Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 21:42, курсовая работа
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Жоспар
Кіріспе
І бөлім.Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
1.1.Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
1.2.Үстеме шығыстардың есебі
1.3.Көмекші өндірістің шығындарының есебі
1.4.Қарапайым және күрделі өндірістің калькуляциясы
ІІ бөлім.Өндіріске жұмсалған шығындардың есебі
2.1.Негізгі өндіріс шығындарының есебі
2.2.Өндірістегі ақауларды есепке алу
2.3.Әлеуметтік сфераны ұстау бойынша жасалатын шығындардың есебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Анықталған ақауды ақау туралы хабарламамен рәсімдейді. Онда бұйымның атауы, ақау байқалған операциясы, кінәлілер және ақаудың туындау себептері, жарамай қалған бөлшектерге жаткызылған тікелей шығындарының сомасы көрсетіледі. Осы арада түзетуге келмейтін ақау бойынша кіріске алынуға жататын сынықтар мен бағалы қалдықтардың құны айқындалады.
Ақаудың барлық түрлері бойынша келесі шоттардың корреспонденциясы жасалады. Конструкциялар жөне бөлшектер" шотында есепке алынады. Өндірістің езінде өндірілген шалафабрикаттарға өнделіп бітпеген барлық еңбек өнімдері, яғни бір цехта жасалған және басқа цехтарда өнделуге тиісті бұйымдар жатады. Мысалы, қара металлургияда - өңделетін шойын; резина өнеркәсібінде - шикі резина мен желім; химия өнеркәсібінің азотты тыңайтқыштар комбинаттарында - күкіртті қышқыл; тоқыма өнеркәсібінде - иірілген жіп және кендір (шуда) жіп.
Шалафабрикаттардың есебі 910-"Өзіне меншікті өндірісіндегі шалафабрикаттар" деген активті инвентарлық шотта жүргізіледі, олардың бөлек есебін жүргізетін кәсіпорындарда өзі өндірген шалафабрикаттардың мөлшері және олардың қайда берілгені туралы ақпарат қорытындыланады. Егер де 910-шоты қорытындыланбайтын болса, өндірістің өзінде өндірілген шалафабрикаттар аяқталмаған өндіріс ретінде 900 - "Негізгі өндіріс" шотында есепке алынады.
910 шоты алдын ала мына шоттарда көрсетілген ақпараттарды жинақтауға (шолуға) арналған:
911 - "Материалдар" - материалдар құнының бір бөлігі ретінде өндіріске босатылған шалафабрикаттар;
912 - "Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы" - еңбек ақыға төленетін шығыстың бір белігі;
913 - "Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар" - 912 шоты бойынша көрсетілген, еңбек ақыдан есептелген әлеуметтік салықтың бір бөлігі;
914 - "Үстеме шығысы" - шалафабрикат өндірісіне қатысты үстеме шығысының бір бөлігі.
Ай соңында 910 шоттың дебетіне өзі өндірген шалафабрикаттың өндірісі бойынша барлық шығыстары мен (911-914) шалафабрикат өндірісі бойынша ақаумен байланысты сома да, есептік кезенде аяқталмаған шалафабрикаттың құны да 212 - "Өзіне меншікті өндірісіндегі шалафабрикаттар" шотынын кредитінен әкелінеді, ал олар өз ретінде осы есептік кезеңде шалафабрикаттың өзіндік құнын калькуляциялау үшін қажет.
910 - "Өзіне меншікті өндірісіндегі шалафабрикаттар" шотының кредитінен шалафабрикаттардың дайын нақты өзіндік құны мен аяқталмаған өндіріс құны мына шоттардың дебетіне есептен шығарылады:
900 - "Негізгі өндіріс", 920 - "Көмекші өндіріс" - одан әрі өңдеу үшін негізгі немесе көмекші өндірістерге берілген шалафабрикаттардың бір бөлігі;
221 - "Дайын өнім" - сатуға жататын шалафабрикаттардың дайын бөлігі;
212 - "Өзіне меншікті өндірісіндегі шалафабрикаттар" - шалафабрикат өндірісіндегі аяқталмаған бөлігі.
Шалафабрикаттардың талдамалық есебі олардың сақталатын жерлері және жекелеген атаулары (түрлері, сорттары, мөлшерлері және т.б.) бойынша жүргізіледі. Шалафабрикаттардың қайда жұмсалынып жатқаны туралы деректерді жинақтау үшін "Цехтардағы материалдарды есепке алу ведомосы" қолданылады, ол, әдетте, цехтардың, учаскелердің берген есептері негізінде жасалады. Ведомоста айдың басындағы және сонындағы шалафабрикаттардың қалдықтары; жалпызауыттық қоймадан, цехтардан дербес қоймаларынан түскен түсімдері, баска да түсімдері; жалпызауыттық қоймаларға қайтарылғаны, цехтардың дербес қоймаларына берілгендері; басқа да босатулар және есептен шығарылғандар (оның ішінде кем шығу) көрсетіледі.
Өндірістегі шалафабрикаттар қозғалысын,
яғни жедел есебін кәсіпорынның басқару
бухгалтериясы, не өндірістік-диспетчерлік
қызметі жүргізеді.
Кәсіпорын қызметкерлерінің тұрмыстық мұқтаждығына тиісті өндірістер мен шаруашылықтар (асханалар, наубайханалар, моншалар, кір жуу, тұрғын үй-тұрмыстық шаруашылық, мектепке дейінгі балалар мекемелері, жөндеу және пішу шеберханалары және басқалар) қызмет көрсетеді. Осы өндірістердің өндірген өнімінің, атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтерінің шығындарының есебі 940 - "Әлеуметтік сфера" шотында жүргізіледі; оның құрамына мынадай субшоттар жатады:
1. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы";
2. "Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары";
3. "Тұрмыстық қызмет көрсету, киім тігу және басқа да өндірістер";
4. "Демалыс және еңбек лагерьлері";
5. "Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері";
6. "Мәдени-тұрмыстық мақсаттағы мекемелер";
7. "Басқа да өндірістері мен шаруашылықтар".
Қызмет көрсетуші өндірістер мен шаруашылықтардың шығындарын есепке алу, олар үшін белгілеген шығындар баптарының номенклатурасы бойынша "Қызмет көрсетуші өндірістер мен шаруашылықтардың шығындарын есепке алу ведомосында" жүргізіледі.
Ведомосқа жазу "Жалақы мен материалдар шығындарын тарату", "Негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясының есебі", "Көмекші өндірістер көрсеткен қызметтерін тарату" талдамалы кестелерінен және басқа да құжаттарынан жасалынады.
Әлеуметтік сфераның шығындарын есепке алатын ведомоста көрсетілген мәліметтер әлеуметтік сфераның әрбір объектілері бойынша жұмсалған шығындарды бақылау үшін пайдаланылады. Оның көптеген объектілерінде аяқталмаған өндіріс болмайды, не болмаса оның мөлшері азғантай болғандықтан калькуляциялау кезінде ескеріле бермейді.
Жекелеген өндірістер мен шаруашылықтар бойынша есепке алу әдістемесін қарастырып көрейік.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарының шығындары мен табыстарын есепке алу (1 субшоты). Оның құрамына тұрғын үй қоры, жалға тапсырылған тұрғын үй емес үй-жайлары, (үй астындағы подвалдар (телелер)), радиотораптар, санитарлық-гигиеналық объектілер (сумен жабдықтау, канализация, моншалар, кір жуу, шаштараз және т.б.), жол шаруашылығы, қонақүйлер және т.б. ТҮКШ бойынша шығындар мен табыстарды есепке алу 940 шотта шығыстар баптарының мынадай номенклатурасы бойынша жүргізіледі:
1. Жалақы мен жалақыдан жасалатын (аударылатын) аударымдар — ТҮКШ қызметкерлеріне негізгі және қосымша жалақы — аула сыпырушыларына, күзетшілерге, коменданттарға және аталған қызметкерлердің жалақысынан аударылатын аударымдар (21% мөлшерлеме бойынша ұсталынатын (есептелінген) әлеуметтік салық).
2. Үй шаруашылығын ұстау — қоқыстарды алып кету және қоқыстарды жағу, қардан тазарту (алып кету), жалпы пайдаланудагы жерлерді күтіп-ұстау және т.б. басқа да шығыстар.
3. Тұрғын үй құрылысын жөндеу — тұрғын ұйлерді, ғимараттарды және баска негізгі құралдарды жөндеу жөніндегі шығындар: жұмысшылардың еңбек ақысы, еңбек ақыдан аударылған аударымдар, жөндеу материалдарының құны, көліктік және басқа да шығындар, мердігерлік әдіспен және өзінің көмекші өндірісінің көмегімен атқарылған жөндеу женіндегі жұмыстарға ақы төлеу.
4. Тұрғын үй қорының негізгі құралдарының амортизациясы — ТҮКШ амортизацияланатын негізгі құралдары бойынша амортизациялық аударым сомасы (ауланың жақсылап жабдықтаушылық объектілерін қоспағанда, олар бойынша тозу сомасы баланстан тыс 014 - "Тұрғын-үй қорының (құрылысының) тозуы" және 015 - "Сыртқы жақсылап жабдықталушы объектілерінің және баска да ұқсас объектілерінің тозуы" шоттарында ескеріледі).
5. Тұрғын үй құрылысы (қоры) бойынша басқа да шығыстар — бұрынғы баптарда есепке алынбаған шығындар.
Жекелеген талдамалық шоттарда тұрғын үй пәтерлері мен жатақханалар тұрғындарынан орталықтандырылған жылу, канализация және ассенизация, ыстық сумен жабдықтау, телефонды және ұжымдық антенналарды пайдаланғаны үшін алынатын нысаналы алымдар есебінен жүргізілетін шығыстар есепке алынады. Олар бойынша шығыстар бұл қызметтерді осы кәсіпорынның коммуналдық шаруашылығы көрсетті ме, әлде басқа кәсіпорын көрсетті ме, оған қарамастан "Коммуналдық қызмет" арқылы жүргізіледі. Нысаналы алымдарды (кірістерді) есепке алу жекелеген талдамалық шоттардағы алымдар түрлері бойынша жүргізіледі.
ТҮКШ кірістері мынадай баптар бойынша есепке алынады: пәтерақы, тұрғын үй емес үй-жайға арендалық (жалғалық) ақы төлеу, үй шаруашылығының пайдалану шығындарын жабу үшін арендаторлардан (жалға алушылардан) алым жинау, басқа да кірістер.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындагы шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептеу (2 субшоты). Стационарлық асханаларды ұстау жөніндегі шығындар мынадай баптар бойынша жүргізіледі:
1. Жалақы және жалақыдан аударылатын аударымдар — асхана қызметкерлерінің негізгі және қосымша жалақы және осы қызметкерлердің жалақысынан аударылатын аударымдар (21% мөлшерлеме бойынша есептелген әлеуметтік салық).
2. Шикізаттар (өнімдер) — белгіленген рецептураға сәйкес тамақты (блюдоны) дайындау үшін асханаға босатылған өнімнің (тауардың) құны.
3. Отын, су — тамақты (блюдоны) дайындау үшін жұмсалған отын мен судың құны.
4. Ғимаратты күтіп-ұстау — жарық, жылу, сыпыру, амортизация, жөндеу, транспорт, ыстық және суық су, тамақты дайындау үшін технологиялық отындар.
5. Амортизация және басқа да ұсақ керек-жарақтар бойынша шығыстар. Бұл бапқа қоғамдық тамақтандыру саласындағы негізгі құралдардың амортизациясы, сондай-ақ ұсақ керек-жарактардың құны (қасық, ыдыс т.б.) жатады.
6. Басқа да шығындар — бұрынғы баптарда керсетілмеген шығындар (асхана жамылғыларын жуу және жөндеу, ыдыстарды шаю және т.б.) кіреді.
Дайын тағамдардың өзіндік құнын аныктау және тағамның сатылу құнын есептеу олардың калькуляциялық карточкаларында жүргізіледі. Оларда рецептуралар бойынша тағамдардың реттік нөмірі, рецепт бойынша тағамдардың құрамына кіретін өнімдердің атаулары, өнімдердің жұмсалу нормалары және олардың сатылу бағалары жазылады. Есептеу үшін 100 тағамдық өлшем бірлігін алады. Есеп айырысу 100 тағамға жүргізіледі. Тағамның сатылу бағасына қосылатын үстеме ақыны асханалар өндірісінің шығындарын жабу қажеттігін негізге ала отырып анықтайды. Тағамның құны шикізат жиынтығы немесе өнімдерге баға өзгергенге дейін сақталады. Сату бағасының дұрыс белгіленгені калькулятордың (бухгалтерияның) қолымен расталып, оны өндіріс меңгерушісі немесе асхана директоры бекітеді. Карточкалар нөмірленіп, арнаулы картотекаларда сақталады.
Асхана қоймасына келіп түскен өнімдер (азық-түлік) мен тауарлар материалдарды есепке алу карточкаларында атаулары, сорттары, саны және құны бойынша есепке алынады. Кәсіпорын бухгалтериясында асханадағы өнімдер 222-шотта есепке алынады.
Қоймадан алынған өнімдер асхана меңгерушісінің немесе басқа жауапты қызметкерлердің есебіне жазылады, ол күн сайын накладнойлардың, лимиттік-алу карталарының, кассалық чектердің негізінде ас-үй бұйымдарын сату мен босату есебін жасап, онда тағамдардың санын және олардың сату бағасын көрсетеді. Қолма-қол есеп айырысуға дайын тағамдарды босатқан кезінде кәсіпорын бухгалтериясы кассирдің есеп беруінде көрсетілген сомасын түскен түсіммен салыстырады.
Асхана меңгерушісі белгіленген мерзімде бухгалтерияға бұйымдардың сатылуы мен босатылуы туралы есеп тапсырады, оған түскен түсімдердің кассаға тапсырылғаны туралы кассалық ордерлер квитанциясын қоса тіркейді.
Асханалардағы тағамдардың босатылуын кәсіпорын күні бұрын өткізген абономенттер (біржолғы талондар) бойынша жүргізуге болады. Абономенттер қатаң есептегі бланкілер ретінде нақтылы құны (нөмірлері, сериялары, саны және материалдық жауапты адамдар) бойынша 006 - "Қатаң есептегі бланкілер" деп аталатын баланстан тыс шоттарда есепке алынады. Абономенттер бойынша босатылған тағамдардың құны дастарқан мәзірінде (менюде) көрсетіледі.
Мектепке дейінгі балалар мекемелерін ұстау женіндегі шығындарды есепке алу (940,4-субшоты) олардың әрқайсысы шығындардын мынадай баптары бойынша жүргізіледі:
1. Жалақы және еңбек ақыдан аударылған аударымдар - педагогикалық, медициналық және басқа да қызмет көрсететін адамдардың негізгі және қосымша жалақысы және жалақыдан есептелген аударымдар (21% мөлшерлеме бойынша есептелген әлеуметтік салық).
2. Шаруашылық шығыстары — үй-жайларды ұстау, жинау, жылыту, жарық беру, жөндеу, сумен жабдықтау, канализация, жаймаларды жуу, жөндеу және т.б. шығындар.
3. Оқытуға байланысты шығыстар және кітапхана үшін кітаптар сатып алу — балалармен сабақ өткізу және балалар мерекелерін еткізу үшін қуыршақ, құралдар мен материалдар сатып алу.
4. Тамаққа жұмсалған шығындар - белгіленген нормалар бойынша тамақ өнімдерінің құны.
5. Шаруашылық мақсаттары үшін жұмсалған шығындар, яғни жабдықтарды және керек-жарақтарды, жиһаздарды сатып алуға.
Информация о работе Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру