Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 09:11, курсовая работа
Сабақ барлық балалар үшін міндетті, мұнда білім, біліктілік, дағдыны игертумен қатар, балалар тобын құруға, онда өмір сүріп, іс-әрекетпен шұғылдануға, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасап, адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлқын қалыптастыруға үйретеді. Сабақ тәрбиешінің басшылығымен өтеді. Ол сабақтың мазмұнын, мақсат-міндеттерін, көрнекі құралдарын белгілейді, әдіс-тәсілдерін таңдап алып, балалардың білімді іскерлікті, дағдыны меңгеру әрекетін басқарады. Сабақты өткізуге ең қолайлы кезең күннің бірінші жартысы, себебі балаларға іс-әрекетпен шұғылдану таңертенгі тамақтан кейін, шаршамай, ойынға кіріспей тұрғанда ыңғайлы екені көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектерінде дәлелденген.
Кіріспе.............................................................................................4-5 беттер
Ұлы ойшылдардың ақыл-ойы тәрбиесі жайлы айтқан ұлағатты сөздері..................6 бет
І-тарау
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы..............7 бет.
1.2. Ақыл-ой тәрбиесінің негізі........................................................8-9 беттер.
ІІ-тарау
2.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі........10-29 беттер
2.2. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары және міндеттері................29-42 беттер
2.3. Балалардың ақыл-ойын дамытуда «сенсорлық» тәрбиенің маңызы.........42 бет
Қорытынды....................................................................................43-44 беттер
Қолданылған әдебиеттер...........................................................45-46 беттер
а) балалардың ұғымын кеңейту
және олардың назарын
ә) құрылыс тәсілдеріне үйрету, ойлау дербестігі мен бейсенділігін, конструкциялық-шығармашылық қабілетін тәрбиелеу және дамыту.
б) балалардың еңбек сүйгіштігін қалыптастыру, өзара дұрыс қарым-қатынасын дамыту, оларды біріктіру.
Құрылыс ойындарын үйретуші және тәрбилеуші ықпал жасауының маңызды шарты балалардың шығармашылық өнерпаздығын сақтай отырып, ойындарға басшылық ету, балалардың техникаға қызығушылығын дамыту, көрнекі құралдары (иллюстрацияларды, фото суреттерді, жай ғана техникалық суреттерді) пайдалану, жазық бейнені көлемді құрылысқа көшіру тәсілдерін үйрету болып табылады.
Тәрбиеші балаларға майда тастардан алаңға өрнек салуды үйретеді: «өрнек үшін үлгі нұсқа беруге, сюжетін, тастарды ұсынуға болады. Мұндай ойындар баланың бағдарлау қабілетін дамыту және анықтау үшін пайдалы. Ересек балалар тәрбиешінің басшылығымен қарағай бүрлерін кішкене адамдар, аңдар жасайды, оларға арнап бұтақтардан ойыншық құрылыстар салады».
Мектеп жасына дейінгі балалар қардан үйлер, қамалдар, қайықтар, көпірлер жасайды, учаскені мұз, қардан жасалған мүліктермен безендіреді. Құрылыс ойындарына дұрыс басшылық еткен жағдайда тәрбиелеу мен үйретудің маңызды құралы болып табылады. Олар балалардың қоршаған өмір құбылыстарын бейнелеу қабілетін техникаға, конструкциялық ойға ықыласын дамытады, өзара достық қарым-қатынасын қалыптастырады.
Ақыл-ой тәрбиесінде ерекше маңызды орынды танымдық мазмұнымен ақыл ой міндеттері қажетті элементтерді басып табылатын – дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындар - балаларға оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойында өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындар жасаған халық педагогикасында жатыр. Дидактикалық ойында балалардың ойын әрекетіне тән құрылыс элементтерінің бәрі: ой-ниет (мазмұн, ойын әрекеті, ереже, нәтиже бар).
