Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 09:11, курсовая работа

Описание работы

Сабақ барлық балалар үшін міндетті, мұнда білім, біліктілік, дағдыны игертумен қатар, балалар тобын құруға, онда өмір сүріп, іс-әрекетпен шұғылдануға, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасап, адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлқын қалыптастыруға үйретеді. Сабақ тәрбиешінің басшылығымен өтеді. Ол сабақтың мазмұнын, мақсат-міндеттерін, көрнекі құралдарын белгілейді, әдіс-тәсілдерін таңдап алып, балалардың білімді іскерлікті, дағдыны меңгеру әрекетін басқарады. Сабақты өткізуге ең қолайлы кезең күннің бірінші жартысы, себебі балаларға іс-әрекетпен шұғылдану таңертенгі тамақтан кейін, шаршамай, ойынға кіріспей тұрғанда ыңғайлы екені көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектерінде дәлелденген.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................4-5 беттер
Ұлы ойшылдардың ақыл-ойы тәрбиесі жайлы айтқан ұлағатты сөздері..................6 бет
І-тарау
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы..............7 бет.
1.2. Ақыл-ой тәрбиесінің негізі........................................................8-9 беттер.
ІІ-тарау
2.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі........10-29 беттер
2.2. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары және міндеттері................29-42 беттер
2.3. Балалардың ақыл-ойын дамытуда «сенсорлық» тәрбиенің маңызы.........42 бет
Қорытынды....................................................................................43-44 беттер
Қолданылған әдебиеттер...........................................................45-46 беттер

Работа содержит 1 файл

курсовой .doc

— 384.00 Кб (Скачать)

Табиғаттағы бақылау  процесінде бала көптеген жаңа білім  алады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, қстарды  бақылау арқылы балалар сан алуан  жаңалықтар ашады: «Гүл ашылды, жапырақтар пайда болды, ақшақар кішкентай  жұлдыздарға ұқсайды, мысықтың балалары кеше ештене көрмеп еді, ал бүгін олардың көздері ашылыпты». Балалардың білімдері бақылау процесінде нақтыланады: «Мен қызанақты да, алма сияқты ағашта өседі екен деп ойлаушы едім; қоңыздар да ұша алады екен-ау».

Тәрбиеші балалардың бақылауын бағыттап, баланың өзі бірден байқамайтын нәрсені көруіне, анықтауына көмектеседі. Балалардың қоршаған дүниені ашуына көмектесе отырып, тәрбиеші олардың өміріне қызықты да, бай етіп қана қоймай материалистік ұғымдар негізінде қалыптастырады. Жүйелеу бақылау процесінде балаларды маңызды қасиет – бақылағыштық, яғни айналадағы болып жатқан өзгерістерді тез әрі оңай байқау қабілеті дамиды. Бұл қасиетті дамыту көптеген кәсіп үшін қажет, басқада қасиеттері  сияқты, бақылағыштық күнделікті іс-әрекет процесінде дамиды және тәрбиешінің басшылығы мен бағытталып, қалыптасады.

Бақылағыштықты  дамытуға арналған күрделі емес тапсырмаларды  балаларға күнделікті өмірде жүйелі түрде беруге болады. Мысалы, бөбектер балалар бақшасына келместен  бұрын тәрбиешісі  бөлме ішінен ландыш гүл шоғын әкеліп қояды: «Балалар – дейді, ол зер салып қараңдаршы бөлме ішінен жаңадан не пайда болады, маған ақырын ғана айтыңдар. Қайсыларыңның байқағыш екендіктеріңді білгім келеді».

Байқағыштықты дамыту балалардың тұрақты танымдық ынтасын қалыптастыруға көмектеседі: мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатқа (жәндіктерді, жануарларды бақылау, өсімдіктерді өсіру, оларды күту, техникаға бұрандалы ойыншықтардың әр түрлі механизмді: заттардың құрылысын білуге құштарлық, механикалық конструкторға қызығушылық) түрлі себептерді, жұмбақтарды және т.б. шешуге деген тұрақты ынтасы білімін байытады.

Ақыл-ой тәрбиесі құралдарының бірі - ойын.

Ойын балаларға тән  іс-әрекет, ойын үстінде бала қоршаған болмысты бейнелеп, өз білімін анықтайды  оны жолдастарымен бөліседі. Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандыра алмайды. Бұл қасиеттерді балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өзіне ересектер рөлін алып, еңбектік өмір ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да, нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның  үлкендер   өміріне араласуының айырықша түрі болып саналатын рөлдік ойыншық пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын обективті қарым-қатынаста алғаш рет ашылып, ол әр бір іс-әрекет араласу адамның белгілі міндеттерді орындауды талап ететін және бірсыпыра құқықтарын беретінін береді. Сатып алуға ниетенген затын мұқият тексеріп қарауға қызмет көрсетуге байланысты ескертпе жасауға құқығы бар екенін бірақ дүкенен шығарда сатып алған заты үшін ақша төлеу міндетті екенін аңғарады. Ойын-ақыл-ой дамуына да жетіледі, бала ойын үстінде заттар мен іс-әректтерді  жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекетінің түрлі формасының шарты болып табылады.

Мәселен, затпен  қимылдар жасай отырып, ойлаудан елестете ойлауға бала затқа оның тиісті өз атын бермей қазіргі ойын жағдайына  қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда таңдалынған  нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойлаудың өзгеше бір сыртқы тірегі және, екіншіден осы затпен жасаланатын шынайы іс-әрекеттер тірегі ретінде көрінеді рөльдік ойында ой жүзінде іс-әрекет жасау қабілеті дами бастайды. Алғашында әрине, ойша әрекет жасау нақты заттарға сүйене отырып жүзеге асады. Ақыл ой әрекетіне ауысудың негізі ойын әрекетінің қысқаруы мен жалпылауынан тұрады. Рөльдік ойынның психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар.

Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында  ғана дамиды.

Осымен қатар, мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуында елеулі рөльде сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру тәрізді жемісті іс-әрекет атқарады. Балалардың іс-әрекет процесінде дәл қазіргі сәтте оны қызықтырмаған жағдайдың өзінде де тиісті нәтиже алуға үйрену, түпкі ниетпен жасау оны бірізді жүзеге асыруды талап етеді.

Бала ойын арқыл  күнделікті іс-әрекеттері жайлы ойланып, оларға қарапайым талдау жасап, болашақта  ержеткен кезде өмірдің маңызды  да, терең мазмұнды сауалдарын шешуге үйренеді. Ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесімен айналысатын әрбір тәрбиеші үшін баланың алғашқы адамгершілік – рухани қасиеттерін тәрбиелеуде үлкен әдістемелік көмек көрсетері анық.

Адамгершілік-рухани тәрбиеге арналған ойындар.

Тақырыбы: «Қайырымды болуға үйренеміз»

Балалар шеңбер құрып тұрады. Тәрбиеші қолындағы  добын бір балаға береді. Қолына доп тиген бала төмендегідей жағдайларға  қандай қайырымдылық жасайтынын айтады: 

  • Анаң ауырып қалды;
  • Әжеңнің туған күні;
  • Кішкентай інің жылап жатыр;
  • Досың қонаққа келді;
  • Әкең жұмыстан шаршап келді. 

 

Мектеп жасына дейінгі  балалар жекелеген еңбек тапсырмаларын  да, орындауды үйренеді және негізгі  затты таңдағанда олардың шынайы қарым-қатынастарына негізге алады. Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс-әрекетінде заттарды ажыратып қана қалмай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рольді алады де сол рольге сәйкес іс-әрекет жасай бастайды. Бала өз атының немесе қорқынышты аңның орнына қоя тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды анасы үрдісінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар олардың құқықтары мен міндеттерін біртіндер ойына түседі.

Мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекетінің негізгі  түрі - ойын болып саналады. Философтар, тарих, этнографтар, психологтар, педагогтар ойынның шығу тарихын оның бала өміріндегі орнын, тәрбиелік міндеттерді шешу үшін ойындарды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді.

Ойын теориясына Н.К.Крупская елеулі үлес қосты. Балалар ойынының әлеуметтік сипатын, онда өмір құбылыстарын бейнелейтінін атап көрсете келіп, ол алдымен  ойынды қоршаған болмас жөніндегі жер мен ұғымды кеңейту құралы деп білді. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның айырықша маңызы бар: ойын-оқу, ойын олар үшін еңбек, ойын олар үшін тәрбиенің мықты формасы. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандайда маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан, келешек қайраткерлерді тәрбиелеу алдымен ойын үстінде жүзеге асырылады».

 Ойынның негізгі ерекшелігі - балалардың қоршаған өмірді, адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып танылады.


Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынын жалпы анықтамасы: мәселен, дүкенші, дәрігер, ұшқыш, қызымен анасы т.б. сол сияқты болып ойнау ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды мынандай типтік топтарға бөлуге болады:

а) тұрмыстық құбылысты бейнелейтін ойындар (жанұясы);

б) жасампаз еңбекті  бейнелейтін ойын (метро салу, үйлер  т.б.);

в) қоғамдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар (мереке, сауық кештер, қонақтарды қарсы алу, саяхат т.б).

Ойын - бала үшін нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірімен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру – оларды тәрбиелеу деген сөз». Тәрбиенің тиімді процессі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді. Ойынның жекелеген түрлері балалар санасының жетілуіне әр түрлі әсер етеді: сюжетті – рөльді,  драматизация ойындары, құрылыс ойындары, дидактикалық ойындар.

 

Сюжетті-рөльді ойындарды тәрбиешінің кейбір басшылығы мен балалардың өздері жасайды. Бұл ойындардың негізі – балалардың өз өнерпаздығы. Сюжетті-рөлді ойындарды жоғары бағалай келіп, Н.К.Крупцкая былай деп жазды: «Балаларға ең сүйікті, ең қажетті ойындар – ойыншық қажетін, мақсатын үй салуды, тамақ пісіруді, балалардың өзі белгілейтін ойындар». Ойын процесі – сол мақсатты жүзеге асыру үшін бала жоспар жасайды, соны жүзеге асырудың құралын таңдап алады. Мейлі, ол мінген поезд орындықтардан жасалған болсын, мейлі үй ағаш жаңқаларынан тұрғызылған болсын, әңгіме мұнда емес. Шыңдықты бала қиялы толықтырады. Бұл жерде жоспар құру процесінің өзі маңызды. Психолог А.Б.Запарожец былай дейді: «Ертегі сияқты, ойында баланы бейнелейтін адамдардың ойы мен сезіміне терең болуға үйретеді, күнделікті жер шеңберінен адамның айға ұмтылыстары мен қаһармандық істердің кең әлеміне шақырады». Сюжетті-ролді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар өзінің еліктеу, шындықты көрсету болады, «Дүкенші» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Емхана» болып ойнағанда дәрігер мен аурудың әрекеттеріне еліктейді. Мысалы, дүкен бөлімдері маңдайшадағы жазуға бай келетін бейнелермен (жемістер, көкеністер, ойыншықтар, киімдер және басқа) белгіленеді. Бейнелеу құралы ретінде театр киімдері де пайдаланылады.

Тәрбиені балалардың әңгімелеу, экскурсия, әңгімелер, оқу және т.б. кездерінде игерген нәрселерін тез  қайта жасауға итермелеп, асықтырмауға тиіс. Қоршаған өмірді ойынды бейнелеу игерген мазмұнды тікелей еске түсіру болып табылмайды: ол балалардың санасы мен сезімінде  біраз уақыт шырмалып тұрады.

Ойын процесінде педагогтық басшылықтың өз ерекшеліктері бар: ол ойынның түпкі ниетін дамытуға, мазмұнын кеңейтуге, ойын әрекеттерін рөлдерді анықтауға, игі тілектілік қарым-қатынастың көрінуіне көмектеседі. Тәрбиеші бұл қатынастардың бекіп, ойыннан тыс кезде де, балалардың шын қарым-қатынастарына айналуына күш салуы қажет. Жетекші сұрақтар беру, ақыл-кеңестер айту, ұсыныстар жасау әдісін пайдаланған жөн.

Педагог балалар  орындайтын рөлдер арқылы тәрбиелік  ықпал жасайды. Мысалы, ол «дүкенші»  ойынында меңгеруші рөл атқарушы баладан «касса қайда?», «дүкенші кім?», «дүкенде не зат жоқ?», «мына зат неге жоқ?», «сатып алушының өзіне керекті затты таңдап алуына қолайлы жағдай жасалған ба, сатып алған заттарды кім орап береді?» - деп сұрайды, сатып алушылар алғыс айтады, ал сатушы дүкенге зат сатып алу үшін «тағы да келіңіз» деп  сыпайы ізет білдіреді деп ойыншылардың есіне салады.

Сюжетті-рөлдік ойындарға: («Сәулетті үй», «Шалқан», «Маша мен аю» т.б.) жатады.

 

  Драматизация ойындарында мазмұны, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың ертегінің және т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Олар сюжетті-рөлді ойындарға ұқсас: екеуі де құбылыстарды, оқиғаларды, адамдардың іс-әрекеттерімен өзара қарым-қатынастарын шартты түрде елестетуге негізделген, екеуінде де шығармашылық элементтері бар. Драматизация ойындарында негізі көбінесе ертегілер болып табылады.

Ертегіде қаһармандардың бейнелері неғұрлым жарқын болады,  қылығының ширақтылығымен және айқын дәлелдігімен балаларды тартып әкетеді, іс-әрекеттер бірі-бірі айқын алмастырып отырады, сондықтан мектеп жасына дейінгі балалар ларды ықыласпен еске түсіреді. Балалардың сүйікті ертегілері «Бауырсақ», «Шалқан», «Мақта қызбен мысық», «Жеті лақ», «Қызыл телпек», «Үш аю» және басқа да, оңай драматизацияланады. Драматизация ойындарын өрістету үшін мыналар қажет: балалардың ойынға ынтасын туғызу және дамыту, олардың шығарма мазмұны мен мәтінің білуі,   киімдердің, ойыншықтардың болуы. Киім кейіпкер бейнесін толықтырады, бірақ ол балаға жайсыз болмауға тиіс.

Тәрбиешінің басшылығы  мынада: ол ең алдымен тәрбиелік  маңызы бар сюжетті балалардың игеруіне және драматизация ойынына айналдыруға қиын емес шығармаларды іріктеп алады. Балалармен ертегіні арнайы жаттығудың қажеті жоқ, тамаша тіл, тартымды сюжет, мәтінді қайталаулар оқиға дамуының ширақтылығы – осының бәрі оны тезірек игеруге көмек теседі. Ертегіні қайталап айтқанда балалар оны жадында жаксы сақтайды да, ойынға араласып, жекеленген кейіпкерлердің рөльдерін орындай бастайды. Ойнай жүріп бала өз сезімдерін сөзбен, ишаратпен тікелей жеткізеді. Драматизация ойындары көркем әдебиет шығармаларын тереңірек түсінуге жағдай жасайды және тіл белсенділігін арттырады.

Құрылыс ойындары – балалар іс-әрекетінің бір түрі, оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны – сюжетті-рөльді ойынға ұқсас келеді, олардың қайнар-көзі қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір-жолдар, театр, цирк және басқа да көптеген құрылыстар салады; құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймай, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, конструкциялық міндеттерін өзіндік шешімін енгізеді. Құрылыс ойындарының тәрбиелік және дамытушылық әсері оларды бейнелейтін құрылыстардың идеялық мазмұнында, балалардың құрылыс тәсілдерін менгеруінде, олардың конструкторлық ой-өрістері мен тілдің дамуында, онда қарым- қатынастарының нығаюында жүзеге асырылады. Бұл ойындардың дамуына ақыл – ой тәрбиесінің әсері құрылыс ойындарының түпкі ниетінде, мазмұнда қандайда бір ақыл-ой есебі болуы мен анықталады, оны шешу алдын-ала ойлануында; «Не істеу керек?», «Қандай материал керек?», «Құрылыс қандай жүйемен жүруге тиіс?» деген сауалдарды анықтап алуды керек етеді. Қандай да бір құрылыс есебін ойлау және шешу конструкторлық ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Тәрбиешінің басшылығымен балалар геометриялық денелердің аттарын, кеңістік қатынасын білдіретін сөздерді; биік – аласа, оңға-солға, жоғары-төмен, ұзын-қысқа, жоғары-төменірек, ұзынырақ-қысқарақ т.с.с. игереді.

Дұрыс басшылық еткен жағдайда құрылыс ойындары адамгершілік тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі. Балалар құрылысшылардың ізгі еңбегімен танысады, өздерінің құрылыстарында бәрін ұқыпты және әдемі жасауға, құрбыларымен ересектерді қуантуға тырысады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі үшін де құрылыс ойындарының зор маңызы бар. Оларда баланың алуан түрлі қимыл белсенділігі, қимылдардың сенімділігі, ептілігі дамиды. Қолдың майда буындарын, көз мөлшерін дамытудың айырықша маңызы бар. Ірі бөлшектерден құрылыс салған кезде балалар өздерінің шама-шарқынша дене күшін жұмсайды, шыдамдылық танытады. Құрылыс ойындары үшін материалдардық арнаулы жиынтығы жасалған, олардың құрамында алуан түрлі геометриялық денелер (кубтар, кесінділер, призмалар, цилиндрлер, конустар, жарты шарлар), қосымша материалдар (ермексаз, тақтайлар, арқалар, сақина, труба) мен құрылыстарды көркемдеуге арналған көмекші материалдар бар. Құрылыс ойындарда жай кәдімгі, көбінесе  сюжетті-бейнелі ойыншықтар да пайдаланады. Табиғи материалдар да: саз, құм, ұсақ тастар, қарағай бүрлері, т.б. кеңінен қолданылады.

Тәрбиешінің мақсат көздеген, үйретуші және бағыттаушы басшылығы  балалардың өнерпаздығымен және белсенділігімен дұрыс ұштасқанда ғана құрылыс ойындары тәрбиелеуші және дамытушы ықпал жасай алады. Бұл тұрғыда тәрбиеші мынандай міндеттерді жүзеге асырады:

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі