Кәсіпорынның қаржылық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:57, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның келешектегі кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................2-4
І БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...................5-9
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі..................................................................................................................10-14
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері.....................................................14-19
ІІ БӨЛІМ.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.
2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау...........................................20-23
2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...................................24-28
2.4 Кәсіпорынның табыстылығын талдау......................................................28-34
2.5 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау..........................34-35
ІІІ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру..............................................................................................................36-37
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру..............................................................................................................37-39
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру..................................................40-41
Қорытынды............................................................................................................42
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................43

Работа содержит 1 файл

курстык жумыс.docx

— 79.79 Кб (Скачать)

•шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем  қабілеттілігі бар сұраныстағы  үлесі;                                                                          

•төленген жарғылық капиталдың мөлшері;                                                                           

•шығындардың көлемі, олардың  ақшалай табыспен салыстырғандағы  динами-касы;                                                                                                           

•қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын  қоса алғандағы мүлік пен қаржы  ресурстарының жағдайы;                                                                    

•кәсіпорындарды басқару  тиімділігі.                                                                                               

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника  мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.   

Кәсіпорын басшылығына қаржылық тұрақтылықты жетілдіру бойынша  мы-найдай ұсыныстар жасауға болады: ол негізінен жалпы активтердің  құрастыру көздерінің сомасындағы  меншікті капиталдың үлесін арттыруға  негізделеді.

Айта кеткен жөн, қаржылық тұрақтылықты қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін стратегия қажет. Стратегияда кәсіпорынның мынадай негізгі мақсаттарды, яғни алдағы уақыттағы кәсіпорын қызметінің бағытын, өндірілетін өнім (көрсетілетін қызмет, атқарылатын жұмыс) сапасын арттыру, аз шығын жұмсай оты-рып өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету, өзіндік құнды төмендету және рентабельділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажет.

Меншікті капиталдың рентабельділігін арттыру мақсатында қарыз қаражат-тарын  тарту қажет. Ал қарыз қаражаттарының негізгі көзі  коммерциялық және банктік несиелер болып табылады.

Стратегиямен байланысты шешімдер қабылдағанда мыналарды ескерген жөн: стратегияның кәсіпорынның мүмкіншіліктерімен сәйкестігі, стратегияны іске асыруға қажетті қаржы қаражаттарының бар болуын және олардың мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ тәуекел деңгейін.

     Кәсіпорынның стратегиясы қаржы ресурстарын оның қызметінің тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іс-шараларға бағытталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін  талдау  оның өз ресурстарын тиімді пайдаланатындығын көрсетті.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен  көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

 

                   3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру.

      Жүргізген талдау қорытындылары кәсіпорын қызметінің рентабельсіз екенін анықтады . Өйткені кәсіпорын талдау жүргізілген уақытта таза табыс таппай отыр. Бірақ та уақыт өте келе кәсіпорынның шығындылығы аз да болса азаюда екенін айтпай кетуге болмайды.

Кәсіпорын активтері рентабельді  болуы үшін ең бірінші табыс табуы  және оны арттыруға тырысуы қажет. Сатудан түскен түсімді арттыру үшін және қосымша пайда алуы үшін бөлшектеп сату желісіне көп көңіл бөлген жөн.

Сонымен қатар кәсіпорын:

-өнімнің өзіндік құнының  құрылымын қайта қарап, шығындардың  артуының себептерін анықтап,  оларды азайту жолдарын іздеу  қажет.

-баға саясатын өзгертуі  қажет, яғни өнім бағасына қосылатын  рентабельділіктің пайыздық мөлшерін  арттыру.

Өнімнің өзіндік құны-кәсіпорын  қызметінің маңызды көрсеткіші болып  та-былады.

Соңғы жылдары өнімді өндіру мен сату шығындарының өсуі байқалады. Өзіндік құнның өсуіне шикізаттардың, материалдардың, көлік қызметтеріне тарифтердің қымбаттауы алып келеді. Қайта бағалаумен байланысты Негізгі құралдардың амортизациялық аударымдар сомасының артуы, жалақы бойынша шығындардың артуы жалпы шығындардың артуының негізгі себептері болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін  арттырудың ең бір маңызды жолы - өзін-дік құнды азайту болып табылады. Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің  көлемін арттыру болып табылады, өйткені бұл жағдайда өнім бірлігіне  келетін тұрақты шығындардың  мөлшері азаяды.

Өнім өндірудің қандай көлемінде, өткізуден түскен табыс  өнімнің толық өзіндік құнына тең болатын және табыс та, шығын  да болмайтын өткізудің қауіпті  көлеміне қалай қол жеткізеді  деген сұрақ туады. Егер өнімді өткізуден  алынған нақты табыс, оның толық  өзіндік құнынан жоғары болса, онда кәсіпо-рын ұшрайды. Сондықтан кәсіпорын  қызметінің тиімділігін арттыру  мақсатын-да көптеген кәсіпорындарда “рентабельділік шегі” деген  атпен белгілі әдіс қол-данылады.

Оның негізгі мақсаттары:

- Өндірістің қаупі көлемін  анықтау;

- Өнім өткізуден түскен  табыстың қаупті көлемін анықтау;

- Тұрақты шығындардың  қаупті деңгейін есептеу;

- Өткізудің қаупті бағасын   есептеу болып табылады.

“Рентабельділік шегі”  – кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңтайландыру-дың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар  оны өнімнің рентабельді ассортиментін  қалыптастыруда, баға белгілеуде және тиімді баға саясатын әзірлеуге пайдалануға  болады.

Осылайша, бұл іс-шараны жүргізу  біздің кәсіпорын үшін өндірістің қаупті көлемін анықтауға және өткізудің  қаупті бағасын есептеуге өте  қажетті болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Қорытынды.

      Бұл курстық жұмыста кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жақсарту жолдары қарастырылды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау қаржы менеджментінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау нәтижелері бойынша кәсіпорын-да қалыптасқан жағымды және жағымсыз құбылыстар туралы, кәсіпорын қызметінің мықты және әлсіз жақтары туралы, сонымен қатар олардың туындауына себеп болған факторлар жөнінде қорытынды жасауға болады. Қаржылық тал-даудың нәтижелері туралы ақпаратқа тек ішкі субъектілер (меншік иелері, басқарушылар, жұмысшылар) ғана емес, сонымен қатар сыртқы субъектілер ( жабдықтаушылар, инвесторлар, кредиторлар және тағы басқалар) де қызығушылық білдіреді. Сыртқы субъектілер талдау нәтижелерін алдағы уақытта субъектілер болса оны қалыптасқан қаржылық жағдайды тұрақтандыруға және оны жоғары деңгейде ұстап тұруға пайдаланады.

     Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық жалғасы оның қызметінің тиімділігін сақтап тұру және кемшіліктерін жою бойынша іс- шара-лар дайындау болып табылады. Кәсіпорынды қаржылық сауықтыруда ішкі және сыртқы көздер пайдаланылуы мүмкін.

Сыртқы көздерге жаңа акциялар мен облигациялар шығару, дәрменсіз  кә-сіпорындардың басқа кәсіпорындармен  қосылуы, банктік несиелер мен дота-циялар, лизинг, факторинг, дивидендтер төлеуді  уақытша тоқтату жатады. Ал қаржылық жағдайды сауықтырудың  ішкі көздеріне  өнімдердің сапасы мен бә-секе қабілеттілігін арттыру, өнімнің өзіндік құнын  төмендету, тұрақты шығын-дар мөлшерін азайту, өндіріс қуаттылығын толық пайдалану және пайдаланылмайтын активтерді сату болып табылады.

Талдау нәтижелері кәсіпорында  негізгі проблеманы анықтады: төлем  қабілетсіздік және рентабельсіздік.

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов  Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдау / Оқу  құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж.

2. Шеремет А.Д., Сайфулин  Р.С. Методика финансового анализа. - М.: ИНФРАМ, 1995.

3. Русак Н.А. Анализ  финансового положения предприятия.  В учебнике «Анализ хозяйственной  деятельности в промышленности».  Под общ. ред. В.И. Стражева - Минск: Высшая школа, 1995.

4. Радионова В.М., Федотова  М.А. Финансовая устойчивость  предприятия в условиях инфляции. — М.: Изд-во «Перспектива», 1995.

5. Крейнина М.Н. Анализ  финансового состояния и инвестиционной  привлекательности акционерных  обществ в промышленности, строительстве  и торговле. - М.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 1994.

6. Ковалев А.И., Привалов  В.П. Анализ финансового состояния  предприятия. - М.: Центр экономики  и маркетинга, 1995.

7. Балабанов И.Т. Анализ  и планирование финансов хозяйствующего  субъекта: Учебн. пособие. - М.: Финансы  и статистика, 1994.

8. Бухгалтерско-аудиторский  портфель. ( Книга предпринимателя.  Книга бухгалтера. Книга аудитора ) / Отв.ред. Рубин Ю.Б., Сол-даткин  В.И. - М.: «ОМИНТЭК», 1994.

9. Артеменко В.Г., Беллендир  М.В. Финансовый анализ: Учебное  пособие. — Издательство «ДИС»,  НГАЭ и У, 1997.

 

 

  

                                                                                  


Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайы