Этнопедагогика пәні дәрістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:00, лекция

Описание работы

Ќазаќстанның егемендi ел болуымен байланысты оќу-ағарту iсiнде оның басшылыќќа алатын негiзгi идеялыќ бағыты елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Ќазаќстан – 2030” бағдарламасында көрсетiлгендей… ќазаќстандыќ патриотизмге негiзделуi керек”. Ал Ќазаќстандыќ патриотизм мемлекеттiң территориялыќ тұтастығын, салт-дәстүрдiң, ұлттыќ мәдениеттiң саќталуын, Ќазаќстанда тiршiлiк етушi ұлттардың бiрлiгiн ќамтамасыз етудi, олардың өзара саяси-экономикалыќ және мәдени байланысын күшейтудi, осы байланыстың пәрмендi насихатшысы мемлекеттiк ќазаќ тiлi мен халыќаралыќ ќатынас тiлi – орыс тiлiнiң жетiлiп көркеюiне баса назар аударуды көздеу болмаќ.

Содержание

1. Этнопедагогикамен байланысты пән атауы. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы.
2. Халыќтыќ тәрбиенің негіздері.
3. Этностар мәдениетiн зерттейтiн ќоғамдыќ ғылымдар және олардың өзара байланысы

Работа содержит 1 файл

Этнопедагогика бойынша дәрістери.doc

— 744.50 Кб (Скачать)

Адамгершiлiк тәрбиесi дегенiмiз  окушыларды қоғамның моральдық нормасын орындауға белсене қатыстыру, олардың  бойына тәртiптiлiк  пен мiнез-құлық тәжiрибесiн қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбекке және қоғамдық iс-әрекетке деген жауапкершiлiк сезiмiн тәрбиелеу.

Акыл-ой тәрбиесi әр заманда жастарға бiлiм берудiң негiзгi құралы болып  келдi. Ақыл-ой тәрбиесi — адам зиялылығының негiзi. Сол арқылы оқушыны ойлау iс-әрекетiнiң басты шарты болып табылатын бiлiм қорымен қаруландыру, негiзгi ойлау операцияларын меңгерту, бiлiм, бiлiк, дағдылар мен дүниетанымын қалыптастыру мiндеттерi шешiледi.

Тәрбиенiң басқа салаларымен  тығыз байланысты тәрбиенiң түрi экономикалық тәрбие. “Экономикалық тәрбиенiң негiздерi” еңбек тәрбиесiнде жатыр. Экономикалық тәрбиеде көзделетiн мақсат —  оқушыларды бiлiмдер негiздерiмен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндiрiс, айырбас, бөлiсу және тұтыну ауқымындағы негiзгi экономикалық қатынастарды тәжiрибеде меңгерту деп түсiну керек.

Экологиялық тәрбие дегенiмiз —  экологиялық нормалардың, ережелердiң қажеттiлiгiн жастардың мiнез-құлқында тәрбиелеу және экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру. Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесiмен тығыз байланысты. Өйткенi өндiрiстiк iс-әрекеттiң барысында адам өзiн қоршаған ортаға тiкелей әсер ете алады.

Сондай-ақ, адамның сұлулық сезiмдерi олардың өмiрiнде зор рөл атқарады. Әсемдiктi көре, түсiне, жасай бiлу адамның рухани өмiрiн байытады. Сұлулықты танытудың негiзгi құралдары әдебиет және өнер. Сұлулық тәрбиесiнiң мақсаты оқушыны көркемдiк пен сұлулықты тани бiлуге, оған баға беруге, күнделiктi өмiрдегi адамның жеке басының эстетикасын, қатынас эстетикасын, үй-жағдай және киiм-кешек эстетикасын қалыптастыру, талғампаздыққа тәрбиелеу және сыртқы мәдениетi мен iшкi дүниесiнiң үйлесiмдiлiгiн қалыптастыру.

Ал жоғары дамыған құқықтық мәдениет болмай қоғам алдындағы мiндеттердi орынды шешу мүмкiн емес. Адамның құқықтық мәдениетi күрделi. Ол әр адамның құқықгық тәрбиесiнiң деңгейiмен тығыз байланысты. Құқықтық тәрбие деп оқушыға құқықгық бiлiм беру, занды құрметтеуге, құқықты қорғау iс-әрекетiне тәрбиелеуге үйрету деп түсiнуiмiз керек. Адамның неғұрлым құқықтық бiлiмi толық және терең болған сайын оның құқықтық мәдениетi жоғары болады.

Егемендi елiмiзде 120 ұлттың өкiлдерi ұзақ жылдар бойы тату-тәттi, бiрге өмiр  сүрiп жатыр. Ұлт достығын күшейтуде  Кеңестiк идеологияның оң ықпал еткенiн  естен шығаруға болмайды.

Соңғы он бес жыл iшiнде әлемнiң  әр түпкiрiнде этникалық және дiни қақтығыстардың жиi болып жатуы халықтар бiрлiгiн күшейтудегi идеологиялық жұмыстардың  әлсiреуiнен де болып отырғаны көпке  аян.

Ел президентi Н.Назарбаевтың Қазақстан  халқына жолдауында айтылғандай “Iшкi саяси тұтастық пен қоғамның топтасуы саяси, идеологиялық, дiни, этникалық немесе таптық мүдделердi бiрiктiруге бағытталған ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық мәдениеттi насихаттауға байланысты” деп қарауға тура келедi.

Ұлт мәдениетiнiң өзiндiк ерекшелiгiн ақтара қарап терең зерттеген педагог ғалымдардың бәрi де оның тәрбиелiк мәнiн сөз етпей өткен емес. “Халықтық тәрбиеден тыс жерде педагогика да жоқ, педагог та жоқ” деп орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский текке айтпаған.

Ұлттық тәрбиенiң ұйтқысы — ана тiлi. Тiлiн жоғалтқан этнос, өзiнiң бұрынғы этностық қасиетiнен айрылады. А.Н.Толстойдың “Тiл ұлттың жаны... идеяның, сезiмнiң, ойдың жанды көрiнiсi” деуi де ұлт тiлiнiң ұлттық мәдениеттi басқаларға бейнелеп бере бiлудегi артықшылығын көрсетуi деуге болады.

“Тiл — халықтың тарихы, сана-сезiмi, көңiл-күйi, әдебиетi, мәдениетi. Тiлсiз  мәдениет пен тарихтың дамуы мүмкiн  емес” (А.И.Куприн) деп қарайтын болсақ, ұлттық тәлiм-тәрбиенiң де асыл арқауы тiлге келiп тiреледi.

Ұлттық мәдениет пен мемлекеттiк  тiлдiң өркендеуi Қазақстанда тiршiлiк ететiн жүзден астам ұлттардың этникалық жағынан өркен жайып көркеюiне мұрындық болып отыр.

Этностық мәдениеттiң өсiп-өркендеуi үшiн де қолайлы жағдай, мәдени кеңiстiк  керек. Ол кеңiстiк деп отбасын, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн, оқу орындарын, ұлттық мәдени орталықтар мен газет-журнал, көркем және ғылыми әдебиеттердi, ғылыми зерттеу және әкiмшiлiк мекемелерiн жатқызамыз.

Соңғы он бес жыл iшiнде, әсiресе соңғы 4-5 жылда Қазақстанда тұратын  аз ұлттардың балаларының ана тiлiнде оқу оқып бiлiм алуына, ұлттық мәдениет үлгiлерiн насихаттауға бiр табан болса да қолайлы жағдай туғызылды. Республикамызда 15 ұлттың тiлiнде 36 жексембiлiк дiни мектептер жұмыс iстейдi. Онда 2500 бала, 970 ересек адамдар оқиды.

Бүгiнде республикада немiс, өзбек, ұйғыр, корей, украин, татар тiлдерiнде 138 мың дана газет-журналдар шығып тұрады.

Тәулiгiне бiрнеше тiлде радио  және телехабар берiледi. Республикамыздың кiтапханаларында корей, немiс, өзбек, ұйғыр, татар тiлдерiнде 70 мың данадай  кiтап қоры бар. Қоғамдық мекемелерде корей, немiс, ұйғыр, татар ұлт өкiлдерi жұмыс iстейдi.

Ақпарат құралдары арқылы оқу-ағарту және мәдениет орталықтарында халық-саны аз ұлттардың салт-дәстүрлерi, музыкасы мен ұлттық киiм үлгiлерi, ойын түрлерi, тағамдары туралы үздiксiз мол мағлұматтар берiлiп келедi. Мектептер мен балабақшаларда, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында ән-күй, би ансамбльдерiнiң орындауында ұлттық фестивальдар мен көрмелер, кештер жиi ұйымдастырылуда. Стадиондар мен ойын алаңдарында ұлттық спорт, ойын түрлерi өткiзiлiп, олар ұлт достығының кепiлдiгiне айналуда.

Неке сарайлары мен ауылдық  клубтарда жас жұбайлардың үйлену тойлары ұлттық рәсiмде өткiзiлiп  халық арасында кең насихатталуда.

Жақсы дәстүр жалғаса берсе екен деген игi тiлекпен Қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы бiлiм академиясының этнопедагогика және тәрбие лабораториясының ғылыми қызметкерлерi Қазақстанда тұратын орыс, немiс, поляк, корей, дүңген, тәжiк, түрiк, өзбек, ұйғыр т.б. халықтардың отбасындағы ұрпақ тәрбиелеу дәстүрлерiнiң озық ұлгiлерiн жинастырып, 2000 жылы “Санат” баспасынан “Халық – қапысыз тәрбиешi” атты жинақ шығарды.

Соңғы жылдары Қазақстан халықтарының мақал-мәтелдерi, ән-күйлерi, ұлттық ойындары бiрнеше жинақ болып басылып  шықты.

Арнайы ғылыми кеңестерде қазақ, ұйғыр, немiс, орыс, корей халықтарының этнопедагогикасы бойынша кандидаттық диссертациялар қорғалуда.

Осының бәрi Қазақстанда тiршiлiк  етушi тiлi басқа, тiлеуi бiр, салт-дәстүрi ұқсас елдердiң ұлттық мәдениетiн, бала тәрбиелеу дәстүрлерiн халық  арасында кең түрде насихаттауда iстелiп жатқан игiлiктi iстердiң жемiсi, ұлттық ынтымақты күшейтудегi нақтылы iс-шаралар.

Қазақстан халықтарының елiмiздiң экономикасы  мен мәдениетiн өркендетудегi соңғы  жылдардағы қол жеткен табыстарын ынтымақ  пен береке-бiрлiктiң нәтижесi деп  қарауға тура келедi.

Егемендi елiмiздi бұдан әрi де бейбiт  жолмен өркендете беремiз десек  әрбiр ұстаз бен ата-ана, саналы ұлт өкiлдерi: 

Ынтымақ елдiкке жеткiзедi, 

Береке бiрлiкке жеткiзедi — деген  халық қағидасын үнемi iс пен  әрекеттiң пәрмендi құралы ретiнде пайдалануды естен шығармауы керек.

Отбасы тәрбиесi бойынша  өзiн-өзi тексеру сұрақтары: 

1. Қазақ отбасына  тән қандай дәстүрлер бар? 

2. Қазақ отбасы тәрбиесiндегi мәдени  құндылықтарға ненi жатқызар едiң?

3. Қазақ халқының ұл мен қыз  тәрбиесiн жеке-жеке қарастырудың мәнi неде деп ойлайсың?

4. “Үйлену оңай, үй болу қиын”  деген мақалды қалай түсiнесiң?

5. Ерте жастан отбасын құруға  қалай қарайсың? Жауабыңды дәлелде.

6. Отбасында кiмнiң сөзi шешушi  болғаны жөн деп ойлайсың?

7. Бар халыққа ортақ немесе  жиi кездесетiн салт-дәстүрлер бар ма? Олар қандай?

8. Үйленумен байланысты қазақ  және орыс халықтарының салт-дәстүрлерi  мен рәсiмдерiнде қандай ұқсастықтар  мен айырмашылықтар бар?

9. Тұлғаның толеранттық  қасиетi дегендi қалай түсiнесiң?

10. Көп ұлтты мемлекетте өмiр сүрудiң қандай ерекшелiктерi бар? Саған ұнай ма?

11. Жаңа заман тудырған  қандай салт-дәстүрлердi бiлесiң?  Оның тәлiмдiк мәнiн сипатта.

12. Қазақ халқының қонақ  күту рәсiмдерiне қазiргi заман  талаптары қандай өзгерiстер енгiздi?

13. Қонаққа шақырудың тәртiбi (ретi) қандай? Оған өзiңнiң сыни пiкiрiңдi бiлдiр.

14. Этностар мәдениетiнiң  өсiп-өркендеуi үшiн не қажет?

15. Қазақстан халықтарының  достығын нығайта түсу үшiн  не iстеп жүрсiң немесе не iстер  едiң?

16. Өзге ұлттардың қандай  салт-дәстүрлерi саған ұнайды және ол нелiктен ұнайды?

 


Информация о работе Этнопедагогика пәні дәрістері