Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2012 в 19:36, курсовая работа
Еліміздің нарықтық экономикаға өту заңдылықтары мен экономикалық жағдайды жақсарту шарттарының бірте-бірте жетілуі кәсіпорынның ішкі және сыртқы экономикалық қызметте шынайы дербестікке өтуі қажеттігін көрсетті. Осындай жағдайда шаруашылық қызметке маркетингті қолдану керек болды.
Кіріспе ........................................................................................ 3
І Бөлім. Маркетингтің ғылым ретіндегі дамуының теориялық аспектілері.
1.1. Маркетинг дамуының эволюциясы.............................................. 5
1.2. Маркетингтің шет елдердегі эволюциясы................................... 8
1.3. Маркетинг тұжырымдамаларының эволюциясы........................ 10
ІІ Бөлім. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң маркетингтік іс қызметін талдау.
2.1. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң ұйымдық сипаттамасы..................... 15
2.2. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң маркетингтік іс-қызметін талдау......................................................................................................... 20
2.3. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң маркетингтік стратегияларын
талдау........................................................................................................ 24
ІІІ-бөлім. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң маркетингтік іс қызметін жетілдіру жолдары.
3.1. «Қазагромаркетинг» АҚ қызметінің 2009 – 2013 жылдарға негізгі
даму бағыттары…………………………………………………….. 28
3.2. «Қазагромаркетинг» АҚ қызметінің маркетингтік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар…………………………………………………… 34
Қорытынды .......................................................................................... 39
Пайдаланылатын әдебиеттер ............................................................. 41
Extension – білімнің таралуы мен берілу жүйесі
Ғылыми-техникалық жұмыстар
Нәтижелерді бағалау, шетел- дік зерттеулерді оқып-үйрену үшін тапсырыстарды қалыптастыру
|
2–сызба. Extension – білімнің таралуы мен берілу жүйесі
Жүйенің басқарушысы агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық маркетнгтік жүйесінің арнаулы ұйымы болып табылады, оның құзырына келесі қызметтер кіреді: қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды құру мен дамытуға көмек көрсету; көрме-жәрмеңкелер ұйымдастыру және отандық ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерінің өнімдеріне жарнамалық қолдау көрсету; аграрлық бизнесті жүргізудің тиімді түрлері бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін ақпараттық кеңес берумен қамтамасыз ету; агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық-маркетнгтік жүйесін техникалық қолдау; агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне ақпараттық-маркетингтік және кеңес беру қызметін көрсету бойынша қызметтер кешенін ұсыну; агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық-маркетингтік жүйесінің дамуының аймақтық және басқа бағдарламаларын дайындау мен іске асыруға қатысу; ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер мен мемлекеттік құрылымдар, сондай-ақ басқа да аграрлық нарықтың қатысушылары арасында аналитикалық және маркетингтік ақпаратпен жедел алмасуды қамтамасыз ету; ішкі және сыртқы нарықты зерттеу және ауылшаруашылық өнімінің өткізілуін және оның қайта өндірілген өнімдерін өткізуді ұйымдастыруға көмектесу; агроөнеркәсіп кешенінің салалары бойынша кеңейтілген мәліметтер базасын құру; ресурстарды рационалды пайдаланумен және аз қоғамдық қажетті шығындармен қазіргі заманғы ғылым мен техника, технология жетістіктерін енгізуді қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық тәжірибені меңгеру және тарату.
Агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін жетілдіру жолымен агроөнеркәсіп кешенінің дамуына көмек көрсетуде негізгі міндеттердің бірі агроөнеркәсіптік кешен салаларының автоматты жүйелерін басқаруды құру және аграрлық бизнесте ақпараттық жаңа замаңғы технологиялардың кең таралуы болып табылады. Аталған міндетті шешуде басым бағыттар мыналар болып табылады: агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерімен ақпараттық технологияларды пайдалану деңгейін дамыту; интернет желісін пайдалана отырып, ақпараттық жүйелерді жетілдіру; АӨК-де электронды сауда жүйесін құру; агроөнеркәсіп кешенінде озық ақпараттық технологияларды енгізу және тарату.
Күтілетін нәтижелер: Біріккен ақпараттық-кеңес беру желісі базасында аграрлық нарық қатысушыларының ауыл тұрғындарын қамтамасыз етудің ақпараттық-кеңес беру тиімді жүйесін құру; Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің, барлық мүдделі орталық және жергілікті атқарушы, басқа мемлекеттік органдардың қатысуымен агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық-маркетингтік жүйесінің моделін құру.
Ішкі және сыртқы нарықта агроөнеркәсіп кешеннің отандық өнімінің алға жылжуына көмектесу бойынша көрсетілетін қызметтер тізімін кеңейту
Дайын өнімді
өткізуге ауылшаруашылық өнімдерін
өндірушілерге көмектесу
Жалпы қабылданған әлемдік тәжірибеде салаларды мемлекеттік жөнге келтіру шараларымен қатар, мына салалар бойынша жедел әрі нақты ақпаратты жеткізу бөлімінде аграрлық нарықтың қатысушыларын ақпараттық-кеңес берумен қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейту қажет: ауылшаруашылық өнімдері нарығы, өндірістің тауарлық-материалдық ресурстарының нарығы, аграрлық-өнеркәсіптік кешен субъектілеріне арналған қызметтер нарығы, қайта өңдеу кәсіпорындарының қызметтері, көлік мекемелерінің қызметтері мен тарифтері, ауылшаруашылық өнімдерінің бағалары және оны қайта өңдеу өнімдері, жеткізу орнын және тасымалдау, сертификаттау және т.б. қызмет тарифтерін есептегенде.
Соған байланысты, бәсекеге қабілетті шетке шығарылатын агроөнеркәсіп кешенінің өнім түрлерінің қазақстандық брэндтерін қалыптастыру және олардың ішкі азық-түлік нарығында өнімділігін қалыптастыруға көмек көрсету қажеттілігі туып отыр (бидай, дән өнімдері, мақта, асыл тұқымды балықтар, ұлттық тағамдар).
Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін «Қазагромаркетинг» АҚ келесі шараларды қарастыруда: ҚР-да тұрақты жұмыс жасайтын 16 ақпараттық-көрме орталықтарын және 161 жәрмеңкелік павильондарды құру; «Қазагромаркетинг» АҚ-ның ірі маркетингтік ұйымның бірі – Азиялық Тынық мұхит аймағында азық-түлік тауарларының маркетингі бойынша агенттік ассоциациясына кіруі (2-сурет); ауылшаруашылық өнімінің электрондық коммерция жүйесін енгізу; ай сайын ақпараттық-кеңес беру хабаршысы «Агрожаршының» шығуы; агроөнеркәсіп кешенінің саласында халықаралық жағдайды талдау мақсатында Euromonitor ақпараттық агенттігінің хабаршысына жазылу; баспалық кешенді және арнаулы ғимаратты алумен «Қазагромаркетинг» АҚ-ның базасында әдістемелік орталық құру.
2-сурет – Құрамына кіру жоспарланып отырған шетелдік маркетингтік агенттік ассоциациялар.
Қазақстандағы көрмелік-жәрмеңкелік іс шаралар талдауы оларда тек ірі компаниялар қатысатынын көрсетті. Мұның себебі, көрмеге қатысудың орташа құны 830 АҚШ долл. құрайды, бұл орта және кіші ауылшаруашылық өндірушілері үшін қол жетпейтін жағдай. Облыстық және аудандық деңгейлерде көрмелік-жәрмеңкелік іс-шаралардың көпшілігіне тек жергілікті компаниялар қатысады. Сондай-ақ, аталған іс-шараларды өткізу орны Астана, Алматы қалаларында анықталады, яғни бұған да белгілі бір қаржылық шығындар кетеді, сондықтан оған бәрі бірдей қатыса бермейді.
Соған байланысты көрмелік-жәрмеңкелік қызмет пен сауданы аймақаралық деңгейде белсендендіру қажет. Бұл жерде «Қазагромаркетинг» АҚ-ның негізгі міндеті өткізу каналдарын дамыту, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін шешуге көмектесу болып табылады.
Жоғарыда аталған міндеттерді орындау үшін «Қазагромаркетинг» АҚ-ң 2010–2014 жж. арналған даму бағдарламасындағы қаржы бөлімін қарастырайық. Ол келесі кестеде көрсетілген (10-кесте).
3-кесте
Қаржы кестесі 2009-2013 жж. млн. тг.
№ |
Аталуы |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
Қаражат көзі |
1 |
«Қазагромаркетинг» АҚ-ң |
189,4 |
Республикалық бюджет | ||||
2 |
Азия-Тынық мұхит аймағындағы азық-түлік тауарлар маркетингі Ассоциациясына кіру |
0,464 |
0,510 |
0,536 |
0,589 |
0,648 |
Жеке қаражат |
3 |
The Public Ledger халықаралық журналына жазылу |
0,132 |
0,145 |
0,159 |
0,174 |
0,191 |
Жеке қаражат |
4 |
Электронды сауда жүйесін |
53,7 |
Республикалық бюджет | ||||
5 |
«Қазагромаркетинг» АҚ жағынан әдістемелік орталық ашу |
566,9 |
Республикалық бюджет | ||||
6 |
Euro monitor ақпарат агенствосына жазылу |
3 |
Жеке қаражат |
3-ші кестеде
«Қазагромаркетинг» АҚ-ң
Қоғамның
2009 – 2013 жылдарға дамудың стратегиялық
бағыттарын жүзеге асыру агроөнеркәсіптік
кешен субъектілерін
3.2.
«Қазагромаркетинг» АҚ
Қазіргі
таңда аграрлық саладағы консалтингтік
қызмет көрсетулер дамымай отыр, себебі
ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің
төлем төлеу қабілеттілігі
Арнаулы, тақырыптық басылымдардың шығуы мен ұйымдастырылуы ақпараттық парақшалардың, буклеттердің, анықтамалық материалдың, арнаулы материалдардың шығуына шығындар көлемін азайтуға мүмкіндік береді, бұл жағдай олардың санын көбейтіп, Агроөнеркәсіп кешенінің қатысушылары арасында қолданушылар ортасын қамтуға мүмкіндік туғызады. Қазіргі уақытта баспа қызметінің тарифтері бағасының өсуіне байланысты ақпараттық парақшаларды және басқа басылым өнімдерін пайдалану мүмкіндігі қиын болып отыр. Қазірде мұндай қызметтің орташа бағасы басылым көлеміне байланысты, себебі Астана қаласында ол орташа 1000 дана көлемінде 1 экземплярға 500 теңгені құрайды, егер, орташа 1 жылда 50 мың ауылшаруашылық өнімін өндірушілерді тек қана 1 анықтамалық материалмен қамтамасыз ететін болсақ, 2,5 млн. теңге керек болады. Бұл тек бір ақпарат түрі бойынша, ал қазірде ақпарат түрінің Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілері үшін 150-ден астам түрі бар, оларға кеткен шығын 4,5 млрд.-тан астам теңгені құрайды.
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның базасында әдістемелік орталықты құру қажеттілігінің себебі ауыл тұрғындарын кәсіпкерліктің негіздеріне, аграрлық бизнесті жүргізуге оқытатын, содай-ақ ауылшаруашылық саласында консалтингтік қызметтерді көрсету үшін, маркетингтік, аналитикалық қызметті жүзеге асыра алатын қабілеті бар мамандарды, бизнес-консультанттарды, оқытушы тренерлерді дайындау және қайта даярлау болып табылады. Арнаулы, тақырыптық басылымдарды басып шығару және ұйымдастыру қажетті ақпарат пен арнаулы басылымдарды басып шығаруда шығындардың көлемін азайтуға көмектеседі, сондай-ақ көрсетілетін қызмет түрлерінің қолжетімділігіне оң әсер етеді.
Әдістемелік орталықтың міндеті кеңес беру қызметін және оқыту семинарларын өткізу үшін ақпараттық-анықтамалық материалдарды, әдістемелік ұсынбаларды, оқу көмекші құралдарының көмегімен ауылшаруашылық білімді беру мен тарату жүйесін методологиялық және әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады, агроөнеркәсіп кешенінің қатысушыларын және ауыл тұрғындарын қоса, көп пайдаланушылар ортасы үшін басылымдарды басып шығару және тарату болып табылады.
Әдістемелік орталық жұмысының ерекшелігі ол өз жұмысын аграрлық нарық қатысушыларын және ауыл тұрғындарын «Қазагромаркетинг» АҚ-ң аймақтық желісі арқылы біріктіре оқытуды жүзеге асырады. Сондықтан «Қазагромаркетинг» АҚ өз кеңесшілері үшін кезеңдік білім жетілдіру курстарын ұйымдастырады.
Арнаулы, тақырыптық басылымдарды басып шығарумен және ұйымдастырумен «Қазагромаркетинг» АҚ-ның базасында әдістемелік орталықты құру нені қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:
Информация о работе Маркетинг фирма қызметінің нарыққа бейімделу жүйесі ретінде