Маркетинг фирма қызметінің нарыққа бейімделу жүйесі ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2012 в 19:36, курсовая работа

Описание работы

Еліміздің нарықтық экономикаға өту заңдылықтары мен экономикалық жағдайды жақсарту шарттарының бірте-бірте жетілуі кәсіпорынның ішкі және сыртқы экономикалық қызметте шынайы дербестікке өтуі қажеттігін көрсетті. Осындай жағдайда шаруашылық қызметке маркетингті қолдану керек болды.

Содержание

Кіріспе ........................................................................................ 3


І Бөлім. Маркетингтің ғылым ретіндегі дамуының теориялық аспектілері.
1.1. Маркетинг дамуының эволюциясы.............................................. 5
1.2. Маркетингтің шет елдердегі эволюциясы................................... 8
1.3. Маркетинг тұжырымдамаларының эволюциясы........................ 10
ІІ Бөлім. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң маркетингтік іс қызметін талдау.
2.1. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң ұйымдық сипаттамасы..................... 15
2.2. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң маркетингтік іс-қызметін талдау......................................................................................................... 20
2.3. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң маркетингтік стратегияларын
талдау........................................................................................................ 24

ІІІ-бөлім. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң маркетингтік іс қызметін жетілдіру жолдары.
3.1. «Қазагромаркетинг» АҚ қызметінің 2009 – 2013 жылдарға негізгі
даму бағыттары…………………………………………………….. 28
3.2. «Қазагромаркетинг» АҚ қызметінің маркетингтік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар…………………………………………………… 34


Қорытынды .......................................................................................... 39


Пайдаланылатын әдебиеттер ............................................................. 41

Работа содержит 1 файл

Балжан курсовой бастама.docx

— 195.97 Кб (Скачать)
  1. жаңа талаптарға сай облыстық және аудандық деңгейлерде агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін және ауыл тұрғындарын оқыту;
  2. «Қазагромаркетинг» АҚ қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру: оқытушы тренерлерді, дәріс оқушыларды, кеңесшілерді, маркетологтарды, аналитиктерді және т.б.
  3. ауылшаруашылық өнімін өндірушілер үшін тегін газетті басып шығару және тарату тиражы – 10 мың дана, шығу уақыты – айына екі рет, бояуы – толық түрлі-түсті, көлемі – 16 бөлімді;
  4. агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратпен, маркетингтік ақпаратпен, нормативтік базадағы жаңа енгізулер бойынша ақпаратпен, бизнестің дамуы, несиелеу, озық технологияларды енгізу туралы ақпаратпен қамтылған ақпараттық парақшаларды, буклеттерді тегін басып шығару;
  5. басқа арнаулы ақпараттық және оқыту әдебиеттерін газет, әдістемелік көмекші құрал, журнал, бюллетень және т.б. түрінде басып шығару.

Күтілетін нәтижелер:

  1. ауылшаруашылық өнімін өндірушілерге білімді берудің мемлекеттік жүйесін құру негізінде өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеру;
  2. агроөнеркәсіптік кешеннің 476 000 қатысушыларын және ауыл тұрғындарын жыл сайын сапалы оқыту, әдістемелік материалмен және ақпараттық-баспа басылымдарымен қамтамасыз ету, оның ішінде 306 000-ын агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратпен, нормативтік базадағы жаңа енгізулер бойынша ақпаратпен, бизнестің дамуы, несиелеу, озық технологияларды енгізу туралы ақпараттық парақшалармен, буклеттермен қамтамасыз ету, 170 000-ын агробизнес аспектілері негіздері бойынша білім деңгейін арттырумен қамтамасыз етіледі, ол мүмкіндік береді:

ауыл  тұрғындарына және агроөнеркәсіптік кешеннің қатысушыларына өздерінің кәсіптік және білімдік деңгейін көтеруге, жаңа білім алуларына, жаңа озық технологияларды меңгеруіне мүмкіндік береді;

тауар өндірушілердің өздерін дамыту процесін ынталандырады, олардың өз қабылданған шешімдерін өздігінен жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады;

3.  Кәсіптік  ортаның бастамаларын іске асыру  үшін қолайлы жағдайларды жасайды.

 «Қазагромаркетинг»  АҚ-ның 2009-2013 жылдарға даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

Бірінші іс-шараға ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге көмектесу. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігінің бұйрығына сәйкес ақпараттар тізімі түрінде аяқталуы тиіс. Орындау мерзімі 2009-2013жж. аралығында және оған жауапты орындаушылар «Қазагромаркетинг» АҚ, облыстық өкілдіктер, ауылдық ақпараттық-кеңестік орталықтар. Осы шараны орындау барысында 2008-2010жж. аралығында «Қазагромаркетинг» АҚ және облыстық өкілдіктермен электронды саудалар жүйесін жасау және енгізу.

Екінші  іс-шараның атауы аграрлық бизнесте менеджмент тиімділігін арттыру. Тоқсан сайын орындалатын бұл іс-шара «Қазагромаркетинг» АҚ мен облыстық өкілдіктер арқылы семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар түрінде өткізілуі тиіс. Осы іс-шараны орындау барысында келесідей мәселелер туындайды:

1. «Қазагромаркетинг»  АҚ-ң базасында әдістемелік орталықты құру. Бұл мәселе «Қазагромаркетинг» АҚ-ң орталық аппаратымен 2009-2010жж. арасында ауыл шаруашылық тауарлар өткізу үшін арнаулы, тақырыптық басылымдарды басып шығару және ұйымдастырумен аяқталуы тиіс;

2. Облыстық  өкілдік және ауылдық ақпараттық-кеңестік орталықтарының кеңес берушілерінің біліктілігін арттыру бойынша жұйені құру. Бұл мәселе «Қазагромаркетинг» АҚ және облыстық өкілдіктермен 2009-2012жж. мерзімінде жоспарларға сәйкес курстар, тренингтер, семинарлар өткізілуі тиіс.

3. Ауылшаруашылық  өнімін өндірушілерді қағаз түріндегі ақпаратпен қамтамасыз ету. «Агрожаршы» ақпараттық кеңес беру хабаршысының басылымдарындай болу керек.

Келесі  іс-шара көрмелік-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыру, аймақтық деңгейде көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу. Бұл іс-шара бекітілген күнтізбе, көрмелік-жәрмеңкелік іс-шаралар жоспарларына сәйкес мерзімінде «Қазагромаркетинг» АҚ орындаушыларымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігіне ақпарат түрінде берілу керек. Осы іс-шараны орындау барысында Астана қаласында жәрмеңкелік кешенді құру, тұрақты жұмыс жасайтын 16 көрме орталықтарын құру, 161 ауданда жәрмеңкелік орталықтарды ұйымдастыру мәселесі туындайды. Ол 2008-2009жж. аралығында «Қазагромаркетинг» АҚ және облыстық өкілдіктер арқылы аймақтық деңгейде көрмелік-жәрмеңкелік іс-шараларды өткізу үшін қажетті көрмелік құрал-жабдықтарды сатып алумен аяқталуы тиіс.

Аналитиалық және маркетингтік зерттеулерді жүргізу  іс-шарасын «Қазагромаркетинг» АҚ және облыстық өкілдіктер 2009-2013жж. дейін аналитикалық шаралар, анықтамалар, ақпараттық ұсынбалар түрінде дайындауы керек. Аналитикалық және маркетингтік зерттеулерді жүргізу кезінде Қазақстанның, ТМД елдерінің, шетел мемлекеттерінің аграрлық өнеркәсіптік нарығының жағдайы туралы мәліметтер жиынтығын қалыптастыру мен ауыл шаруашылық техника мен құрал жабдықтар мәліметтері жиынтығын құру мәселелері зерттеу-аналитикалық орталығымен өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдері нарығын зерттеу және мәліметтер базасы түрінде 2009-2013жж. аралығында орындалуы қажет. Сонымен қатар Қазақстандағы ауыл шаруашылық өнімінің және тамақ өнімдерінің бағаларының мониторингі – аналитикалық ақпарат түрінде, баға ақпаратын жинау әдістемесін жетілдіру – әдістеме түрінде, Қазақстанда ауыл шаруашылық өніміне баға құру туралы ақпаратты қалыптастыру – ақпарат түрінде, ақылы негізде өтініштер бойынша аналитикалық және маркетингтік зерттеулерді жүргізу – аналитикалық және маркетингтік зерттеулер түрінде зерттеу-аналитикалық орталықтарымен 2009-2013жж. аралығында орындалуы керек.

Халықаралық қатынасты дамыту іс-шарасы 2009-2013жж. арасында халықаралық келісімдер, келісім шарттар, меморандумдар жүргізу «Қазагромаркетинг» АҚ-мен  іске асырылу қажет. Халықаралық қатынасты дамыту іс-шарасына: Еуропалық ақпараттық-маркетингтік жүйеге бірігу, Азиаттық-Тынықмұхит аймақ елдерінің агроөнеркәсіптік нарығын зерттеу бойынша жұмысты ұйымдастыру, ТМД елдері және алыс шетел мемлекеттерінің агроөнеркәсіптік нарығын зерттеу бойынша жұмысты ұйымдастыру, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қоғамдық бірлестіктермен, даму институттарымен, қаржылық орталықтармен халықаралық байланысты кеңейту мәселелері кіреді. Осы мәселелерді орындауда «Қазагромаркетинг» АҚ мен облыстық өкілдіктер 2009-2013жж. аралығында AMINSNET (Еуропа елдері) жүйесінде өзара ақпаратпен алмасу, AFMA (Азия-Тынықмұхит аймағы) ассоциациясымен қарым-қатынас жасау, ақпаратпен алмасу, халықаралық ұйымдармен байланыс орнату түрінде жүзеге асыру қажет.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің мемлекеттік жөнге келтіру бөлімінде ақпараттық көмектесу іс-шарасы «Қазагромаркетинг» АҚ, облыстық өкілдіктер, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігімен 2009-2013жж. аралығында орындалуы керек. Осы іс-шараны орындау кезінде келесідей мәселелер туындайды: жақын және алыс шетелдерде агрөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың шетел тәжірибесі бойынша мәліметтер базасын құру, фито-санитарлық шаралар, және тарифтік барьерлер туралы мәліметтер базасы жүйесін құру, ауыл шаруашылығы министрлігінің веб-сайтын жасау және жақсарту, агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін ақпараттық-кеңес берумен қамтамасыз ету. Осы мәселелерді орындауда «Қазагромаркетинг» АҚ тұрақты және ағымдағы жылға бекітілген заң жұмыстары жоспарларына сәйкес уақыт аралығында жедел ақпарат, қоғамдық құралдарда ақпараттық орналастыру, Қазақстан Республикасыныңауыл шаруашылығы министрлігінің веб-сайтында ресми материалдар мен ақпараттарды орналастыру түрінде дайындалады.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге көмектесетін нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу (заңдар, қаулы, бағдарламалар) іс-шарасын Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі және «Қазагромаркетинг» АҚ-мен ағымдағы жылға бекітілген заң жұмыстары жоспарларына сәйкес уақыт аралығында нормативті құқықтық актілердің жобалары түрінде дайындалуы қажет.

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

      Мен «Маркетинг  теориясы мен тәжірибесінің эволюциясы»  атты курстық жұмысымды аяқтай  келе, мынадай шешімге келдім:

      Маркетинг дамыған нарық жағдайындағы  кәсіпорынның шаруашылық қызметінің  әлемдік тәжірибесін талдап қорытуды  көрсетеді, өткір бәсеке жағдайында  оның тиімділігін және басқарушының  фирма мүмкіндіктеріне, нарықтық  талаптарға сай дұрыс шешім  қабылдауын және оны орындата  алуын қадағалайды.

      Маркетинг шаруашылық бірліктің  іскерлік белсенділігінің барлық  жақтарын ұйымдастыру мен басқару  жүйесін көрсетеді, яғни жаңа  өнім шығару идеясы мен өндіріске  сай технология қолданудан бастап, өнімді сатып алушыға жеткізуге  дейінгі барлық қызметті қамтиды.

      Маркетинг арқылы өндіруші сатып  алушының күнделікті және келешектегі  қажеттіліктерін айқындайды, сатып  алу мүмкіншілігінің дәл сол  өнімге деген нақты сұранысқа  айналуын қадағалайды, сатып алушымен  арадағы байланыстың тұрақты  әрі ұзақ болуына жағдай жасайды.  Сондықтан да маркетингті еліміздің  компанияларына енгізу қажет.

      Курстық жұмыстың І-бөлімінде  маркетингтің ғылым ретіндегі  дамуының теориялық аспектілері  көрсетілген. Соның ішінде маркетинг  дамуының эволюциясы, маркетингтің  шет елдердегі эволюциясы, маркетинг  тұжырымдамаларының эволюциясы  қарастырылды. Қысқаша тоқталатын  болсақ, маркетинг өз дамуында  бірнеше кезеңдерден өтті. Маркетинг  кең тәжірибелік мағынаға ХХ  ғасырдың 30-жылдарында ие болды. 50-60-жылдарда маркетинг экономикалық  өсу, тұтынушылар сұранысы мен  тауар өндірісінің қалыптасуына  БАҚ-ң жан-жақты әсері, тауарды  төмен бағамен сататын сауда  орталықтары мен дүкендердің  пайда болуы, жарнаманың кең  көлемді қолданылуы, ҒТП-тің дамуы  салдарынан одан әрі дамыды. Қазіргі  таңда маркетинг кәсіпкерлік  функциясы ретінде оқытылып келеді  және маркетинг түрлері дамуда.

      ІІ-бөлімде «Казагромаркетинг АҚ»  объект ретінде алынып, оның ұйымдық  сипаттамасы қарастырылып, маркетингтік  іс-қызметіне және маркетингтік  стратегияларына талдау жасалды. 

      Қазіргі таңда біздің елде  маркетингтік қызметпен шұғылданатын  ұйымдардың бірі «Казагромаркетинг»  АҚ болып табылады.  Ол 2003 жылы  құрылды және соңғы 5 жыл ішінде ақпараттық-кеңес беру нарығында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін қамтамасыз етумен белсенді жұмыс істеуде.

      Басты мақсаттарының бірі болып аграрлы сала қатысушылары ортасында ақпараттық көрсеткішті ұлғайту болып табылады. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң негізгі мәселелеріне: аймақтық жүйені құру және дамыту, аграрлық сферада аналитикалық және маркетингтік істі жүзеге асыру мен қортынды ақпаратты аграрлы нарық қатысушыларына жеткізу, ауылшаруашылық өнімдерінің бәсекелестік қабілетін жоғарлату, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін дамыту және жетілдіру, мемлекеттік органдарға ауыл шруашылығы бойынша талдамалы ақпаратты ұсыну, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ақпараттық-кеңеспен, маркетингтік ақпаратпен қамтамасыздандыру, агробизнесті дамыту болып табылады. Күтілетін нәтижесі    ақпараттық-кеңес беру жүйесінің Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінде тиімді қолданылуы.

     ІІІ-бөлімде «Қазагромаркетинг» АҚ-ң маркетингтік іс қызметін жетілдіру жолдары, соның ішінде «Қазагромаркетинг» АҚ қызметінің 2009 – 2013 жылдарға негізгі

даму бағыттары мен «Қазагромаркетинг» АҚ қызметінің маркетингтік  жүйесін  жетілдіру бойынша ұсыныстар жазылды.

      «Казагромаркетинг» АҚ маркетингтік  жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар келесідей:

1. «Қазагромаркетинг»  АҚ-ң базасында әдістемелік орталықты құру. Бұл мәселе «Қазагромаркетинг» АҚ-ң орталық аппаратымен 2009-2010жж. арасында ауыл шаруашылық тауарлар өткізу үшін арнаулы, тақырыптық басылымдарды басып шығару және ұйымдастырумен аяқталуы тиіс;

2. Облыстық  өкілдік және ауылдық ақпараттық-кеңестік  орталықтарының кеңес берушілерінің  біліктілігін арттыру бойынша  жұйені құру. Бұл мәселе «Қазагромаркетинг»  АҚ және облыстық өкілдіктермен  2009-2012жж. мерзімінде жоспарларға  сәйкес курстар, тренингтер, семинарлар  өткізілуі тиіс.

3. Ауылшаруашылық  өнімін өндірушілерді қағаз түріндегі  ақпаратпен қамтамасыз ету. «Агрожаршы»  ақпараттық кеңес беру хабаршысының  басылымдарындай болу керек.

        4. Көрмелік-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыру, аймақтық деңгейде көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу. Бұл іс-шара бекітілген күнтізбе, көрмелік-жәрмеңкелік іс-шаралар жоспарларына сәйкес мерзімінде «Қазагромаркетинг» АҚ орындаушыларымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігіне ақпарат түрінде берілу керек.

        Қазіргі таңда біздің еліміз  үшін дамыған елулік қатарына  кіруде маркетингтің ролі ерекше. Біздің компанияларымыз өз қызметінде  маркетингті қолданса, отанымыз  дамыған елулік қатарына қосылып,  одан әрі дами түсетініне мен  кәміл сенемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Алматы, 1995.

 

  1. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003ж  13 мамырдағы № 415-2 заңы. Егемен Қазақстан 2003ж 16 мамыр.

 

  1. Аюпова Ж.М., Арынова Е.М. Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі. Алматы, 1993

 

  1. Есімжанова С.Р. Маркетинг. Оқу құралы. Алматы, 2005

 

  1. Жұмаев Ж.Ж. «Ауыл шаруашылығын дамытудағы басқару шешімдерінің рөлі»/  Жаршы 2003  №3

Информация о работе Маркетинг фирма қызметінің нарыққа бейімделу жүйесі ретінде