Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 09:11, курсовая работа

Описание работы

Сабақ барлық балалар үшін міндетті, мұнда білім, біліктілік, дағдыны игертумен қатар, балалар тобын құруға, онда өмір сүріп, іс-әрекетпен шұғылдануға, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасап, адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлқын қалыптастыруға үйретеді. Сабақ тәрбиешінің басшылығымен өтеді. Ол сабақтың мазмұнын, мақсат-міндеттерін, көрнекі құралдарын белгілейді, әдіс-тәсілдерін таңдап алып, балалардың білімді іскерлікті, дағдыны меңгеру әрекетін басқарады. Сабақты өткізуге ең қолайлы кезең күннің бірінші жартысы, себебі балаларға іс-әрекетпен шұғылдану таңертенгі тамақтан кейін, шаршамай, ойынға кіріспей тұрғанда ыңғайлы екені көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектерінде дәлелденген.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................4-5 беттер
Ұлы ойшылдардың ақыл-ойы тәрбиесі жайлы айтқан ұлағатты сөздері..................6 бет
І-тарау
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы..............7 бет.
1.2. Ақыл-ой тәрбиесінің негізі........................................................8-9 беттер.
ІІ-тарау
2.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі........10-29 беттер
2.2. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары және міндеттері................29-42 беттер
2.3. Балалардың ақыл-ойын дамытуда «сенсорлық» тәрбиенің маңызы.........42 бет
Қорытынды....................................................................................43-44 беттер
Қолданылған әдебиеттер...........................................................45-46 беттер

Работа содержит 1 файл

курсовой .doc

— 384.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Алматы облыстық білім Департаменті

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепке дейінгі  педагогика пәнінен курстық жұмыс

 

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі»

 

Мамандығы: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлімі: Сырттай  оқу тобы

Топ: 3 «а»

 

Жетекші: Бозымбекова К.К.

 

Орындаған: Камалбекова Қ.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаркент 2013 жыл

 

 

 

Жоспар:

 

 

Кіріспе бөлім

 

1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы

1.2. Ақыл-ой тәрбиесінің  негізі

 

Негізгі бөлім

2.1. Мектеп жасына  дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі

2.2. Ақыл-ой тәрбиесінің  құралдары және міндеттері

2.3. Балалардың  ақыл-ойын дамытуда «сенсорлық»  тәрбиенің маңызы

 

3.1. Қорытынды  бөлім

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе.............................................................................................4-5 беттер

 

Ұлы ойшылдардың  ақыл-ойы тәрбиесі жайлы айтқан ұлағатты сөздері................................................................................................................6 бет

 

І-тарау

1.1. Мектеп жасына  дейінгі балалардың ақыл-ойының  дамуы..............7 бет.

1.2. Ақыл-ой тәрбиесінің  негізі........................................................8-9 беттер.

ІІ-тарау

2.1. Мектеп жасына  дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі........10-29 беттер

2.2. Ақыл-ой тәрбиесінің  құралдары және міндеттері................29-42 беттер

2.3. Балалардың  ақыл-ойын дамытуда «сенсорлық»  тәрбиенің 

маңызы.......................................................................................................42 бет

Қорытынды....................................................................................43-44 беттер

Қолданылған әдебиеттер...........................................................45-46 беттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Бала тәрбиесінің  негізі жанұясында қаланатындықтан, халқымыздың  ғасырлар бойы ұрпақтан-ұпаққа мирас  болып келе жатқан жанұялық бала тәрбиесі дәстүрлерін, фольклорлық мұраларын балабақшада педагогикалық процесті ұйымдастыруда кеңінен пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.

Мектепке дейінгі  ұйымдарға арналған бағдарламалар  мектепке дейінгі жастағы балалардың денесі шыныққан, ақыл-ойы ұшқыр, адамгершілік жағынан мінсіз, еңбек сүйгіш, эстетикалық  талғамы бай етіп тәрбиелеу міндетін қояды. Онда әрбір баланың жас ерекшелігі, жеке басының өзіндік ерекшелігі, психикалық-физиологиялық ерекшелігі ескеріледі.

Балабақша балалардың жан-жақты дамуына қамқорлық жасайды. Олардың талап-тілегін, қажетін ескеріп, мазмұнды да қызықты іс-әрекетін (ойын, еңбек, оқу) ұйымдастырады. Балалардың көңіл-күйінің сергек, қуанышты болуын көздейді. Балабақшада оқыту мен тәрбие бағдарламалары негізінде педагогикалық процесті ұйымдастырып, бір ізді, жүйелі болуын қадағалайтын, оның талаптарын орындауға жауапты басты тұлға – тәрбиеші.

Тәрбие бағдарламасына сүйене отырып, әрбір топтағы тәрбиелеу мен білім беру мазмұнының келесі топқа қайталанбауын қадағалайды және дұрыс ұйымдастырылуына басшылық жасайды.

Мектепке дейінгі  қоғамдық тәрбие білім берудің алғашқы  буыны болғандықтан, тәрбиешілердің еңбекке, мемлекеттік, әлеуметтік, қоғамдық саяси істерге араласу міндетін шешеді. Елімізде мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі типі -  балабақша.

Мектепке дейінгі  кезеңдегі білім мазмұны тәрбиелік  сипатта сұрыпталған. Білім деңгейі  мен оқытылатын материалдардың шынайылығы, ғылыми дұрыстығы, нақтылығы, түсініктілігі ескерілген. Оқытудың мазмұны балабақшаға арналған «Балапан» бағдарламасында анықталған.

Аталған бағдарламада көрсетілген материалдар бір топтан, екінші топқа өткен сайын күрделенеді, мазмұны, көлемі кеңейеді, тақырыптары жаңарады, жаңа мәліметтер қосылады. Бағдарламаны игеру арқылы балалар бірте-бірте жүйелі білімге ие болады және олардың мазмұнын талдап, қорытып өз ойларын айтады.

Тәрбиелеу мен  оқыту әдістері – балаға білімді, іскерлікті, дағдыны игерту мен тану қабілетін дамыту үшін қолданылатын тәрбиеші жұмысының әдістері. Тәсіл – әдістің бір бөлшегі. Оқыту әдістері: көрнекілік, бақылау, сөздік, тәжірибелік және ойын әдістері. Мектепке дейінгі жаста көрнекілік әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс арқылы баланың ұғымын кеңейтіп, оқуы түсінікті, қызықты, нақтылы етеді. Ойы мен бақылампаздығын дамытады. Сондай-ақ, бұл әдістерде дидактикалық, техникалық құралдарды кеңінен пайдалану, бейнефильмдерді, слайд, заттардың өзін, үлгіні, қимыл-қозғалыс арқылы көрсету ұсынылады. Сөздік әдіс-тәсілдерінде айтып беру, оқу, әңгімелету, әңгімелесу, жаттығу, қайталау және ойын әдіс-тәсілдері жиі қолданылады. Бұл жаста оқытудың негізгі формасы – сабақ.

Сабақ   барлық балалар үшін міндетті, мұнда білім, біліктілік, дағдыны игертумен қатар, балалар тобын құруға, онда өмір сүріп, іс-әрекетпен шұғылдануға, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасап, адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлқын қалыптастыруға үйретеді. Сабақ тәрбиешінің басшылығымен өтеді. Ол сабақтың мазмұнын, мақсат-міндеттерін, көрнекі құралдарын белгілейді, әдіс-тәсілдерін таңдап алып, балалардың білімді іскерлікті, дағдыны меңгеру әрекетін басқарады. Сабақты өткізуге ең қолайлы кезең күннің бірінші жартысы, себебі балаларға іс-әрекетпен шұғылдану таңертенгі тамақтан кейін, шаршамай, ойынға кіріспей тұрғанда ыңғайлы екені көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектерінде дәлелденген.

Мектепке дейінгі  қоғамдық тәрбие ұйымдарының мақсаттары мен міндеттері айқындалады. Балабақшада тәрбиелеу мен оқыту мазмұны нақтыланып, оқытудың әдістері мен тәсілдеріне талдау жасалады.

Тәрбиелеу мен  оқытуды ұйымдастырудың негізгі  формасы – сабақ болғандықтан, оның маңызына құрылымдық ерекшелігіне тоқталып, тәрбиешінің сабаққа дайындығы жан-жақты қарастырылады.

Бала айналадағы құбылыс, қоршаған орта туралы сан түрлі мағлұматтар мен дағдылар, білімді игереді.

К.Д.Ушинский айтқандай: «Ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі»  екенін ескерсек, баланың өзі тәжірбиесі қаншалықты бай, сан алуан дегенімен, ақыл-ой дамуының қайнар көзі бола алмайды. Сондықтан балаға ересек адам тарапынан ұйымдастырылып, түсіндірілмеген, өзінің тікелей өмір тәжірбиесі арқылы меңгерген мәліметтері мен дағдылары өмір құбылыстарының нақты себептерін анықтауға кедергі жасап, жасалған түсініктердің тууына негіз болады.

Ақыл-ой тәрбиесі баланы қоршаған орта, құбылыс, адамдар, олардың өзара қарым-қатынасы жайлы  дұрыс мәліметтермен қаруландыру  арқылы тәжірбиесін ұлғайтып, айналасындағы  құбылыстарға, ақиқатқа, оқиғаларға оның дұрыс қарым-қатынасымен көзқарасын қалыптастырады. Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ой тәрбиесі айналадағы құбылысты дұрыс танып-білудің, олардың арасындағы себепші байланыстарды дәл түсінудің алғашқы негізін қалайды. Ақыл-ой тәрбиесі ақыл-ойдың дамуы ғана емес, оның дамуы тек меңгерген білімнің санымен, сапасымен сипатталмай, ойлау процесінің құрылысымен де сипатталады.

Даму – баланың  сандық және сапалық жағынан жетілуі, психиканың, ой-санасының өсуі. Ақыл-ойдың  дамуы баланы өзін қоршаған дүние  туралы алғашқы мәліметтерді игерудің нәтижесінде ғана іске асады.

 

 

 

 

Ұлы ойшылдардың ақыл-ой тәрбиесі жайлы ұлағатты сөздері

 

1. Педагог ұқыпты, шын мәніндегі өнегелі ұстаз-тәрбиеші болуға тиіс. Ақылды, парасатты, қажырлы, әрқашанда шындықты қолдайтын, қолайсыз іске бармайтын, өз нәпсісін тиып ұстайтын адал да, ақылды, шыншыл болуға тиіс.

В.Н.Татищев

 

2. Тәрбие басы – Тіл.

М.Қашқари

 

3. Тәрбие - ұлы  іс: онымен адам тағдыры шешіледі.

        В.Белинский

4. Бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі балаларды дұрыс тәрбиелеуге байланысты.

Джон  Локк

 

5. Тәрбиедегі басты мәселе тәрбиешінің кім екендігінде.

Д. Писарев

 

6. Тәрбиешінің  әрбір қимылы, жүрыс тұрысының  өзі балаларға өнеге, тәлім-тәрбие  берерліктей болуға тиіс. Өзінің не істейтіні біліп, не істеуге тиісті емес екендігін аңғарған адам ғана тәрбиеші бола алады.

  А.С.Макаренко

 

7. Ақырын жүріп, анық бас.

    Еңбегін  кетпес далаға.

    Ұстаздық  еткен жалықпас,

    Үйретуден  балаға.

Абай  Құнанбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1. Мектеп  жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының  дамуы. 

 

Ақыл-ойдың дамуы  – бұл, баланың жасына тәжірбиесінің молаюы мен тәрбиелік ықпалдардың әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы.

Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының дамуы  алғашында қарым-қатынаста, заттық әрекеттерде, ойындарда кейіннен оқу, еңбек, өнімді жұмыс (сурет салу, мүсін жасау, аппликация, құрастыру) процессінде жүзеге асырылады. Ақыл-ойдың неғұрлым тиімді дамуы оқыту, тәрбиелеу ықпалымен жүргізіледі.

Қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері – білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгеру деп есептейді.

Ақыл-ой тәрбиесі – балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді, интелектуалдық дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды жан-жақты қамтиды.

 



 

 


 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Ақыл-ой тәрбиесінің негізі

 

Білімдерді  меңгеру ақыл-ой тәрбиесінің негізіне алынған. Мектеп жасына  дейінгі балалар үшін олардың негізгі көзі – айналадағы өмір. Бала өз бетімен және тәрбиешілердің жетекшілігімен, күнделікті өмірде және оқу сағаттарында білім алады. Балалардың өз бетімен алған білімдері көбіне, бей-берекет жүйесіз, кездейсоқ болып келеді. Көптеген балалар білімінің едәуір қорына ие бола отырып, тиісті 6-7 жастың өзінде жиынтық ұғымдарды меңгере алмайды, аса қарапайым құбылыстардың арасындағы байланыс пен тәуелділікті өз бетімен анықтай алмайды. Түрлі жастағы балаларға арналған білім көлемін, олардың сипатын және бір топтан екінші топқа күрделенуін анықтау, яғни балаларды айналадағылармен таныстыру жөніндегі бағдарламаны жасау, педагогикалық зерттеулердің аса маңызды міндеті болып табылады.

Бұл білімдердің көлемін  белгілеуге алғаш рет Я.А.Коменский  әрекет жасады. Ол өзінің «Ана мектебі» деген кітабында – 6 жасқа дейінгі  балаларға қандай білім беру керектігін көрсетті.

Ақыл-ой тәрбиесінің негізін  қалау арқылы, біз мектеп жасына дейінгі балаларға табиғатқа деген сүйіспеншілікті, өсімдіктерге, жәндіктерге қақорлық қатынасты тәрбиелейтін табиғат туралы білімдердің қалыптасуын, еңбектің қандай да бір түрлерін болса да, қадір тұтып сол еңбек нәтиелеріне қамқорлық көзқарас туғызуға тәрбиелейтін ересек адамның еңбегі туралы білімді беруді көздейді. Бұл білімді игеру негізінде балалардың туған өлкесіне, өз Отанына деген патриоттық сезімдерді қадір тұту, еліміздің қоғамдық өміріне мүдделену көзқарасы қалыптасады.

Балабақшада берілген білімдер мектеп жасына дейінгі балалардың бәріне түсінікті болып, бұл білімдер бір  топтан екінші топқа өткен сайын  күрделеніп, егжей-тегжейін жалпылана  түседі.

Мысалы, балалар бақшасының барлық топтарында балалар транспортпен танысады. «Сәбилер» тобында – балалар қалалық транспорттың негізгі түрлерін ажыратып, олардың қандай жұмысқа пайдаланатындығын білуге тиісті болса, «Мектепке даярлық» тобында – транспорттың қаладағы түрін алыс жолға жүретін, оларда жұмыс істейтін адамдардың еңбек ерекшелігі мен қоғамдық транспортты пайдалану тәртібін білуге әртүрлі транспорт құрамдарын өзара салыстыра білуге тиіс.

Білім нақты болуға тиіс. Яғни, балалардың бойында Отанымыз туралы ұғымды қалыптастыру үшін тәрбиеші оларға Еліміздің әртүрлі халықтары, олардың әдеп-ғұрыптары, шұғылданатын еңбек түрлері мен табиғат жағдайлары туралы кітаптар оқып, әңгімелер өткізеді.

Балалар игеруге  тиісті білімдердің 2 бөлімін ажыратып көрсетеміз:

Қарапайым білімдер - бұл білімдерді игеру үшін тәжірибе жүзінде арнайы оқытудың қажеті шамалы. Тек, тәрбиешілердің балалармен өткізілетін жай қарым-қатынасы ойындар, бақылаулар жеткілікті.

Күрделі білімдер – бұл  білімдерді тек оқыту процесінде ғана игеруге болады.

Ақыл-ой тәрбиесінің  негіздерінің бірі – білімдерді жүйелендіру. Білім жүйесі – белгілі бір заңдылықтардың, ережелердің негізінде бүтіннің бөлшектері арасындағы мәнді байланыстырады, тәртіптерді анықтау арқылы қол жететін білімдердің жиынтығы.

Балалар айналадағы ортамен  танысқанда көптеген сауалдар қояды. Сұрақтар – балалардың білуге құштарлығының көрсектіші. Олар, айналадағыларға деген белсенді танымдық қатынасты білдіреді. Көп білетін балалар сауалды көбірек қояды. Балалардың жасына қарай оның қоятын сұрағының түр-сипаты өзгереді. Кейде балалар бір сұрақтан кейін, бір сұрақты тізбектеп қояды: «Шөптің не керегі бар?», «Сиыр жеу үшін бе?», «Ал сиыр оны неге жейді?», «Сүт шығу үшін бе?», «Ал сүт неге керек?», «Балаларға беру үшін бе?», «Неге балаға сүт беру керек?» – т.б.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі