Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 09:11, курсовая работа
Сабақ барлық балалар үшін міндетті, мұнда білім, біліктілік, дағдыны игертумен қатар, балалар тобын құруға, онда өмір сүріп, іс-әрекетпен шұғылдануға, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасап, адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлқын қалыптастыруға үйретеді. Сабақ тәрбиешінің басшылығымен өтеді. Ол сабақтың мазмұнын, мақсат-міндеттерін, көрнекі құралдарын белгілейді, әдіс-тәсілдерін таңдап алып, балалардың білімді іскерлікті, дағдыны меңгеру әрекетін басқарады. Сабақты өткізуге ең қолайлы кезең күннің бірінші жартысы, себебі балаларға іс-әрекетпен шұғылдану таңертенгі тамақтан кейін, шаршамай, ойынға кіріспей тұрғанда ыңғайлы екені көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектерінде дәлелденген.
Кіріспе.............................................................................................4-5 беттер
Ұлы ойшылдардың ақыл-ойы тәрбиесі жайлы айтқан ұлағатты сөздері..................6 бет
І-тарау
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы..............7 бет.
1.2. Ақыл-ой тәрбиесінің негізі........................................................8-9 беттер.
ІІ-тарау
2.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі........10-29 беттер
2.2. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары және міндеттері................29-42 беттер
2.3. Балалардың ақыл-ойын дамытуда «сенсорлық» тәрбиенің маңызы.........42 бет
Қорытынды....................................................................................43-44 беттер
Қолданылған әдебиеттер...........................................................45-46 беттер
С.Л.Рубинштейннің айтуынша: «Қиял – бұл образдық форманы іске асыру, өзгеріске енгізу» - деп түсіндіріледі. Л.С.Выготский мен А.Н.Леонтев қиялдың ерекшеліктеріне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мән берді.
Атақты психолог Л.С.Выготский баланың қиялы біртіндеп өмір тәжірбиесінің молаюына байланысты қалыптасады деген қорытындыға келеді.
Қазіргі кезде психологтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығын ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, яғни еркіндік беру керектігін айтады.
Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей 3 компаненттен тұрады:
- бірінші дәрежеде
қиял қоршаған болмыспен
- екінші дәрежеде баланың өткен тәжірбиесімен байланысты бірақ сонда да, заттық байланыстың рөлі бар;
- үшінші дәрежеде
қиялдың дамуы балаға
Қорыта айтқанда, 5-6 жастағы балалардың құрастырған ертегілері мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан түрде мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс қиялдың дұрыс дамуына апаратын көп жолдың бірі болып табылады. Алты жасар бала өз қиялын алуан түрлі жағдайлар бойынша құра алады және баланың өзі сонда әр түрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс-әрекет түрінде өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжетті тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы – баланың айналасындағы әлемді танып, білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі.
Білуге құштарлық балаға тән қасиет. Ол баланың айналадағы дүниге қызығуынан бәрін де білгісі, көргісі, ұстағысы келіп, іс-әрекетке араласқысы келетін ниеттен сан алуан түрлі сұрақтарынан байқалады. Баланың осы құштарлығын қолдай отырып, бақылау сұрақтарына дер кезінде жауап беру, өз бетінше ойнауға бағыттап, өздігінен жауап табуға дағдыландырған дұрыс.
Адамға тікелей әсер ететін заттардың не құбылыстардың адам анализаторларында тұтастай бейнелену процесін – қабылдау дейді.
Қабылдау
Балалық шақ бұл баланың айналадағы қоршаған дүниеден алған әсерінің үлкен қорын жинау кезеңі. Мектепке дейінгі балаларға көпетеген нәрселердің бәрі жаңа, бәрі де қызықты көрінеді. Балалар көрген заттарын қадағалай қарап, қолына ұстауға құштар болып, тәрбиешінің әңгімесін ықыласпен тыңдағанына қарамастан, айналадағы заттар мен құбылыстардағы көптеген нәрселерді ескермейді. Мұның себебі - бала қабылдауының ерекшелігінде болып табылады.
Балалардың
байқағыштық қабілетін
Байқағыштықты дамыту үшін балаларды заттар мен құбылыстарды салыстыра білуге тәрбиелеудің маңызы зор.
Сөйлеу дегеніміз – адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті.
Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айтуы.
Бала сөйлеуінің дамуы бірнеше сатыдан тұрады. Алғашқы саты - сөйлеуге дейінгі кезең. Бұл кезең 2 айлығынан 11 айға дейінгі сатысы деп аталады. Екінші саты – баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі – 11 айдан, 1 жыл 7 айға дейінгі аралық. Үшінші сатыда - бала тілдің грамматикасын меңгере бастайды. Бала тілінің шығуы оның дүние таным шеңберін кеңейтіп, сөйлеу тілін дамытады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, әйгілі мамандар Л.С.Выготский мен Швейцария психологы Жан Пиаже, бала тілінің дамуын психологиялық тұрғыдан қарастырып, ғылыми жүйеге келтірген.
Тілді меңгеру
осы заманғы ғылымда айырықша
маңызы бар мәселенің бірі. Әсіресе,
баланың ана тілінде айқын сөйл
Мектеп жасына
дейінгі балалар іс жүзінде тәрбиешінің
ықпалымен ана тілінің
Тәрбиеші балаларды сөзбен сөйлемді өз мәнінде қолдануға, сөзді бұрмаламай, дұрыс сөйлеуді сүюге баулуы қажет.
Сөйлеу
Материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарының біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, оны миымызда бейнеленуін – түйсіну деп атаймыз.
Біздің айналамызда, ішкі жан-дүниемізде не болып жатқанын хабарлайтын қарапайым, психикалық процесс. Яғни, санамызды сыртқы дүниемен байланыстырады.
Еңбек етіп, дүние тануда түйсіктің өте маңызды екендігін, оның адам бақытының маңызды көзі болып табылатын мектеп жасына дейін баланың бойына дарытуымыз қажет. Балаларды өнерді сүюге баулып, өнердің бір саласында өз күшін жұмылдыруға үйретуіміз қажет.
Ақыл-ой тәрбиесі міндеттерінің бірі – баланың құштарлығын ой сергектігін дамыту, осының негізінде тұрақты таным құштарлығын қалыптастыру. Қандай да болмасын іс-әрекетті табысты меңгеруге мүмкіндік тудыратын баланың жеке басының қасиетін психологияда қабілет деп атайды.
Қабілет іс-әрекет процессінде көрінеді. Ақыл-ой қабілетіне тапқырлық, сыншылдық, табандылық, ойшылдық, зейінділік еркін билей алу, талдау, жинақтау, әрекеттеріне шешімділік, есте сақтау, қайта жаңғырта алу, әр қилы өмір жағдайларына байланысты пайдалана білу жатады.
Балаларға нақты білімді хабарлау, ақыл-ой әрекетін ұйымдастыру ақыл-ой қабілетінің дамуына қажетті шарт болып табылады. Ақыл-ой қабілеті ақыл-ой әрекеті үстінде білімді меңгеру, тіл үйрету үстінде дамиды. Балалардың назары, зейіні ыдырамалы тарап кетуге бейім болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетінің жан-жақты жетілуі, еңбектің яғни ой еңбегі мен дене еңбегі болып бөлінуін, адамның белігілі бір кәсіпке немесе мамандыққа баулуын бірте-бірте қол жеткізуді көздейді.
Сананың қандай да болса бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы – зейін деп аталады.
Мектепке дейінгі оқыту жұмысында зейіннің маңызы өте зор.
Бала тек көз алдындағы заттар мен құралдарға ғана зейін аударып қана қоймай, оның үнемі зейінді болу жағын қарастыру қажет.
Осы орайда, баланың зейінін тәрбиелегенде айналадағы жағдайды өзгертіп немесе зейінді бейімдеуіміз қажет.
Тәрбиеші сабақ
жүргізгенде бөлме есігі
Сонымен қатар, баяу естілген музыканың сазды үні зейінді біршама күшейтіп, баланың зейіні шаршамауына жағдай жасайды. Яғни, зейіннің сергек болуына зор ықпал жасайды.
Яғни, балаларды тәрбиелеу барысында жоғарыда аталған жағдайларды еске алып, дұрыс пайдалану - тәрбиешінің зор міндеті болып табылады.
Зейін
Тәрбиеші балалардың ырықсыз зейінін белсенді жаттығулар жасау арқылы ырықты зейінге айналдыруы керек. Оларды тыңдай, ести білуге өз еркімен тәрбиешінің сөзіне құлақ асуға баулып, ырықты есту зейінін тәрбиелейді, есту қабілетін дамытады. Ол үшін тәрбиешінің сөзді тәрбие құралы ретінде дұрыс пайдалана білгені абзал. Тәрбиешінің сөз қысқа да, дәл, нақты, түсінікті болып, асықпай қатты айғайлап, құлақты кеспей, әдемі үнмен жай, байсалды естілуі тиіс. Тәрбиешінің көп сөзділігі, тәрбие әдістерін дұрыс пайдаланбауы баланың зейінін әлсіретіп, «тыңдамау» сияқты зиянды әдетке үйретеді.
Балалардың айтқан сөзін, әңгімесін сұрағы мен жауабын басқаларына тыңдату арқылы да, зейінін тәрбиелеуге болады. Зейінді тәрбиелеудің пәрменді құралы – балаға қойылатын талапты күшейту. Бұл үшін, есту зейінін дамытатын ойындар ұйымдастырудың мәні зор. Мысалы: «Қоңырау қай жақтан сыңғырлайды?», «Бұл кімнің дауысы?», «Кім екенін дауысынан таны!» сияқты т.б. Бақылампаздық – ақылдылықтың сапасы, сондықтан балаларды көре білуге үйретеді, бір заттың негізгі бөлшегін аңғартып, оның ерекшелігін табуға, табиғат құбылыстарын оның өзгерістерін байқауға, жаңа үйлер мен дүкендердің, көлік түрінің өзгеруін бақылауға үйретеді. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылау арқылы бала жаңа білім жүйесін игереді. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау балаға көптеген жаңалықтар әкеледі. Жүйені бақылау оның жеке басының байқампаздығын дамытады. Бақылампаздық таным қызығушылығын дамытады. Бақылампаздық қабілетін тәрбиелеудің құралы-өмірдің өзі және керекті құралдар.
Көрнекі құралдарды бақылау балалардың салыстыру, қорытындылау, жалпылау, жинақтау қабілетін тәрбиелейді. Бақылампаздық нақты білімді игеруге көмектеседі. Балаға нені, не үшін, қалай бақылауды үйрету дәлдікке, реттілікке баулиды. Бақылаудың дәлдігі салыстыруға негізделеді. Салыстыру, талдау, жинақтау қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді. Талдау, жинақтау әрекеті ақыл-ой қызметінің бір-бірімен байланысты екі жағы: мысалы, балалар саяхатқа барып, терек, қайың, шырша, қара ағаш, қызғалдақ, сарғалдақ пен бәйшешекті көреді. Ал, тәрбиеші саяхаттан келген соң, терек, қайың, шырша, қара ағаштың ағашқа, ал қызғалдақ, сарғалдақ пен бәйшешектің гүлге жататынын жинақтап, ұқтырмаса балалардың білімі сол бұрынғы күйінде дамымай қала береді.
Балалардың өз білімдерін іс жүзінде пайдаланып, іске асыруы үшін сол білімді естерінде сақтап, қажет кезде қайта жаңғырта білуі керек.
Есте сақтау
мен қайта жаңғыртудың
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерінің бәрі интелектуалды іскерлік пен дағдыны дамыту.
Яғни, ақыл-ой қызметін заттарды тексеру, олардың нақты емес белгілерін ажырату,өзге заттармен салыстыру және т.б. сияқты қарапайым әдістерін қалыптастыру болып табылады. Бұл іскерлік пен дағдылар таным әрекетінің құрамды элементтері болып табылады, олар баланың білімді ойдағыдай игеруіне көмектеседі.
2.2. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары мен міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі ойын, оқу, жұмыс, тұрмыс іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады. Баланың іс-әрекеті неғұрлым алуан түрлі болған сайын, оның төңіректегі таң мен танымдық қабілетінің дамытуы да жан-жақты болып келеді, іс-әрекеттің барлық түрінде де ол іскерлікті үйренеді, белгілі бір қарым-қатынасты игереді, тіл үйренеді. Дұрыс бағыттағы басшының ақыл-ой тәрбиесі міндеттерін шешуге бағыталған педагогикалық ықпалдың тиімділігін арттырады.
Балалардың ақыл-ой тәрбиесінің маңызды құралы қоршаған болмыс адамдар, заттар, табиғат, қоғамдық құбылыс болып табылады. Айналадағы дүние мен араласу арқылы баланың көзқарасы кеңейеді, оның танымдық процесстері дамиды. Үлкендермен қарым-қатынас радио және телевизия хабарлары баланың айналасындағы өмірден алатын мағлұматтардың көлемін ұлғайтады.
Әр-түрлі заттарды пайдалана отырып, балалар олардың неге пайдаланатын, қасиетін және сапасын біледі. Бояу, қылқалам, қағаз сурет салу үшін қажет, бақшада жұмыс істеу үшін күрек пен тырма қажет; барлық заттар белгілі бір қасиеттері бар түрлі материалдардан жасалған (фарфор ыдыс сынады, қасық пен шанышқы металдан жасалған) т.б. Тәрбиеші тұрмыстық қызмет барысында балалардың назарын айналасындағы қошаған дүниеге үнемі бағыттап отырады. Жекелеген заттардың қасиеттерін атап көрсетіп, олар атқаратын іс-әрекеттерді сөзбен білдіреді, кеңістік пен мезгіл қатынастарын білдіретін ұғымдарды пайдаланады. Мысалы: киіну кезінде ол сәбилердің назарын киімнің түсіне, оның қандай материалдан істелгеніне аударады. Аманның бөркі жылы, түбіттен жасалған. Ол мамық. Ал, Айгерімнің бас киімі теріден тігілген, балаларды ұйықтауға жатқызғанда тәрбиеші: «Қазір кеш, аздан соң түн болады. Балалар ұйықтайды, ал таңертең оянып, тағы да ойнайды» - дейді.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі