Интерференция құбылысы және оны жеңу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 12:40, курсовая работа

Описание работы

Шет тілінде оқытудың тиімділігін арттыру және ол тілді игеру процессінің ерекшеліктерін толықтай анықтау үшін қарастырылып отырған тіл мен ана тілінің бір - біріне әсер ету ерекшеліктерін толықтай айқындап, дұрыс түсіне білу қажет. Мұны бігінгі таңда өзекті болып табылатын лингвистикалық және психологиялық концепцияларға сүйене отырып, оларда қабылданған бастапқы теоретикалық позициялардан шығатын негізгі ұғымдарды басшылыққа ала отырып жүзеге асыру қажет. Жалпы шет тілін игерудің ерекшеліктерін қарастырудың бірнеше жолы белгілі. Салыстырмалы анализ әдісі сол жолдардың ішінде ең алғаш пайда болған және де кең қолданыс тапқан жолдардың бірі. Шет тілін игерудің ерекшеліктерін зерттеудің тағы бір тиімді жолдарының бірі қателер анализі деп аталатын әдіс.

Содержание

1. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерді салыстырмалы түрде зерттеу 3
1.1 Салыстырмалы анализ және тілдік интерференция 3
1.2 Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері 10
2. Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін қазақ топтарында оқытудың әдістемесі 19
2.1. Қазақ топтарында ағылшын тілінің мекен етістігі жүйесін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері 19
2.2. Ана тілі және шет тілі интерференцияларын жоюға арналған жаттығулар 26
3. Ағылшын тілінің мекен ұғымынбілдіретін тілдік бірліктерін қазақ топтарында оқытудың эксперименталды тәжірибелік сипаттамасы 30
3.1. Эксперименталды тәжірибелік оқытудың сипатамасы, эксперимент алды тексеру 30
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер 37

Работа содержит 1 файл

интерференция.doc

— 315.50 Кб (Скачать)

а) ана тілінің тежеуші әсерін жояды.

ә) оқушылардың шет тілінің тілдік құбылыстарын жүйе ретінде қабылдай алуларына себеп болатын жалпылауыштық қабілеттерін арттырады.              

б) түрлі жаттығулардың  көмегімен шет тілінің бірліктері мен құрылымдарын өзекті түсіну деңгейінен саналы қадағалау деңгейіне жеткізеді. Осылайша П.Я. Гальпериннің “тілдік сана” теориясын ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін қазақ топтарын оқыту мақсатында да тиімді пайдалануға болады.

Гальперин бойынша кез – келген ойлау іс - әрекеті үш бөліктен тұрады: еліктеушілік, орындаушылық, тексерушілік. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы алдыңғысы болып табылады. Осы теория бойынша “іс - әрекет алдымен оқушыға тиімді, оның біліміне, дағдылары мен іскерлік қабілеттеріне сай келетін операцияларға бөлінеді. Одан кейін бұл үйреншікті іс – әрекет жаңа материалды игеру барысында сәйкес жаңа іс - әрекетті жүзеге асыру үшін арнайы іскерлік пен дағдының көмегінсіз – ақ қоданылады. Осыны іс - әрекеттің ориентирлік негізі дейміз.

Іс - әрекеттің  негізгі ерекшеліктеріне Гальпериннің психология мектебі келесідей параметрлерді жатқызады: іс - әрекет формасы, оның жалпылық деңгейі, игерілу деңгейі (жылдамдық, автоматтандырылу), жан – жақтылық деңгейі. Сонымен қатар іс - әрекеттің ориентирлік бөлігі істің сәтті орындалуына қажетті жағдайлардың толық жасалу – жасалмауымен және ол жағдайлардың оқушыларға жеткізілу жолдарымен ерекшеленеді. Ориентирлік негіз толық, жартылай және шектен тыс болуы мүмкін, оны оқушыларға дайын күйінде беруге болады немесе өз беттерімен табуға ұсынуға да болады. Сонымен ориентирлік негіздің үш деңгейі кездеседі:

Бірінші ориентирлік  негіз толық емес, ориентирлер  айқын, оқушылардың өз беттерімен айқындауларына арналған.

Екінші ориентирлік  негіз толық, ориентирлер оқушыларға айқын, дайын күйінде беріледі, бірақ оларды тек арнайы жағдайда ғана қолдануға болады, яғни жалпылық деңгейі төмен және іс - әрекетті функционалды синонимдік категорияларға таратуға келмейді.

Үшінші оиентирлік негіз жалпы мағынаға ие және ең тиімдісі, себебі жалпыланған түрде берілетін басқа да ұқсас құбылыстарға таратуға келетін толық ориентирлер құрамынан тұрады.   

Бұл ориентирлік  негіз бірталай объктілер классына тиімді, оқушылар оны алдын –  ала берілген жалпы әдіс негізінде  өздері табу керек. Қарастырылып отырған тілдердегі мекен ұғымының берілу жолдарының ерекшелігін игеру процессін дұрыс ұйымдастыру мақсатында біз іс - әрекеттің ориентирлік негізінің осы үшінші типін таңдаймыз, себебі ол ориентирлердің ең толық, жалпыланған түрі болып табылады да анализ процедурасын функционалды – синонимдік мағынаға тасымалдауға мүмкіншілік береді.

Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін игерудің қиындықтарына  байланысты әдістемелік типология мен қателер мәселесі.

Шет тілін оқыту  барысында біз ана тілінің ережелер жүйесін де естен шығармауымыз керек және де ақыл – ой іс - әрекетінің ориентирлік негізі “салыстырмалы түрде жүргізілетін операциялар моделінен” тұруы қажет, сондықтан біз ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін етістіктерін игеру барысында іске – асырылатын ақыл – ой қызметінің ориентирлік негізін құрдық. Ол қарастырылып отырған тілдерге ортақ семаларға негізделген, мекендіктің категориалды мағынасын білдіргендегі формалық және семантикалық ұқсастықтары мен айырмашылықтарды анықтай отыруға бағытталған. Ориентирлер жүйесі екі тілге де ортақ мекен семалары мен дифференциалды семалардан тұрады, осы семаларды салыстыра отырып, оқушылар мағыналық ерекшеліктерді, мағыналардың сәйкес келмейтін кездерін, жалпы мағынаның тілде берілу жолдарын өз бетерімен анықтаулары қажет, себебі Н.К.Гончаров айтқандай адам сыртқы әсерді, оның ішінде оқыту әсерін автоматты түрде қабылдамайды, ол оны өз санасынан, ішкі дүниесінен өткізеді….

Жоғарыда айтылған қазақ студенттерінің ағылшын тілінің  мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін  игеру үшін жүзеге асыратын ориетирлер негізі төрт сатыдан тұрады:

Екі тілге де ортақ мекендік ұғымының болуын, ол үғымның қарастырылып отырған тілдердегі көлемінің қандай екенін түсіне білу.

Қарастырылып  отырған тілдердегі мекен ұғымының берілу жолдарының түрліше болуы мүмкін екендігін түсіне отырып, мекен ұғымын ағылшын тілінде жеткізе білу.

Ағылшын тіліндегі  мекен ұғымын білдіретін етістіктердің  мағыналар көлемінің қазақ тіліндегіге  сәйкес келетін кездері болатынын ескеріп, мекен ұғымының ағылшын тілінде берілу ерекшелігін игеру.

Ағылшын етістігінің  толық мағыналық құрылымын айқындап, мекен ұғымын білдіретін етістік  тіркестерін қолдана білу.

Бұл сатылардың әр – қайсысы қатал ерекшеленетін, басқаларынан тәуелсіз ақыл – ой қызметі болып табылады. Олар әр  тақырыптың қиыншылықтарын ескере отырып, біртіндеп ориентирлер саны мен жүйесін толықтырып отырады.

Әдістемелік тұрғыдан қарастыратын болсақ ағылшын тілінің  мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін  игеру процессі 3 этаптан тұрады:

Зерттеу. Оқытушының бақылауымен оқушылар біршама сөйлемдерді қарастырып, өз бақылаулары бойынша грамматикалық заңдылықтар мен ережелерді түйіндейді.

Түсіндіру. Оқытушы оқушылардың түйіндеген ережелерімен оқулықтағы ережелерді байланыстырып, салыстыра отырып материалды түсіндіреді.

Қолдану. Оқушылар жаңадан игерген құрылымдар мен материалды қарым – қатынас барысында қоданады. Бұл этапта форма мен мағынаның байланысына назар аудара отырып, оқушылардың шет тілін шынайы, өмірлік жағдайда пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыруға тырысамыз.

Ағылшын тілінің  мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін  қолдану дағдысын қалыптастыру жоғарыда айтылған ақыл–ой әрекетінің ориентирлік  негізінің төрт сатысына сәйкес келетін  белгілі бір ақыл – ой өрекетін қалыптастыруға көмектесетін әдістерден тұрады. Ол келесідей әдістер:

Ағылшын тіліндегі  мекен ұғымын білдіретін семаларды қазақ тіліндегілермен салыстыра отырып, жүйелі де жалпыламаланған түрінде таныстыру.

Мекен семаларының  аталған тілдердегі берілу жолдарының ерекшеліктерін құрылымдық үлгі негізінде көрсету.

Тіларалық семантикалық интерференцияның алдын алу мақсатында ағылшын тілінің мекен етістіктерінің мағыналық құрылымын аша отырып, оларды  қазақ тіліндегі баламаларының  құрылымымен салыстыру.

Тілішілік семантикалық интерференцияның алдын алу үшін ағылшын тілінің мекен етістіктерінің мағыналы құрылымын оппозициялы қарама – қарсы жолмен қарастыру.

Бұл этапта оқушылардың  іс- әрекеті ориентирлер жүйесін  айқындауға бағытталады. Оқытушының басқаруына қарамастан бұл этап оқушылардың танымдық белсенділіктерімен сипатталады, себебі Н.К.Гончаров айтқандай “…. в развитии личности исключительно велика роль собственных усилий, собственной деятельности”   

Екінші этап – жаттығулар этапы, мұнда оқушылар саналы анализден дайындық жаттығуларына көшеді, ал ол жаттығулар болса сөйлеу жаттығуларына көшуге дайындық негізін құрайды. Бұл жерде біз сөйлеу іс - әрекетін жүзеге асыра алу қабілетін қалыптастыру үшін ориентирлік негіздің жеткіліксіз екенін көреміз. Себебі оқушылардың игерген тілдік бірліктері қарым–қатынас барысында контекстіге байланысты түрлі текстілер құрамында кездеседі де мағынасының реңкі өзгеріп отырады. Сондықтан да жаңа тілдік контекстіге байланысты сөйлеуге дайындық жаттығуларын орындаған кезде тілдік контекстіге байланысты белгілі бір қиындықтарды жоюға бағытталған әр сатыны жақсылап қайталап отыру керек. Жалпы тілдік материалды оқытуға дайындауға сөйлеу әрекетінің басқа да психолгиялық ерекшеліктерін ескерген жөн. Адамның есте сақтау қабілетіне келетін болсақ Н.И.Жинкин бойынша, сөйлеу оперативті есі екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатында дәл осы сөйлеу іс - әрекетіне қажетті сөздер таңдалып, екінші қабатта ол сөздердің синтаксистік байланыстары қалыптастырылады. Ал қолдануға қажетті сөз мағыналық қатардан немесе синонимдік қатардан іріктеліп алынады. Сөз байлығы жетік дамыған билингв қажетті сөзді мағыналары жақын сөздер ішінен де таңдап алуға шамасы келеді. Алайда мұндай жағдайда сөздің мағыналық реңктерімен тіркес мүмкіншіліктерін толық ескермеу салдарынан оқушы қате жіберіп, мағынасыз тіркестер қалыптасуы мүмкін. Сондықтан әр мекен етістігін таныстырып, жаттықтырған кезде ортақ мағыналарынан басқа ерекшелік қасиеттері бар, мағыналық жағынан ұқсас бірақ абсолютті синоним бола алмайтын сөздердің жүйелік топтарын негізге алу керек. Материалдың мағыналық қатынасқа негізделген жүйелік ұйымдастырылуы шет тіліндегі сөздер мен олардың өзара байланыс ерекшеліктерін игеруге қажетті басты шарттардың бірі болып табылады, қарастырып отырған тілдердегі сәйкес тіркестердің семантикалық көлемдерінің сәйкес келмеуіне байланысты пайда болған ана тілі интерференциясын жоюға көмектеседі, сондай–ақ студенттердің шет тіліндегі кейбір сөздердің семантикалық ерекшеліктерін айыра алмауларына байланысты ол сөздерді абсолютті синоним ретінде қабылдап, тілішілік интерференцияға орын беретін кездерін болдырмауға мүмкіншілік береді.

Сөйтіп біз  зерттеліп отырған лингвистикалық материалды әдістемелік мақсатта іс - әрекеттің төрт сатылы ориентирлер  негізінде ұйымдастырамыз. Ол сатылар  қиындық деңгейіне байланысты орналастырылған, сол қиындықтар мәселесі шешуді талап етеді. Ориентирлер негізінің әр сатысын игеру процессі сөйлеу әрекетіне дайындыққа арналған жаттығулар жүйесімен бекітіліп отырады.

Ағылшын тілінің  қарастырылып отырған лексика – грамматикалық материалын қазақ топтарында оқыту үшін ұсынып отырған әдістемемізді біз тәжірибелі оқыту барысында тексердік.

              

2.2. Ана тілі және шет тілі интерференцияларын жоюға арналған    жаттығулар.

 

Әдістемелік әдебиеттерге қарасақ жаттығулар типологиясының негізі болып табылатын критерийлер туралы түрлі көзқарастарды көреміз. Сондай критерийлердің бірі – тілдік коммуникацияның ерекшеліктерін ескеру. Бұл критерий бойынша жаттығуларды негізінен екі түрге бөлуге болады: Сөйлеуге дайындық жаттығулары және сөйлеу жаттығулары деп. Сөйлеуге дайындық жаттығулары әрине сөйлеу жаттығуларынан бұрын орындалып отырулары керек. Мұндай жаттығулардың қажеттілігі тілдік материалды қарым – қатынас барысында қолданбас бұрын, ол тілдік бірліктерді жеке – жеке дайындап, әбден автоматтандырып алу керек деген бұрыннан белгілі әдістемелік қағидаға байланысты. Сөйтіп дайындық жаттығуларының мақсаты оқушыларды сөйлеу іс - әрекетін жүзеге асыра білуге дайындау.

Дайындық жаттығуларын орындау барысында тілдік материалды игеру және бекіту құбылыстары орын алып, белгілі бір ситуацияларда қолданыла бастады. Сондықтан ол жаттығулар коммункативтік жағынан құнды болып,  шынайы қарым – қатынас жағдайларына пара - пар болуы керек. Мұндай жаттығуларды іс - әркетке негізделген әдіске жатқызуға болады. Ол әдістің іс - әрекет дағдыларын қалыптастыруға күшті әсеріне байланысты біз семантизация этапын жеке сөздің мағынасын ашу этапы немесе пассивті қабылдау поцессі ретінде емес, керісінше оқушылардың рейептивті және репродуктивті іс - әрекеттерінің бірлігі ретінде түсінеміз. Сондықтан біздің жұмысымызда мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктермен танысу студенттердің өз беттерімен белсенді жұмыс істеулері арқылы ол тілдік бірліктердің дифференциялды қасиеттерін анықтап, ориентирлер жүйесінің жалпы схемасын толтыруларынан басталады. Сөйтіп мекен етістіктерінің мағыналық құрылымымен таныстыру алғашқы бекіту этапымен бірігіп, жаттықтыру жаттығуларымен жалғасады.

Материалдың теориялық анализі бойынша тіларалық, тілішілік және аралас интерференциялардың күшін азайту қиындық түріне байланысты құрастырылған дифференциалды – алмастыру сипатына ие жаттықтыру жаттығуларының көмегімен жүзеге асады. Біздің ойымызша ағылшын тілінің мекен ұғымын білідіретін тілдік бірліктері сияқты интерференцияға душар материалды оқыту барысында дайындық жаттығуларының өзін қандай қиындық түрін жеңуге бағытталғанына қарап, бірнеше түрге бөлу қажет. Осыған байланысты біз өз жұмысымызда ондай жаттығуларды келесідей топтарға бөлеміз:

Құрылымдық  деңгейдегі тіларалық интерференцияны жоюға арналған жаттығулар

Семантикалдық деңгейдегі интерференцияны, оның ішінде дифференциалды қасиеттерді толық  дифференциялай алмау немесе тым асыра дифференциялау құбылыстарын жеңуге арналған жаттығулар.

Тілішілік инртеферецияны жеңуге арналған жаттығулар

Аралас интерференцияны жеңуге арналған жаттығулар. Интеррференцияның бұл түрін жеңу үшін тіларалық интерференцияның да, тілішілік интерференцияның да әсерін әлсірететін жаттығулар қолданыла алады.

Синонимдес  және көп мағыналы тілдік бірліктермен жүйелі – жалпыламалы түрде жұмыс жасаған кезде дайындық жаттығуларын координациялық және дифференцияциялық семалардан бастау жеке тілдік құбылыстармен қатар лексикалық бірліктерді де бір – бірімен байланыстыра және салыстыра отырып, толық та тиімді игертуге болады. Төменде біздің тәжірибелік оқыту барысында қолданған дайындық жаттығуларымызға сипаттама беріледі.

Дайындық жаттығулары

1.1. Құрылымдық  деңгейдегі тіларалық интерферецияны  жеңуге арналған жаттығулар:

а) Мекен етістіктерін қажетті жерге қой.

 1) When the warm sun in spring, the buds open and the leaves out of them.               

comes, come

2) She in one of a long row of houses which were all joined together

lived

3) How would you like to awake listening for Uncle Andrew`s step to creaping along the passage to your room.

lie,  come

ә) Мекен етістігімен есімді қажеті жерге қой.

1) You on the end everything around you is a part of it.

live, earth

2) One morning she was out in the back garden when a boy scrambled up from the garden next door and his face over the

put, wall

3) “And so you`d you”  he went on … if you`d all your life in the and had a pony, and a at the bottom of and then been brought to live in a beastly hole like this.

lived, country, river, garden

б) Қазақ тіліндегі баламасын қолдана отырып сөйлемді аяқта.

Now, Digory, wouldn`t you like to

      далаға шығып бақшада ойнау

It is woderful how much exploring you can do with a stump of candle in a

      үлкен үйде немесе бірнеше үйлер қатарында

In the roof there were little chuuncs of light

     тесіктердің арасынан

Семантикалық деңгейдегі тіларалық иннтерференцияны жоюға арналған жаттығулар.

а) Дифференциалды қасиеттерді шамадан тыс дифференциялауға жол бермеу үшін қолдануға арналған жаттығулар.

1 “тұру” мекен етістігі бар тіркестердің әр сөйлемдегі мағынасына сәйкес ағылшын баламасын беріңдер:

1) Атасынан қалған қобыз керегеде ілулі тұр.

Информация о работе Интерференция құбылысы және оны жеңу жолдары