Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 12:40, курсовая работа
Шет тілінде оқытудың тиімділігін арттыру және ол тілді игеру процессінің ерекшеліктерін толықтай анықтау үшін қарастырылып отырған тіл мен ана тілінің бір - біріне әсер ету ерекшеліктерін толықтай айқындап, дұрыс түсіне білу қажет. Мұны бігінгі таңда өзекті болып табылатын лингвистикалық және психологиялық концепцияларға сүйене отырып, оларда қабылданған бастапқы теоретикалық позициялардан шығатын негізгі ұғымдарды басшылыққа ала отырып жүзеге асыру қажет. Жалпы шет тілін игерудің ерекшеліктерін қарастырудың бірнеше жолы белгілі. Салыстырмалы анализ әдісі сол жолдардың ішінде ең алғаш пайда болған және де кең қолданыс тапқан жолдардың бірі. Шет тілін игерудің ерекшеліктерін зерттеудің тағы бір тиімді жолдарының бірі қателер анализі деп аталатын әдіс.
1. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерді салыстырмалы түрде зерттеу 3
1.1 Салыстырмалы анализ және тілдік интерференция 3
1.2 Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері 10
2. Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін қазақ топтарында оқытудың әдістемесі 19
2.1. Қазақ топтарында ағылшын тілінің мекен етістігі жүйесін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері 19
2.2. Ана тілі және шет тілі интерференцияларын жоюға арналған жаттығулар 26
3. Ағылшын тілінің мекен ұғымынбілдіретін тілдік бірліктерін қазақ топтарында оқытудың эксперименталды тәжірибелік сипаттамасы 30
3.1. Эксперименталды тәжірибелік оқытудың сипатамасы, эксперимент алды тексеру 30
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер 37
Мысалға:
Кей кезде дағды интерференциясының орнына оқушылардың ана тілінде баламасы жоқ шет тілінің ережелерін елемеулеріне байланысты пайда болатын қателер орын алады. Салыстырылып отырған тілдердегі тілдік бірліктердің қолданысына байланысты кейбір тыйымдар тек қана белгілі бір жағдайларда ұстану қажет етеді.
Кей кезде шет тілінде сөйлеу барысында оқушылар тіл байлықтарының жеткіліксіз болуына байланысты коммуникативтік қыйыншылықтарға кездеседі де, ол қиыншылықтарды жеңу мақсатында ана тіліндегі сөздік қорларына жүгінеді, яғни шет тілінде білмеген сөздерінің орындарын ана тіліндегі тілдік бірліктермен толтыруға тырысады. [8; 52]
Түрлі тілдердегі интерференция мәселесі жан–жақты, лингвистикалық, психологиялық, социологиялық, әдістемелік тұрғыдан қарастырып келген еңбектер өте көп. Алайда, бұл мәселенің толықтай зерттелмеген жақтары әлі де жеткілікті.
Қазіргі кезде интерференция мәселесі көбінесе келесідей екі бағытта қарастырылып жүр: бірінші бағыт бойынша түрлі тілдер бір–біріне қарама – қарсы қойылып, олардың бір – біріне әсерлері сипатталады, екінші бағыт бойынша интерференция мәселесі белгілі бір тілді оқыту мәселесімен тығыз байланыста, көбінесе оқушылардың шет тілін нашар игерулерінің себептерін анықтау, әсіресе ана тілінің шет тілін игеруге ықпалы мәселелері тұрғысынан жиі қарастырылады. Алғашқы бағыт тіл білімі ғылымының аясында жүзеге асады да, көбінесе қос тілділік мәселесімен тығыз – байланыста қарастырылады. У. Вайнрайх және т. б. ғалымдардың пікірлерінше қос тілділік мәселесін лингвистикалық тұрғыдан қарастырғанда, ең алдымен бір – бірімен қарым–қатынасқа түсетін тілдік жүйелерді сипаттай отырып, оларды қатар игеруге қиындық келтіретін айырмашылықтарды айқындау керек, солай ете отыра қарастырылып отырған тілдердің бір–біріне әсері нәтижесінде пайда болуы мүмкін интерференция түрлерін айқындау қажет және де осы тілді игерген адамның сөйлеу кезінде сол тілдердің нормаларын бұзуы мүмкін жағдайларды алдын ала ескеруге тырысу керек. [9; 153] Біз де осы пікірді қостаймыз, алайда біздің ойымызша кез – келген қос тілділік жағдайында бір тіл екінші тілге қарағанда басым болады, яғни сөйлеуші сол тілді жиірек қоданады және психологиялық жағынан тиімдірек сезінеді. Мұндай рөлге көбінесе адам қай тілді бірінші игеріп, жастайынан үйренсе сол тіл атқарады, және де артынан ол тіл көбінесе екінші тілде сөйлеуге теріс ықпал етеді.
Біз өз жұмысымызда қазақ студенттерінің ағылшын тілінде сөйлеу кезінде орын алуы мүмкін лексика – семантикалық интерференцияны зерттемекпіз. Мұндай зерттеу жұмыстарының нәтижелері біріншіден, қазақ топтарында ағылшын тілін оқыту теориясы мен практикасы үшін, екіншіден тілдердің қарым – қатынас теориясы мен қазіргі кезде осы теория ішінде жеке бағыт ретінде қалыптасқан интерференция туралы ілім үшін өте маңызды болып табылады. Қазақ студенттерінің ағылшын тілінде сөйлеу барысында орын алатын лексика–семантикалық интерференцияның түрлерін анықтап, сипаттау үшін біз бұрыннан белгілі, М.М.Копыленко, А.Е. Карлинский т.б. ғалымдардың бірталай зерттеулерінде қолданылған әдістерді қоданбақпыз. Ол әдістер бойынша алдымен қарастырып отырған құбылыстарды ана тілі және шет тілі тұрғыларынан сипаттау арқылы айырмашылықтарын айқындау және сол айырмашылықтарға салдарынан орын алуы мүмкін интерференция түрлерін болжау , ол интерференциялық қателерді жеңу және олардың алдын алу жолдарын қарастырмақпыз. Зерттеу жұмысымызда қарастырылып отырған тілдердің тілдік бірліктерін жекеленген түрде емес тілдік жүйе қалпында қарастырмақпыз, яғни ағылшын және қазақ тілдеріндегі мекен – қалып етістіктері жеке лексемалар күйінде емес, мекен – қалып етістіктерінің лексика – семантикалық тобы деңгейінде қарастырылады. Бұл жерде біз В.Ю. Розенцвейгтің келесі пікірін басшылыққа аламыз: "Интерференция және конвергенция құбылыстарын лингвистикалық тұрғыдан салыстырған кезде қарым – қатынасқа түсетін тілдердің тілдік бірліктерін салыстыру жолдары мәселесін шешу қажеттілігі туады. Ал түрлі тілдердің бір – біріне толықтай сәйкес келетін тілдік бірліктер өте аз болып табылатындықтан, жеке фонема, сөз және формаларды тікелей салыстыру тек қана олардың бір – біріне сәйкес еместігін дәлелдейді. Сондықтан фонема, морфема немесе лексиканы тікелей салыстыруға қарағанда, олардың ерекшеліктерін белгілі бір жүйе құрамында қарастырған жөн." [10; 253]. Жалпы тілдік салаға байланысты интерференция (фонетикалық, лексика – семантикалық, граматикалық) түрлерінің ішіндегі ең күрделі болып табылатыны лексика–семантикалық интерференция, себебі бұл тілдік саланың өзі өте күрделі болып табылады және де оның тілдік бірліктері арасындағы қарым –қатынастар да толықтай зерттелмеген. Сонымен қатар көптеген ғалымдардың пікірінше лексика–семантикалық интерференция түсіну процессі үшін өте маңызды. Ол туралы А.Е. Карлинский былай деген : " қос тілді игерген адамның екінші тілдік ортадағы тек сол тілді ғана білетін адаммен қарым – қатынасында интерференцияның кез келген түрі белгілі әсерін тигізері сөзсіз, алайда түрлі интерференциялардың қарым – қатынасқа әсер ету деңгейлері де әр – түрлі. Интерференцияны тілдік салаларға байланысты бөлген кезде, қарым – қатынасқа ең көп теріс әсер ететіні лексика-семантикалық интерференцитя екені анықталады." [11;95]
Біздің зерттеу жұмысымыз үшін интерференцияның тіл ішілік және тіл аралық болып бөлінуі де маңызды. Себебі Ю.Ю.Дмитриев [12] И.С.Ровдо [13] Б.Н. Сүлейменовалар атап өткендей "… оқушылар шет тілінде сөйлегенде ана тілінің теріс әсері нәтижесінде пайда болатын қателермен қоса қарастырылып отырған тілдің тілдік бірліктерінің игеруге қиындылығына байланысты болатын қателер де кездеседі. Бұлардың алдыңғысы тіл аралық интерференцияны тудыратын болса, соңғысы тілішілік интерференцияның пайда болуына себеп болады." [14;124]
Сондықтан да интерференцияны анықтау мақсатында ана тілі мен шет тілінің тілдік материалын салыстырмалы түрде сипаттау мен қатар, тілішілік салыстыру да жүргізілуі қажет. Яғни салыстыру әдісі басты әдіс болып табылады. Бұл жөнінде С. Е. Исабеков былай деген: " тілді, бір тіл ішіндегі, түрлі тілдер арасындағы құбылыстар мен фактілерді тіл білімі методологиясының негізгі компоненттерінің бірі болып табылатын салыстыру әдісінің категориалды және операционалды аппаратынсыз зерттеу мүмкін емес." [15;233]
Интерференция туралы қалыптасқан пікірлер және түрлі ғалымдардың интерференция құбылысына берген анықтамалары бойынша интерференция құбылысы "бұрынғы бағыт дағдысы мен жаңа бағыт – дағдылардың пайда болуына және қалыптасуына кедергі болатын жағдай." [16;93] Бұл әрине ана тілі мен шет тілдерінің бір–бірімен қарым–қатынастары және бір–біріне әсерлеріне байланысты орын алады. Сондықтан да тілдердің қарым – қатынасы және билингвизм теориясы мәселелерімен айналысатын кейбір ғалымдар интерференцияға сәл өзгеше анықтама береді. Мысалға, У. Вайнрайх "Қос тілді игерген оқушылардың сөйлеу кездерінде сол тілдердің тілдік нормаларын бұзуларын интерференция құбылысы деп атайды." [9;158]. В.Ю. Розенцвейгте интерференция жөнінде осыған ұқсас пікір білдірген "қос тілді қатар игерген оқушылардың сөйлеу кездерінде сол тілдердің тілдік ережелерін сақтамауларының салдарынан тілдік нормаларын бұзулары интерференция деп алады." [10;59]
Бұл анықтамалар интерференция құбылысының ана тілінің шет тіліне теріс әсері салдарынан орын алатынына дәлел бола алады. Сонымен қатар интеференцияның тілдік қарым–қатынас кезінде орын алатын трансференция (ана тіліне тән біліктіліктер мен дағдылар, тілдік құрылымдар шет тіліндегілерге сәйкес келеді, оларды игеру оқушыларға аса қиындық келтірмейді), субстрат, суперстрат, адстрат т.б. құбылыстардан өзгеше екенін көрсетеді. Егерде бұл құбылыстар тілдік құбылыстар қатарына жататын болса, интерференция құбылысы сөйлеу сферасына жатады. М.М. Михайлов бұл жөнінде былай деген: "Тілдердің қарым–қатынасы жалпы да – кең шеңберлі ұғым, ол келесідей құбылыстардан тұрады: түрлі хронологиялық ауыспалар, басқа тілдің әсерінен болатын өзгерістер, шет тілін жеткіліксіз игерудің салдарынан болатын тілдік қателер және т.б.
Тілдердің бір–біріне әсері ұғымына байланысты осы құбылыстарды білдіру үшін келесідей терминдер қалыптасқан: субстрат, суперстрат, адстрат, интерференция, акцент.
Субстрат, суперстрат және адстрат туралы айтқан кезде тіл қарым – қатынас құралы ретінде қарастырылады. Бұл құбылыстар алғашқыда сөйлеу барысында пайда болып, кейіннен тілде тұрақталып қалған құбылыстарға жатады.
Ал осы тілдердің бір–біріне әсері ұғымына байланысты келесідей екі құбылыс – интерференция мен акцент болса толығымен сөйлеу сферасына жатады." [19;74]
В.Ю.Розенцвейг
тілдердің қарым–қатынасы негізінде
пайда болатын семантикалық өзгерістерді
үнемі жеке сөздер аумағында қарастырылып келген. Мұндай бағытты
ұстанғанда зерттеушілер көбінесе сөздік
қорға байланысты – сөздердің бір тілден
екінші тілге енуі, калька немесе кейбір
сөздердің қолданыстан шығып қалуы сияқты
мәселелерге назар аударады. [20; 137]. Мұндай
зерттеулер әрине маңызды, алайда олар
әр тілдің сөздік қорында кездесетін,
сол тілдің тек өзіне ғана тән ұғымдарды
білдіретін, сол тіл иелерінің шындықты
тілде белгілеу ерекшеліктерін білдіретін
сөздік топтар, ол топтарға байланысты
болатын интерференция мәселелерін қарастырмайды.
Сондықтан бұл зерттеулер жеке тілдік
бірліктерге қатысты жүргізіледі. Біз
болсақ тіл мәселелерін жүйелі түрде қарастырғанды
дұрыс деп санаймыз. Сонымен қатар тілдердің
қарым – қатынасы нәтижесінде пайда болатын
тілдік құбылыс, интерференцияда генезисінде
тілдік жүйемен байланысты, өйткені ол
түрлі тілдердің тілдік жүйелеріндегі
айырмашылықтар негізінде орын алады.
Кеңістік және уақыт ұғымдары ертеден бері философиялық және ғылыми ойлардың қозғаушы мәселелерінің бірі болып келген. Лукреций, Августин, Аристотель т.б. философтардың әйгілі трактаттарындағы зерттеулер мен ой таластардың пәні де осы кеңістік және уақыт категориялары болып табылады. Бұл мәселелер кейінірек кезеңдерде өмір сүрген Декарт, Ньютон, Кант, Гегель, Рассель сияқты европа ғалымдары мен философтарының, Аронов, Ахундов, Бунге, Рейхенбах сияқты қазіргі заман ғалымдарының еңбектерінде де тыс қалмаған
Кеңістік пен уақыт категориялары материяның тіршілік етуінің жалпы формасы болып табылады, басқа сөзбен айтқанда кеңістік пен уақыт материядан тұратын объектілермен құбылыстарды ретке келтіру қызметін атқарады. Кеңістік пен уақыт материядан тыс, одан тәуелсіз болуы мүмкін емес, бұл формалардың бір – бірінен айырмашылықтары кеңістік заттардың тіршілікте болуының жалпы формасы, ал уақыт болса – құбылыстың ауысып отыруының жалпы формасы. [21, 82]
Кеңістік жалпы және айрықша қасиеттерге ие болады. Оның жалпы қасиеттерінің ең бастысы – созылыңқылығы болып табылады. Ол түрлі элементтердің (нүктелердің, кесінділердің, сызықтар мен объектілердің ) орны мен болмысын білдіреді, және де ол элементтердің кез – келгеніне келесі бір элементтердің қосылу мүмкіндігін, немесе керісінше элементтердің санының азаюы мүмкін екендігін білдіреді. Құрамындағы элементтердің орналасуы, сандық және сапалық қасиеттері өзгеруі мүмкін болатын кез – келген жүйені созылыңқы деуге болады. Яғни созылыңқылық атрибутивті ерекшелігі бар құрылымды материялық жүйелермен тығыз байланысты. Себебі созылыңқылық қасиеті жоқ объектілерде ішкі құрылымдық қатынастарымен өзгеріске бейімділіктері болмайды. Г. Рейхенбахтың кеңістіктің соңғы нүктесі болады, алайда оның кеңістікпен еш ұқсастығы жоқ, яғни оның кез – келген нүктесіне жетуге болады. [22, 254]
Кеңістік сондай–ақ қисындылық, жалғасушылық, үздіксіздік қасиеттеріне ие, бұл қасиеттер кеңістіктегі заттардың бір нүктесінен екінші нүктесіне көшкен кезде де, физикалық әсердің түрлі өрістер арқылы таралуы кезінде де байқалады. Жалғасушылық негізінен кеңістікте үзілістердің болмауын білдіреді. Ахундов айтқандай жалпы кеңістік адам ойында толық ұғым қалыптасқанға шейін бір–біріне байланысқан және қарама – қатар орналасқан бірнеше кеңістіктерден тұрады. [23, 173]
Кеңістік ұғымының тарих бойында адам ойында, санасында қалыптасуы заттардың өмірдегі шынайы кеңістік аралық қатынастарының нәтижелері адам ойында көрініс табуы арқылы жүзеге асқан. [24, 269] Сонымен қатар кеңістіктегі қарым - қатынастар мен формаларды танып білу – қабылдаудан ұғынуға, жалғыздан жекеге, жекеден жалпыға, сезім мүшелері арқылы танудан ойлау қабілетінің көмегімен танып білуге көшу бағыттарында жүзеге асқан. Қабылдау қабілетінің көмегімен адам заттардың мекенсіздігін, яғни кез – келген заттың басқа бір заттан тыс, одан белгілі бір қашықтықта орналасатынын, солай бола тұра онымен қатар тіршілік етіп, оған тиіп тұруы да мүмкін екенін түсіне алады.
Танымның материялық түрі адам үшін оның өзіндік Менінен тыс болып табылады да кеңістіктегі ерекшеліктерге ие болады. [25, 264]. Кеңістік мекенсіздік қасиетімен қатар өлшем және үлкендік қасиеттеріне ие, бұл қасиеттер "үлкен", "кіші", "бірдей" т.б. ұғымдардан көрініс табады. Кеңістікке тән міндетті белгілердің тағы бірі қашықтық және пішін. Кеңістіктің түрлі формалары (пішіндері) туралы ұғым түрлі затардың әр түрлі қатынастары негізінде қалыптасады. Кеңістіктегі пішіндер мен қатынастарды танып білетін басты мүшенің бірі – адамның көру анализаторы, яғни көз болып табылады.
Психологтар сонымен қатар адамның кеңістікті көру анализаторының көмегінсіз де қабылдай алатынын, кеңістікті сезіну адам психикасына генетикалы тұрғыдан тән құбылыс екенін дәлелдеген. Алайда кеңістікті көру анализаторының көмегінсіз танып білу ойлау процессіне ерекше күш түсіретіні де айқын. [21, 158], [25, 96] Сонымен кеңістік ұғымы адам ойында оның санасы және көру анализаторының көмегімен қалыптасып, сөйлеу қабілеті арқылы тілден көрініс табады. Ал тілдегі сөздер жүйелілік қасиетіне ие екені баршаға белгілі. Ол жүйелілік ең алдымен тілден тыс құбылыстардың өмірдегі өзара байланыстары мен қарым – қатынастарына негізделген. Яғни адам ол байланыстар мен қатынастарды көру анализаторы арқылы қабылдап, ойлау қабілеті арқылы ұғынады да, тілдің көмегімен жеткізеді. Адам ойын жеткізу үшін алдымен есінде сақтаған барлық тілдік бірліктердің ішінен, яғни ойындағы лексикалық жүйедегі барлық элементтердің ішінен нақ осы жағдайға, нақ осы сөйлеу мақсатына сай ойын анық жеткізуге көмектесетін белгілі бір нақты тілдік бірліктерді, ойындағы лексикалық жүйенің нақты элементтерін таңдап қолданады. Бұдан біз өмірдегі құбылыстардың адам санасындағы көрінісі мен оның ойында қалыптасқан лексикалық (семантикалық) жүйенің арасында тығыз байланыс бар екенін көреміз. Басқа сөзбен айтқанда адам көру мүшесі арқылы қабылдаған сыртқы орта құбылысын білдіру үшін оның ойында сәйкес лексикалық жүйе қалыптасып, өзі сол лексикалық жүйе элементтерін дұрыс пайдалана білу керек.
"Кеңістік"
семантикалық жүйесіне жататын
лексикалық сәйкестіктерді
Бұл класификация бойынша тілдегі сөздік бірліктер екі үлкен категория құрайды: К. Бюллер бойынша олар символ сөздер және сілтеуіш сөздер (слова символы и слова указатели) деп аталады. Г.Свит бұл категорияларды толық мағыналы және жартылай мағыналы (полнозначные, неполнозначные) сөздер деп атаған, ал В.В.Виноградов оларды негізгі және көмекші (знаменательные и служебные) деп бөлген.
Егер К.Бюллеррдің классификациясы туралы айтатын болсақ, ол ғалымның екі өрістілік теориясы негізінде пайда болған бұл теория бойынша символ сөздер мен сілтеу сөздер сәйкесінше "символдық" және "сілтеуіштік" өрістерде қызмет атқарады (сілтеуіш немесе дейксистік сөздердің символдық сөздерден айырмашылықтары олардың өздеріне тән пәндік, логикалық мағыналары болмайды, ал семантикада денотативті және сигнификативті мағыналары бар символ сөздер жеке заттар мен бір топ заттардың жалпыланған ұғымдар мен белгілердің атаулары болып табылады). [26, 137]
Информация о работе Интерференция құбылысы және оны жеңу жолдары