Кәсіпорынның қаржылық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:57, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның келешектегі кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................2-4
І БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...................5-9
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі..................................................................................................................10-14
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері.....................................................14-19
ІІ БӨЛІМ.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.
2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау...........................................20-23
2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...................................24-28
2.4 Кәсіпорынның табыстылығын талдау......................................................28-34
2.5 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау..........................34-35
ІІІ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру..............................................................................................................36-37
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру..............................................................................................................37-39
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру..................................................40-41
Қорытынды............................................................................................................42
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................43

Работа содержит 1 файл

курстык жумыс.docx

— 79.79 Кб (Скачать)

Ак -  авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);                                                    

Ктс- тәуелсіздік коэффициенті.                                                                                           

Бұл коэффициент  авансталған  капиталдың  жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды.                                                                                                                               

Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы каржыландыру көзде-рінен тәуелділігі жоғарылайды.Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.

Кқ = Мк:Қк

Мұндағы: Кқ - қаржыландыру коэффициенті;                                                                 

Мк -  меншікті капитал;                                                                                                              

Қк - қатыстырылған капитал.                                                                                           

Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар   қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.                                                                 

Бұл коэффициент кәсіпорын  қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен  қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржы-ландыру  коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын  мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен  қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін  және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.

     Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті:

Кқ/м = Қк:Мк

Мұндағы: Кқ/м - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;                                                                                                                       

Қк - қатыстырылған капитал;                                                                                                     

Мк-меншікті капитал.                                                                                                                            

Бұл коэффициент кәсіпорын  активтеріне салынған меншікті қаражаттың әр-бір теңгесіне қанша қарыз  қаражатын тартқанын көрсетеді.

      Арнайы  әдебиеттерде бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу: Ккм<1. Егер оның мәні  1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті салалы ерекшеліктерге, кәсіпорынның  шаруашылық қызметінің сипаты-на және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіш-тері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестігіне ешқандай әсерін тигізбейді. Кәсіпорынның ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынас коэффициентінің мәнімен шектелуі қажет.                                           

Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын  ең бір маңыз-ды көрсеткіштердің  бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша  инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол мен-шікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:

Кқт=( Мк  + ҰМ ) / Ак                                                                                                  

Мұндағы: Кқт - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;                                                        

ҰМ - ұзақ мерзімді міндеттемелер;                                                                                     

Ак -  авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);                                                                                                                                       

Бұл дербестік коэффициентімен  салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсет-кіш. Батыс тәжірибесінде  бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті. Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициалау коэффициентінде қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады.

Ки=Мк / Нк                                                                                                  

Мұндағы: Ки - инвестициялық  коэффициенті;      

Мк – меншікті капитал;                                                                                                                       

Нк -  негізгі капитал;                                                                                                                                       

 

                    2.3. Кәсіпорынның табыстылығын талдау.

     Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономика-лық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы  абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.

    Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

    Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өт-кізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шеге-рімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойын-ша негізгі қызметтен түсетін  табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен  үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткі-зуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапа-сымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнім өткізуден түсетін  табыс сомасына қоймадағы өтпеген  бұйымдар қал-дықтарының және сатып  алушының жауапты сақталуындағы  тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері  белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық  құнды-лықтардың азаюы немесе керісінше  өсуі бірінші жағдайда өткізуден  түсетін та-быс сомасының өсуіне, екішіде - азаюына әсер етеді.

Кәсіпорында өнімді өткізуден  түскен табыс жоспарланған тауар  өндірісінен және бұйымдардың (дайын  өнімдер, сатып алушының жауапты  сақталуындағы тауарлар) өтпеген  бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен  шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден  түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауар-лы-материалдық  қорлардың артуы есебінен болатын  жағдайлар да кездеседі.

Табыстылықтың екінші абсолютті  көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өт-кізудің қаржылық нәтижесін білдіреді  және негізгі қызмет нәтижесінде  өнімді өткізуден түскен табыс пен  өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік  құны

арасын-дағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік  құн, сондық-тан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.

Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша  талдаумен айналы-сатын, оны төмендету  жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің  бөлім-шелері болады.

Шаруашылық жүргізудің тұрақты  экономикалық жағдайында жалпы табыс-тың  өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды  тө-мендету. Бұл әсіресе шикіат құнының  үлес салмағы өнімнің өзіндік  құнында өте жоғары болып келетін  өңдеу және қай та өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай–химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте  маңызды.

Табыстылықтың келесі абсолютті  көрсеткіші – таза табыс. Ол сальдолан-ған  қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы  табыс пен кезең шығындары  ара-сындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады :

Д = Д - Р 

Мұндағы: Д  - негізгі қызметтен  алынған табыс;

                  Д - жалпы табыс;

                  Р - кезең шығындары.

     Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын-ның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және олар-ды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырма-лы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың фактор-лық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер. Оларды толығырақ қарасты-райық:

Барлық активтердің тиімділік  деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептелінеді:

Д  = Таза табыс / Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал)

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,005 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,003 болды.

Осылайша жалпы активтердің  табыстылық деңгейі (авансталған капитал) кә-сіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді.

Тәжірибеде ағымдағы активтердің  табыстылығы деп аталатын көрсеткіш  кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша  табыс алатынын көрсетеді :

Д = Д / Т 

Мұнда: Т - ағымдағы активтер.

              Д - таза табыс. 

              Д - ағымдағы активтердің табыстылығы. 

Ағымдағы активтердің  табыстылық деңгейі жыл басында  – -0,012 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,009 болды.

Акционерлік компания құқығында  жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды  тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысының  оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш – меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Ол мына формуламен анықталады:

Д = Д / С 

Мұнда: Д - меншікті капиталдың табыстылығы;

             Д - таза табыс;

             С - меншікті капитал.

Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып  табы-лады.

Дәл осы көрсеткіш биржада  акционерлік компаниялардың акцияларына  баға белгілеуді бағалау барысында  маңызды роль атқарады.     

Тәжірибеде ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы деп  аталатын көрсет-кіш кеңінен қолданылады. Ол ұзақ мерзімді активтерге салған бір  теңгеден кә-сіпорын қанша табыс  алатынын көрсетеді :

Д  = Д / Т 

Мұнда:  Т - ұзақ мерзімді активтер;

              Д - таза табыс; 

              Д - ұзақ мерзімді активтер  табыстылығы. 

Негізгі өндірістік қорлардың  табыстылық деңгейі мына формула  бойынша есептелінеді:

Д = Д / З

Мұнда:  Д - Өндірістік қорлардың  табыстылығы;

              Д - Таза табыс; 

              З - Өндірістік қорлар.

Сату көлемінің табыстылығы  мына формула бойынша есептелінеді:

Д = Д / Д 

Мұнда:  Д - Сату көлемінің  табыстылығы;

              Д - Жалпы табыс;

              Д - Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден  алынған табыс.

Жоғарыда жүргізілген  есептеулерден көріп отырғанымыздай кәсіпорын қыз-меті шығынды болып  табылады, алайда оның қызметі жыл соңына қарай кішкене болса да жақсаруда.

 

               2.4. Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайы