Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:57, курсовая работа
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның келешектегі кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады
Кіріспе...................................................................................................................2-4
І БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...................5-9
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі..................................................................................................................10-14
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері.....................................................14-19
ІІ БӨЛІМ.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.
2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау...........................................20-23
2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...................................24-28
2.4 Кәсіпорынның табыстылығын талдау......................................................28-34
2.5 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау..........................34-35
ІІІ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру..............................................................................................................36-37
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру..............................................................................................................37-39
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру..................................................40-41
Қорытынды............................................................................................................42
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................43
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі
қаржылық жағдайында ең алдымен оның
қаражат айналымының
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.
Жоғарыда айтып өткендей,
кейбір актив түрлері әртүрлі
айналым жылдам-дығына, яғни олардың
ақша қалпына көшу жылдамдығына ие
болады. Қаражат-тың айналымда болуының
ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы
бірқатар әр бағыттағы себептердің
жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші
қатарға кәсіпо-рынның әрекет өрісін,
салалығын, ауқымын және тағы да басқаларын
жатқызу-ға болады. Елдегі экономикалық
жағдаймен оған байланысты шаруашылықты
жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің
айналымдылығына да әсер ет-пейді. Сөйтіп,
елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер,
кәсіпорындардың басым
Қаражыттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімді-лігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.
Шынында да, қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайда-ланылған тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кә-сіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету ер-кіндігіне ие болады.
Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициент-тер жатады:
1.Капиталдың жалпы
К = Д / А
Мұнда, К - капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
А - авансталған капитал.
2. Негізгі құралдардың
айналымдылығы. Бұл көрсеткіш
қор қайтарымдылы-ғын
Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады.
3.Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті. Ол мына формула бойынша қаралады:
К = Д / С
Мұнда: К - меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
С - меншікті капиталдың шамасы.
4. Ағымдағы активтер немесе
айналым капиталының
К = Д / Т
Мұнда: К - ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
Т - ағымдағы активтер.
Ағымдағы активтердің (айналым
капиталының) айналымдылық коэффи-циенті
олардың айналым жылдамдығын, яғни
зерттелген кезеңдегі барлық ай-налым
қаражатының айналым санын
5.Материалдық айналым
қаражатының айналымдылық
Өндірістік қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) құны бойын-ша есептелетіндіктен, қорлардың айналымдылық коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.
Онда есептеу мына формуламен іске асырылады:
К = S / З
Мұнда: К - материалдық айналым құралдарының айналымдылық
коэффициенті;
S - сатылған өнімнің толық өзіндік құны;
З - өндірістік материалдық қорлар.
Неғұрлым айналымдылық көрсеткіші
жоғары болған сайын, соғұрлым қор-лар
тезірек ақшалай қаражатқа
6. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың шамасына қатынасымен анықталады:
К = Д / Д
Мұнда: К - дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
Д - дебиторлық борыш.
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыш-тың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген ком-мерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді.
7.Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сату-дан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың шамасына қаты-насымен анықталады:
К = Д /К
Мұнда: К - кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
К - кредиторлық борыштың
ІІІБӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
3.1. Кәсіпорынның активтерінің
өтімділігі мен төлем
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, өтімділігі мен рентабельділігі ең алды-мен ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты.
Активтердің өтімділігі туралы мәліметтерге сүйене отырып біз айналым активтерінің меншікті қаражаттар есебінен қаржыландыруының төмендегенін кө-ре аламыз. Бұл өз алдына кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізуде, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу кезінде кәсіпорын проблемаға тап болады.
Осылайша кәсіпорынның өз
жабдықтаушылары мен
М.А.Федотов өзінің “Кәсіпорынның табысын талдау” атты еңбегінде өтімді-лікті арттырудың келесі әдістерін ұсынады:
а)жарғылық капиталды арттыру;
ә)ұзақ мерзімді заемдар алу;
б)міндеттемелерді қайта құрылымдау;
в)қысқа мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;
г)ұзақ мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;
д)активтерді қайта құрылымдау,
сонымен қатар активтердің
е)шығындар мөлшерін азайту, соның ішінде басқару шығындарын (жұмысшы-лардың жалақысын қоса алғанда).
Ал мен активтердің өтімділігін арттырудың келесі әдістерін ұсынамын:
1) Қысқа мерзімді қарыздарды
ұзақ мерзімді қарыздарға
2) Тауарлы материалдық қорлардың мөлшерін азайта отырып, ақша қаражаттарының көлемін арттыру. Сол арқылы активтердің абсолютті өтімділігін арттыруға қол жеткізу болады.
Жоғарыдағы айтылған жолдардың бірінші нұсқасы тиімді және іске асуы оңай болып келеді.
Қысқа мерзімді қарыздарды ұзақ мерзімді қарыздарға қайта құрылымдау қо-сымша ақша қаражаттарын қажет етеді. Ол ақша қаражаттарын қосымша облигациялар шығарумен алуға болады.
Екінші әдіс тауарлы-материалдық қорлардың көлемін 25 млн. теңгеге азай-тып, оларды ақша қаражаттарына аударуды қарастырады. Бұл жағдайда баланстағы “ақша қаражаттары” статьясы 5470 мың теңгеден 30470 мың теңге-ге дейін артады, ал “тауарлы-материалдық қорлар” 53600 мың теңгеден 28600 мың теңгеге дейін азаяды.
Мен бірінші және екінші әдістерді біріктіріп пайдалануды ұсынамын.Осы мәліметтерді қорытындай келе екі әдісті қатар пайдалану кәсіпорынның қысқа мерзімді қарыздарды меншікті активтерімен жабу қабілетін арттыра-ды. Бұл өз алдына кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттігінің артқанын білдіреді.
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты. Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы өзіндік құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді. Оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін
өнім және өндіріс технологиясымен
тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының
маңызды факторларының бірі - активтердің
тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ
кәсіпорынның басқару стратегиясын
дұрыс таңдап алуы болып табылады.
Ағымдағы активтерді басқару өнері
- кәсіпорын шотында оның ағымдағы
жедел қызметі үшін қажет болатын
қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан
тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың
ішкі, маңызды факторларының бірі
- бұл қаржы ресурстарының
Сонымен бірге тек таза
табыстың көлемі ғана емес, сонымен
қатар оны тара-ту құрылымы, әсіресе
өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі
де өте маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығында-ғы тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, соны-мен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.
Және де бұл жерде
кәсіпорынның төлеу
Жоғарыда айтылғандарды
қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақты-лығына
әсер ететін мынадай ішкі факторларды
атап көрсетуге болады:
•кәсіпорынның салалық топқа
жатуы;