Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 21:42, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Содержание

Жоспар
Кіріспе
І бөлім.Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
1.1.Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
1.2.Үстеме шығыстардың есебі
1.3.Көмекші өндірістің шығындарының есебі
1.4.Қарапайым және күрделі өндірістің калькуляциясы
ІІ бөлім.Өндіріске жұмсалған шығындардың есебі
2.1.Негізгі өндіріс шығындарының есебі
2.2.Өндірістегі ақауларды есепке алу
2.3.Әлеуметтік сфераны ұстау бойынша жасалатын шығындардың есебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорындардағы негізгі өндіріс шығындарының есебі..doc

— 242.00 Кб (Скачать)

        Көмекші өндірісте біртектес өнімдер әзірленсе, онда құрал-жабдықтар, машинаны пайдалану және күтіп-ұстау шығыстары негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды таратылады.

        Есептелген сметалық мөлшерлеменің негізінде құрал-жабдықты пайдалану және күтіп-ұстау шығыстарын өнімді шығару туралы мәліметтерін тарату үшін келесі есептеулер жасалады (5 кесте)

        1.3 Көмекші өндірістің шығындарының есебі

        Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл — қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехы, автотранспорт және т.б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 920 шоты арналған және ол "Цехтардың шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.

        Көмекші өндірістің шығындарын есепке алу үшін мына шоттар арналған:

        920 - "Көмекші өндірістер (қорытушы шот)";

        921  - "Материалдар";

        922 - "Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу";

        923 - "Еңбекақыдан қаржы бөлу";

        924 - "Амортизациялық қаржы бөлу";

        925  - "Басқа да шығыстар".

        Көмекші өндірістердің әрбір цехтары бойынша шығындарды есепке алу "цехтар шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі. Ведомосқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.

        Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістің күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық жөне технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.

        Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шығарылатын өнімнің біртектестігі немесе біртектес еместігі көмекші өндірістің көрсеткен қызметінін өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр етеді.

        Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы біршама ерекшеленеді, өйткені кейбір цехтар бір-бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді: жөндеу-механикалық цехы жүк автомашина цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт цехы жөндеу-механикалық цехына жүкті тасымалдайды.

        Автомашинаның ағымдағы жөндеуінің өзіндік құнын есептеу үшін автомашинамен тасымалданатын жүктің өзіндік құнын білу керек, ал тасымалданатын жүктің өзіндік құнын есептеу үшін ағымдағы жөндеудің өзіндік құнын білу керек. Бұл жағдайда, өзіндік құны не математикалық, не есептік өзіндік құн бойынша (немесе өткен айдағы қызмет көрсетудің құны бойынша) есептелінеді. Математикалық әдіс анық болғанымен, іс жүзінде екінші әдісі кенінен пайдаланылады. Көмекші өндірісте шығындар ай сайын таратылады, сондықтан онда қалдық қалмайды.

        Тек жөндеу-механикалық пен аспаптар жасайтын цехтарды қоспағанда, бұл цехтарда ай соңында қалдықтары болуы мүмкін. Бүндай қалдықтарды есептік кезеңнің соңында өндірістік (басқарушылық) бухгалтериядан қаржылық бухгалтериясына беріледі, ол кезде 213 - "Көмекші өндіріс" шоты дебеттеледі де, 920 - "Көмекші өндіріс" шоты кредиттеледі — бұл операцияның көмегімен аяқталмаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп берудің көмекші өндірісіне жатқызылады.

        Келесі есептік жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндірістік (басқарушылық) бухгалтерияға беріледі, ол кезде 920 - "Көмекші өндіріс" шоты дебеттеліп, 213 - "Көмекші өндіріс" шоты кредиттеледі.

        Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін және атқарған жұмысын тұтынушылар бойынша тарату үшін "Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату" деп аталатын талдамалы кестесін жасайды. Онда әрбір кемекші цехтардың жиынтык шығындары, өндірілген өнімнің саны керсетіледі: су қайнататын қазан цехы бойынша — будың тоннасы, компрестік қондырғы — қысылған ауаның кубаметрі, электростанция — киловатт/сағаты, автотранспорт — тонно/километрі. Содан соң жұмыс пен қызметтің өзіндік құнының бірлігі аныкталады. Өзіндік құнның бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен қызметті тұтынғандарға таратады.

        Көмекші өндірістің өнімінің санын счетчиктердің көрсеткіштері бойынша немесе шамамен (шартты жолымен) анықтайды.

        "Көмекші өндіріс қызметін таратудың" талдамалық кестесі үш бөлімнен тұрады.

        Бірінші бөлімде өнімнің, жұмыстардың көрсетілген қызметтердің және көмекші өндірістер шығындарынан, ондағы материалдық құндылықтардың іс жүзіндегі өзіндік құны есептелініп шығарылады және олардын жоспарлы өзіндік құны келтіріледі. Қабылданған және керсегілген қарама-қарсы қызметтердің өзіндік құны тең болуға тиіс. Екінші бөлімде алынған және көрсетілген қызметтердің саны мен жоспарлы өзіндік құны, негізгі тұтынушыларға босатылған қызметтердің саны мен құны, материалдық шоттарға кіріске алынған құндылықтардың құны көрсетіліп, өнімнің жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бір өлшемінің өзіндік құны анықталады.

             Екінші бөлімнің деректері "Цех шығындарының" негізінде ведомосқа жазылады, содан соң өнімді, жұмысты және қызметті тұтынғандардың шоттары дебеттеледі де, 920 шоты кредиттеледі.

        Үшінші бөлімде көрсетілген қызметтің жабдықтаушысы болып саналмайтын бөлімшелердің шығындарының таратылғаны көрсетіледі.

        Технологиялық процестің сипатына және шығаратын өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің біртектілігіне қарай қосымша өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

        Қарапайым өндіріс біртекті, күрделілігі бірдей өнімдерді шығарады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс пен шалафабрикаттар (электр станциялары, бу-қазандық, компрессорлықжәне оптегі станциялары, автомобиль көлігі) болмайды.

        Күрделі өндіріс алуан түрлі өнім түрлерін шығарады, оның аяқталмаған өндірісі болады және бұйымдардың, өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша есеп жүргізуді талап етеді. Күрделі өндіріске жөндеу, модельдік (үлгілік), аспаптық, ыдыс цехтары жатады.

        Енді осы аталған түрлеріне сәйкес біз бір мысал келтіріп көрейік.

        Кәсіпорынның құрамында көмекші өндіріс ретінде: автотпранспорттық, жөндеу-механикалық, бу қазандық цехтары бар бопсын делік. Олардың ішінен жөндеу-механикалық цехы - күрделі цех болып саналады, ал қалған екеуі қарапайым цехтар қатарына жатады.

        Ай ішінде көмекші өндіріске мынадай шығындар жатқызылды:

        1.4 Қарапайым және күрделі өндірістің калькуляциясы.

        Қарапайым өндірісінде өнімнің, қызметтің және жұмыстың өзіндік құнының бірлігі ықшамдалған тәсіл бойынша калькуляцияланады: шығарылған өнімге, жұмысқа, қызметке қатысты шығын сомасын сол өнімнің санына бөледі (өзара көрсеткен қызметтерін шегеріп барып).

        Анықталған өнімнің, қызметтің, жұмыстың өзіндік құны бойынша тұтынушыларға 920 шотының кредитінен есептен шығарылады.

        1. Бу қазан цехы. Бу қазан цехының таза өзінің шығыны 2610080 теңге құраған, ал жөндеу-механикалық цехының көрсеткен қызметі (құрал-жабдықтарды жөңдеу бойынша) — 175150 теңге құраған, автотранспорт цехының көрсеткен қызметі (есептік құны бойынша) — 382719 теңге құраған.

        1 тонна будың есептік өзіндік құны — 185 теңге құраған (өткен айдағы нақты шығындарының деңгейінен алынған).

        Ағымдағы айда жылыту үшін 14397 тонна бу шығарылған, енді ол счетчиктердің көрсеткішіне сәйкес тұтынушылардың арасына таратылады:

        Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құны 2920049 теңге құраған (6 кестеге қараңыз): 2610080 + 175150 + 382719 - 1340 х 185 (жоспарлы өзіндік құны бойынша жөндеу-механикалық цехының көрсеткен қызметі). Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құнының бірлігі 223,64 теңгеге тең болған (2920049 : 13057).

        Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құны туралы мәліметтің (223,64 теңге) және тұтынылған қызметтің саны туралы ақпараттың негізінде бу қазанының шығындары тиісті тұтынушылары бойынша есептен шығарылады.

        2. Автотранспорт цехы. Автотранспорт цехының тасымалдаған жүгінің саны 18957 ткм құраған (ағымдағы айдың жол парағының мәліметі бойынша). Ал автотранспорт цехының өзі жасаған шығын 3414419 теңге - құраған, қарама-қарсы қабылданған қызметтің деңгейі — 253861 теңге құраған (жөндеу-механикалық цехының көрсеткен қызметі, 6 кестеге 568 б. қараңыз). Өткен айдың нақты өзіндік құны туралы мәлімет бойынша бір т/км-дің жоспарлы өзіндік құны 193 теңге құраған.

        Жоспарлы өзіндік құн бойынша қарсы көрсетілген қызметтін сомасы цехтар бойынша мынаны құраған:

        бу қазан цехы бойынша — 382719 теңге (1983 т/кмх!93);

        жөндеу-механикалық цехы бойынша — 100360 теңге (520 т/кмх!93).

