Интерференция құбылысы және оны жеңу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 12:40, курсовая работа

Описание работы

Шет тілінде оқытудың тиімділігін арттыру және ол тілді игеру процессінің ерекшеліктерін толықтай анықтау үшін қарастырылып отырған тіл мен ана тілінің бір - біріне әсер ету ерекшеліктерін толықтай айқындап, дұрыс түсіне білу қажет. Мұны бігінгі таңда өзекті болып табылатын лингвистикалық және психологиялық концепцияларға сүйене отырып, оларда қабылданған бастапқы теоретикалық позициялардан шығатын негізгі ұғымдарды басшылыққа ала отырып жүзеге асыру қажет. Жалпы шет тілін игерудің ерекшеліктерін қарастырудың бірнеше жолы белгілі. Салыстырмалы анализ әдісі сол жолдардың ішінде ең алғаш пайда болған және де кең қолданыс тапқан жолдардың бірі. Шет тілін игерудің ерекшеліктерін зерттеудің тағы бір тиімді жолдарының бірі қателер анализі деп аталатын әдіс.

Содержание

1. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерді салыстырмалы түрде зерттеу 3
1.1 Салыстырмалы анализ және тілдік интерференция 3
1.2 Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері 10
2. Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін қазақ топтарында оқытудың әдістемесі 19
2.1. Қазақ топтарында ағылшын тілінің мекен етістігі жүйесін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері 19
2.2. Ана тілі және шет тілі интерференцияларын жоюға арналған жаттығулар 26
3. Ағылшын тілінің мекен ұғымынбілдіретін тілдік бірліктерін қазақ топтарында оқытудың эксперименталды тәжірибелік сипаттамасы 30
3.1. Эксперименталды тәжірибелік оқытудың сипатамасы, эксперимент алды тексеру 30
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер 37

Работа содержит 1 файл

интерференция.doc

— 315.50 Кб (Скачать)

К. Бюллер өз жұмысында сөздерге мағына ұсына отырып, ол мағыналарды нақтылай түсетін белгілі бір факторлардың болатындығы жөнінде айтады. Ол факторларға ғалым ситуациялар мен контекстілерді жатқызады. "Ситуация и контекст являются грубо говоря, двумя источниками, из которых в каждом случае питается точная интерпретация языковых выражений" [26, 77]   "сілтеуіштік"  өрістегі белгілі бір мағынаға ие болған сөз дейксис болып саналған: " все дейксическое в языке объединено тем, что оно получает смысловое наполнение и уточнение в каждом случае  не в символическом, а в указательном поле, и только в нем " [26, 93] сонымен өріс бір жағынан ойды жеткізу шарттарының бірі болса, екінші жағынан айтылғанды түсінудің шарты болып табылады, өйткені әр адамның өз ойын жеткізе білу үшін қолданатын әр элементінің мағынасын түсінуі толық ойды және оның орын алып отырған ситуациясын қабылдай білуге байланысты болады.

"Кеңістік  семантикалық жүйесін құрайтын  ұғымдар қарастырылып отырған  тілдік бірліктер классификациясының  лексикалық тілдік бірліктер арқылы аталған екі категория да беріле алады"  Біз ағылшын және қазақ тілдерінің кеңістіктегі мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерінің әр категориясын жеке қарастырмақпыз.

Мекен ұғымын білдірудің дейксистік жолы дейксис теориясына негізделген.

Дейксис мәселесін  текст төңірегінде қарастырудың сөздің экстралингвистикалық қызметін толықтай анықтап, дейксистің комуникативтік ерекшеліктерін табуға көмектеседі. Зерттеу  жұмысы мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерге байланысты болғандықтан біз тек мекен ұғымын білдіретін дейксистік тілдік бірліктерге анализ жүргізбекпіз. Барлық дейксистік сөздердің ішінде саны жағынан ең көбі және мағынасы жағынан ең кеңі мекен ұғымын білдіретін сөздер болып табылады. Заттардың кеңістіктегі орны да, қозғалысы да дейксистік жолмен беріле алады.

Кеңістік ұғымын бідірудің дейксистік жолы деп біз  ззаттың белгілі бір орталыққа  қатысты орнын немесе соған қарай  жылжу бағытын айтамыз, және де семантикалық сілтеу сол орталыққа қатысты болып табылады. Ол орталық жеке сөздер арқылы білдірілмейді, оны тек сілтеу сөздердің семантикасынан байқауға болады.

Мекен ұғымын білдіретін негізгі дейксистік құбылыстарды келесідей топтарға бөлуге болады:

қос мағыналы сөздер (объектіге де субъектіге де байланысты мағына беретін)

объектіні сілтейтін  сын есімдер (атрибутивті бірліктер)

кейбір зат есімдер

сөз тіркестері

Мағынасы жағынан  субъективті де, объективті де бағыттарды ұстанатын, яғни бір жағынан тілдегі сөйлеу процессінің координаттарына сілтейтін, екінші жағынан экстралингвистикалық заттар арасындағы кеңістік қатынастардың бекітілген мағынасын сілтейтін келесідей негізгі категорияларға бөлуге болады: Объективті референтті ситуациялардың орталықтарына бағытталған үстеулер: ahead, back, down, up, far (алд, арт, аст, үст, ) т.б.

Мекен ұғымын  білдіретін үстеулердің  ерекше тобын  үстеулердің де  придлогтардыңда  қызметін атқара  алатын  придлогты  үстеулер құрайды. 

 Ал  қазақ   тілі  аглютинативті  тілдер  қатарына жататындықтан  ол тілде  предлог деген сөз табы  кездеспейді  де  ағылшын тілінің  мұндай  придлогты  үстеулері  қазақ тіліне  алды, арты  т.б. үстеу сөздерге – ында,  інде деген  мекен септіктерінің  жалғаулары  жалғануы арқылы  беріледі.

Объективке  сілтейтін сын есімдер үнемі  дексисті  сөздердің қызметін атқарады.  Ондай  сын есімдерге next, front, rear, distant, etc. жатады, ал қазақ тілінде ағылшын тілінің мұндай сын есімдеріне сәйкес тілдік бірліктеріне алыс, жақын, сырт, іш т.б. мекен үстеулерін жатқызуға  болады. Сонымен қатар  кеңістік ұғымын  дексистік жолмен білдіру  қызметін  сөз тіркестері де  атқара алады. Мысалға, close at hand, in the distance etc. Қазақ тіліне  мұндай сөз тіркестері  қол  астында,  қашық жерде т.б.  сөз тіркестері арқылы беріледі.  Мұндай сөз  тіркестерді дейксистік  сөздер немесе  құрамына  дейксистік сөздер енетін  тіркестерге  теңестіруге  болады. Мысалға, close at hand - nearly

                       in the distance – far away

                       қашық жерде  - алыста

                       қол асты – жақын жерде

Кеңістік ұғымын  білдірудің  аталған дексистік жолдарының  қолданыс  жиіліктері  әр-түрлі. Ол қолданыс жиіліктерін И.Д. Полтавец өз зерттеулерінің нәтижесінде келесі кесте  түрінде   білдіреді. [27, 85]

 

 

 

Лексикалық  бірлік түрі

Қолданыс жиілігі

Пайыз

Қарастырған сөздер саны

Қоладаныс саны

Үстеу

Етістік

Сын

Зат есім

75

84

35

88

8,9

42,8

14

34,3

14

67

45

42

1052

5135

1677

4107


 

Бұл кестеден көріп  отырғандай  кеңістік дексисін білдіретін  лексикалық бірліктердің ішінде ең  жиі қолданысқа түсетіндері етістіктер (42,8 %) мен зат есімдер (34,3%)

Біздің зертеу жұмысымызда етістіктер тобы, оның  үшінде  статикалық мекен ұғымын білдіретін  етістіктерді  қарастырмақпыз және де  осы кеңістік ұғымын білдіретін  етістіктер тобын қарастыру  келесі бағытта  жүзеге  аспақ:

Біріншіден, ағылшын  және қазақ тілдеріндегі кеңістікте орналасу  ұғымын білдіретін етістіктердің  статикалық объектілердің кеңістіктегі орындарын тілде түрлі жолдармен жеткізе алу қабілетін  сипаттау. 

Екіншіден,  ағылшын және  қазақ тілдеріндегі  тілдік  бірліктердің ішіндегі мекен  ұғымын  білдіретіндердің  аумақты  бөлігін етістіктер  құрайтындығын  дәлелдеу үшін және олардың  сематикалық  көлемін  сипаттау  мақсатында.

Үшіншіден, етістіктердің деиксистік категориямен байланысын  қарастырып  кеңістік  семантикасын білдіретін ситуациядағы  (айқын немесе абстрактілі)  бақылаушы  бейнесін  міндетті  түрде  көрсету.

Ағылшын   және қазақ  тілдерінің жалпы  кеңістікте орналасу  ұғымын білдіретін  етістіктері бұл тілдердегі  статикалық объектілердің кеңістіктегі орнын білдіру  үшін ең жиі  қолданылатын  тілдік бірліктер  болып табылады. Локативті ситуациясын етістіктің өз мағынасын белсендендіруге  қолайлы жағдай  тудыратын тілдік орта деуге болады.   Мұндай ситуацияда етістік  мағынасы  міндетті  түрде  ашылады  немесе  ситуациялық шеңберде  етістік  дексистік  бірліктермен тіркесіп  өзі де  дексистік  қасиетке  ие болады.

Етістік топтарының жалпы  сипаттамасына көшпес бұрын  олармен  байланысқа түсетін субъектілер тобын анықтап алу керек. Белгілі бір  ситуацияға  қажетті  етістік мағынасын таңдаған кезде  ол етістікке  қатысты кеңістікте  нақты  орны  бекітілген  объектілерді  білдіретін субъектілер (атаулар)  қолданылады:

Адамның саналы әрекетінен тыс  өз беттерімен пайда болатын табиғи  құбылыстар:

А) жер бедері, жер бетінің  кейбір  бөліктері, қазба байлықтар, су қыраттарымен тасқындар:

Беткі қабаты  жазық болып  келетін субъектілер тобына valley, plain, plateau, prairie, steppe, field etc.  (үстірт, жон, көкалды, шалғынды  жер,  дала,  егістік,  өріс, кең алқап) т.б. сөздері жатады.

Сыртқы қабаты бұдырлы  болып келетін субъектілер тобына  жататындары болса highland, mountain, ridge, rock, cliff, hill etc.  (құз, тас, тау, жыра, төбе) т.б. сөздерді жатқызуға болады.

Жыра ретінде сипатталатын субъектілерге lowland, hollow, ravine, gully, canyon, cleft, fissure, abyss, chasm, crevasse, crevise, chimney, pass, furrow, hotch etc.  (сай, терең сай, жыра) т.б. сөздер жатады.

Таулы  қыратардың  қатарына  жататын субъектілерге  ledge, overhang, niche, cave etc.  - үңгір мағынасын беретін сөздердің барлығын жатқызуға болады. 

  Б)  Табиғи  сулы  қыраттар: lake, pond, bay, gulf, cove etc. (көл, тоған су, бұғаз т.б.)

Сулы тасқындар да осы  топқа жатады. River, stream, brook, creech etc. (өзен, жылға т.б. осындай мағына үстейтін сөздер)

Сонымен қатар лингвистикалық зерттеулер жүргізгенде сулы тасқындар үнемі қозғалыста болатын су массасы ретінде емес өзен ағымының  статикалық   қалпында  қабылданатын  (яғни,  сол өзеннің жер бңетінен алатын орнының жалпы көлемі  бойынша)   ситуациялар  кездеседі. Сөйтіп табиғи және  қолдан жасалған себептерге байланысты өзен ағымы  өз бағытын  өзгертуі мүмкін алайда  өзен ағымы  бағытын өзгертуінің немесе  судың мүлден  құрғап кетіуінің  себептеріне  қарамастан  статикалық  жағынан  тұрақты,  бекітілген  табиғи көлем  болып табылатын өзеннің  арнасы  қалады.  Алайда сулы тасқын қозғалысын  мүлдем  елемеуге де  болмайды,  сондықтан да біз зерттеу жұмысымызды  өзендер немесе басқа  сулы тасқындардың бір бағытты қозғалысын естен шығармауға  тырысамыз.  Сөйтіп  көлем  сипаты оның динамикасына  байланысты болады,  ал  статиканың  сәйкес  семантикалық топтарын қалыптастыру объектінің статикасына қатысты жүргізіледі. Сонымен қатар мекен ситуациясына динамикалық  сипат беретін  бақылаушының ролі  анықталып отырады.

В) Өсімдіктер мен  жерден өсіп шығатын  субъектілер.  Субъектілердің бұл тобына  ағаштар мен олардың ірі бөліктері жатады : trunk, branch etc. (дің, баған, бұтақ т.б.) 

Ұсақ өсімдіктерді  біз қарастыратын ситуацияда  субъектілер тобына  жатқызуға  келмейді,  сондықтан да олар тек салыстыру мақсатында   ірі және  кіші статикалық субъетілерді  білдіретін  есімдердің  сәйкес  етістіктермен  тіркесу қабілетін  айқындау  үшін  қолданылады.

Г) Жер бетінің  толығымен өсімдіктер алып жатқан  бөліктері: forest, groove, jungle etc. - орман,  ну орман,  ит тұмсығы орман т.б. сөздері енеді.

Адамның қолымен жасалатын субъектілер:

А) City, village, street etc. - Қала,  қыстақ,  ауыл, көше,  

Б) Road, track, path, route, way, pass, passage etc. -  Жолдар ,  жол трасса.

В)  Адамның қолымен жасалатын сулы тоғандар: canal, channel etc. -  жасанды  канал, бұғаз т.б

Г) Фундаменттік сипатқа  ие тұрған жерінің негізгі  отрибуттерінің бірі болып табылатын, сол араны ұзақ уақыт бойы мекен ететін  объектілер, құрылыстар мен ғимараттар tunnel, wall, fence etc. - қабырға, туннель  т.б. Сондай – ақ адамдардың күнделікті өмірде қолдан жасап отыратын құрылыс түрлері (қоршау, қорған т.б.) Тұрғын  үйлер мен  сол сияқты объектілермен  құрылыс түрлері субъектілер қатарына  қосылмайды. 

Аталған субъектілерді білдіретін тілдік бірліктер ерекше топологиялық қасетке ие  объектілерді  сипаттайтындықтан  жұмыста  ол оспектілер  де  қарастырылып, субъектінің топологиялық ерекшеліктерінің мекен ұғымын білдіретін ситуацияға  әсері  және сәйкес етістіктермен  тіркесу  қабілеттерін анықтауға тырысамыз.

Кеңістікте орналасу мағынасын білдіретін етістіктердің семантикалық классификациясы

1. Бақылаушы тұрғысынан :

1. Бақылаушының алдында ашық кеңістік

бақылаушының алдында пайда болу/ жоқ болып кету:

а) пайда болу, көзге көріну

б) басқа объектінің қасында ерекшеленіп тұру

в) көзден таса болып тұру

2. Кеңістікке толығымен еніп тұру:

Кеңістікке басы не соңының енуі

Кеңістікке ене тұрып ондағы басқа объектілермен шекаралас болу:

А) ашық шекара

Б) ашық / жабық шекара

С) жабық шекара

Басқа объектінің шетіне шығып  тұру:

А) төменгі сол жақ шет

Б) басқа объектінің шекарасына еніп тұру

С) жоғарғы шет

Биіктікке қатысты  орналасу:

а) тігінен

б) жоғарғы шек / шетке  ұмтылу

Әр – түрлі  бағыттарда орналасу:

а) көп бұрылыстарға ие болу : қисықтық + қайталанып отыру + кесте

б) орналасқандағы бастапқы нүктелердің түрлі бағыттарға беттелуі

с) орналасқандағы соңғы  нүктелердің түрлі бағыттарға беттелуі

Бұрылыстың болуы:

а) кеңістіктегі тік және көлденең бағыт

б) түзу сызыққа қатысты бағыт

Осы классификациядан көріп отырғандай ағылшын және қазақ  тілдеріндегі мекен ұғымын білдіреттін  етістіктерді топастыру алдымен  сөздік және контекстілік  талдау  арқылы біріншіден “бақылау сферасына”   жататын,  екіншіден түрлі субъектілердің  жеке немесе басқа объектілермен қатар  орналасуын   білдіретін етістіктер  негізінде  жүзеге асады.  Алғашқы  етістіктердің мағынасын белсендендіру үшін бақылаушының бақылау арнасын  міндетті  түрде  экспликациялау  міндетті түрде  қажет. Ал сонғы  топтағы етістіктерге келетін болсақ оларды топтастырғанда локативті  ситуация  нақты немесе  абстрактілі бақылаушының бақылау  имплекациясы  ескеріледі.  Сөйтіп біз  лакотивті ситуациядағы бақылаушының  статикалық объектілердің кеңістіктегі ролін сипаттайтын экспликациясы мен  имплекациясы  құбылыстарын  басшылыққа  аламыз.  Оның  көз аясының  экспеликасын қамтитын “бақылау сферасын” келесі етістік топтары  құрайды:

Бақылаушы алдындағы  ашық кеңістік мағынасын білдіретін етістіктер. Олар жоғарыда келтірілген  схемада жеке позиция алады, себебі олар кеңістіктің тікелей атрибуты болып табылатын субъектілерге бағынады, алайда ол атрибуттер абстрактілі қасиетке ие: view, picture, screne, panorama, perspective etc. (кеңістік, көрініс, көз алды т.б.) Бұл етістіктер тобының ішіндегі негізгі етістік: open - ашылу етістігі.

Информация о работе Интерференция құбылысы және оны жеңу жолдары