Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:57, курсовая работа
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның келешектегі кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады
Кіріспе...................................................................................................................2-4
І БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...................5-9
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі..................................................................................................................10-14
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері.....................................................14-19
ІІ БӨЛІМ.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.
2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау...........................................20-23
2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...................................24-28
2.4 Кәсіпорынның табыстылығын талдау......................................................28-34
2.5 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау..........................34-35
ІІІ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру..............................................................................................................36-37
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру..............................................................................................................37-39
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру..................................................40-41
Қорытынды............................................................................................................42
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................43
Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойьшша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мә-нінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:
А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.
А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.
А3. Баяу өткізілетін активтер.
Бұларға тауарлы-материалдық
А4. Қиын өткізілетін активтер. Бұлардың құрамында ұзақ мерзімді активтер жатқызылады.
Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады:
П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.
П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.
П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топ-тар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:
Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір то-бы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса ба-ланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.
Жоғарыда келтірілген
жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы
төртін-ші теңсіздікті орындау
Алайда бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиы-нымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады.
Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті. Олар туралы төменде айтылады.
Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттігін анықтау анықтау үшін кә-сіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен қолданылады.
Үш көрсеткіш жиі қолданылады:
-абсолютті өтімділік коэффициенті;
-аралық өтеу (жабу) коэффициенті;
-жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.
Абсолютті өтімділік коэффициенті
ақша қаражаттары мен тез
Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздар-дың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:
Ка.ө 0,2 0,5
Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі.
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 0,02;
жыл соңында – 0,1;
Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүр-гізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер бойынша түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.
Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі:
Кар.ө 1
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 1,5;
жыл соңында – 0,98;
Ағымдағы өтімділік
Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.
Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады:
Кағ.ө 2
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 2,6;
жыл соңында – 2,2;
Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді.
Жалпы алғанда соңғы екі өтімділік коэффициенттерінің шамалары талап етілген шектеуге жауап бергенімен, жыл соңында олардың мәндері азайып отыр. Сондықтан алдағы уақытта бұл құбылыстың қайталанбасы үшін, оның себептерін анықтаған жөн.
2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау.
Талдау жүргізушінің
келесі әрекеті баланс активінің құрылу
көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын
мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және
оны құ-рылуы да, кәсіпорынның өзінің де,
қарызға алынған капиталдың да есебінен
жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау
керек. Ал меншікті капитал мен қарызға
алынған капиталдың арасындағы қатынас
оның қаржылық тұрақтылығын көр-сетеді.
Нарық қатынасы жағдайында
кәсіпорынның қызметі және оның дамуы
көбіне өзін өзі қаржыландырумен, яғни
меншікті капиталдың көмегімен жүзеге
асырылады. Тек ол капитал жетпегенде
ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде
қиын болса да сырттан тартылған капиталдан
қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын
алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес.
Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы
активтерінің құрастырылу көздерін шектеу
керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны
қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір
кезең-дерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден
жоғары, яғни қосымша қажеттілік ту-ғанда,
ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен
және коммерциалық несиелерімен жабылады.
Активтердің қорлану
көздерін талдау кезінде меншікті және
қатыстырылған капиталдың көрсетілген
көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі
олардың өз-геру себептері анықталып,
оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі
капи-талға басты назар аударылады, себебі
өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық
тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капитал-дың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:
Ктс = Мк:Ак
Мұндағы: Ктс - тәуелсіздік
коэффициенті;
Мк - меншікті капитал;
Ак - авансталған капитал
(баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың
жалпы сомасы).
Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның
қаржылық тәуелсіздігі жоғары екен-дігін
көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық
қиындықтардың азаятындығын көр-сетеді.
Батыс экономистері тәуелсіздік
коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде
болғаны дұрыс деп санайды. Себебі
бұл қаржы көздерінің тұрақты
құрылымын сақтауға мүмкіндік береді.
Инвесторлар, несие берушілер дәл
осындай құры-лымды таңдайды, себебі
ол кәсіпорынға өздерінің
Қаржылық талдаудан
Жабдықтаушылар
мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық
міндет-темелер қатаң сақталатын және
фирманың атағына үлкен мән берілген нарық-тық
экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік
коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды
қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге
болады).
Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сонтықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгі-леуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол акпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асыры-лады.
Ақпаратты
сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер,
несие берушілер сыртқы пайдаланушылар,
мысалы, банктер, несие берушілер капиталдың
аванс-талынған капиталдың жалпы сомасындағы
үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға
отырған кездегі қаржылық тәуекелдік
жағынан баға береді. Меншіктік капитал-дың
үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі.
Кәсіпорын капиталының құрылы-мын зерттеу
оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені
немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік
береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі
және мен-шіктік капиталдың өсуі кәсіпорын
қызметінің қыскарғанын көрсетеді. Бірақ
бі-рыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды,
себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа
факторлардың несие үшін және дивидендке
пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы
мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер
дивидент-тердің мөлшерлемелерінен төмен
болса, онда тартылған қаражаты өсірген
дұ-рыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті
капиталды пайдаланған дұрыс.Әрине, авансталған
капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған
жағ-дайларға тәуелді болады.Тәуелсіэдік
коэффициенті мына формуламен анықталады:
Кт = Қк:АК немесе Кт = 1 - Ктс
Мұндағы: Кт - тәуелділік
коэффициенті;
Қк - қатыстырылған
капитал;