Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 09:11, курсовая работа

Описание работы

Сабақ барлық балалар үшін міндетті, мұнда білім, біліктілік, дағдыны игертумен қатар, балалар тобын құруға, онда өмір сүріп, іс-әрекетпен шұғылдануға, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасап, адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлқын қалыптастыруға үйретеді. Сабақ тәрбиешінің басшылығымен өтеді. Ол сабақтың мазмұнын, мақсат-міндеттерін, көрнекі құралдарын белгілейді, әдіс-тәсілдерін таңдап алып, балалардың білімді іскерлікті, дағдыны меңгеру әрекетін басқарады. Сабақты өткізуге ең қолайлы кезең күннің бірінші жартысы, себебі балаларға іс-әрекетпен шұғылдану таңертенгі тамақтан кейін, шаршамай, ойынға кіріспей тұрғанда ыңғайлы екені көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектерінде дәлелденген.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................4-5 беттер
Ұлы ойшылдардың ақыл-ойы тәрбиесі жайлы айтқан ұлағатты сөздері..................6 бет
І-тарау
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы..............7 бет.
1.2. Ақыл-ой тәрбиесінің негізі........................................................8-9 беттер.
ІІ-тарау
2.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі........10-29 беттер
2.2. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары және міндеттері................29-42 беттер
2.3. Балалардың ақыл-ойын дамытуда «сенсорлық» тәрбиенің маңызы.........42 бет
Қорытынды....................................................................................43-44 беттер
Қолданылған әдебиеттер...........................................................45-46 беттер

Работа содержит 1 файл

курсовой .doc

— 384.00 Кб (Скачать)

Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана, оның ойлау шеңбері кеңейеді.


 


 



 

 


 


 

 

 

 

 

Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын дамытуы ақыл-ой әрекетін қалыптастыруымен жүзеге асады. Бұл қалыптасудың басталар жері – материалдық заттармен жасалынатын шынайы әрекеттер. Мұндай әрекеттен балалар материалдық заттарды шынайы елестеткен ішкі ықшамдалған әрекеттерге және ақырында нақты заттар елестермен немесе ұғымдармен ауыстырылған. Бүтіндей нақты жағдайда іске асатын іс-әрекетке ауысады. Ойлауды дамытудың жоғары кезеңдерінде оның логикалық формасында ақыл-ой әрекеттері іштей сөйлеу тұрғысынан жүзеге асырылады. Түрлі таңбалар жүйелері пайдаланылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауы таңбалардан гөрі, бір жағдайларда нақтылы заттарды бейнелеп, басқа заттарды  бір шама жалпылама және схемалы болатын бейнелерді көбірек пайдаланады. 2 жас пен 7 жас арасында ақыл-ой тұрғысында міндеттерді шешу нақтылы ақыл-ой эксперименті ретінде өте алатыны Ж. Пиаженің тәжірбиелерінде көрсетілген болатын.

Осындай байланыстардың басты түрінің бірі – себептер мен салдар қатынастары. Баланың  ойлануына түсінікті міндеттер  аумағының кеңейе түсуі анық. Барған сайын жаңа білімдерді игерумен байланысты білім алу балалар ойлауын дамытудың міндетті шарты болып табылады. Бұл білімнің бірсыпырасын бала тікелей үлкендерден, ал өзгелерін үлкендердің жетекшілігі және бағыттауы арқылы өз бақылаулары мен іс-әрекетінің тәжірбиесінен алады.

Білім қорының  біраз артуы әлі ойлаудың дамуын түсіндіре алмайды. Білімді игерудің өзі ойлаудың нәтижесі болып табылатын ойлау міндеттерін шешетін іс. Игерілген жаңа білім ойлаудың одан әрмен дамуына енеді, баланың ойлау  іс-әрекеттерінің жаңа міндеттерін шешуге пайдаланылады. Ойлау іс-әрекетінің қалыптасуы мен жетілуі ойлаудың негізін құрайды.

Бейнелі ойлау - мектеп жасына дейінгі бала ойлауының негізгі түрі. Ол қарапайым формалар, сәбилік шақта-ақ, көріне бастайды, баланың заттық іс-әрекетінде қарапайым құралдарды қолданумен байланысты шағын ауқымды мәселелерді тәжірибе барысында шешуде байқалады. Балалар ойлауының схемалығын екінші көрінісі олардың түрлі кейіптері схемашылық бейнелерді өте оңай да, тез түсініп, олардың табысты пайдалануы. Мектеп жасына дейінгі балалар бес жастан бастап бір рет түсіндірген соң бөлменің жоспары деген не екенін ұғына алады және жоспардағы белгіге қарай отырып бөлменің ішінде жасырылған затты тауып алады. Олар заттардың схемалық белгілерін таниды,жолдар жүйесінің тарамдарындағы қажетті бағытты  таңдап алу үшін географиалық картаға ұқсас схемаларды т.б.пайдаланады.

Мектеп жасына дейінгі балалар өз көздерінше ермек  саз жабыстырылған шар мен дөңгелекшенің қайсысында ермексаз көп екендігі жөніндегі сұраққа да осыған ұқсас сипатта жауап береді. Бала дөңгелекшеде ермексаз көбірек деп сендірмекші болады. Алайда, мектеп жасына дейінгі бала ыдыстағы сұйықтықтың өзі еріп тұрған деңгейін осы заттың жалпы санынан шар мен дөңгелекшенің көрініп тұрған ауданын ажырата білмейді, бұларды бір-бірінен байланыссыз қарастыра алмайды. Бейнелі ойлауда олар бірігіп кеткен секілді болады. Санды көзбен көруге қабылданғанда шамалап бөліп алып көрнекі түрде көзге елестетуге болмайды.

Осыған ұқсас, тапсырмаларды дұрыс шеше білу бейнелер негізінде пайымдаудан белгілерді пайдаланатын пайымдауға яғни, дерексіз логиканың ойлауға көшуді қажет етеді. Нақтылы заттар мен жағдайлардың орнына белгілер түріндегі сөздер, сандар   арқылы игерудің алғы шарттары сәбилік шақтың соңында, бала санасының белгілі функциясы қалыптаса бастағанда қаланады. Балаларда бар түсініктер өздігінен ұғымдарға айнала алмайды. Ұғымдарды қалыптастыру үшін түсініктерді пайдалануға болады. Ұйықтардың өзінде және олардың  қолдануға негізделген ойлаудың логикалық формаларында балалар да балалар ғылыми білімдер  негіздерін игеру барысында меңгереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойлау

 


 

 


 


 

 

 

 

 


 


 

 


 


 

 

 

ОТ-ойлау тәсілдері, ОФ-ойлау формалары

 

 

 

Мектеп жасында  балалардың санасы есте сақтауы қалыптасады, еске сақтау ауқымы ұлғаяды, оның міндеті есте еркін сақтауға жаттықтыру, оның пайдалы білімдермен толықтыру болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың есіне негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Еске сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады, әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса соны ғана есінде сақтайды.

Адамның өмір тәжірибесінде  қабылдағаны басынан кешкен ой-сезімі, әрекеті ізсіз жоғалып кетпейді, есте сақталады, кейін қайта жаңғыртылады. Бұрың қабылдаған зат, құбылыс бейнелерін өз көңіл-күйлерін ойда сақтап, қайта жаңғыртатын психикалық процесті ес дейді.

Бұрынғы уақытша  жүйке байланыстары қызмет істесе, адамның есінде қалғаны қайта жаңғырады, санасына қайта келеді. Естің бұл күйін - қайта жаңғырту дейді. Қабылдаған нәрсемен кездеспей-ақ, қайта жаңғыртуды - еске түсіру дейді.

Бала есінің дамуы өмірінің бірінші күндерінен басталады, тілі шыққан бала өзінің сөз қорына сөз қосады, көрген-білгенін үйренеді, бірақ өмір тәжірибесі әлі аз, ойлауы, тіл дамуы жеткіліксіз, сондықтан есте қалдыруы да механикалық болады.

Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшаларда оларға жақсы таныс, өздері түсінетін нәрсесін есте қалдыруы мағыналы болады. Мәселен, бала ертегі тыңдағанда кейіпкер жөнінде сұрақтар қойып, қайталап айтқызып, мазмұнын ұғынып алады. Тыңдау кезінде сүйсініп, қуанып немесе ренжіп, жабырқап отыруы да мазмұнын түсінгендіктің белгісі.

 

Ес

 





 


 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

Заттардың түрлі-түсті суреттерді, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне, іс-әрекет үрдісінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты.

Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың  есінде сақтау анағұрлым нашар болады. Ал, осы суреттерді өз орындарына мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне қарауға дәл келетін заттарды қою ұсынылғанда балаларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс әрекетінің жанама қосымша болып табылады. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруді меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады, бала өзіне алған рөльді жақсы орындап шығу есте сақтау шарты болған кезде жасалады.

Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың біріншісінде әлі қажетті тәсілдерді меңгере алмай тұрып бала есте сақтау мен еске түсіру міндетінің өзін бөле  бастайды. Мұнда еске түсіру міндеті бүрын бөлінеді, өйткені бала алды мен дәл еске түсіруді, елестетуді қажет ететін ахуалдарға кездеседі. Бұған дейін ол нені қабылдап жасағанынан көрсететін іс әрекетті білу керек. Есте сақтау міндеті еске түсіру тәжірибесінің нәтежесінде пайда болады. Мұнда бала егер өзі есте сақтауға тырыспаса, кейін  одан  күтіп отырған нәрсені елестете алмайтынын ұғына бастайды. Есте сақтаумен, еске түсірудің жолдарын бала өз ойынан шығара алмайды. Ондай жолдарды белгілі түрде баланың есіне үлкендер салады. Мысалы, тәрбиеші балаға тапсырма бергенде оған осы арада  дәл оны  қайталап беруді талап етеді. Тәрбиеші баладан бір нәрсе сұрағанда, оның еске түсіруіне бағыт береді: «сосын не болды, жылқыға ұқсас сен тағы қандай жануарды көрдің» тағы сол сияқты.

Бала біртіндеп қайталай білуге, түсіне білуге, материалды есте сақтау мақсатында байланыстыра білуге, еске түсіргенде  байланыстарды пайдалана білуге үйренеді. Ақырында балалар есте сақтаудың арнайы іс-әректінің  қажетілігін ұғына бастайды, бұл іс-әрекетер қосымша әдістерді пайдалана білуді игереді. Ықтиярлы есте сақтауды меңгерудегі айтарлықтай жеңістерге қарамастан, тіпті мектепке дейінгі шақтың соңында да, естің үстеме түрі басып ықтиярсыз ес болып отырады. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруге балалар біршама сирек жағдайларда ғана, өз іс әрекетінде тиісті міндеттер пайда болғанда немесе үлкендердің талабына сәйкес бет бұрады.

Белгілі бір материал төңірегіндегі баланың белсенді ақыл-ой қызметімен байланысты ықтиярсыз есте сақтау мектеп жасына дейінгі баланың аяғына дейін, сол материалды ықтиярлы есте сақтауға қарағанда  жемістірек болып қала береді.

Мысалы, бейнеленген заттардың топтарына (бақша үшін, ас үй үшін т.б.) есте сақтау мақсатынсыз ақ, суреттерді әр орынға қойып шыққанда оларды балалар естеріне жақсы сақтайды, ал суреттерді есте сақтау мақсатымен қараған балалар мұндай нәтижеге жете алмады, санымен қабылдау мен бір қатар белсенді іс-әрекеттерін  орындаумен байланыспаған ықтиярсыз есте сақтау (мысалы, қараған суреттер есте сақтау) ықтиярлы есте сақтау секілді онша жемісті болып шықпайды.

Қиял - адамға ғана меншікті психикалық процесс, жануарларда бұл функция болмайды, өйткені бұл адамның еңбек әрекетімен ғана байланысты дамыған психикалық функция.

Бала қиялы  әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып, отыру қажет. Мәселен, сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше баланың осыған орай, көрінетін қиялы да шарықтай алмайды. Жаңа туған балада қиял болмайды.

Мәселен, балалар бақшасында тәрбиешінің темір дол ойынын ойнайық деген ұсынысын балалар өте зор қуанышпен қарсы алып, рөлдерін бөлісіп алады: біреуі бастық боламын, біреуі жолаушы, біреулері жүргізуші боламын деп әбігерленіп жатыр. Ал, Аманжол: «Мен шофер болып затпен адамдарды тасимын» - деп ниет білдіріп, тәрбиешінің ұсынысын үдете ары қарай дамыта түсіп өз қиялымен ойымен толықтырып, өзіне жаңа рөл тауып алады.

Бұл – шығармашылық қиялдың белсенді қатынасуының арқасында туып отырған нәтиже.

 

Қиял

 





 






 

Қиялды дамытуға көп көңіл бөлінеді, ол барлық шығармашылық қызмет үшін қажет. Өзінің бастамалары жағынан баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайтын сананың белгілер функциясымен байланысты. Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс-әрекетінің орындауынан ажырата алмайтындай болады. Бала таяққа отырып алып ат болып жортады, бұл сәтте ол салт атты, ал астындағы таяқ – аты. Бірақ, ол шауып өте шығарлықтай ештеңе  жоқ кезде, таяқпен қимыл жасамағанда өзі аша таяқты шын ат дей алмайды.

Төрт жасар баланың тақтаға сурет салып жатқандағы айтқандарын тыңдауға болады. Ол әуелі түйенің суретін салғысы келіп, әсіресе денесінен ілгері шығыңқы тұратын түйенің басын салған болуы керек. Бірақ, түйенің суретін салуға ұмытылды, бүйірі жағындағы шығыңқы жер оған көбелектің қанаты сияқты көрінеді.  Оның айтқаны: - «Көбелектің суретін салсам ба екен?». Ол жоғарғы және төменгі шығыңқы тік сызықты өшіріп тастады да, көбелектің екінші қанатын салды. Тағы да көбелектің суреті..... Енді, тағы құстың суретін саламын. Ұша алатындардың бәрінің суретін саламын. Құсты бейнелейді.  «Енді айдың суретін саламын!», «Шыбындар әйтседе, шығады ғой» - ол тағы екі нүкте қосты (шыбынның екі мұртшасы) тақтада белгілер қойды. Бұлардың арасындағы тік сызықта шыбынды бейнелеуге жатады, бірақ оны жүргізіп болғасын ол айқайлап жіберді. «А, шыбын! Күннің суретін салайыншы!» - деді де суретті салды.

Осыдан кейін, ол бастапқы бөлмеге оралды. «Екі шыбынның суретін салайын!. Ол қайтадан екі нүктені белгіледі де, оны қисық тұйық сызықпен қоршап қойды. «Мынау шыбын».

Содан соң, бөлмеде  ілулі тұрған құс бейнеленген  суретті көшіру оның ойына келді. Ол құстың суретін тұмсығынан бастап сала бастайды. Бірақ, оның елесі сол бойда басқа тақырыпқа ауысып кетті, ол «Жұлдыздың суретін салсам ба екен?» - деді де, соны орындады.

Ертегілер мен  тақырыптарды ойынан шығара отырып, балалар  таныс бейнелерді көз алдына елестетеді және көбіне есінде қалған сөздерді, өлең жолдарын қайталайды.

Қиялдың тынымсыз қызметі – бұл баланың төңірегіндегі дүниені танып, оны меңгеретін өзінің жеке басының шағын тәжірбиесінің аумағынан шығуына апаратын жолдардың бірі. Бірақ, бұл үлкендер тарапынан үнемі бақылап отыруды талап етеді, тек үлкендердің жетектеуі және үйретуімен ғана бала қиялды шындықтан ажырата біледі. Баланы толғандырған жағдай оның қиялының негізі бола алады. Сөзінің арқасында балалар ертегілерді, тақырыптарды ойлап шығара алады. Көптеген жағдайларда бала өзінің шығармасының қандай болатынын өзі де білмейді. «Міне, әңгімелеп бергенімде есітесің ал, әзірше өзім де білмеймін» – деп жауап бере салады.

Т.Рибонның айтуынша: «Баланың шығармашылығының қабілеті тәжірбиелігіне байланысты дамиды» - деп тұжырымдайды.  

Мектеп жасына дейінгі кезең – қиялдың тез  дамитын уақыты. Сондықтан, қиялдың дамуын 4 ерекше кезеңдерге бөлуге болады (2 жастан 6 жасқа дейінгі аралықта).

Бірінші кезең  – баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір заттан басқа бір затты көре бастауы);

Екінші кезең  – қиялдың ойыншықтарды жандандыру  құдіретінің байқалуы;

Үшінші кезең  – ойындағы рөльдерге байланысты өзгеруі;

Төртінші кезең  – бала қиялында өзіндік көркемдік  шығармашылықтың басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы).

О.М.Дьяченко мен  А.И.Кириловтың тәжірбиелік зерттеулерінде бала дамуында қиялдың 2 түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың басты міндеті – ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі.

Е.Е.Кравцованың  зерттеуінде қиялдың даму қызметінде 3 түрлі компанентті бөліп көрсетті:

-  Көрнекілікке сүйену;

-  Өткен тәжірбиесін қолдану;

-  Ерекше ішкі позицияны қолдану. 

Осы 3 компаненттің қолдануында халық ертегісінің айырықша орнын анықтап, зерттеуге мән берілді.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял-қоғамдық тәжірбиені  меңгерудегі алғы шарттары болып  келеді. Өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л.С.Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық бейнелер қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де баланың өмірден көрген-білгенімен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі».

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі