Кәсіпорынның қаржылық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:57, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның келешектегі кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................2-4
І БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...................5-9
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі..................................................................................................................10-14
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері.....................................................14-19
ІІ БӨЛІМ.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.
2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау...........................................20-23
2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...................................24-28
2.4 Кәсіпорынның табыстылығын талдау......................................................28-34
2.5 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау..........................34-35
ІІІ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру..............................................................................................................36-37
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру..............................................................................................................37-39
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру..................................................40-41
Қорытынды............................................................................................................42
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................43

Работа содержит 1 файл

курстык жумыс.docx

— 79.79 Кб (Скачать)
ify">Пайд болу орнына дайланысты – ішкі және сыртқы;

Нәтижесінің маңыздылығына  байланысты – негізгі және негізгі  емес;

Құбылыс бойынша – қарапайым  және күрделі;

Әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.

    Ішкі  факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорынның еркне бағынышты емес.

     Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс  шығындарымен үздіксіз байланысқан  өндірілген өнім мен көрсетілген құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

    Кәсіпорынның  өндірілетін өнім және өндіріс техналогиясымен  тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгңі сомасын ұстаудан тұрады.

   Қаржылық  тұқрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы және құрылымы, олардың басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурстары, соның ішінде таза табыс қаншалықты көп болса, соншалықты өзін жайлы сезіне алады.

     Жоғарыда  айтылғандарды қорта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай факторларды атап өтуге болады:

  • кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
  • шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
  • төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
  • шығындардың көлемі және олардың ақшалай табыспен салыстырғанлдағы динамикасы;
  • қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
  • кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

   Сыртқы  факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен техналогия, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкімінің салық және несие саясаты, кәсіпорын қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

    Кәсіпорынның  тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыру оның өз контрагенттері мен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара  қарым қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу –жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өзжинақ қорын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күн ғана емес, болашақтада кәсіпорынның қажылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.

  Нарықтық  экономика  жағдайында жұмыс істеуші   кәсіпорынның қаржылық жағдайын  талдаудың  басты мақсаты (міндетті) келесілер  болып табылады:

  • қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
  • активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті реттеу;
  • айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
  • қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
  • кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
  • ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
  • баланстың өтімділігі, кәсіпорынның сұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсалюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
  • кәсіпорынның табыстылығын бағалау;
  • кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың денгейінің өзгеруіне әсер ететін факторларды есептеп шығару;
  • кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақлылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғыни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

     Кәсіпорынның  қаржылық қызметінің қалыпты болуы  әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігінің және кәсіпорынынң қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

    

1.2. Кәсіпорынның қаржылық  жағдайын талдаудың  ақпараттық  негізі.

    Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.ҚР  Президентінің 1995 жылғы 26-желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:

  • бухгалтерлік баланс;
  • қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
  • ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.

     Онда  сонымен қатар түсіндірме хат  болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен  алынған материалдармен толықтыруы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстанып отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылу тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктемелерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпарат, баға өзгерісінің әсері туралы мәліметтер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.

         Қазіргі кезде бізде қолданып жүрген отандық қаржылық есеп негізгі шамалары бойынша халықаралық есеп стандарттарының талаптарына сай келеді, себебі, ҚР - тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процессі белсенді жүргізіледі, ол біріншіден, негізін қараушы нарықытық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.

    ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарында жаңа көзқарастар пайда болады және оның бағыты өзгереді.

     «Қаржылық есептің мақсаты – бухгалтерлік есепті» №2 «бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар»  деген стандартында көрсетілгендей, - бұл қолданушының заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайда болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

   Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субеъктінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырған ресурстармен басқарушы орандардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпарттарды қамтиды. Қаржы есебі пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеуге, пайызды төлеуге, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егерде қолданушылар тек қана субъектіні қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ комерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржыылқ ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпарттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басы көзі ретінде сенуі тиіс.

      Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

     Баланс  – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Баланс  ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайда талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншіктік капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасымен жағдайын және кәіспорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

     Баланс  көрсеткіштері кәсіпорының капиталын  орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен  құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау ақпаратының ең қажетті түрі болып табылады.

     1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келеді. Активтер, баланс кәсіпорынының есептік кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соғады. Мүліктің түрлері және оның қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қорытындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.

      Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік – бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы – яғни олардың өтімділік дәрежесіне аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен бабтары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қортынды бабтары ең өтімді айналым қаражаты (ағымдағы активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырсу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа ақша қаражаттары.

     Баланстың   пассив бөлімдері мен бабтары төлем мерзімінің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принциптерге сай құрылады: төлем мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі кө бағыттарға дейін.

Активтер дегеніміз –  бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсететді (немесе активтер – бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиіс мүлік); пассивтер – бұл кәсіпорынның біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашанда пассивтер сомасына тең болуы тиіс».

        Сонымен, қаржылық есептің негізгі элементтерінің анықттамасын түсіндіруде батыс  елдерінен ешқандай айырмашылық  жоқ деп айтуға болады.

    Баланс  бухгалтерлік есептің «бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі анықтаулар» №2 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтады, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады. Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдауда қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.

      Баланс  қаржылық есеп беруде үш элементті   сипаттайды: активтер, меншікті капитал   және міндеттемелер. Қалған екі  элемент  – табыс және шығын  – қаржы  – шаруашылық қызметі  нәтижелері туралы есеп беруде  көрсетіледі.

      Қаржылық  жағдайды талдау барысында тек  бухгалтерлік баланс мәліметтеріне  ғана сүйенуге болмайды.Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды ақпараттық қамтамасыз етудің бірден-бір басты көзі болып табылады, ал оны оқу осы талдаудың алғашқы сатысы болып табылады.

    Алайда  кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс сомасын осы кәіспорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе (шығын) зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңазеландиялық фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі. Мұның түп тамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс батыс фирмалары қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады, олар сондықтан да оның ең алдымен сыртқы пайдаланушыларға әйгілеп көрсетуге тырысады.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайы