Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 20:43, дипломная работа
Нарықтық экономика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі кездегі түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр.
Кіріспе 3
1. Кәсіпорындағы персоналды басқару концепциясы 5
Персоналды басқару түсінігі 5
Персонал қызметі және оның әрекет етуіне қойылатын негізгі
талаптар 8
Персоналды басқару барысындағы қолданылатын инновациялық әдістер 11
2. Персонал тиімділігін арттырудағы мотивация рөлі 18
2.1. Мотивация туралы түсінік, оның мазмұны мен негіздері 18
2.2. Қызметшілер топтарын ынталандыру амалдары 27
2.3 Адам ресурстарын басқарудағы шетелдік тәжірибе 33
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеті
Экономикалық факультет
«Экономика және менеджмент» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: " Персоналды басқару процесіндегі мотивацияның рөлі"
кафедрасының аға оқытушысы,
менеджмент магистрі Азмаганова К.Ж
2012 жыл
Ж О С П А Р :
Кіріспе 3
1. Кәсіпорындағы персоналды басқару концепциясы 5
талаптар 8
2. Персонал тиімділігін арттырудағы мотивация рөлі 18
2.1. Мотивация туралы түсінік, оның мазмұны мен негіздері 18
2.2. Қызметшілер топтарын ынталандыру амалдары 27
2.3 Адам ресурстарын
басқарудағы шетелдік тәжірибе
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі кездегі түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі кезде меншік түрі әр түрлі кәсіпорындарда нарықтық қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымдарды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз және қойылған мақсаттарға жеткізбей отыр. Мұның негізгі себептерінің бірі – елімізде жүргізіліп отырған реформаларды нарықтық экономиканың күрделі мәселелерін жоғары кәсіптік деңгейде, дәстүрлі емес жолмен шешуге қабілеті бар қажетті кадрлардың аздығы. Бұл мәселелерді шешу үшін персоналмен жұмыс істеудің тиянақты жүйесі керек. Тиімсіздігі белгілі қазіргі жүйе айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырған жоқ. Себебі ұйымдағы әр түрлі деңгейдегі басшылар мен кадр бөлімінің қызметкерлері кадр саясатының негізін айтарлықтай біле бермейді, көбісінің техникалық білімдері бар болғандықтан, басқару жүйесін техниканы дамытуға қарай бағыттай береді. Сондықтан басшылардың көбісі әлеуметтік және мәдениет мәселелеріне, кәсіпорын персоналын жұмылдыра жұмыс істету жайлы жоспарлау мен ұйымдастыруға немқұрайды қарайды.
Экономиканың қазіргі даму кезеңінде дүние жүзінің көптеген елдеріндегі негізгі проблемалардың бірі - персоналмен қалай жұмыс жасау болып отыр. Бұл мәселені шешу жолдарының көптігіне қарамастан өнеркәсібі дамыған әр түрлі елдерде кадрларды таңдау процедуралары мен әдістерін бір қалыпқа келтіру; оларды бағалаудың ғылыми критерийлерін дайындау; персоналды басқарудың қажеттілігін талдауға ғылыми әдістерді пайдалану, кадрлық шешімдерді негіздеу және олардың жариялылығын кеңейту; мемлекеттік және шаруашылық шешімдерді кадрлық саясаттың негізгі элементтерімен жүйелі түрде байланыстыру негізгі ортақ үрдіске айналып отыр.
Кәсіпорында менеджментің тиімділік факторы есебінде персоналды басқару проблемасына кейінгі уақытта аса көңіл бөлініп отырғанына персонал менеджментінің маңыздылығын ғалымдар мен кәсіпорын басшыларының мойындауы себеп болып отыр. Теориялық мәліметтерді баяндаумен қатар персонал менеджменті арқылы кәсіптік іс - әрекет жүргізу дағдыларын дамытуға керек болады деп ойлаймыз.
1. Кәсіпорындағы персоналды басқару концепциясы
Әлеуметтік жағдай бойынша финанстық, шикізаттық және басқа да материалдық ресурстар үш негізгі бөлікті құрайды, немесе үш сфераны:жоспарлау ,т.б. мекеменің мақсаты мен міндетін анықтау, жолдарын тауып іске асыру; адамдардың қызметін реттеу және тәртіпке келтіру, ұйымдастыру; персоналды басқару.
Осы аталғандардың ішіндегі-
Персонал құрамына мекеменің барлық қызметкерлері кіреді, оның егесін есептемегенде егер ол ешқандай функция орындамаса, кез келген әлеуметтік басқару адамдарды басқару болып табылады, сондықтан персоналды басқару барлық тарихымен үзіліссіз байланысуда.Бірақ көптеген ғасырлар өту барысында атап айтқанда, 20 ғасыр басында персоналды басқару әлеуметтік басқарудың арнайы функция есебінде бөлінбеген.Тәжірибе және салт-дәстүр бойынша жүргізіледі.Еңбек кодексі жеке болғандықтан, сондықтан оның өндірістік қызметінің ұйтқысы болып отбасы, онда отбасы басшысы басқару және өндірістік функцияларды атқарған (бұл жағдай кейбір әлем елдерде орын алады ).
Мысалы: персоналды басқару туралы Н.Маусов былай жазады : “ Үздіксіз процесс, адамдардың толықтай өзгеруіне, максималды қайтарымға қол жеткізуге, соңғы жоғарылау қорытындысы бойынша”
И.Н.Герчикова бойынша: “
Персоналды басқарудың маңызды функциясы және мақсаты айқын анықталған ең негізгі басты мақсат кадрларды басқару болып табылады.
А.Я.Кибанов,Д.К.Захаровтардың жазуы бойынша персоналды басқару дегеніміз- “Кешенді басқару (ұйымдастыру, экономикалық, заңдылық ), нақты және сапалы персоналдармен еңбекке баулу кәсіпорын (мекеменің) мақсаты ” .
Неміс ғалымдары Р.Марр және В.Вебер жазуы бойынша персонал экономикасы дегеніміз- “ Қызмет көрсету аясы, барлық мекеме сипаттамасы және оның басты мақсаты персоналды ұйымдастырумен қамтамасыз ету және персоналдарды тиімді пайдалану болып табылады ”.
Персоналды басқару жалпылама негізгі сипаттамасының маңыздылығы бұл сипаттама қандай мақсатта орындалатынын ескеру қажет.Қазіргі әдебиеттерде персонал менеджер мақсатын 2 топқа бөледі : ұйымдастыру және жеке.Дж.М.Иванцевич, А.А.Лобанов жазулары бойынша - “ Персонаолы басқару бұл мекемелерде қызметкерлерді ең тиімді қолдануға ықпал беретін ұйымдастыру және жеке мақсаттарға жететін қызмет болып табылады ” . Біз ғалымдар пікіріне қосыламыз.Қызметкерлерді басқарудың әр түрлі тәсілдері арқылы персоналды басқаруға мүмкіндік бар.Әдебиеттерде мұндай тәсілдердің әр түрлі жағдайы қарастырылған.Олар адамдарға әр түрлі сипатта әсер етуіне байланысты ерекшеленеді : қызметкерлерді қажетті мөлшерде қамтамасыз ету тәсілі ; қызметкерлерге қажетті ақпаратты беру арқылы, оның өз еркімен ұйымдастыру қабілеттілігін арттыру- ақпараттық тәсіл ;көз жеткізу тәсілі, жүйелі түрде адамдарды бағалау жүйесі, ішкі әлеміне әсер ету ; санкция қолдану немесе қауіптілікті негізге ала отырып қолдану- мәжбүрлеу тәсілі ( әкімшілік тұрғыдағы ).
А.Я.Кибанов персоналды басқару тәсілі бойынша классификациялық тәсіл өзгеше түрін ұсынады, ол 3 топтық әдіске бөлінеді : басқару бөлімін және құрылымды құрастыру ;мемлекеттік тапсырыс бекіту, әкімшілік норма мен нормативтерді бекіту, бұйрық пен жарлық беру, кадрларды таңдау және орналастыру, мекеменің инструкциялық қызметі мен стандартта көрсетілген жағдайын талдау әкімшілік тәсіл болып саналады ; техникалық-экономикалық талдау, техника-экономикалық негіздеу, жоспарлау, материалдық қажеттілігін анықтау, бағалық құндылығын талдау, салық жүйесі, экономикалық нормалар мен нормативтер экономикалық тәсіл болып саналады ; жұмысшылардың ұжымында әлеуметтік талдау, әлеуметтік жоспарлау, жұмысшылардың басқару жүйесіне қатысуы, ұжымның әлеуметтік жағдайын жақсартуы, психологиялық тұрғыда жұмысшыларға әсер ету, ( топ жасақтау, бірқалыпты психологиялық климат жасау, моральдық ұмтылу, жұмысшылардың жауапкершілігі мен бастама көтеруін арттыру ) бұл әлеуметтік психологиялық тәсіл болып саналады.
Практикада қандай да болмасын ұжым үнемі персоналдық қажеттілікті қажет етеді.Бұл әр түрлі факторларға әсер етеді : нарықтық (қызмет және өнім сұраныстың өсуі, өндірістің ұлғаюына байланысты қосымша жұмысшыларға сұраныс ) ;технологиялық ( құрал-жабдықтардың жетілдіру жұмысшы санын азайтады, оларға қызмет жасауына байланысты басқа мамандар қажеттілігі туындайды ) ;білікті ( жоғары білікті мамандар ), ұйымдастыру ( мекеме құрылымының біркелкілігі және персоналды басқару қызметін азайтады ) ; әлеуметтік ( ағымдағы жағдайда персонал үнемі толықтырып отырады, жұмыспен қамтамасыз жағдайында мемлекеттің саясаты ).Өндірістің шаруашылық қызметінің нәтижесіне жұмысшылардың біліктілігін арттыру мен дайындық әсері көрсеткіштер қатарымен анықталады.Оларды 2 топқа біріктіруге болады : экономикалық және әлеуметтік.
Экономикалық көрсеткіштер : еңбек өнімділігінің өсуі, өнім сапасы, материалдық ресурстарды үнемдеу, т.б.Әлеуметтік көрсеткіштер төлемдер жүйелері мен формаларымен, еңбек жағдайларымен еңбекпен қанағаттанғандық деңгейін көрсетеді.Бұрынғы білімдердің құнсыздануына, білімнің жалпы деңгейінің ескіруіне байланысты кадрларды қайта дайындау және олардың біліктілігін арттыру проблемасы туындайды.Осыған сәйкес, кадрлар біліктілігін арттыруды жұмысшылардың кәсіптілік шеберлігін арттыру, жаңа техника мен технологияны игеру, еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру мақсатында теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды жетілдіру процесі ретінде анықтауға болады.
1.2 Персонал қызметі және оның әрекет етуіне қойылатын негізгі талаптар
Кадрлар қызметінің негізгі мәселелері.Нарықтың қалыптасуы бүгінде ескі ойлар,әдістер мен тәсілдер негізінде кадрлар қызметін шешуге мүмкін болмайтын жаңа мәселелердің қатарына қойып отыр.Бүгінгі таңда күрделі мәселелердің бірі ретінде кадрлар жұмысын қайта құру өткір түрінде белгілі болып тұр.
Экономиканың барлық салаларындағы сияқты өнеркәсіпте де :
- өндірісті үдету мәселелері ;
- оның тиімділігін жоғарылату ;
- ардақты және тапшы кадрлық
ресурстарды дұрыс пайдалану
Нарық жағдайында кәсіпорынды жұмысқс дайындауды жақсарту үшін бізге қысқа мерзім ішінде кадрларға байланысты жұмыс жүйесін –кадрларды бағалау және аттестациялау ; іріктеу;даярлау;біліктілігін жоғарылату;жетекші қызметкерге резервтер дайындау жұмысын толығымен қайта құру керек.Сонымен қатар, кадрлар қызметіндегі жұмыскерлердің де өздерінің кәсіби деңгейлерін жоғарылатулары керек, барлық деңгейдегі жетекшілер өздерінің қол астындағы жұмыскерлердің потенциалын тиімді пайдалануда, дамытуду және айқындауда іс жүзінде жауапкершілігін күшейтуі керек.
Персонал қызметін ұйымдастыруға және оны ресурспен қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптар.Кәсіпорынның кадрлық қызметі – кәсіпорынды басқару шеңберінде таңдалған саясат бойынша басқаруға бел буған қызметтегі тұлғалармен қоса арнайы құрылымдық бөлімшелердің жиынтығы.
Кадрлық қызметтің функциялары, құрылымы және мәселелері экономиканың даму сипатымен, өндіріс алдында тұрған мақсаттар мен мәселелерді орындауда персоналдың атқаратын рөлін кәсіпорын басшылығының түсінуімен тығыз байланысты.
Бүгінде отандық кәсіпорындардың кадрлар бөлімінің қызметі жұмыс күшін жалдау, жұмыстан босату, іс-қағаздарын жүргізу, оқытуды ұйымдастыру, кадрлардың біліктілігін жоғарылату және қайтадан даярлау жұмыстарымен шектеледі.Соңғы функцияларды орындау үшін кадрларды дайындау немесе оқыту бөлімдері құрылады.Бұл келеңсіздік кадр бөлімін сырттан жұмыс күшін жалдау қатынастарында құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің тапсырмасы мен кәсіпорын басшылығының жарлығын ғана орындайтын мәртебесі жоқ қосалқы құрылымдық бөлімшеге айналдырды.
Кадрлар бөлімі кадрлық
жұмыстардың әдістемелік
те, ақпараттық та, үйлестіруші
де орталығы емес.Олар құрылымдық
жағынан еңбекті ұйымдастыру
Сонымен қатар, әр түрлі
кадрлық жұмыстармен зауыт
басқармасының басқа
Шағын мамандандырылған құрылымдық бөлімшелердің басы бірікпеушіліктің әсерінен кадрлармен жұмыс істеудің тиімділігі азайып, кадрларды қалыптастыру және тиімді пайдалану мәселелерін кешенді түрде шешуге бұл келеңсіздік мүмкіндік бермеді.Үлкен жұмысты, әсіресе кадрларды іріктеуге, орналастыруға және пайдалануға байланысты жұмыстарды сызықтық жетекшілер орындады, ал олардың басты міндеті өндірістік тапсырмаларды өз уақытында сапалы орындау болғандықтан кадр басқаруға қажетті білімі, уақыты болмағандықтан, олар жұмысты жоғары деңгейде орындай алмады.
Информация о работе Персоналды басқару процесіндегі мотивацияның рөлі