Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 21:42, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Содержание

Жоспар
Кіріспе
І бөлім.Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
1.1.Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
1.2.Үстеме шығыстардың есебі
1.3.Көмекші өндірістің шығындарының есебі
1.4.Қарапайым және күрделі өндірістің калькуляциясы
ІІ бөлім.Өндіріске жұмсалған шығындардың есебі
2.1.Негізгі өндіріс шығындарының есебі
2.2.Өндірістегі ақауларды есепке алу
2.3.Әлеуметтік сфераны ұстау бойынша жасалатын шығындардың есебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорындардағы негізгі өндіріс шығындарының есебі..doc

— 242.00 Кб (Скачать)

Жоспар

Кіріспе

І бөлім.Кәсіпорындағы  өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру

1.1.Кәсіпорындағы  өндірістік есеп пен өндірісті  ұйымдастыру

1.2.Үстеме шығыстардың  есебі

1.3.Көмекші өндірістің  шығындарының есебі

1.4.Қарапайым  және күрделі өндірістің калькуляциясы

ІІ бөлім.Өндіріске  жұмсалған шығындардың есебі

2.1.Негізгі өндіріс  шығындарының есебі

2.2.Өндірістегі  ақауларды есепке алу

2.3.Әлеуметтік  сфераны ұстау бойынша жасалатын  шығындардың есебі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Кіріспе

      Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде  ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты  және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

      Шаруашылық  жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі  экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

      Экономиканың  барлық саласындағы кәсіпорындардың  иелері мен еңбек ұжымдары шикізат  пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүлделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

            І бөлім Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру

            1.1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру

 

            Кәсіпорын — түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.

        Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.

        Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу — машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.

        Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.).

        Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру женіндегі цехтар) негізгі өндіріс калдыктарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.

        Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім ендіреді.

        Эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.

        Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын ұжымының тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, моншалар, кір жуатын орындар) болады. Бұл кәсіпорындар өнімді дайындауға, сондай-ақ басқа да тарапта жұмыстарды атқаруға немесе қызмет көрсетуге өз септігін тигізеді.

        Сериялардың көлеміне қарай өндірістер мынадай үш түрге бөлінеді: ірі сериялық өндіріс (өнім жыл бойы үздіксіз дайындалады), сериялық (мамандану анағұрлым тар, ал өндірістік желілер мен цехтар бойынша және технологиялық жағынан мамандырылған), ұсақ сериялық өндіріс (жекелеген өндірістен ұсақ сериямен өнім шығаруға арналған).

        Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік немесе қайта жасау әдістерін қолданады.

        Жаппай өндіріс — ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс тұрпаты (типі). Шығарылатын өнімдердің ассортименті (түрлері) көп болмағанымен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін, белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардың жоғары денгейі және өндірістің жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болып табылады. Бұл арада әдеттегідей өнімнің және онын негізгі элементтерінің өзіндік құнын есепке алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі қолданылады.

        Өндірісті ұйымдастыру типі (тұрпаты) тек шығындарды есепке алуға және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді. Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы ауысым (смена) ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ сериялық өндірістерде — жасалған жұмыстар нарядтарымен үйлесімде көбіне маршруттық парақтарына жазылады.

        Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау), қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бакылауды көздейді.

        Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау ушін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:

      - шығындардың туындайтын (пайда болатын)  орындары (өндірістер, цехтар, учаскелер)  бойынша; өндіріс тізбесі (соның  ішінде өндеуі) бойынша, ал олар  шығындарды есепке алу мен  жоспарлау кезінде субъектінің  есеп саясатында анықталғандай  етіп бөлінеді;

      - қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына енеді;

      - шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша; тікелей — өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты болып; жанама - өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді;

      - өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы — шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикізаттың шығысы, технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.); тұрақты — өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі құралдардың амортизациясы);

      - шығыстар түрі бойынша (баптары және элементтері бойынша); экономикалық элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; еңбек ақы шығындары; еңбек ақыдан айдарылатын аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы (тозуы); басқа да шығыстар кіреді.

            Шығындар баскару қызметі (функциясы) бойынша:

        - өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);

        - коммерциялық (сатумен байланысты);

        - әкімшілік (басқару процесімен байланысты).

        Коммерциялық және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады, ал олар өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады, олардың сызбасын (схемасын) мынадай етіп салуға болады:

        

            1 сызбасы. Өндірістік өзіндік құны 

        Келтірілген сызбадан байқағанымыз өзіне активтердің азаюын енгізетін шығындар (материалдар, ақша қаражаты және т.б.) немесе міндеттемелердің өсуіне (көбінесе кредиторлық қарыздар) әкелетін шығындар жаңа активтерді жүзеге асырады, ал ол ресурс ретінде анықталып, еткен оқиғалардың нәтижесі ретінде одан болашақта табыс алынатын болып күтіледі.

            Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі пайдаланады, оған 90 - "Негізгі өндіріс", 92 - "Көмекші өндіріс", 93 - "Үстеме шығындар", 95 -"Өндірістегі ақау" бөлімшелерінің шоттары кіреді.

        Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады:

        "Цехтар бойынша шығындар" ведомосы, онда 90, 92, 93 және 95 бөлімшелер шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 90, 92, 93 және 95 шоттарының есебі компьютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті машинограмма қолданылады. Ай соңында бухгалтерия өндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге асырады.

        "Цехтар бойынша шығындар" ведомосына жазу үшін мыналар негіз болып табылады:

       - "Материалдар (жалақы) шығындарын бөлу (тарату)" кестесін әзірлеу, онда шикізат, материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің басқа да материалдық запастары көрсетіледі (20 - "Материалдар" белімшесі шоттарының кредиті); өндіріс персоналдарына төленген еңбек ақы шығыстары (681 -"Персоналдармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу" шотының кредиті); еңбек ақыдан аударылатын аударымдар (634 - "Басқа да" шоттың "Әлеуметтік салық" субшотының кредиті);

       - "Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының (тозуының) есебі" кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының сомасы көрсетіледі (13 - "Негізгі құрал-жабдықтардың тозуы" бөлімшесі шоттарының кредиті);

       - "Материалдық емес активтер амортизациясынын есебін" кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге жататын амортизацияның сомасы көрсетіледі (11 - "Материалдық емес активтердің амортизациясы" бөлімшесі шоттарының кредиті);

       - "Көмекші (қызмет көрсетуші) өндірістер мен шаруашылықтардың көрсеткен қызметтерін бөлу" кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен шаруашылықтардың өнім өндіруге, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығындары көрсетіледі (920 - "Көмекші өндірістер" және 940 -"Әлеуметтік сала" шоттарынын кредиті).

        Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың схемасы төменде келтірілген.

        Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебі калькуляция (есеп) объектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша шығын баптарының белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық (көпжазбалық) карточкаларда немесе ведомостарда жүргізіледі.

        Өндіріске жұмсалған шығындарды олардын құжаттары, бойынша қандай калькуляциялау объектісіне жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілерін, шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады. Ал бұл үстеме шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектілері бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді. 
 

      2 сызбасы. Өндірістік шығындарды есептейді ұйымдастыру

       

      Орташа  және ірі кәсіпорындарда өндіріс  шығындарын есепке алу және өнімнін  өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.

Информация о работе Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру