Маркетинг фирма қызметінің нарыққа бейімделу жүйесі ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2012 в 19:36, курсовая работа

Описание работы

Еліміздің нарықтық экономикаға өту заңдылықтары мен экономикалық жағдайды жақсарту шарттарының бірте-бірте жетілуі кәсіпорынның ішкі және сыртқы экономикалық қызметте шынайы дербестікке өтуі қажеттігін көрсетті. Осындай жағдайда шаруашылық қызметке маркетингті қолдану керек болды.

Содержание

Кіріспе ........................................................................................ 3


І Бөлім. Маркетингтің ғылым ретіндегі дамуының теориялық аспектілері.
1.1. Маркетинг дамуының эволюциясы.............................................. 5
1.2. Маркетингтің шет елдердегі эволюциясы................................... 8
1.3. Маркетинг тұжырымдамаларының эволюциясы........................ 10
ІІ Бөлім. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң маркетингтік іс қызметін талдау.
2.1. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң ұйымдық сипаттамасы..................... 15
2.2. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң маркетингтік іс-қызметін талдау......................................................................................................... 20
2.3. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң маркетингтік стратегияларын
талдау........................................................................................................ 24

ІІІ-бөлім. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң маркетингтік іс қызметін жетілдіру жолдары.
3.1. «Қазагромаркетинг» АҚ қызметінің 2009 – 2013 жылдарға негізгі
даму бағыттары…………………………………………………….. 28
3.2. «Қазагромаркетинг» АҚ қызметінің маркетингтік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар…………………………………………………… 34


Қорытынды .......................................................................................... 39


Пайдаланылатын әдебиеттер ............................................................. 41

Работа содержит 1 файл

Балжан курсовой бастама.docx

— 195.97 Кб (Скачать)

- Product, фирманың тауарлық саясаты (тауарлық маркетинг) – нарыққа бағытталған тауардың ассортиментін, олардың қасиеттерін, қорабын, марка имиджін және т.б. ойлап табу;

- Price, компанияның баға саясаты (бағалық маркетинг) – нарыққа бағытталған баға деңгейін, өткізуді ынталандырудың бағалық әдістерін ойлап табу;

- Promotion, тауарды жылжыту (коммуникация маркетингі) – әлеуетті клиенттерді ақпараттандыру жүйесі, өткізуді ынталандырудың түрлі әдістері арқылы тауар мен фирма жөнінде жағымды әсер қалыптастыру;

- Place, сату, тауар өткізу орны мен уақыты (өткізу маркетингі) – өткізу арналарын және сауда делдалдарын тиімді таңдау, тауарды сақтауды және көшіруді ұйымдастыру;

-People, тауарды сатушылар мен сатып алушылар (қарым-қатынас маркетингі) – компанияның кадр саясатын ойластыру, әлеуетті клиенттерді қалыптастыру.

 

5. Әлеуметтік-этикалық маркетинг  тұжырымдамасы.

Жылы

1980-1995

Негізгі идеясы

Қоғамның  қажеттіліктерін ескере отырып, тұтынушыға не керек болса, соны өндіремін

Негізгі құралы

Маркетин-микс кешені, тауарлар мен қызметтерді  тұтыну мен өндірудің әлеуметтік және экологиялық салдарын зерттеу

Басты мақсаты

Адамдық, материалдық, энергетикалық және басқа  да жинақтау, қоршаған ортаны қорғау шартымен мақсатты нарық қажеттіліктерін  қанағаттандыру


Әлеуметтік-этикалық маркетинг –  қазіргі кездің  құбылысы. Әлеуметтік-этикалық маркетинг тұжырымдамасы 80-жылдардың  басында экологиялық және тұтынушылық  қозғалыстардың күшеюіне байланысты дамыған. Бұл тұжырымдама мынадай сәйкестендірілген  үш факторды пайдалануды талап етеді, олар: фирма пайдасы, тұтынушылар  қажеттілігі мен қоғам мүдделерін қанағаттандыру. Әлеуметтік-этикалық тұжырымдама негізінде тұтынушылар  мүддесі (consumer's satisfaction), қоғамның игілігі (community welfore), компания пайдасы (company's profit)болғандықтан бұл «3-С» тұжырымдамасы деп те аталады. Ол қоршаған ортаны жақсарту императив ретінде болуын және кәсіпкерлік қызметтің қоғамның даму мақсаттарына сай келуін қажет етеді. Бұл тұжырымдама қоршаған орта экологиясының бұзылуына, табиғи ресурстардың жетіспеушілігіне, халық санының көбеюіне және әлеуметтік қызмет саласы ахуалының нашарлауына байланысты дамыды.

      Берілген тұжырымдамаға  байланысты ұйым мақсаты –  мақсатты нарықтың қажеттіліктерін,  мұқтаждықтарын, көзқарастарын белгілеу  және бәсекелестерге қарағанда  қажеттілікті тиімді және өнімді  әдістермен қамтамасыз ету. 

 

  1.  Өзара әрекеттесу маркетингі

Жылы

1995 ж. бастап қазіргі кезге дейін. 

Негізгі идеясы

Координация, интеграция және желілік талдау әдістері, маркетинг-микс кешені.

Негізгі құралы

Маркетин-микс кешені, тауарлар мен қызметтерді  тұтыну мен өндірудің әлеуметтік және экологиялық салдарын зерттеу

Басты мақсаты

Адамдық, материалдық, энергетикалық және басқа  да жинақтау, қоршаған ортаны қорғау шартымен мақсатты нарық қажеттіліктерін  қанағаттандыру


     

      Соңғы уақытта  сипатталған тұжырымдамалардан  басқа, шведтік ғалымдар алтыншы  тұжырымдама ретінде өзара әрекеттесу  маркетингті тұжырымдамасын ұсынуды.  Бұл тұжырымдамада маркетингті  сатып алушылар мен бизнес-серіктерінің  арасындағы өзара қарым-қатынасты  жолға қойып, оған қолдау көрсететін  үдеріс ретінде қарасытырады. Мұндай  қатынастар материалдық, қаржылық, адамзаттық және басқадай ресурстар  қатарындағы маңызды ресурс ретінде  есептеледі.

 

ІІ  Бөлім. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң маркетингтік іс-қызметін талдау

2.1. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң ұйымдық сипаттамасы

 

Ашық  экономика жағдайында отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың одан әрі қажеттілігі, аграрлық нарық қатысушыларының сапалы ақпаратты-маркетингтік қызметтерге сұранысын өсіреді. Ақпаратқа қол жеткізу бәсекелестіктің шешуші факторы болғалы отыр, сондықтан, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, оны алудың тең жағдайын қамтамасыз ету маңызды мемлекеттік міндет болып табылады. 

Қазақстан экономикасының нақты секторының дамуы  мен ауылдық кәсіпкерлік аясының  кеңуі ауыл шаруашылық саласында  аграрлық бизнес жүргізу үшін тиімді шешімдер іздеп, оларды қабылдау үшін сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетті  ақпараттық-кеңестік нарық қызметінің дамуы мен күшеюінің қажеттілігін тудырды.

Мемлекеттік агроөнеркәсіптік бағдарламада көрсетілген  міндеттерге сәйкес, отандық тауар  өндірушілерге ақпараттық-кеңестік қолдау көрсету  «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамын құруға негіз  болды.

«Қазагромаркетинг»  акционерлік қоғамы 2003 жылы құрылды, және соңғы 5 жыл ішінде ақпараттық-кеңес  беру нарығында Қазақстан Республикасының  агроөнеркәсіптік кешенін қамтамасыз етумен белсенді жұмыс істеуде.

Басты мақсаттарының  бірі болып аграрлы сала қатысушылары ортасында ақпараттық көрсеткішті  ұлғайту болып табылады. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң негізгі мәселелеріне: аймақтық жүйені құру және дамыту, аграрлық сферада аналитикалық және маркетингтік істі жүзеге асыру мен қортынды ақпаратты аграрлы нарық қатысушыларына жеткізу, ауылшаруашылық өнімдерінің бәсекелестік қабілетін жоғарлату, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін дамыту және жетілдіру, мемлекеттік органдарға ауыл шруашылығы бойынша талдамалы ақпаратты ұсыну, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ақпараттық-кеңеспен, маркетингтік ақпаратпен қамтамасыздандыру, агробизнесті дамыту болып табылады. Күтілетін нәтижесі    ақпараттық-кеңес беру жүйесінің Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінде тиімді қолданылуы.

Қоғамның  толық атауы мемлекеттік тілде  «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы.  Қоғамның тұрған жері Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Абай даңғылы 49 адресі бойынша  орналасқан.  Өкілдікті құрған, «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының тіркеуі  туралы мәліметі Қазақстан Республикасының  Әділет министірлігінің Астана қаласының  Әділет басқармасымен 2003 жылдың 7 қарашасында  берілген заңды тұлғаның мемлекеттік  қайта тіркеу туралы № 13526-1901-АҚ Куәлігігі  бойынша қызмет атқарады.

  

«Қазагромаркетинг» АҚ-ң орталық аппараты Астана қаласында орналасқан. Облыстық өкілдіктердің саны 14. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң орталық аппаратының құрылымын 2-сызбадан көруге болады.

 

Басқарма  төрағасы


Басқарушы директор

Басқарма  төрағасының орынбасары

 

Басқарма  төрағасының орынбасары

 

Басқарушы директор


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу-талдау орталығы

Әкімшілік-қаржылық қызметі

Агрроөнеркәсіп кешеніндегі ақпараттық-маркетингтік жүйесін дамыту және ілеспе қызмет көрсету қызметі

Үйлестіру, әдіснамалық және аймақтық желінің даму орталығы

Бағалар мониторингі және маркетинг басқармасы

Талдау  тобы

Зерттеу тобы

Қаржылық  қызметі

Әкімшілік-шаруашылық қызметі

АӨК АМЖ дамыту және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы

АӨК АМЖ даярлау, енгізу және техникалық ілеспе қызмет көрсету басқармасы

Әдіснамалық және даму басқармасы

Үйлестіру және даму басқармасы


 

2-сызба. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң орталық аппаратының құрылымы

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет.  «Қазагромаркетинг АҚ-ң қарым-қатынас орнатқан шетел және ТМД елдерінің маркетингтік орталықтары.

 

2007 жылы «Қазагромаркетинг» АҚ-ң бюджеттік бағдарламасымен ауыл тұрғындарының шағын несие жүйесін ұйымдастыруға 2 миллиард теңге қарастырылған, олардың ішінде нақты шағын несиеге 1 782 миллион теңге жіберілді, соның ішінде 891 миллион теңгесі қордың өкілдіктері мен бөлімшелері арқылы несиеленеді, ал 891 миллион теңгесі шағын несие ұйымдарына ресурске берілді. Бұл шара қолданыстағы шағын несиені ұйымдастыруды қолдауға және шағын несиені ұйымдастыру жүйесін көбейту мақсатына және несие институтының ауылды жерде дамуына бағытталған.

2006 жылы тұрғындардың берілген сұраныстарының көбі, ресурстар жетпегендіктен, орындалмағанын ескеріп, 2007 жылы несие алу сұраныстарын қараған кезде, бұрын қамтылмаған, жақсы бағаланған сұраныстар қанағаттандырылады. Шағын несиені мерзімнен бұрын қайтарған және жақсы несиелік қайтарымы бар қарыз алушылардың сұраныстары алдымен қамтамасыз етіледі.  

        2003-2005 жылдарға арналған аймақтық аграрлық азық-түлік бағдарламасы аясында ақпаратты-кеңестік және маркетингтік қамтамасыз етуді дамыту үшін  облыста құрылымы 2 деңгейді: облысты - ауданды қамтитын «Қазагромаркетинг» АҚ құрылды. 2005 жылы барлық аудан орталықтарында ауылдық ақпаратты-кеңестік орталықтары (ААКО) ашылды. 

Облыстық  өкілдіктегі маркетологтың қызметтік  нұсқауы мынадай: «Қазагромаркетинг» АҚ-ң маркетологы (өкілдіктің маркетологы) тікелей өкілдіктің директорына  бағынады. Өкілдіктің маркетологы Қоғамды  басқару төрағасымен жұмысқа  алынып және одан босатылады. Өкілдіктің маркетологы өз жұмысында мыналарды  басшылық етеді: Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңдарымен,  қоғамның нормативті актілеріменен, қоғамның жарғысымен, қоғам органдарының шешімімен,  қоғамның персонал туралы ережесімен,  өкілдіктің ережесімен, қазіргі қызметтік нұсқауымен. Өкілдік маркетологының басты мәселелеріне мыналар жатады: ауылшаруашылық өнімдерінің  баға конъюнктурасына анализ жасау, өкілдіктің қызметін үйлестіру және оның құрылымдық бөлімшелері ауылдық  ақпаратты-кеңестік орталықтардың  ақпаратты жинау мен өңдеуге, өкілдіктің деректер базасын қалыптастыруға, өкілдіктің маркетологына қатысты  басқа да мәселелер. Негізгі функционалды міндеттеріне: облыс бойынша маркетингтік ақпарат жинау мен анализдеу, маркетингтік ақпаратты нарықтық есеп түрінде әзірлеу, қоғамның қабылданған  ережесі бойынша аналитикалық және баға ақпаратын баспасөз бетінде  тарату,  қоғамның қабылданған ережесі  бойынша уақытында қоғамға керекті  ақпаратты ұсыну, өкілдіктің маркетологына  қатысты басқа да міндеттемелер. Өкілдіктің маркетологы лауазымы  маманнан келесідей біліктілікті талап  етеді: білімі – жоғарғы экономикалық немесе инженерлік-экономикалық, мамандық- экономист – маркетолог, жұмыс  тәжірибесі мамандық бойынша 1,5 ж кем  емес.

Облыстық  өкілдіктегі кеңесшінің қызметтік  нұсқауына келсек   «Қазагромаркетинг» АҚ-ң кеңесшісі (өкілдіктің кеңесшісі) тікелей өкілдіктің директорына  бағынады. Өкілдіктің кеңесшісі Қоғамды  басқару төрағасымен жұмысқа  алынып және одан босатылады. Өкілдіктің кеңесшісі өз жұмысында мыналарды  басшылық етеді: Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңдарымен, қоғамның нормативті актілеріменен,  қоғамның жарғысымен,  қоғам органдарының шешімімен, қоғамның персонал туралы ережесімен,  өкілдіктің ережесімен, қазіргі қызметтік нұсқауымен. Өкілдік кеңесшісінің басты мәселелеріне: өкілдіктің қызметін үйлестіру және ауылдық ақпараттық-кеңестік орталықтардың, агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін  ақпараттық кеңеспен қамтамасыздандыру, өкілдіктің кеңесшісіне қатысты  басқа да мәселелер жатады. Негізгі  функционалды міндеттеріне: кіріс пен  шығыс корреспонденциясына есеп жүргізу, аграрлы нарық қатысушылары арасында анкета жүргізу, электронды лақтыру қызметіне ақпарат жинау, жергілікті ғылыми және білім беретін мекемелермен іске асатын бағдарламалар мониторингі, өкілдіктің кеңесшісіне қатысты басқа да міндеттемелер жатады. Өкілдіктің кеңесшісі лауазымы маманнан келесідей біліктілікті талап етеді: білімі – жоғарғы,  жұмыс тәжірибесі 1,5 жылдан кем емес.

Облыстық  өкілдіктегі ауылдық ақпараттық – кеңестік орталық (ААКО) кеңесшінің қызметтік нұсқауы – ауылдық  ақпараттық-кеңестік орталықтың   кеңесшісі тікелей өкілдіктің директорына  бағынады. Ауылдық ақпараттық-кеңестік орталықтың кеңесшісі Қоғамды басқару  төрағасымен жұмысқа алынып және одан босатылады. Ауылдық ақпараттық-кеңестік орталықтың кеңесшісі өз жұмысында  мыналарды басшылық етеді: Қазақстан  Республикасының қолданыстағы заңдарымен, қоғамның нормативті актілеріменен, қоғамның жарғысымен, қоғам органдарының шешімімен, қоғамның персонал туралы ережесімен, өкілдіктің ережесімен, ауылдық ақпараттық-кеңестік орталығы туралы ережесімен, қазіргі  қызметтік нұсқауымен. Ауылдық ақпараттық-кеңестік орталық кеңесшісінің басты мәселелеріне: ауылшаруашылық өнімдерінің нарығын  зерттей білу, ауылдық ақпараттық-кеңестік орталығының деректер базасын қалыптастыру,  агроөнеркәсіп кешенінің қатысушылары мен ауыл тұрғындары арасында ақпараттандыру көрсеткішін жоғарлату,  ауылдық  ақпараттық-кеңестік орталықтың кеңесшісіне  қатысты басқа да мәселелер жатады. Негізгі функционалды міндеттемелеріне: аграрлы нарық қатысушылары арасында ақпаратты-кеңестік қызмет жұмысын  жүргізу, жергілікті мемлекеттік басқару  органдарымен тығыз байланыста болу, бизнес пландар құрудағы жұмыстар жүргізу, маркетингтік ақпарат жинау мен  анализ жүргізу, ауданның жүргізген  көрмелер мен жәрмеңкелеріне қатысу, қоғамның қабылданған ережесі бойынша  аналитикалық және баға ақпаратын баспасөз бетінде тарату, қоғамның қабылданған  ережесі бойынша уақытында қоғамға  керекті ақпаратты ұсыну,  ауылдық  ақпараттық-кеңестік орталықтың кеңесшісіне  қатысты басқа да мәселелер. Ауылдық  ақпараттық-кеңестік орталықтың кеңесшісі  лауазымы маманнан келесідей біліктілікті талап етеді: білімі – жоғарғы, жұмыс  тәжірибесі 1,5 жылдан кем емес.

 

      

2.2. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң маркетингтік  іс-қызметін талдау

 

      Қоғамның негізгі қызметтеріне: маркетингтік зерттеулер, нарықты талдау, баға саясаты, электронды тарату қызметі aqronews@minaqri.kz, бизнес-пландарды сараптау мен дайындау, семинарлар мен арнаулы тренингтер, көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу, ақпараттық технологияны агроөнеркәсіптік кешеніне енгізу, ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік негізін үйрету, ауыл тұрғындарын шағын несиелеулер жатады.

      Зерттеу-талдау орталығының негізгі  қызметтеріне тоқталатын болсақ, бағалар мониторингі және маркетинг  басқармасының қызметі келесідей:

1. ішкі (облыс  және аудан деңгейінде) және сыртқы  нарықтарда негізгі тағамдар  мен ауыл шаруашылық өнім бағасының  мониторингін жүргізу;

Информация о работе Маркетинг фирма қызметінің нарыққа бейімделу жүйесі ретінде