        Жоғарьща келтірілген мәліметтер бойынша негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құнының сомасы 3185021 теңге құраған (3414419+253681-382719-100360). Негізгі тұтынушыға көрсетілген қызметтің көлемі 16454 т/км құраған (18957-1983-520). Негізгі тұтынушылар бойынша шығындардың жалпы деңгейін (3185021) негізгі тұтынушыларға керсетілген қызметтің келеміне (16454) бөлеміз де, 1 т/км нақты өзіндік құнын табамыз, ал ол біздің мысалда — 193,57 теңге құраған (3185021:16454).

        Жасалған калькуляцияның және жол парағының негізінде транспорттық қызметті тасымалданған жүктің т/км бойынша есептелген санына пара-пар (пропорционалды) етіп тұтынушылардың арасына таратылады.

        Күрделі өндірістің калькуляциясы. Шығындардың талдамалық есебі жөндеу түрлері және жөнделетін объектілер бойынша, дайындалған аспаптар, керек-жарақтар, модельдер (үлгілер) түрлері немесе топтары бойынша жүргізіледі. Әрбір есеп (калькуляция) объектісіне талдамалық есеп ведомосы немесе карточкасы ашылады. Онда айдың басындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтары, ағымдағы ай ішіндегі шығындар, есепке алынған шығындарды азайту тәртібімен есептеп шығару (материалдардың қайтарылуы, өндіріс қалдықтары), дайын өнімді кіріске алу, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің құнын есептеп шығару, ай соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтары көрсетіледі.

        Жеке орындауға қабылданған цех тапсырысы тапсырыстар кітабына жазылады және олар белгіленген мерзімде орындалуы тиіс. Накладнойда, жұмысшының нарядында және басқа құжаттарда тапсырыстың нөмірі көрсетіледі. Бұл жұмсалған әрбір шығынды тиісті тапсырысқа жатқызуға кажет. Материалдар бір тапсырысқа қажет шегінде қоймадан босатылады. Пайдаланбаған материалдар тапсырысты орындағаннан кейін қоймаға қайтарылады және сол қайтарылған материалдардың құнына тапсырыстың шығыны азайтылады.

        Әрбір тапсырыстың өзіндік құны цех мәліметтерінің негізінде бухгалтерияда есептелінеді. Өзіндік құнның калькуляциялық-карточкасының негізінде ай сайын 920 шоттың кредитінен тиісті тұтынушыларға есептен шығарылып отырады.

        Мысалға, жөндеу - механикалық цехының еңбеккерлері негізгі цехтың (кесу және пішу) құрал-жабдықтарына күрделі жөндеу жұмысын жүргізген, сондай-ақ бу қазан және автотранспорт цехтарына ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізген және олардың өндірісіне кажет құрал-саймандарды әзірлеген.

        Накладной мен нарядтың негізінде жұмыс түрі мен тұтынушылары бойынша тапсырыстарды топтастырады, содан соң бүкіл жөндеу-механикалық цехы бойынша шығындарын анықтайды, олар келесі түрде жасалады:

        Бу қазаны мен автотранспорт цехының жөндеу-механикалық цехына көрсеткен қызметі қарама-қарсы қабылданған өткен айдағы қызметтің нақты өзіндік құны туралы мәліметтің негізінде анықталған есептік құны бойынша көрсетілген:

            - бір т/км өзіндік құны — 193 теңге;

        - бір тонна будың өзіндік құны — 185 теңге.

        Күрделі және көмекші өндірістеріндегі өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын дұрыс есептеу үшін аяқталмаған өндірістің деңгейін анықтаудың үлкен маңызы бар екенін атап өткен абзал. Нақтылап айтқанда, осы екі әдіс бойынша, яғни: іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша да, есептеп шығару жолымен де бағалауға болады.

        Бірінші әдіс кезінде жөндеу жұмыстарына, тапсырыстарға, не өнімнің жекелеген түрлерін дайындауға кеткен шығындар бойынша есептеп шығарылады. "Негізгі материалдар", "Қосалқы материалдар", "Негізгі және қосымша жалақы" және т.б. баптар бойынша шығындар бастапкы құжаттардың деректері бойынша тікелей табылады. Қосымша шығындар оларды белу тәртібімен белгіленген көлемде аяқталмаған өндіріске жатқызылады.

        Екінші әдіс кезінде түгендеу деректері бойынша аяқталмаған өндіріс объектілерінің саны және норма-сағаты олардың дайындық деңгейімен анықталады. Норма-сағаттардың санын есептеп шығарып және бір норма-сағаттың жоспарлы өзіндік құны арқылы аяқталмаған өндірістегі жалақының үлесін табады. Материалдардың құнын нормативтік калькуляцияның деректері бойынша, ал қосымша шығындарды — жалақыға проценттік қатынасы бойынша анықтайды. Осы баптар бойынша жасалған шығындар сомасы аяқталмаған өндірістің құнын құрайды.

Информация о работе Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру