Кәсіпорынның қаржылық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:57, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның келешектегі кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................2-4
І БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...................5-9
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі..................................................................................................................10-14
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері.....................................................14-19
ІІ БӨЛІМ.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.
2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау...........................................20-23
2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...................................24-28
2.4 Кәсіпорынның табыстылығын талдау......................................................28-34
2.5 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау..........................34-35
ІІІ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру..............................................................................................................36-37
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру..............................................................................................................37-39
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру..................................................40-41
Қорытынды............................................................................................................42
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................43

Работа содержит 1 файл

курстык жумыс.docx

— 79.79 Кб (Скачать)

                                                МАЗМҰНЫ

Кіріспе...................................................................................................................2-4

І БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1. Қаржылық жағдайдың  мәні және оны талдаудың мақсаты...................5-9 

1.2. Кәсіпорынның қаржылық  жағдайын талдаудың ақпараттық негізі..................................................................................................................10-14

1.3. Қаржылық жағдайды  талдау әдістері.....................................................14-19

ІІ БӨЛІМ.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ  ЖАҒДАЙЫН  ТАЛДАУ.

2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін  талдау...........................................20-23

2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...................................24-28

2.4 Кәсіпорынның табыстылығын  талдау......................................................28-34

2.5 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау..........................34-35

ІІІ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН  ЖЕТІЛДІРУДІҢ  НЕГІЗГІ  БАҒЫТТАРЫ.

3.1. Кәсіпорынның активтерінің  өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру..............................................................................................................36-37

3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру..............................................................................................................37-39

3.3. Кәсіпорынның табыстылығын  арттыру..................................................40-41

Қорытынды............................................................................................................42

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................43

 

            

 

 

  

                                   Кіріспе.

     Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

     Нарықтық жағдайда кәсіпорынның келешектегі кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады.

    Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл ұғымға анықтама әр оқулықтарда әр түрлі беріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты «өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіреді.

Енді біреулер «өз қаражаттары  есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым  қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға  жол  бермейтін және өз міндеттемелерін  уақытысында қайтаратын шаруашылық субьектілері қаржылық тұрақты болып  табылады» деп жазады.

    В.М. Родионова мен М.А. Федотованың айтуынша қаржылық тұрақтылық - кәсіпорындарда тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуы.А.Д. Шеремет пен В.С.Сайфуллиннің түсінігі бойынша, қаржылық тұрақтылық қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуіне байланысты.Бұл көрсетілген анықтамалар қаржылық тұрақтылықты әр түрлі мағынада ашады. Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тәуекелдіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы деген тұжырым жасауға болады.

     Осылайша қаржылық тұрақтылықтың мәні кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі немесе сауда, несие және басқа да  төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақытылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігінен шығады.

    Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі қаржылық тұрақтылығының сыртқы көрінісі болып табылады. Төлем қабілеттілігі есеп айырысысу шоттарында, валюталық шоттарда ақша қаражаттарының болуымен, қысқам  мерзімді қаржылық салымдардың болуымен, сондай-ақ мерзімі өтіп кеткен қарыздар мен төлемдердің болмауымен сипатталады.

   Төлем қабілеттілігінің төмендеуі кездейсоқ, уақытша және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Оның себептеріне қаржы ресурстарымен толық қамтамасыз етілмеуін, өнімді өткізу жоспарының орындалмауын, келісім-шарттар бойынша төлемдердің уақытында түспеуін жатқызуға болады.

    Кәсіпорынның тұрақтылығының жоғары дәрежесі деп оның үздіксіз дамып отыру қабілеттілігін айтамыз. Ол үшін кәсіпорынның қаржылық  ресурстары жеткілікті болуы керек және қажет болған жағдайда сырттан қосымша қаражаттар тартуға мүмкіндік беретіндей несиеге қабілетті болуы керек. Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігі оның төлем қабілеттілігін сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Төлем қабілеттілігі «несиеге қабілеттілік» түсінігімен салыстырғанда кеңірек ұғым. Төлем қабілеттілігі кәсіпорынның барлық қарыздарын өтеуге, соның ішінде алынған банк несиесін қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайын сипаттайды.

    Сонымен, кәсіпорынның несиеге қабілеттілігі деп банктен алған қарызды пайыздарымен қосып есептегенде толығымен әрі уақытында өз  қаражаттарының есебінен қайтара алу мүкіндігін айтамыз. Академик Е.С.Стоянова бастаған ресейлік ғалымдардың ойынша, қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің төрт көрсеткіштерімен сипатталады, олар:

v Жоғары дәрежеде төлем қабілеттілігі

v Жоғары дәрежеде несие қабілеттілігі

v Жоғары дәрежеде баланстың өтімділігі

v Жоғары дәрежеде рентабельділік

    Бұл курстық жұмыстың ең өзекті мәселесі  кәсіпорынның қаржылық  тұрақтылығының мәні мен кәсіпорынның қызметіне әсер ететін факторлар. Қазіргі өмірде кез келген кәсіпорынның келешектегі кепілі, қаржылық жағдайы мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Корпорацияның қаржылық тұрақтылығы  кең мағынада болғандықтан, біз сол өндірістің барлық жағынан қарастырамыз. Яғни баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын, олардың құрастырылу көздерінің құрамы динамикасын, баланстың өтімділігін талдаймыз және кәсіпорынның төлем және несие қабілеттілігін қарастырамыз.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағ-дайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

     Осы мақсатқа  жету үшін келесідей міндеттерді  анықтадым:

-қаржы менеджменті саласында  алған білімімді қолдану;

-өндірістік практикада  жинаған тәжірибемді пайдалану;

-қарастырылып отырған  мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;

-кәсіпорынның қаржылық  жағдайын талдау;

-жүргізілген талдау нәтижелері  бойынша  жетіспеушіліктерді  анықтау және оларды жою жолдарын  ұсыну.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І БӨЛІМ.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.

 

    1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты. 

     Нарықтық  қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өізнің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуына байланысты.

     Кәсіпорынның  қаржылық талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, сонц анықтап алған жөн. Сонғы жылы шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әртүрлі түсіндіріледі. Профессор А. Д. Шереметов «Кәсіпорын қаржысы (актитер) жағдайы қаржыны талдау, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер яғыни пассивтер) сипатталады» деп жазған.

    Профессор П. А. Русак  бұл ғұмыры бойынша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және де басқада қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстары мен қамтамассыз етуімен және олардың мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен,сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді».

     В. М. Радионова мен М. А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы «қаржы ресурстарының қалыптасуымен, тарту және пайдаланумен көрсетіледі» деп жазады    .

    М. Н. Креинина, А. И. Ковалев және В. П. Привалов (6) қаржы жағдай ұғұмын былай түсіндіреді: «Қаржылық жағдай – қаржылық ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жинағы».Профессор И. Т. Балабанов «шаруашылық субъектісінің  қаржылық жағдайы –бұл оның қаржы  бәсекелестік қабілеттігінің сипаттамасы (яғыни төлем қабілеттігі, несие  қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен  капиталды пайдалану,мнмлекет алдында және басқа да шаруасылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабелділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капитал пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу» деп жазады.

     Жоғары берілген анықтамалар қарастырылып отырылған ұлым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұғым тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірінғай көрсеткіштерге қарғанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарылымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді ескеру нәтижесінде және оларды жалпы бағалауға тигізетін әсенрін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімдіболуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәләндіруі тиіс.

        Менің көзқарасым бойынша, сенімділік кәсіпорынның жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.Осы берілген түсініктемеге сүйене отыра, мен бұл ұғымды былай анықтауды  ұсынамын:

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы  осы кәсіпорынның белгілі бір  кезеңдгі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізу мен өзінің қарыз міндеттемелерін  уақытылы өтеуі үшін қаржылық ресурстарымен  қамтамассыз етілуін көрсетеді. Ал кәсіпорын қаржылық тұрақтылығы  нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты «өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамассыз ететін қаржының жкткілікті болуы» деп түсіндіреді... қаржылық тұрақтылық – меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.

   «Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бұл – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын денгейде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып,            табысты өсіру негізінде қаржыны таратупайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы».

     В. А. Артеменко мен М. В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: «Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамассыз ететін және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процессінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтанда қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі роцессінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады» (9). Ал кәсіпорынның жалпы қржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстыңшығыннан артуын қамтамассыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайнда ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айрысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның әріқарай дамуы үшін барлық есепайрысулар мен барлық міндеттерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңарту жәнеде әлеументтік клматты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.

       Айта кету керек біз, қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы айтылған авторлардың көзқарасын бөле қарастырдық, әйткенмен мен олардың кейінгі шешімдерімен келісе алмаймын. «Қаржылық тұрақтылықтың мәні – қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдалану мен анықталады».

    Менің ойымша бұл ұғым А. Д. Шеремет пен  В. С. Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың  мәні – бұл қорлар мен шығындардың  қалыптасу өздерінен қамтамассыз  етілуі деп түсіндіреді.

       Э. А. Маркарьян мен Г. П. Герасименко да осындай көзқараста (10). «Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептеу мүмкіндігі» (4) немесе «Сауда, несие және басқада төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатынкәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақытылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады» (9). Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның оның іздеу жөніндегі сұрақтар да шиеленісе түседі.

     Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді:

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайы