Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 12:40, курсовая работа
Шет тілінде оқытудың тиімділігін арттыру және ол тілді игеру процессінің ерекшеліктерін толықтай анықтау үшін қарастырылып отырған тіл мен ана тілінің бір - біріне әсер ету ерекшеліктерін толықтай айқындап, дұрыс түсіне білу қажет. Мұны бігінгі таңда өзекті болып табылатын лингвистикалық және психологиялық концепцияларға сүйене отырып, оларда қабылданған бастапқы теоретикалық позициялардан шығатын негізгі ұғымдарды басшылыққа ала отырып жүзеге асыру қажет. Жалпы шет тілін игерудің ерекшеліктерін қарастырудың бірнеше жолы белгілі. Салыстырмалы анализ әдісі сол жолдардың ішінде ең алғаш пайда болған және де кең қолданыс тапқан жолдардың бірі. Шет тілін игерудің ерекшеліктерін зерттеудің тағы бір тиімді жолдарының бірі қателер анализі деп аталатын әдіс.
1. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерді салыстырмалы түрде зерттеу 3
1.1 Салыстырмалы анализ және тілдік интерференция 3
1.2 Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері 10
2. Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін қазақ топтарында оқытудың әдістемесі 19
2.1. Қазақ топтарында ағылшын тілінің мекен етістігі жүйесін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері 19
2.2. Ана тілі және шет тілі интерференцияларын жоюға арналған жаттығулар 26
3. Ағылшын тілінің мекен ұғымынбілдіретін тілдік бірліктерін қазақ топтарында оқытудың эксперименталды тәжірибелік сипаттамасы 30
3.1. Эксперименталды тәжірибелік оқытудың сипатамасы, эксперимент алды тексеру 30
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер 37
2) Бала сасқалақтап босағада тұрып қалды.
3) Терезеден қарағанда көлдің жағасы көрініп тұр.
4) Таулар арасынан ну орманның шеті шығып тұр.
5)Сен іздеп жүрген кітап сөренің шетінде тұр.
Дифференциялды қасиеттерді “толық дифференциялай алмауға” байланысты орын алатын қателердің алдын алуға бағытталған жаттығулар.
а) Берілген етістікпен тіркесе алатын сәйкес есім сөзді таңда.
2) He was standing by the edge of a small …. – not more than ten feet from side to side in a wood.
pool , window, tree
3) There were no birds, no insects, no anymals, an no wind, you could almost feel the growing ….
Wind, trees, horses
After Digory had looked at the wood for a long tie he noticed that there was a girl lying on her … at the foot of a tree a few yards away.
neck, back, head
4) And it was a fat guinea – pig, nosing about in the
grass, sea, hole
ә) Сөйлемді сәйкес етістіктің тіркесімен аяқта (баламасы қазақ тілінде беріледі)
1) Neither of them much liked the idea of … .
бассейнге секіру
2) Then if it does , will change rings and come up again before … .
Мистер Кеттлеридің бөлмесіне қайта оралғанша
3) But before he became quite real Polly shouted “Change”, and they did change, and our world fadd
away like a dream, and the gren light above grew stronger and stronger, till their heads … .
бастары судан көрініп жағаға шықты
4) At any rate, then they had both put on their greens and … .
судың жағасына қайтып келді
5) Then suddenly they felt that they were … .
жұмсақ бірдеменің үстінде тұрды
б) Мағынасы бойынша сай келетін етістікті таңда
1)All the light was green light that … through the leaves: but there must have been a very strong sun overhead, for this green daylight was bright and warm.
came, lie, fell
2) But as soon as they seemed to be … back to Uncle Andrew`s study, or even to their own world , Polly was to shout “Change” and they wood slip off their greens and put on their yellows
getting, carrying, lie
3) Down and down they … first thrown darkness and then through a mass of vague and whirling shapes which might have been almost anything.
spread, cross, rush
4) They were standing on a flat paved surface and buildings … and all around them.
sit, place, rose
5) She had brought up bits of old packing cases and the seats of broken kitchen chairs, and things of that sort, and … then across from rafter to rafter sa as to make a bit of floor.
pour, spread, hit
Тіларалық иннтерференцияны жоюға арналған жаттығулар (етістіктің мағыналық құрылымын ашуға бағытталған)
а) Синонимдес етстіктердің ішінен мағынасы бойынша сәйкес келетін етістікті таңда.
1) “We mustn`t make a sound” said Polly as they … in again behind the cistern.
climbed, come, go
2) They decided they would have to … into the box – room and walk across it taking steps as long as steps from one rrafter to the next.
Come out, rush out, go out
3) She says “Don`t worry the boy, Andrew” or “I`m sure Digoru doesn`t want to hear about it ” or else “Now, Digory wouldn`t you like to … out and … in the garden”.
Come - play, go - play, go - stay
4) He didn`t seem … standing on anything, or sitting, or lying.
to be, to stay, to remain
5) If we once … in to it we shall just lie down and drowse for ever and ever.
hand, offer, give
ә) Әр сөз тіркесінің мекен ұғымының қай түрін білдіретінін (дифференциалды
мағыналық қасиет) көрсет
to come out of the tunnel
to get into the building
to stand on a surface
t o rise all around
to be at the bottom
3.1 Эксперименталды тәжірибелік оқытудың сипатамасы, эксперимент алды тексеру.
Жоғарыда айтылғандай біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаттарының бірі ағылшын және қазақ тілдерінің мекен және қозғалыс ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін салыстырмалы түрде зерттеу нәтижесінде оларды игеру барысында кездесетін қиындықтарды анықтап, ол қиындық түрлерінің шын мәнінде зерттеуді қажет ететіндігін, қазақ топтарында оқитын студенттердің осы тілдік бірліктерді қолданған кезде жіберген қателерді қарастыра отырып дәлелдеу.
Алдыңғы тарауларда біз ағылшын және қазақ тілдерінің мекен және қозғалыс ұғымын білдіретін етістіктерін салыстырып, студенттердің ол тілдік бірліктерді қолдану кезінде жіберген қателерінің психолингвистикалық себептерін қарастырған болатынбыз. Ал жұмысымыздың келесі тарауының міндеттері:
Ағылшын және қазақ тілдерінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін салыстырудың негізінде бұл тілдік бірліктерді оқушылардың қолданған кезде жіберулері мүмкін қателердің түрлерін айқындау.
Айқындалған қателердің шынында да сөйлеу барысында жиі кездесетінін анықтау үшін эксперимент алды тексеру барысында, оқушылардың осы тілдік бірліктерді қолдану кезінде жіберген қателеріне анализ жүргізе отырып дәлелдеу, себебі тек қана лингвистикалық материал мен психолингвистикалық болжамдап отырған кез – келген қиындық шынайы материал мен интерференция арқылы, яғни студенттердің сөйлеу барысында жіберетін қателері арқылы дәлелдену керек.
Бірініші міндет бойынша (салыстырмалды анализ нәтижесінде пайда болуы мүмкін қателердің түрлерін анықтап, болжау) біз келесідей қателердің түрлерін болжаған болатынбыз:
1) Тіларалық
интерференция (қазақ –
2) Аралас интерфенция, яғни интерференцияның себебі тіларалық та, тілішілік те интерференцияларға байланысты болады.
3) Тілішілік интерференция (ағылшын - ағылшын тілі), қатенің пайда болу себебі ағылшын тіліндегі тілдік бірліктердің көп семалылығы және көпмағыналылығымен байланысты болуы мүмкін.
Эксперимент барысында интерференцияның осы түрлерінің тәжірибеде расында да кездесу – кездеспеуі тексерілді.
Негізінен интерференция ана тілі мен шет тілінің тілдік жүйкелеріндегі айырмашылықтарға байланысты болатындықтан біз қазақ және ағылшын тілдірін лексика – грамматикалық жақтан салыстыра отырып, бұл тұрғыда интерференция жиі орын алатынына көзіміз жетті. Біздің ойымызша студенттер көбінесе ана тіліндегі тілдік бірліктермен шет тіліндегі тілдік бірліктердің мағыналарын және тіркесу заңдылықтарын теңдестіреді.
Бұл жағдайда салыстырмалы зерттеудің мақсаты қарастырылып отырған тілдердің лексика – грамматикалық ерекшеліктерін анықтап, шет тілінің ана тілінің әсерінен интерференцияға ұшырайтын тілдік бірліктерін айқындау. Біз интерференцияны қазақ және ағылшын тілдерінің мекен және қозғалыс ұғымдарын білдіретін тілдік бірліктерін салыстыру арқылы дедуктивті түрде анықтадық.
Мысалы сөздікте
ағылшын тілінің “Go”
жүру (адам)
қозғалыс (көлік)
қозғалыс (адамның көлікпен жүріп -тұруы)
бір жерге кету немесе жолға аттану
қозғалыста болу (түрлі механизмдер туралы)
Ал қазақ
тілінің түсіндірмелі сөздігінде сәйкес
“жүру” етістігінің келесідей
1) жүру (адам)
2) қозғалыс (көлік)
3) қозғалыс (адамның көлікпен)
4) жолға аттану
5) қозғалыста болу (механизм туралы)
6) ойындағы жүріс (шахмат, дойбы)
7) біреумен кездесіп жүру (встречаться в см. дружить)
8) көмекші етістік
9) көлік айдау
10) сабақ, жиналыс жүргізу
Сөйтіп “Go” және “Жүру” етістіктерінің семалар саны сәйкес келмейді. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістіктердің семалық құрамын айқындай және салыстыра отырып, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындауға болады, сол арқылы интерференцияның пайда болу жағдайларын да болжай аламыз. Анализ нәтижелерін келесідей матрица түрінде көрсетуге болады. “+” белгісі көрсетілген семаның сөздің семантикалық құрамында бар екенін білдіреді, ал “-” белгісі болса керісінше ол семаның бұл сөздің семантикалық құрамында кездеспейтінін білдіреді.
Етіс-тік-тер |
Жүру Адам |
Қозға-лыс Көлік |
Қозға-лыс Адам көлік-пен |
Жол-ға ат-тану |
Қозғалыста болу механизм |
Бір жерге бару |
Жүруойын-дағы |
Көмекші етіс-тік |
Біреумен жүру (дружить) |
Көлік айдау |
Жүр-гізу сабақжиналыс |
GO |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
- |
- |
- |
- |
- |
Жүру |
+ |
- |
+ |
+ |
+ |
- |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Осындай матрицаның көмегімен интерференцияның кездесуі мүмкін жағдайды алдын – ала болжауға болады. Егер де белгілі бір сема ағылшын тіліндегі сөздің семантикалық құрамында кездесіп, сәйкес қазақ тіліндегі сөзде кездеспесе немесе керісінше жағдай болғанда интерференцияны айқын байқауға болады. Сөйтіп кейбір информанттар “We will go to the theatre ” сөйлемін қазақ тіліне “Олар театрдың маңында жүретін болады” деп қате аударған. Бұл мысалдарда біз “go” және “жүру” етістіктерінің семантикалық құрылымдарын қарастырған болсақ, келесі мысалдарда олардың синтаксистік ерекшеліктерін қарастырамыз. Өйткені аталған етістіктердің басқа сөздермен тіркесу ерекшеліктері айқын. Бір ұғымды білдіретін етістіктің семантиалық тіркес түрлерін салыстыра отырып, ол етістіктің қарастырып отырған тілдердегі тіркес мүмкіншіліктерінің сәйкес келетін немесе керісінше ерекшеленетін кездерін алдын ала болжауға болады, яғни граматикалық деңгейдегі интерференцияның түрін алдын – ала болжауға болады. Импрессивті интерференцияны айқындау мақсатында қазақ топтарының 1 курс студенттерінің 20 информантына ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуға 6 сөйлем берілген болатын:
He usually goes by car.
This bus goes to Scotland.
Every weekend we go to the cinema.
That clock goes right.
Mother asked her little children to go a bit quicker.
He often goes there wih the girl.
Эксперинент нәтижесі келесідей:
Бірінші сөйлемді аударғанда информанттардың 20% ағылшын етістігінің транзитивтігін жеткізе алмаған: He usually goes by car – Ол көбінесе көлікпен жүреді.
Екінші сөйлемді аударғанда ағылшын тілінің “go” етістігін біршама студенттер оның қазақ тіліндегі “жүру” емес, “бару” деген баламасын таңдап, This bus goes to Scotland – Автобус Шотландияға барады деп аударған. Алайда бұл жағдайды қатеге жатқызуға болмайды, себебі қазақ тілінің нормасы мұндай өзгешеліктің мүмкін екендігін көрсетеді.
Үшінші сөйлемде информанттардың 50% ғана “go” етістігінің дұрыс баламасын “бару” берген. 20% болса сөйлемді аударудан бас тартқан. 35% ағылшын тіліндегі вариантқа сәйкес келмейтін түрлі аудармалар берген.
Төртінші сөйлем студенттер үшін оңай болып шықты. Олардың 90% бұл сөйлемдегі “go” етістігін “жүру” деп бұл етістіктің дифференциациясын ескере отырып аударған. That clock goes right. – Ана сағат дұрыс жүріп тұр.
Бесінші сөйлемде “go” және “жүру” етістіктерінің семалары сәйкес келетіндіктен болу керек, интерфереция байқалмады.
Алтыншы сөйлемді аударғанда информанттардың 65% “go” етістігінің осы сөйлемдегі қолданысқа сәйкес қазақ тіліндегі дұрыс баламасын таңдап, He often goes there wih the girl. – Ол онда үнемі сол қызбен барады, деп аударған. Ал қалған 35% болса Ол сол қызбен жүреді, Ол онда сол қызға барады т.б. деп аударып, айқын интеференция жағдайына жол берген.
Келесі кестеде барлық ағылшын сөйлемдерінің студенттердің берген қазақ тіліндегі баламалары келтірілген.
Тапсырма 1
Ағылшын сөйлемі |
Қазақ тіліндегі аудармасы |
Аударма саны % |
Аударма вар-ты % |
Интерф. көлемі% |
He usually goes by car. |
Ол көбінесе көлікпен жүреді. Ол көбінесе көлікпен барады. |
18 2 |
90 10 |
0 10 |
This bus goes to Scotland. |
Автобус Шотландияға жүреді. Автобус Шотландияға барады. |
6 14 |
30 70 |
0 0 |
Every week – end we go to the cinema. |
Олар әр демалыста кинотеатрға барады. Олар әр демалыс сайын кинотеатр жақта қыдырады. Олар әр демалыста кинотеатр маңында серуендейді. - |
10 2 4 4 |
50 10
20 20 |
60 |
That clock goes right. |
Ана сағат дұрыс жүріп тұр. - |
18 2 |
90 10 |
10 |
Mother asked her little children to go a bit quicker. |
Анасы балаларының тезірек жүрулерін сұрады. |
20 |
100 |
5 |
He often goes there wih the girl |
Ол онда үнемі сол қызбен барады. Ол сол қызбен жүреді. Ол онда сол қызға барады. - |
13 3 2 2 |
65 15 10 10 |
35 |
Осыған қарап лексика – граматикалық интерференцияның пайда болуына сәйкес лексикалық бірліктердің мағынаның сәйкес келмеуімен қатар, етістіктердің түрлі тіркес мүмкіншіліктері де себеп бола алады деген шешімге келеміз. Бұл жөнінде А.В.Ковылина былай деген: “Только точное знание постоянных элементов окружения глагола – его синтаксической и семантической валентности – может способствовать порождению граматически отмеченных предложений на изучаемом языке. В связи с этим изучение глагольной валентности имеет важнейшее значеие при разработке рациональных методов обучения иностранным языкам, направленных не на борьбу с ошибками, а на их предупреждение ”
Информация о работе Интерференция құбылысы және оны жеңу жолдары