Дидактикалық ойынның міндеті - оқыту сипатын, оның мазмұны балалардың танымдық әрекетін дамытуға бағытталғанын атап көрсетеді. Дидактикалық ойынның зор маңызы - балалардың дербестігін және ойлау мен сөйлеу қабілеті дамытуында болып табылады. Мысалы, «сиқырлы қалпақтың сырын ашасың» деген ойында тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қойады. Ойын міндеті – қалпақ астында не бар екенін білу. Бала дұрыс тапса мадақтау керек. Педагог ойынға қатысушы ретінде бірінші қалпақты көтеріп, оның астында ойыншық туралы айтып береді. Оны сипаттаудың үлгісін көрсетеді. Егер ойнаушы бала олай сипаттауға қиналса немесе белгілерін аз көрсетсе тәрбиеші оған: «Аман көтерген қалпақтың жасырған заты туралы аз айтты» - деп қозғау салады.
Ой міндеті кейде ойын атының өзінен көрініп тұрады: «Ғажайып дорбаның ішінде не бар екенін білейік, кім қай үйде тұрады?», т.с.с. ойын әрекетін балаларға үйрету керек тек сол жағдайда ғана ойын оқыту сипаты мазмұнды болады. Ойын әрекеті үйрету ойында алдымен байқап көру, әрекеттің өзін көрсету, образды ашып беру т.б. жүзеге асырылады.
Ойын әрекеті нені көрсететін сипатта бола бермейді бұл мақсатты түрде бағытталған түсіну, байқау, салыстыру процесінде білінетін ой әрекеттері, кейде бұрын игергенді еске салу, ойлау. Өзінің күрделігі жағынан бұлар алуан түрлі және танымдық мазмұны мен ойын міндеттерінің дәрежесіне, балалардың жас ерекшелеріне байланысты болады. Балаларды топқа бөлген кезде рөльдер болған ретте ойын әрекеттері әр түрлі, ойын әрекетінің көлемі де әр түрлі. Дидактикалық ойын элементтерінің бірі – ережелер. Ережелер оқыту міндетімен ойын мазмұнына қарай белгіленеді және өз тарапынан, ойын әрекетінің сипатымен тәсілін белгілейді, балалардың мінез – құлқын тәрбиешімен балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады және бағыттайды. Ережелердің көмегімен ол балалардың өзгеріп тұратын жағдайын бақылау, тікелей өз талабын тежей білу, эмоциялық еріктік күш жұмсау қабілетін қалыптастырады. Осының нәтижесінде өз қимылын басқара білу, оны басқа ойнаушылардың іс-әрекетімен үйлестіру қабілеті дамиды. Дидактикалық ойындарда балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ай-күнін жұмсау, ережені ой елегінен өткізе білу, іс-әрекеттердің жүйелілігі, қиыншылықтарды жою керек болады. Олар мектеп жасына дейінгі балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білім меңгеруіне көмектеседі. Бұл ойындар балалардың қандай да бір ой міндетімен практикалық міндетті шешудің алуан түрлі үнемді және ұғымды тәсілдеріне үйретуге мүмкіндік береді. А.В. Запорожец дидактикалық ойындардың маңыздылығы мынада деп жазды: «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдер мен іскерліктерді игерудің формасы ғана болып қалмай, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілеттерін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет».
Дидактикалық ойын адамгершілік тәрбие міндеттерін шешуге, балалардың көпшілігін дамытуға көмектеседі. Тәрбиеші балаларды олармен бірге ойнай білу, өз мінез-құлқын реттеу, әділ және адал болу кешірімді және талапшыл болу қажет етілетін жағдайға қояды. Дидактикалық ойындарға басшылық жасау балалардың дербестігі мен инициативасын дамытуға және көтермелеуге, олардың ойын міндеттерін шешудің түрін тәсілдерін қолдана білетін басуына бағытталуы тиіс, ойынға қатысушылардың арасында ізгі қатынастарды, достарына көмектесуге әзір тұруды қамтамасыз етуі керек. Дидактикалық ойында көрнекілікте тәрбиешінің сөзін, балалардың өз әрекетін ойыншықтармен ойын құралдарымен, заттармен, суреттермен т.т.с. дұрыс ұштастыру қажет екенін ескеру керек. Көрнекілікке мыналар жатады:
1) балалар ойнайтын
және ойынның материалдық
2) заттарды және
олармен не істеу керек екенін
бейнелейтін, заттардың неге
3) Ойын әрекетін
және ойын ережелерін
Дидактикалық ойында балалардың көрсеткен инициативасына сұрақтарына, ұсыныстарына байланысты ойынның түркі ойын кенеттен кеңейтіп және байқап жіберуге мүмкіндік бар. Ойында белгіленген уақыт ішінде – өткізу үлкен өнер. Тәрбиеші уақытты бәрінен өзінің түсіндірмелерін қысқарту есебінен ұтады. Суреттеулердің, әңгімелердің, репликалардың қысқалығы, айқындағы, ойынның ойдағыдай дамуының және алға қойылған міндеттің орындалуының шарты болып табылады.
Ойынды аяқтай келе педагог балалардың оны жалғастыруға ықыласын туғызуға, келесі ойынның одан да қызық болатынын сездіруі тиіс. Әдетте: «Келесі жалпы бұданда жақсы ойнайтын боламыз» немесе «жаңа ойын бұданда қызық болады» - дейді. Тәрбиеші балаларға таныс ойын нұсқаларын таңдап, жаңа – пайданы әрі қызықты ойындар жасайды.
Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, залда, участкеде, орманда, далада т.б. жерлерде өткізіледі. Сол арқылы балалардың неғұрлым белсенділігін және бір-бірімен араласуын қамтамасыз етеді.
Қимылды ойындардың ерекшелігі - мектеп жасына дейінгі балалар ойын барысында дене тәрбиесімен көп шұғылданады. Бұл ойындар арқылы балалар жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу т.б. жаттығуларды дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Алуан түрлі қимыл-қозғалыстары баланың бұлшық етінің белсенді әрекетіне зат алмасудың, қан айналысының, тыныс алудың жақсы болуына яғни, ағзаның тіршілік әрекетінің артуына көмектеседі.
Қимыл-қозғалыс ойындарының тізімі: «Құлыншақтар», «Қонаққа барамыз», «Жоғары-төмен», «Мысық пен тышқан», «Әткеншек», «Тез орныңа бар», «Орамал тастамақ», «Қақпаға дәлдеп тигіз» т.б.
Мектеп жасына дейінгі ақыл-ой тәрбиесінің құралдарының бірі- еңбек. Еңбек – жеке адамның жан-жақты дамуының негізін құрайтын шығармашылық еңбек, тәрбиенің басты салаларының бірі, мектеп жолына дейінгі кезеңде балалардың еңбекке дұрыс қатынасын қалыптастыруға баулу, еңбек адамдарын сыйлауға үйрету. Еңбектің міндеті-мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек үшін маңызды физиологиялық және психалогиялық алғы шарттарды дербестікті, сенімділікті, белсенділікті, дамыту, еңбек әрекетіне қатыстыру арқылы балалардың ересек адамдармен, құрбы-құрдастармен жақсы қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу. Еңбек балалардың әр алуан ойындарымен еңбек түрлерін тиімді ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Еңбек балалардың дене күшімен ақыл-ой әрекетін ширата түседі,сенімін байқампаздығын, дағдысын қалыптастырады. Еңбек барлық салалармен байланысты. Еңбек іс-әректі қоғамға пайдалы өнімдерді азаматқа қажетті материалдық рухани байлықтарды жасауға бағытталған іс-әрекет. Балалар бақшасындағы балалардың еңбегі негізгі үш формада: тапсырма беру, кезекшілік, ұжымдық еңбек іс-әрекеті формасында ұйымдастырылады, жас және жеке-дара ерекшеліктерін, тәрбиесін, сондай-ақ бір немесе бірнеше балаға берілетін тапсырма қысқа немесе ұзақ мерзімді жеке-дара жалпы, қарапайым жүйелі әрекетің тұтас тізбегін қамтитын неғұрлым күрделі болу мүмкін «балалар бақшасында тәрбие бағдарламасында» ұсынылған еңбек түріне сағат саны белгіленеді, көпшілігі ол балалардың жасына, топтың жағдайына байланысты.
Еңбектің негізгі түрлері:
1) Өзіне-өзі
қызмет көрсету (өзін күтуге, жуынуға,
шешінуге, киінуге, төсегін жинауға,
жұмыс орнын әзірлеуге)
2) Тұрмыстық шаруашылық еңбек (сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды реттеуге тәрбиешінің көмекшісіне дастархан мәзірін дайындауға көмектесу)
3) Табиғат бұрышындағы еңбек (бөлме гүлдерін суару, өсімдік жапырақтарының шаңын сүрту).
4) Табиғаттағы
еңбек (өсімдіктерді суару,
Мектеп жасына дейінгі балаларда тапсырманы орындауға қатысу тәжірбиесінің жинақтауына қарай тәрбиеші оның мазмұнын қиындата береді. Естияр топта ол балаларға өз бетімен қуыршақтың көйлегін, ойыншықтарды жуу, жолды сыпыруды, құмды бір жерге үюді тапсырады. Бұл тапсырмалар неғұрлым қиынырақ, өйткені оларда бірнеше әрекеттердің болуымен бірге, өзін-өзі ұйымдастырудың элементтері де бар. Жұмысқа орын әзірлеу, оны орындалу кезегін белгілеу және т.с.с. балалардың еңбек тапсырмаларын орындап, кезекші міндетін атқарып,ұжымдық еңбекке қатысып қажетті шеберлік дағдыларын үйреніп меңгеруге тиіс. Тәрбиеші нені және қалай үйрету керек екенін көрсетіп береді; көрсету үстінде жұмыстың әсілдерін және оны ұйымдастыру әдістерін түсіндіреді, әрбір жаңа іскерлікке үйрету тікелей көрсетуден басталады; «кітапті қалай желімдеу керек», «өсімдіктерді қалай суару қажет», «құстың торын қалай тазалау керек», «үстел үстіне қасықтарды қалай қою керек» және т.б. еңбек іскерлігіне үйретудің ойдағыдай жүруі үшін балалардың жұмысқа ынтасын қалыптастыру керек. Бұған айтылатын игі ұсыныспен ақыл-кеңес көмектесуге әзір тұру қиналған тартқыншақ балаларды берілген істі қайтсе де орындай алатындығына сендіре білу жәрдемдеседі. Баланың шалағайлығы үшін жазғыру керек. Оның еңбекке қатысудан бас тарту себебіне терең бойлап, әр жолы балалар әр алуан тапсырмаларды орындауға қатысқысы келетіндей тәсілдер тауып отыру міндет.
Тәрбиеші балалардың күш-жігерін жұмсай білуін, ұқыптылығын сақтауын тапсырманы ақырына дейін орындауын, қабілетін қалыптастырады. Оларды қай жұмысқа да дұрыс қарауға тәрбиелеу маңызды. Бұған, тәжірбиенің әр істе қызығушылығын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жұмысына баға бере отырып, олардың күші мен мүмкіндігін ескерген жөн. Мәселен, сәбиді мақұлдай отырып, тәрбиеші оның еңбекке қатысқысы келген бар ықыласын мадақтап, жіберілген ағаттылығына шабандылығына, нәтижесінің нашар сапасына кешіріммен қарайды. Балалардың іскерлігі өскен сайын қойылатын талаптар да арта түседі. Сондықтан, баланың жұмысын бағалай отырып, тәрбиеші оның жақсы қарқынмен, епті, сенімді істей білетінін атап көрсетеді.
Еңбек әрқашанда дене күшін жұмсау мен байланысты болады, ықыласты, зейін қоюды талап етеді. Сондықтан, сол жастағы балалардың дене күшінің мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, еңбекті мөлшерлеп отыру қажет.
Еңбектің ұзақтығы: 3 немесе 4 жастағы балалар (10-15) минут, 6-7 жастағы балалар (20-30) минут.
Еңбек үшін гигиеналық жағдай туғызуға қамқорлық жасай отырып, тәрбиеші оның балалар денсаулығына теріс әсер ету мүмкіндігінің алдын алады. Мәселен, ықыласты зейін қоюды талап ететін жұмыс (түйме қадау, кітап желімдеу) жеткілікті жарық бар жерде орындалуға тиіс. Балалар ықыласпен істелген еңбектің тәрбиелік мәні артады. Бұл көбінесе мектеп жасына дейінгі және мектепке дейінгі мекеме мен жанұядағы еңбек атмосферасына байланысты болады. Еңбек жүйелі сипатта болса және оған барлық балалар қатысса тәрбие құралына айналады. Әрбір бала әр түрлі тапсырмаларды мейілінше жиі орындап тұруға, кезекші болуға, ұжымдық еңбекке қатысуға тиіс. Баланың еңбек әрекетін жоспарлы, бір жасқа дейінгі және бір жастан өткен сайын тәрбиелік міндеттерді бірте-бірте қиындата беру, балалардың еңбекке тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа талдау жасап, баға беріп отырулары қажет. Балаларды еңбекке тәрбиелеу балалар бақшасы мен отбасының бірлесіп жұмыс істеуі жағдайында ғана ойдағыдай жүзеге асуы мүмкін. Ата-аналар жиналыстарында, әңгімелерді ата-аналармен оңаша кездесу кездерінде тәрбиеші балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасының «балаларды еңбекке тәрбиелеу жөніндегі талаптары туралы осыған байланысты жүргізілетін жұмыс». Ата-аналар балаларды еңбекке тәрбиелеу жөнінде балалар бақшасы мен бірлесіп жұмыс жүргізудің қажеттілігін түсінетін болуына жету маңызды.
Тәрбиеші ата-аналарға балалар еңбегін ұйымдастырғанда олардың да, әрбір мекемеде қатысатын талаптарды ұстауын ұсынады. Баланың жасы мен мүмкіндігін ескере отырып, оны өзіне – өзі қызмет көрсетуге үйрету керек, оның өзі істеуге тиіс және істей алатын нәрсені ол үшін бермеу керек.
Тәрбиеші ата-аналарға өзіне – өзі қызмет көрсету жөніндегі еңбектің тәрбиелік зор маңызы бар екенін ұғындырады, қажетті дағдыларды, шеберліктерді, әдеттерді қалыптастыру тәсілдерін түсіндіреді: ол балаларға «тамақтанған соң ыдыстарды ас үйге апару», «қажетті затты әперіп жіберу», «ұсақ бір бұйымдарды жуу».
Тәрбиеші ата-аналармен жұмыстың түрлі формаларын: балалар бақшасында балалар еңбегін бейнелейтін еңбектің маңызын және оған басшылық ету әдісін ашатын қысқаша тексті бар фото көрмелерді, балалардың ұсақ-түйек көрмелері еңбек іс-әрекеті қоғамға пайдалы өнімдерді азаматқа қажетті материалдық және рухани байланыстарды жасауға бағытталған іс-әрекет. Сондықтан да балабақшаның жағдайында балаларға берілетін еңбек тапсырмаларынның түрлері біршама сан алуан. Бұған тәрбиешілердің әр түрлі тапсырмаларын орындау, кезекшінің міндеттерін атқару, бөлме өсімдіктері мен жануарларын күту, балабақша ауласында жұмыс істеу қағаздан, картоннан, шүберектен т.б. ойыншықтар дайындау жатады. Балалардың жұмысын үлкендер тиісінше ұйымдастырып және бағыттап отырған жағыдайларда ғана бұл тапсырмалар балалар үшін еңбек тапсырмаларының мәніне ие болады, еңбек іс-әрекетінің жәрдемі арқылы орындала бастайды. Еңбек тапсырмаларын орындау жағдайларын ұйымдастыруға мыналар кіреді:
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі