксперименттерді жасады; оған кейін қалыпты және ақыл–есі кеміс балаларға және ересектерге көптеген бірқатар эксперименттер жасалды.

Информация о работе Ойлау туралы курстық жұмыс көлемі 40 бет