Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 21:42, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Содержание

Жоспар
Кіріспе
І бөлім.Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
1.1.Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
1.2.Үстеме шығыстардың есебі
1.3.Көмекші өндірістің шығындарының есебі
1.4.Қарапайым және күрделі өндірістің калькуляциясы
ІІ бөлім.Өндіріске жұмсалған шығындардың есебі
2.1.Негізгі өндіріс шығындарының есебі
2.2.Өндірістегі ақауларды есепке алу
2.3.Әлеуметтік сфераны ұстау бойынша жасалатын шығындардың есебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорындардағы негізгі өндіріс шығындарының есебі..doc

— 242.00 Кб (Скачать)

        Күрделі көмекші өндірістердегі өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі өзіндік құны әрбір талдамалық (аналитикалық) шот (тапсырысы) бойынша анықталады. Бұл үшін, әдетте, әрбір талдамалық шот бойынша аяқталмаған өндіріс қалдығына осы шоттың бір ай ішіндегі есепке алынған шығындары қосылады және айдың соңында аякталмаған өндірістің сомасы алынып тасталынады. Осыдан келіп шыққан айырмашылығы шығарылған өнімнің, жұмыстар мен керсетілген қызметтердің іс жүзіндегі өзіндік құнын құрайды.

        Біздің мысалда айдың басына да, айдың соңына да аяқталмаған өндірістің қалдығы болған жоқ.

        Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату үшін "Көмекші өндірістің қызметтерін тарату кестесі" деген аналитикалық кестесін жасаймыз.

        Көмекші өндіріс қызметін тарату кестесін жасаған кезде оның бірінші белімінде негізгі тұтынушының көрсеткен қызметінің нақты өзіндік құны анықталады, (қарсы қабылданған қызметтің өзіндік құны қосылып, қарсы көрсетілген қызметтің өзіндік құны шегеріледі). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        ІІ бөлім Өндіріске жұмсалған  шығындардың есебі

            2.1 Негізгі өндіріс шығындарының есебі

 

            Өндіріс шығындарын есептеу үшін 90 - "Негізгі өндіріс" бөлімшесінің шоттары қолданылады, олар түрлі мақсаттарға арналған.

        Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау (шолу) үшін 900-"Негізгі өндіріс" шоты арналған. Осы шоттың 901 - "Материалдар", 902 - "Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы", 903 - "Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар", 904 "Үстеме шығыстары" жинақталады, содан сон жыл соңында 900 "Негізгі өндіріс" шотында қорытындыланады.

        Негізгі өндірістегі шығындар есебін ұйымдастыру 8 сызбада берілген. 900 "Негізгі өндіріс" шоты бойынша өндірістің шығындар есебі төмендегі номенклатура баптары бойынша топтастырылып, әдетте, олар элементтерінің кескіні бойынша есепке алынады.

        Материалдар. Шикі заттар мен материалдар — өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи шикізаттардың құны (су шаруашылық жүйесінен субъектінің жинайтын, су үшін төлемі және де табиғи шикізат ресурстарын іздестіруге, барлауға, қорғауға, оларды пайдалану мен жаңғыртуды ұйымдастыруға арналған мамандандырылған ұйымдардың шығындарын өтейтін басқа да төлемдері), арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі.

        Лимиттік-алу карталары және талап-накладнойы жұмсалған шикізат пен негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте есептен шығару үшін негіз болып табылады. Осы құжаттардың деректері цехтар (өндірістер), калькуляция немесе есеп объектілері бойынша "Материалдардың шығыстарын тарату" деп аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және "Цехтар бойынша шығындарының" ведомосы немесе осыған ұқсас есеп регистрлерына (ведомостар, машинограммалар, карточкалар) жазылады.

        Көмекші материалдар — тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдардың шығыны (технологиялық мақсаттарға пайдаланған көмекші материалдар). Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген шығыс нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін.

        Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік құнына, тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша пропорциональды түрде таратылады.

        Қайтарылған қалдықтар — бұл негізгі, көмекші және қосалқы өндірістердің қалдығы.

        Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық ресурстарының шығыстарына қайтарылған өндіріс қалдықтарының (отходтарының) құны қосылмайды.

        Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шикізаттар, шалафабрикаттар, жылуды сақтайтын материалдар т.б. материалдық ресурстары-саналады, бірақ олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты тікелей өз арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.

        Белгіленген технологияға сәйкес өнімнің басқа түрін өндіру үшін толық, құнды материал ретінде берілген материалдық ресурстар қалдыққа жатпайды. Сондай-ақ қалдыққа ілеспе өнімдері де жатпайды, олардың тізімі шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептен шығару әдістерінде белгіленген.

        Қайтарылған қалдықтар (отходтар) келесі тәртіпте бағаланады:

        - егер де қалдықтарды негізгі өндіріс мұқтаждығы үшін, бірақөнім азайтылып шығарылса немесе қосалқы өндіріс мұқтаждығы үшін, сондай-ақ кеңінен тұтынатын тауарларды дайындау үшін пайдаланса, онда шикізат пен материалдардың бастапқы құнының төмендетілген бағасы бойынша;

        -  қалдықтар қайта өндеуге немесе сыртқа сатуға кетсе, олардың жинау мен өңдеуге жұмсалған шығындарын шегере отырып, қалдықтарға белгіленген бағасы бойынша;

        - егер де қалдыктар шартка сәйкес шикізат немесе толыққанды материалдар ретінде пайдалану үшін сатылса, онда шикізаттар немесе материалдар бастапқы толық бағасы бойынша бағаланады.

        Қайтымсыз (пайдаланылмайтын) қалдықтар бағалауға жатпайды. Қалдықтарды пайдалануды нормалау қажет, ал оларды кіріске алуға тиісінше бақылау жасауды жолға қою керек. Қайтымды қалдықтарды қоймаларға тауар құжаттамалары (накладнойы) бойынша кіріске алады, олардың құнына "Шикізат пен материалдар" бабы бойынша шикізат пен материалдардың шығыстарын азайтады. Қалдықтардың кіріске алынуын 206-шоттың дебеті және 900-шоттың кредиті бойынша көрсетеді. 900-шоттың кредитіндегі талдамалық есеп регистрлеріне (карточкаларға, ведомостарға) жазылады.

        Сатып алынатын бұйымдар, шалафабрикаттар және тараптық кәсіпорындар мен ұйымдарың өндірістік сипаттағы көрсетететін қызметтеріне өтміціріктъп жинақтауға (комплектация жасауға) пайдаланатын шалафабрикаттар мен сатып алынған бұйымдарға немесе дайын өнім алу үшін кәсіпорынның өзінде қосымша өңдеуге түсетіндерге кеткен шығындар; басқа жақтың кәсіпорындарынын көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар сол өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнына тікелей жатқызылуы мүмкін, сондай-ақ материалдар мен шикізатты өңдеуге, өнімді дайындау бойынша жекелеген операцияларды орындауға және белгіленген технологиялық процестерді сактау үшін бақылау жасауға, орталық қоймаға дейін запастарды жеткізіп беру бойынша сырт жақтың транспорттық қызметіне жұмсалатын шығындар жатады.

        Субъектінің өз транспортымен жөне өз қызметкерлерінің күшімен жеткізілген запастардың (шикізаттар, материалдар, сатып алынған бұйымдар және шалафабрикаттар) шығындары да өндіріс шығындарының тиесілі элементтеріне қосылады (еңбек ақы төлеу шығындарына, жалақыдан аударылатын аударымдарға және т.б.).

        Дайындау-көліктік шығыстарына (ДКШ) шығынның келесі түрлері жатады: жабдықтау-сату ұйымдарына төленетін үстемелері (наценкасы); жүкті тасығаны үшін қосымша кіре ақысы; субъектің қоймасына материалдарды жеткізіп беру мен түсіру шығыстары; дайындау орындарында ұйымдастырылған агенттікті және қоймаларды, кеңселерді ұстау шығыстары; материалдарды тікелей дайындаумен байланысты іс-сапар шығыстары т.б.

        Технологиялық мақсатқа арналған энергия мен отындар. Өндіріс процесінде тікелей жұмсалатын энергиялар (барлық түрі) мен отындардың шығындары. Олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардың шығысы сияқты көрініс табады.

        Технологиялық мақсатқа отын шығындарына кәсіпорынның өзі өндірген отыңдардың құны да және басқа жақтан сатып алынған отындардың құны да енгізіледі: мартен, домен пештерінде агрегаттарды балқыту үшін, металл-прокаттық, ұсталық-штампылау, престеу және басқа цехтарда қыздыру үшін, бұйымдарға технологиялық процесспен белгіленген байқау (сынау) жұмыстарын жүргізу үшін т.б.

        Сондай-ақ кәсіпорынның технологиялық, двигательдік және басқа да өндірістік және шаруашылық мұқтаждарына жұмсалатын сатып алынған энергияның барлық түрлері. Кәсіпорынның өзі шығарған энергияның электрлік және басқа да түрлерін өндіруге, сондай-ақ сатып алынған энергияны оны тұтынатын жерге дейін трансформациялау мен беруге жұмсалатын шығындар тиісті шығын элементтеріне енгізіледі; табиғи кему нормалары шегінде материалдық игіліктердің кем шығуы мен бүлінуінен болған шығындар. Кәсіпорын көлігімен материалдық ресурстарды жеткізіп берумен байланысты шығындар (тиеу-түсіру жұмыстарын қоса алғанда) өндіріс шығындарынын тиісті элементтеріне (еңбек ақы төлеуге, негізгі қорлар амортизациясына жұмсалатын шығындар, материалдық шығындар және т.б.), сондай-ақ материал ресурстарының құнына жеткізіп берушіден (жабдықтаушылардан) материалдық ресурстармен бірге алынған ыдыстың құны оның бағасына енгізілген жағдайда жеткізіп берушілерден алынған материалдық ресурстардың ыдыстары мен бумаларын сатып алуға жұмсаған кәсіпорындардың шығындары да енгізіледі.

        Өнімнің өзіндік құнына енгізілген материалдық шығындардан қайтымды қалдықтардың құны алынып тасталынады. Өндірістің қайтымды қалдықтары деп өнім өндіру процесінде пайда болған, бастапқы ресурстың тұтыну сапасын (химиялық немесе физикалық қасиеттерін) толық немесе ішінара жоғалтқан және соның салдарынан көтеріңкі шығындармен (аз өнім щығара отырып) пайдаланылатын немесе негізгі мақсатқа мүлдем пайдаланбайтын шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар, жылутаратқыштар және басқа да материалдық ресурстар түрлерінің қалдықтарын айтамыз. Өнімнің басқа түрлерін өндіру үшін толыққанды материал ретінде белгіленген технологияға сәйкес басқа цехтарға, бөлімшелерге берілетін материалдық ресурстар қалдықтары қайтарымды қалдықтарға жатпайды. Сондай-ақ, жолай алынатын (ілеспе) өнім де қалдықтарға жатпайды, олардың тізбесі өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау мәселелері жөніндегі салалық, әдістемелік ұсыныстарында белгіленеді.

        Еңбек ақы. "Еңбек ақы" бабына өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен қызметшілердің сыйлықақыларын қоса алғанда, кәсіпорынның негізгі өндірістік қызметкерлердің жалақын төлеуге жұмсалған шығындар, ынталандырушы және өтемділік (компенсациялық) төлемдері, сондай-ақ кәсіпорынның штатында тұратын, негізгі қызметке жататын қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын шығындардың құрамына мыналар енгізіледі:

        - кәсіпорында қабылданған еңбек ақы төлеу жүйесімен және нысанымен, сондай-ақ жеке еңбек келісім шартына сәйкес лауазымды айлық акысы және тарифтік мелшерлемесі, еңбекке кесімді ақы төлеу бағасы (расценкасы) арқылы нақты орындалған жұмысқа есептелінген жалақысы;

            - ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндірістік нәтижелер үшін берілетін сыйлықақылар (заттай сыйлықақылардың күнын қоса алғанда), кәсіптік шеберлігі, еңбектегі жоғары табыстары және т.б. көрсеткіштері үшін төленетін тарифтік ставкалары мен айлықақыларға қосылатын үстемақылары;

        - жұмыс режимімен және еңбек жағдайларымен байланысты өтемдік сипаттағы төлемдер, оның ішінде: түнгі уақыттағы жұмыс, мерзімнен тыс жұмыс, көп ауысымды режимдегі жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін, мамандықты (кәсіпті) қосып атқарғаны, қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені үшін, ауыр зиянды, ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы және т.б. жұмыстары үшін заңдарда белгіленген жағдайлары үшін тарифтік ставкалар мен айлықақыларға қосылатын үстемақылар мен қосымша ақылар;

        - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жекелеген салалардағы қызметкерлеріне тегін көрсетілетін коммуналдық қызметтердің, тамақтың, азық-түліктің құны, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қызметкерлерге берілетін тегін тұрғын үйге ақы төлеу жөніндегі шығындар (тұрғын үй, коммуналдық қызметтер және т.б. тегін берілмегені үшін төленетін ақшалай өтемнің сомалары);

        - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тегін берілетін, тұрақты әрі жеке пайдалануында қалатын заттардың (арнайы киім-кешекті қоса алғанда) құны немесе олардың арзан бағаға сатылуына байланысты жеңілдіктер сомасы);

        - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кезекті және қосымша демалыстарға ақы төлеу (пайдаланылмаған демалысқа өтем ақы төлеу), сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді орындаумен, медициналық тексерулерден өтумен байланысты уақыттар;

        - заңдарда белгіленген жағдайларда кәсіпорындар мен ұйымдардың қайта құрылуына, қызметкерлер мен штаттағылардың қысқаруына байланысты жұмыстан босаған қызметкерлерге төлемдер төлеу;

Информация о работе Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру