Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 21:42, курсовая работа
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Жоспар
Кіріспе
І бөлім.Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
1.1.Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
1.2.Үстеме шығыстардың есебі
1.3.Көмекші өндірістің шығындарының есебі
1.4.Қарапайым және күрделі өндірістің калькуляциясы
ІІ бөлім.Өндіріске жұмсалған шығындардың есебі
2.1.Негізгі өндіріс шығындарының есебі
2.2.Өндірістегі ақауларды есепке алу
2.3.Әлеуметтік сфераны ұстау бойынша жасалатын шығындардың есебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
6. Жеке керек-жарақтар мен киім-кешек сатып алу - төсектер; тәрбиешілер, медициналық және басқа қызметшілер үшін арнаулы киімдер, ясли жасындағы балалар үшін киімдер мен жаялықтар, басқа да уақ-түйек керек-жарақты сатып алуға жұмсалатын шығындар.
7. Басқа да шығындар — іс-сапарларға,
қызмет сапарларына жұмсалатын және бұдан
бұрынғы баптарда ескерілмеген басқа
да шығындар.
Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырудың кез келген кәсіпорын үшін манызы зор.
Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына (типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа (тұрпатқа) бөлінеді.
Жеке-дара (жекелеген) өндіріс — өнім жекелеген даналарымен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды; субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламасында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшелінеді; дайындық-қорытындылау жұмыстарына кететін шығындардың деңгейі салыстырмалы жағдайда алғанда біршама үлкен болады; өндірістің баска да тұрпаттарына қарағанда өндірістік цикл ұзақ болып келеді. Жеке-дара өндірісте, әдетте, шығындарды есепке алу үшін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық әдіс қолданылады, бұл орайда шығындар әрбір бұйым (тапсырыс) бойынша есепке алынады.
Сериялық өндіріс біркелкі бұйымдарды
дайындап шығарудың оқтын-оқтын қайталанып
отыруымен сипатталады және оған мынадай
ерекшеліктер тән: шығарылатын өнім номенклатурасының
шектеулілігі; жұмыс орындарының салыстырмалы
түрде алғанда кең мамандануы; мамандандырылған
машиналардың, аспаптар мен қондырғыларының
қолданылуының шектеулілігі. Сериялық
өндіріс машина жасау өнеркәсібінде және
металл өңдеуде неғұрлым кең тараған.
Бұл кәсіпорындарда өнімнің шығарылуын
есепке алу сериялы бұйымдарға тән етіп
қолданылады, бірақ ол бұйымдарды құрастыратын
партияларға қолданылмайды.
Информация о работе Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру