Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 17:16, курсовая работа
Нарықтық экономика жағдайында өндіріс тиімділігіне әсер ететін әртүрлі факторлардың маңызы арта түседі, себебі, бәсекенің күшеюі кәсіпорындардың өмір сүру жағдайы мен дамуына тікелей әсерін тигізеді. Осы факторлардың ішінде алдыңғы қатардағы орындардың бірін – адам факторы алады, яғни экономикалық өсу мен тиімділіктің, бәсекеге қабілеттіліктің негізін заводтар мен фабрикалар немесе құрал-жабдықтар мен өндіріс қорлары емес, тікелей адам капиталы құрайды.
Нарықтық экономика жағдайында өндіріс тиімділігіне әсер ететін әртүрлі факторлардың маңызы арта түседі, себебі, бәсекенің күшеюі кәсіпорындардың өмір сүру жағдайы мен дамуына тікелей әсерін тигізеді. Осы факторлардың ішінде алдыңғы қатардағы орындардың бірін – адам факторы алады, яғни экономикалық өсу мен тиімділіктің, бәсекеге қабілеттіліктің негізін заводтар мен фабрикалар немесе құрал-жабдықтар мен өндіріс қорлары емес, тікелей адам капиталы құрайды.
Еліміздегі
экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге
байланысты еңбек ақы және жұмысшыларды
әлеуметтік қолдау мен қорғау саласында
саясат та өзгеріске ұшырайды. Бұл
саясатты жүзеге асырудың көптеген функцияларын
мемлекет тікелей кәсіпорындарға артқан,
яғни еңбек ақының формаларын, жүйелерін,
мөлшерін кәсіпорындар өздері анықтайды.
Жұмысшылардың еңбек нәтижесін
ынталандыруға көп көңіл
Еңбек ақы мәселелері тек экономикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік жағынан да маңызды болғандықтан, экономикалық теорияда және іс жүзінде ерекше орынға ие. Сол себепті бұл курстық жұмыстың тақырыбы біздің қоғамымыздың қазіргі даму кезеңінде өте актуальды болып табылады. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында басты міндеттердің бірі – «жалақы мен төлемдерді, зейнетақыны толық және уақтылы төлеп тұру» екендігін айтқан .
Әрбір жұмысшының
еңбек ақысы оның жеке қосқан үлесімен
және кәсіпорын жұмысының
Нарықтық экономика жағдайына көшуге байланысты еңбек ақы жүйесі түгелдей өзгеріске ұщырады. Қазақстан Республикасының 15.05.07 «Еңбек кодексі» заңына сәйкес, мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне араласпайды, сонымен қатар, еңбек ақының мөлшерін, формаларын, жүйелерін анықтамайды, яғни оны ұйымдастырумен айналыспайды. Мемлекет тек халықты әлеуметтік қорғаумен айналысады. Мысалы, еңбек ақының ең төменгі мөлшерін қояды, еңбек ақының салық салынбайтын мөлшерін бекітеді, Еңбек Кодексіне сәйкес жұмысшыларды жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару тәртібін бекітеді. Сондықтан, кәсіпорындар еңбекті және еңбек ақыны ұйымдастыру жұмыстарын өздері жүргізеді., бұл – олардан белгілі бір білім мен іс – тәжірибені талап етеді. Еңбек ақыны ұйымдастыру және төлеу саясаты кәсіпорынның жұмыс нәтижесіне тікелей ықпалын тигізеді. Еңбек қатынастарының жарғылық заңды түріндегі реттеу, сонымен қатар жұмысшыларға еңбек ақы төлеу облысында кәсіпорын компетенциясына кіретін еңбек ақы шарттары көрсетілген кәсіпорынның ұйымдық келісім шарты болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастырудың қазіргі нысандарын зерттеу және нақты кәсіпорын мысалында талдау болып табылады. Жұмыстың осы мақсаты алдымызға мынадай міндеттер қояды:
- еңбек ақының мәнін, функцияларын, қағидаларын ашып көрсету;
- «ПолимерМеталл-Т» ЖШС-нің қысқаша технико – экономикалық сипаттама беру;
- кәсіпорындағы еңбек ақының түрлеріне, жүйелеріне талдау жасау;
- кәсіпорындағы еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдірудің жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімде еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері қарастырылады.
Екінші бөлімде «ПолимерМеталл-Т» ЖШС-нің кәсіпорынының мысалында еңбек ақыны ұйымдастыруға талдау жүргізілген.
Үшінші бөлім кәсіпорындарда еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру, шетелдік тәжірибесі мен еңбек ақыны ұйымдастыруды мемлекеттік реттеу қарастыруға арналған.
1 Еңбек ақыны төлеуді ұйымдастыру нысандарының теориялық негіздері.
ҚР-ның еңбек
туралы кодексі бойынша еңбек ақы – бұл
жұмыскерлердің фактілі атқарған еңбегі
үшін ақшалай және натуралды нысанда берілетін
сыйақылардың жиыны болып табылады. Қазіргі
кезде еңбек ақы жұмыскер табысының көп
бөлігін құрайды. Ал нарықтық экономиканың
дамуы кезіндегі еңбек ақы – оның еңбегін
пайдаланудың нәтижесі болып табылады,
және жұмыскер жұмсаған еңбегінің құнымен
анықталып, пайдаланылған жұмыс күшінің
сұранысынан туындайды. Неғұрлым жұмыс
күшіне сұраныс көп болса, оның ұсынысы
кеміп, еңбек ақы мөлшері артады және керісінше.
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың
біртіндеп қалыптасып, баяу дамуының нәтижесінде
еңбек өнімділігі аумағында еңбек ақы
жұмыс күшінің құны болып табылады, ал
ол жұмыскердің тіршілігі үшін қажетті
жағдай жасайды. Еңбек ақы мөлшері өндірілген
өнімнің саны мен сапасына, мекеменің,
кәсіпорынның ақырғы жұмыс нәтижесіне
қарай белгіленеді.
Ур = ----------
Р
Ур - нақты (реальная) жалақы;
Ун - номиналды жалақы;
Р
- тұтыну заттары мен
Мұндағы нақты жалақы мөлшеріне сұраныс пен ұсыныстың әсері үлкен болады.
Кәсіпорындағы еңбекақының
- кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижесі, оның рентабельділік деңгейіне;
- кәсіпорындардың кадр саясатына;
- аймақтағы, облыстағы жұмыссыздық деңгейіне, қажетті мамандықтардағы жұмысшыларға;
- кәсіподақ, бәсекелестер және мемлекеттің ықпалы;
- кәсіпорынның қоғаммен байланыс саясаты.
Еңбекақы - еңбек кілісім шарты негізінде, әрбір қызметкер жұмсаған еңбектің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін табыстың ақша түріндегі бөлігі. Еңбекақы экономикалық категория ретінде екі жақты сипатта болады, бір жағынан ол жалданған адам үшін - табыс, ал кәсіпорын үшін - өндіріс шығыны болып табылады.
Жұмыс күшіне деген шығындар жалақымен ғана шектелмейді. Кәсіпорынның жұмыс күшіне жұмсайтын шығындар қатарына сонымен қатар, жұмысшыларды әлеуміттік қорғау шығыстары, тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету шығындары. Еңбекақы, кәсіпорынның қызметкерлерін жоғары өнімді еңбек уәждемесі мен ынталандыруды қамтамасыз ететін маңызды құрал.
Еңбекақы қоры - қызметкерлердің жұмсаған еңбектерінің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін табыстың ақша түріндегі бөлігінің сомасы болып табылады және құрылымы бойынша әр түрлі элементтерден тұрады.
Еңбек ақы қоры ай, тоқсан және жылға анықталады. Кейбір кәсіпорындарда еңбек ақы қоры қызметкерлердің жеке категориялары бойынша анықталады. Өнеркәсіпте категориялар бойынша еңбекақы қорына талдау жүргізу барысында жұмысшылардың сағаттық, күндік және айлық (жылдық) жалақылары ескеріледі.
Кәсіпорындарда еңбекақыны тиімді ұйымдастыру оның жұмысшыла-
рының еңбек нәтижелерін ынталандыруға, дайын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өнімнің пайдасын және рентабельділігін көтеруге ықпалын тигізеді.
Еңбекақыны тиімді ұйымдастырудың мақсаты – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жалпы нәтижелері мен жұмысшының еңбек үлесінің арасындағы үйлестікті қамтамасыз ету, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемі арасындағы сәйкестікті қамтамасыз ету.
Еңбекақыны ұйымдастыру ұжымдық келісім-шарттар негізінде құрылады, бұл келісім-шарттар, әдетте, жұмыс беруші мен жұмысшының арасында, кәсіподақтың араласуымен 1 – 3 жылға жасалады. Келісім-шарттарда мынадай сұрақтар реттеледі: еңбекақының мөлшері мен жүйелері, сыйақылар, төлемдер, қосымша төлеулер мөлшері және бағаның өсуі мен инфляция деңгейіне байланысты еңбекақының өзгеру механизмі, ұжымдық келісім-шарт көрсеткіштерінің орындалуы, жұмыспен қамту, қайта оқыту, жұмысшыларды жұмыстан босату талаптары, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының ұзақтығы, жұмысшылардың еңбегін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігін сақтау және жұмысшыларға берілетін жеңілдіктер.
Еңбекақы мөлшерін анықтаушы элементтердің бірі - өмір сүру минимумы болып табылады. Ол адамның денсаулығын сақтауға және өмір сүруін қамтамасыз ететін материалдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтердің минималдық құрамы мен құрылымын көрсететін көрсеткіш. Адресті бағытталған әлеуметтік саясатты жүргізудің базасы ретінде, еңбек ақының ең төменгі мөлшерін белгілеуге, жасына қарай зейнетақы мөлшерін белгілеуге, жұмыссыздарға төленетін төлемақы мөлшері мен білімгерлердің шәкіртақысы мөлшерін белгілеуге қолданылады.
Біздің елімізде еңбекақы екі түрлі қызмет атқарады: бір жағынан,
жұмысшылардың
өмір деңгейін көтеретін табысының
басты қайнар көзі болса, екінші жағынан
- өндіріс тиімділігін арттырудың
материалдық ынталандыруын
Қоғамдық өндірістің әртүрлі фазаларында: өндірісте, бөлуде, айырбаста және тұтынуда жалақының атқаратын қызметтері оның мәнін ашуға көмектеседі (Кесте 1).
Жалақы мөлшерінің төмен болуы, мемлекеттің экономикасының дамуына теріс ықпалын тигізеді. Жоғары сапалы, ғылым жетістіктерін қажет ететін өнімдерге сұранысты азайтады. Жұмыс күші арзан болған жағдайда, жаңа техника мен технологияларды қолдану, кадрлардың біліктілігін көтеру, техникалық қайта құру қажеттілігі болмайды.
1-кесте. Жалақының атқаратын қызметтері
Қызметтердің атауы |
Қызметтердің мазмұны |
Ұдайы өндірістік |
Жұмыс күшінің ұдайы өндірісін қамьамасыз ету, жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне ықпалын тигізетін еңбекақының минималды деңгейін бекіту. |
Ынталандыру |
Өндірістің дамуына ынтаны арттыру, жұмысшының қосқан еңбек үлесіне сәйкес жалақы деңгейін қою. |
Өндірістік - есептік |
Өнім бағасының құрылу үдерісінде тірі еңбектің қатысу өлшемін сипаттайды, оның жиынтық өндіріс шығындарындағы үлесін көрсетеді. |
Реттеушілік |
Жұмысшының тауарлар мен қызметтерді,
ал жұмыс берушілердің өндіріс құрал
– жабдықтарын сатып алу |
Әлеуметтік |
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге төлем қабілеті бар сұранысты қалыптастырады. Әлеуметтік әділеттілік қағидасын жүзеге асыруға ықпал етеді. |
Мотивациялық |
Еңбекте шығармашылық пен моральдық-өнегелі жағдайды дамытады, жұмысшының адамгершілік қасиетін және оның еңбек моралін қалыптастырады. |
Сонымен,
жалақы экономикалық категория ретінде,
жұмыс күшін ұдайы өндіру және
еңбекті ынталандыру
1.2 Еңбек ақының формалары мен жүйелері.
Еңбек ақыны
дұрыс ұйымдастыру өндірістік мәселелермен
бірдей маңызды іс. Жалақыны ұйымдастырудың
негізгі міндеті – еңбек ақыны
әрбір жұмысшының еңбек үлесімен
байланысты етіп, жұмысшының жұмысқа
ынтасын арттыру болып
- кәсіпорын жұмысшыларының еңбек ақысының формалары мен
жүйелерін анықтау;
- кәсіпорын жұмысшылары мен мамандарының жеке жетістіктеріне
төлемдер төлеу критерийлерін жасау;
- мамандар мен қызметкерлердің лауазымдық жалақы жүйесін жасау.
- қызметкерлерге сыйақы беру көрсеткіштері мен жүйесін негіздеу.
Жалақы формалары және жүйелері, сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығымен анықталатын, еңбек нәтижесін, жұмысшының еңбегінің саны мен сапасының жалақы мөлшеріне байланыстылығын орнату тәсілі болып табылады.
Еңбекке ақы төлеу жүйесі - жұмсалған еңбек пен есептелген жалақы арасындағы аракатынасты белгілеу жүйесі. Жалақының негізгі жүйелеріне — мерзімді және кесімді жүйе жатады. Өндірісте еңбекке ақы төлеудің өзге де жүйелері белгіленуі мүмкін. Ақы төлеу еңбектің жеке және (немесе) ұжымдық нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін.
Әртүрлі
меншік формасындағы
Бұл формалардың қайсысын қолдану әр кәсіпорынның өзінің жұмыс жағдайына байланысты болады.
Кесімді жалақыны қолдану жағдайлары:
- Жеке жұмысшының нақты еңбегіне тәуелді жұмыстың сандық көрсеткіштерінің бар болуы;
- Орындалған жұмыс көлемін дәл анықтау мүмкіндігінің бар болуы;
- Нақты учаскедегі жұмысшылардың жұмыс көлемін немесе шығаратын өнім көлемін ұлғайту мүмкіндігінің бар болуы;