Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 21:42, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Содержание

Жоспар
Кіріспе
І бөлім.Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
1.1.Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
1.2.Үстеме шығыстардың есебі
1.3.Көмекші өндірістің шығындарының есебі
1.4.Қарапайым және күрделі өндірістің калькуляциясы
ІІ бөлім.Өндіріске жұмсалған шығындардың есебі
2.1.Негізгі өндіріс шығындарының есебі
2.2.Өндірістегі ақауларды есепке алу
2.3.Әлеуметтік сфераны ұстау бойынша жасалатын шығындардың есебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорындардағы негізгі өндіріс шығындарының есебі..doc

— 242.00 Кб (Скачать)

        - қолданылып жүрген зандарға сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін бір мезгілдік сыйақылар (осы кәсіпорындағы мамандығы бойынша жұмыс стажы бойынша үстемақылар) төлеу;

        - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес аудандық, экологиялық коэффициенттер бойынша шөлейтті, сусыз және биік таулы жерлердегі жұмысы үшін белгіленген коэффициенттер бойынша төлем төлеу; экологиялық қолайсыз жағдайлары бар аудандардағы үздіксіз жұмыс стажы үшін жалақыға заңдарда көзделген үстемақыларды төлеу;

        - кәсіптік-техникалық училищені  бітірген түлектерге және жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарын бітіріп шыққан жас мамандарға жұмыс басталар алдында демалысқа ақы төлеу;

        - кешкі және сырттай жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, сырттай аспирантура, кешкі (ауысымды) оку орындарында, кешкі (ауысымды) кәсіптік-техникалық және сырттай жалпы білім беретін мектептерде ойдағыдай білім алып жүрген, сондай-ақ аспирантураға түскен жұмысшылар мен қызметшілерге берілетін оқу демалыстарына қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ақы төлеу;

        - заңдарда көзделген жағдайларға сәйкес еңбек ақысы темен жұмыстарды атқарғаны үшін ақы төлеу; уақытша еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда іс жүзіндегі жалақы мөлшеріне дейін заңдарда белгіленген қосымша ақылар төлеу;

        - бұрынғы жұмыс орнындағы қызметтік айлық ақысының мөлшерін белгілі бір мерзім ішінде сақтай отырып (заңдарға сәйкес) баска кәсіпорындар мен ұйымдардан келіп жұмысқа орналасқан, сондай-ақ уақытша басқа жұмысын атқарған қызметкерлерге төленетін айлықақылардағы айырмашылық;

        - вахталық жұмыс кестесіне сәйкес кәсіпорынның орналасқан жерінен (жиналу пунктінен) жұмыс орнына дейін және кері қарай жолда жүрген күндері үшін, сондай-ақ ауа райының жағдайына қарай және көлік ұйымдарының кінәсінен жолда кідіріп қалған күндері үшін айлықақының тарифтік ставка мөлшерінде төленетін сомасы (вахталық әдіспен жұмыс істеген кезде);

        - жұмысшы-донорға тексеруден өткен, қан тапсырған және әрбір қан тапсырған күннен кейін демалыс алған күндері үшін ақы төлеу;

        - егер атқарылған жұмыс үшін есеп айырысуды тікелей кәсіпорынның өзі жүргізетін болса, кәсіпорынның штатында тұрмайтын қызметкерлерге олардың азаматтық-құқықтық сипатта жасасқан  шарттары бойынша атқарған жұмыстарына акы төлеу. Бұл орайда, мердігерлік шарт бойынша жұмыс атқарғаны үшін қызметкерлердің еңбегіне акы төлеуге жұмсалатын қаржының мөлшері осы жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) және төлем құжаттарының сметалары негізге алына отырып белгіленеді.

            Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар. Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңына сәйкес жалақыдан аударылатын аударым бабында есептелген әлеуметтік салығы (21% мөлшерлемесі бойынша) көрініс табады. Әлеуметтік салықтың салық салу объекті болып жұмыс берушілердің еңбеккерлерге ақшалай немесе заттай нысанында төлеген шығысы жатады, оған салық салуға жатпайтын төлемдерден басқасы түгел кіреді.

        Үстеме шығыстар. Үстеме шығыстар - бұл өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығыстар, олар кешендік сипатқа ие болады, олардың құрамында экономикалық элементтердің барлық шығындары керініс табады.

        Бұл шығындар ай бойында белгіленген номенклатуралық шығыс баптары бойынша 930 "Үстеме шығыстары" шотында көрініс табады. Әрбір цехтың өзінде дайындалған өнімге үстеме шығыстар косылады.

        Үстеме шығыстар ай соңында белгіленген әдістеме бойынша. Негізгі өндіріс шығындарының құрамына кіретін үстеме шығыстарын таратқан кезде 904 шоты дебеттеліп және 930 шоты кредиттеледі.

        Шаруашылық жүргізуші субъекттер өзінің есептік саясатында өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып шығын баптарының номенклатурасына взгерістер енгізуі мүмкін.

        Мысалға, үстеме шығысының құрамында "Өндірісті дайындау және игеру шығыстары" деген бабы жеке бөлінуі мүмкін. Өндірістің жұмыс істеу ұзақтығына және басқа да жағдайларына байланысты тәртібін ескере отырып, оған қажетті шығын деңгейін сметаның көмегімен анықтайды. Сметаны жасау кезінде сыннан өткізілген өнімнің құнын ескеру керек, өйткені ол жұмысқа қосудың жалпы сомасына қосылмайды. Жұмысқа қосу шығысының сметасын бекіткен кезде өндіріске енгізілетін объектінің өндірістік қуаттылығын және оның нормативтік мерзімін ескере отырып, оларды өнімнің өзіндік құнына жатқызу мерзімі мен нақты тәртібіне байланысты етіп аныктайды.

        Өндірісті дайындау және игеру шығыстары алғашқыда шығыстың жалпы сомасынан алынған өнім бірлігіне белгіленген норма бойынша өтеледі.

        Егер де кәсіпорында бірнеше өнім түрі өндірілетін болса, онда жаңа өндірісті игеру шығындары олардың арасына таратылады, ал тарату процесі, әдетте, негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысының сомасына және кұрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстарына пара-пар (пропорционалды) етіп жасалады. Жекелеген тапсырыстарды орындаған кезде өндірісті дайындаудың нақты шығындары сол бұйымдардың өзіндік құнына толығымен жатқызылады.

        Өндірістегі барлық шығындар цехтардың ведомостары бойынша топтастырылады, онда әрбір цех үшін жеке парақтар ашылады.

        900 - "Негізгі өндіріс" шотының дебеттен кредиті бойынша шоттар корреспонденциясын қарастыру үшін жоғарыда келтірілген мысалға қайтып ораламыз. Шағын аяқ киім тігетін кәсіпорын төрт негізгі өндіріс цехтары бар болсын делік: кесу, пішу, дайындау.  Ол кәсіпорын төрт түрлі өнім ассортиментін шығарады делік:

        - ерлер ботинкасын;

        - ерлер туфлиін;

        - жеңіл әйелдер туфлиін;

        үйге киетін әйелдер туфлиін.

        Ағымдағы айда аталған өнімнің өндіріс көлемі мынадай болған:

        10 мың жұп — ерлер ботинкасы;

        7 мың жұп — ерлер туфлиі;

        5 мың жұп — әйелдер туфлиі;

        12 мың жұп - әйелдердің үйге киетін туфли-

        Кәсіпорынның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін онда көмекші өндірістер құрылған: жөндеу-механикалық; қазандық; автотранспорттық; олардың шығыны дайын өнімнің өзіндік құнын келесі төртіпте енгізіледі: жөндеу-механикалық цехының шығыны - жөндеу жұмысының түрлері бойынша; бу қазаны мен автотранспорт цехтарының шығындары—тұтынылған қызмет көлеміне сәйкес пропорционалды жолмен таратылады.

        Кәсіпорынның есептік саясатында үстеме шығыстар құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстарына қатысты (осы шығындардың деңгейшен алынған құрал-жабдықтың бір сағаттағы жұмысынан есептелген) беліпне және тиесілі өнім бірлігін әзірлеу кезіндегі жұмыстың ұзақтығына қарап таратылуы мүмкін. Жалпы үстеме шығысын тарату негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысының деңгейіне қарап жасалынады.

        Ағымдағы кезенде 400 жүп аяқ киім сапа бөлімінің бақылауынан өтпеген, демек олар ақау болып табылған. 52 жұп әйелдердің үйге киетін туфлиі жөнделмейтін ақау болып танылған, олар" 12000 теңге сомасын құраған. Жөнделмейтін ақау бойынша жасалған шығыстан 2000 теңге сомасын өзіндік құнға жатқызған. Ерлердің 348 жұп туфлиі бойынша 24683 теңге деңгейінде ақаулар табылған, бірақ ол ақауды жөндеуге болатындығы дәлелденген. Ақаулар бойынша орын алған шығындардың бір бөлігі өтелген, оның сомасы 17100 теңге құраған, ал оның бір бөлігі өндіріс шығыны ретінде есептен шығарылған. Ағымдағы айда аяқ киімді дайындау кезінде келесі шығыстар жасалғаны айқындалады. Соңғысын өнімге қоса тіркелген қағаз (накладная) арқылы қоймаларда кіріске алады. Өндірілген өнімнің құнына 221 -"Дайын өнім" шоты дебеттеледі және 900-шот кредиттеледі. Ал көрсетілген қызметке 801 шот дебеттеледі де, 900 шот кредиттеледі. Өндіріс шығындарын есептеудің карточкасы 2 бөлімнің, 2 тарауындағы 4 параграфта келтірілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

            2.2. Өндірістегі ақауларды есепке алу.

        Өндірілген өнімнің сапасы әрбір еңбек ұжымы бойынша олардың қызметінің нәтижесін бағалауда айқындаушы болып табылады. Әрбір кәсіпорын өзінің абыройын, бәсекелестік қабілеттілігін, ұжымның кәсіби және патриоттық мақтанышын сақтағаны абзал. Кәсіпорын өнімнін сапасына бақылау жасап, техникалық-бақылау бөлімінің (ТББ) жұмысына жәрдемдесіп отыруға тиіс. Сапасыз өнім шығару ұжымның шаруашылық есебінде, жалақысында және әлеуметтік игіліктерінде сөзсіз шығынға әкеп соғады.

        Сапасы жағынан белгіленген стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес келмейтін және өзінің тікелей мақсатына пайдалануға жарамайтын бұйымдар (шалафабрикаттар, бөлшектер, жұмыстар) өнім ақауы болып есептелінеді. Ақау былайша жіктеледі:

        - ақау байқалған орны бойынша — ішкі (өнім сатып алушыға жіберілгенге дейін анықталған) және сыртқы (сатып алушы анықталған) ақау;

        -  анықталған ақаулардың сипаты бойынша — түзету мүмкіндігі жоқ немесе экономикалық жағынан алғанда түзетуі тиімсіз түпкілікті (жөндеуге келмейтін) және жөндеуге болатын ақаулар;

        - пайда балу себептері бойынша — өндіріс технологиясының бұзылуы, сапасыз шалафабрикаттар және т.б.

        Өндірістегі ақау 950 - "Өндірістегі ақау" деп аталатын шотта есепке алынады. Ақауды жөндеу жөніндегі шығындар "Цехтар бойынша шығындар" ведомосында көрсетіледі. Түзетуге болатын және түзетуге болмайтын ақаудан болған шығындар "Өндірістегі шығынды есепке алу" ведомосында айқындалады. Оған жазу үшін №12 ведомостағы ақау туралы хабарламалары негіз болады.

        Ақаудың есебін жүргізу үшін 95 шоттар бөлімшесі арналған.

        95 бөлімшенің құрамына мынадай синтетикалық шоттар кіреді:

        950 - "Өндірістегі ақау", 951 - "Материалдар", 952 - "Жұмысшьшардың еңбек акысы", 953 - "Үстеме шығыстары".

        Ішкі түпкілікті ақаудың өзіндік құнын мынадай шығындар бойынша анықтайды: ақау болған өнімді жөндеу кезінде жұмсалған шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар шығындары; өндіріс жұмысшыларының жалақысы; жалақыдан есептелген аударымдар; үстеме шығыстар.

        Сыртқы ақаудың құны тұтынушылардың біржола ақау деп танылған өнімнің өзіндік құнынан, осы өнімді сатып алуға байланысты сатып алушыға өтелген шығындарынан, ақауға шығарылған бұйымдарды бөлшектеуге жұмсалған шығындарынан, сондай-ақ ақаулы өнімді ауыстыруға байланысты туындаған көлік шығындардан немесе егер өнім жөнделетін ақауға жататын болса тұтынушыдағы ақаулы өнімді түзетуге жұмсалған шығындардан тұрады.

        Өнімнің өзіндік құнына жатқызылған сыртқы және ішкі ақаудан болатын шығынды анықтау үшін түпкілікті ішкі және сыртқы ақаудың құнына ақауды түзетуге жұмсалған шығындары қосылады және ақаулы өнімнің пайдаланылуы мүмкін болатын бағасы бойынша оның құны, ақауды жіберген кінәлілерден нақты сомасы ұсталынады, ал егер де ол өнімді жеткізіп берушілердің кінөсінен болса онда оның құны бүкіл сатып алынған өнім құнынан шегеріліп тасталады.

        Ішкі ақаудан болған шығындар ақау анықталған айдағы өндіріс шығындарында, ал сыртқы ақаудан болған шығындар ақаулы өнімді сатып алушылардан келіп түскен талап (рекламация) қабылдаған айдағы өндіріс шығындарында көрсетіледі.

        Бухгалтериялық есепті және ақаудан болған шығынды анықтауды кәсіпорынның техникалық-бақылау бөлімі (ТББ) жүзеге асырады.

        Анықталған түпкілікті немесе түзетуге болатын ақау үшін ТББ "Ақау туралы актісі" жасайды. Жұмысшының кінәсінен жіберілген ақауды түзету наряд жазылмай жүргізіледі. Егер осы ақаудын жіберілуіне кінәлі болып табылмайтын жұмысшы ақауды жөндесе, онда мұндай жұмысқа жалпы тәртіп бойынша наряд жазылып, оған "Ақауды қайта жасау" деген мөртаңбасы (штампы) қойылады Ақау туралы акт төменде келтірілген.

        Ақаудан болған шығындарды тиісті дәрежеде есепке алуды және кәсіпорындардағы ақау туралы мәліметтерді жүйелеуді ұйымдастыру ақау себептерінің тізбесі және оған кінәлілер анықталғанға дейін жүреді.

        Ақаудың себептері мен кінәлілерге шифр қойылып, осы мәселелер туралы мәліметтер барлық цехтардың және олардың бөлімшелерінің басшыларына дейін жеткізіледі, сосын олар құжаттарда көрініс табады.

        Ақаудан болған шығын ай сайын өндіріс шоттарынан көшіріліп алынып өнімнің тиісті түрлерінің өзіндік құнына енгізіледі. Жеке және ұсақ сериялы өндірістерде ақаудан болған шығындар толық бітпеген белгілі бір тапсырысқа (заказға) қатысты болған жағдайда аяқталмаған өндірістің құнына жатқызылады Одан басқа жағдайлардың бәрінде ақаудан болған шығындар, әдеттегідей, тауар өнімінің өзіндік құнына енгізіледі.

        Өткен есепті кезеңде ендірілген негізгі өнімге жататын сыртқы ақаудан болған шығындар ағымдағы есептік кезенде жасалған осындай бұйымдардың өзіндік құнына көшіріліп жазылады. Мұндай өнім ағымдағы айда дайындалмаған жағдайда, сыртқы ақаудан болған шығындар үстеме шығындар үшін белгіленген тәртіп бойынша тауарлы өнім түрлеріне бөлінеді.

Информация о работе Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру