Кәсіпорын персоналын басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 23:14, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында ұйымдармен басқару қиынырақ болып келеді. Бұл құқықтар мен жауапкершіліктің кеңейтілуімен және қоршаған орта өзгерістеріне бейімделуімен шарттастырылған. Осыған байланысты туындайтын барлық мәселелерді кәсіби менеджментсіз шешу мүмкін емес.
Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымның басты мақсаты шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да біздің көзқарасымыз бойынша менеджмент-бұл ұйым пайдалылығын қамтамасыз ету мақсатында нарықтық қатынастар жағдайында ұйым мен оның қызметкерлерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін басқару тәжірибесі мен ғылымы.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................... 3

БӨЛІМ 1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Персоналды басқарудың түсінігі және оның мақсаты...........................4
1.2 Персоналмен жұмыс істеу формалары және персоналдың сапалы құрамын жақсарту қажеттілігі.............................................................................6

БӨЛІМ 2 «ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ МЫСАЛЫНДА ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 «Қазақмыс корпорациясы» АҚ қызметіне жалпы сипаттама..............9
2.2 «Қазақмыс корпорациясы» АҚ-да персоналды басқару процесін қалыптастыру мен жетілдіру.................................................................................25

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................31

Работа содержит 1 файл

перс кәсіпорын 30 б.doc

— 372.00 Кб (Скачать)

        Мұндай ұйымдар әдетте өз мүшелерінен сөзсіз тыңдауды қажет етеді, ақпараттың бостандығын, іс-әрекеттерді, айтуларды шектейді, адамдардың ойын және тұғалардың өздерін елемейді.

        Өз мәні бойынша механистикалық болып барлық мемлекеттік ұйымдар, бәсекелік күреске және ҒТР әсеріне тәіуелсіз, экономиканың дәстүрлі салаларына қызмет ететін ірі және коммерциялық фирмалар табылады.

        Бүгінгі өмір шаруашылық жағдайдың тұрақсыздығымен, оқиғалардың анықсыздығын, басымдылықтардың, байланыстардың, бағыттармен тұрақты дәуірімен сипатталады. Мұнда органикалық деп аталатын басқа бір қағидалар негізінде қызмет ететін ұйымдар табысқа алады. Олар шектердің толтырылуымен, жеке буындармен өзіндігімен, әлсіз иерархиялығымен, кең маманданумен, ережелер мен процедуралардың көптүрлілігімен, қызмет варианттарының таңдау бостандығымен, нақты нарықтық тиім негізінде нәтижелерді бағалаумен, формальды емес қатынастардың басшылығымен сипатталады. Мұндай ұйымдар жұмыста икемді, екпінді, жедел болады да көбінесе инновациялық процестермен – ғылыми зерттеулермен, ғылыми – тәжірибелік жасаулармен, олардың нәтижелерін тәжірибеге енгізумен сипатталады.

        Ұйым қызметін жалпылама: ұйымдарды ресми және ресми емес деп бөлуге болады. Ресмилер нақты өндірістік, шарауашылық және басқа міндеттерді шешу үшін құрылады, заңды болып табылады, белгілі бір кеңістікте өмір сүреді, олардың қызметі сәйкес нормативтік актілермен реттеледі.

        Ресми емес ұйымдар оларды басқаша фомальды емес деп атайды, стихилы түрде құрылады, адамдар арасындағы заңды тіркелмеген контактілер жиынтығы ретінде өмір сүреді, жетістіктері ресми ұйымдарда олардың мүшелілігі қамтамасыз етілмейтін белгілі жеке мақсаттарды қарастырады.

        Кез келген құрлымы  - бұл оның жеке элементтерінің реттелген жиынтығы. Құрылымдар сияқты элементтердің әртүрлі әдістемелерінде олардың көп түрін бөлуге болады. Барлығы тірелетін негізгі құрылым болып бөлімшелермен белгілі ұйымды құрайтын жалпы ұйымдық құрылым табылады. Жалпы құрылым негізінде ұйымның қандай да бір мақсаттарына жетуге бағытталған жинақталған қызмет түрлерінің жиынтығы табылады. Қызметтің бұл түрлері жеке топтарға бірігіп, департаментализация процсінің негізін яғни нақты функциялардың белгілі бір жиынтығын орындау үшін жауапты, сәйкес бөлімшелер немесе ресми құрылған адамдар тобының қалыптасуы қызметін атқарады [14].

             Департаментализация ұйым қызметінің нәтижесінен немесе ресурстарынан шығатын белгілі бір қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Олардың үшеуіне назар аударайық: сандық, функционалды, және территориалды.

               Көптеген ірі кәсіпорындар мен ұйымдар үшін департаментализацияның негізгі принципі болып функционалды табылады. Бөлімшелердің топтасуы олардың қызметінің сфералары мен негізгі бағыттарын сипаттайтын функцияларымен сәйкес жүргізіледі. Мысалы, өндіріс, өткізу, қаржы, маркетинг.

              Ұйымдар осы принципке сәйкес бөлімшелердің блоктарымен көрсетіледі, мысалы, өндірістік, басқару, әлеуметтік.

              Соңғы кезде алдыңғы жоспарға территориалды принцип шығады, мұнда ұйымға кіретін кәсіпорындардың әрқайсысы өнімнің толық жиынтығына және берілген аймақ мұқтаждары үшін қызметтерге маманданады. Функционалды департаментализация мысалында пошта бөлімшелерінің аудандық торабын келтіруге болады. Мұндай құрылым коммерциялық операцияларды локализациялау есебінен қаражаттарды үнемдеу қажет болған кезде дұрыс болады, мұндай кезде жергілікті жағдайларды ескеріп, жергілікті контактілерді қамтамасыз ету қажет. Мұндай құрылымдар нарықтарға жақын, олар жақсы басқарылады [15].

               Ұйым құрылымы туралы айтқан кезде оны құрудың тағы да екі полярлық әдісін бөліп көрсетуге болады: иерархия және гетерархия. Бірінші жағдайдың иллюстрациясы ретінде шағын әскери кеменің экипажын айтуға болады, оның барық іс-әрекеттері бағыну иерархиясының инструкцияларымен ретеледі. Әрқайсысы ойын және ситуациясын басшылыққа алатын футбол командасы – гетерархиялық тораптарының мысалы.

     Адамзат бір адамның әлі келмейтін міндеттерді орындау үшін басқару иерархияларын құрайды. Ірі аңды алғашқы аулаудан трансұлттық корпорацияларды басқаруға дейін сөз иерархиялық құрылымдағы іс-әрекеттер координациясы туралы болады. Бірақта өте күрделі міндеттер құрылымдарда монопольды бағынуларға бір орталықта, ал кепілдемелерді полиорталық бөлінісімен шешіледі [16]. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     БӨЛІМ  2 «Қазақмыс  корпорациясы» АҚ мысалында персоналды басқаруды жүзеге асыру және оны жетілдіру жолдары

     2.1. «Қазақмыс  корпорациясы» АҚ қызметіне жалпы сипаттама 

    Қазақмыс – пайдалы қазба байлықтарын өндірумен айналысатын, негізгі қызметін қазақстанда және жақын аймақтарда атқаратын, ұлыбританияда тіркелген халықаралық компания. Компанияның негізгі қызметі мыс өндіру және сату болып табылады. Қазақмыс – толықтай интеграцияланған компания, оның қызметі кен өндіруден тауарлық металл өндіруге дейінгі сатылардың бәрін қамтиды. мыс өндіру бөлімшесі сондай-ақ жанама өнім ретінде көп көлемдегі мырыш, күміс және алтын сияқты басқа металдарды өндірумен айналысады.

    Топтың  орта азия табиғи қорлар саласындағы  үлкен мүмкіндіктерді диверсификациялау  және дамытуға атсалысу жөніндегі стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру  үшін  2007 жылдан бері қазақмыс компаниясының құрамына үш жаңа бөлімше қосылды – kazakhmys petroleum, kazakhmys gold және kazakhmys power. мкм – германияда орналасқан, толығымен компанияға тиесілі еншілес кәсіпорын, компания оны 2004 жылы сатып алған. МКМ мыс құймасынан жартылай дайын өнімдер мен өнімдер топтамасын шығарады.

    Қазақмыс  – қазақстандағы  ірі мыс өндіруші компания, ол осы саладағы аса ірі он әлемдік өндірушілер қатарына кіреді. Мыс өндіру бөлімшесінің өндірістік алаңқайлары қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан, оның ішінде 20 карьер мен жерасты кендері, 10 кен байыту фабрикасы, мырыш зауыты мен 2 мыс балқыту кешені де бар. Топтың иелігінде көмір шахталары мен электр станциялары бар. Олар кәсепорындардың қызметін жүзеге асыру үшін қажетті көлемдегі электр қуатын жеткізеді, ал артық көлемдегі электр қуаты сатылады.

    Толықтай  интеграцияланған өндіріс пен  алуан түрлі  өнімдердің арқасында қазақмыс әлемдегі ең аз шығынды мыс өндірушілердің қатарына кіреді. Бұл артықшылықтар мен мол қорының бар екенін ескергенде, топтың болашақта өсуі мен дамуының іргетасы мықты деуге болады.

      Қазақмыс компаниясы – пайдалы қазба байлықтарын өндіруші халықаралық компания. Негізгі қызметі мыс өндіру және оны сату. Қазақмыс – толықтай интеграцияланған компания, оның қызметі кен өндіруден тауарлық мыс өндіруге дейінгі барлық сатыларды қамтиды. Мыс өндіруші бөлімше сондай-ақ көп көлемдегі мырыш, күміс пен алтын сияқты жанама металдарды өндірумен айналысады, бұл өндіріс табыстың 25%-ын құрайды.

      Қазақмыс  компаниясы Қазақстандағы аса ірі  мыс өндіруші және әлемдегі ірі мыс  өндірушілерінің бірі. Мыс өндіруші бөлімше Қазақстанда 20 карьер мен жерасты кен орындарында, 10 кен байыту фабрикаларында, мырыш зауытында және екі мыс балқыту зауытында жұмыстар жүргізеді. Топтың иелігінде барлық операциялық қызмет түрлеріне жеткілікті электр қуатын өндіретін көмір шахталары мен электр станциялары да бар.

      MKM – Германияда орналасқан, толықтай  компания иелігіндегі еншілес  кәсіпорын. МКМ жартылай дайын  өнімдер мен мыс құймасынан  жасалған өнімдер түрлерін шығарады.

      Орта  Азия табиғи қорлары саласында диверсификация және бар мүмкіндіктерді дамытуға атсалысу Топтың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру аясында 2007 жылдан бері Қазақмыс құрамына үш жаңа бөлімше - Kazakhmys Petroleum, Kazakhmys Gold және Kazakhmys Power - енгізілді.

      Толықтай  интеграцияланған басшылық пен алуан  түрлі өнімдері Қазақмысты әлемдегі ең аз шығынды мыс өндірушілер қатарына қосты. Осы артықшылықтарға қоса мол қоры Топтың болашақта өсуі мен дамуына мықты іргетас бола алады. 

 
 

1-cурет. “Қазақмыс корпорациясы» АҚ-ның   құрылымы 

     Қазақмыс  ПЛС компаниясы Ұлыбританиядағы Лондон Қор Биржасында тіркелген. Компания акциялары Лондон Қор Биржасында да, Қазақстан Қор Биржасында да саудаланады. 0.23% акциясы Топқа тиесілі емес Қазақмыс Корпорациясы  ЖШС-тан (Мыс өндіруші бөлімше) басқа барлық еншілес кәсіпорындар толықтай компания иелігінде.

     Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын  сипаттайтын  барлық көрсеткіштер өзара тығыз  байланыста болады. Кәсіпорынның төлемқабілетілігі мен өтімділігінің динамикасын және капитал айналымдылығы мен рентабелділігін талдамай  оның қаржылық тұрақтылығын  дұрыс бағаланып, нақты цифрлармен болжанады деуге болмайды. Әрбір көрсеткіштің деңгейі мен  динамикасы  басқа көрсеткіштердің деңгейлері мен динамикасынан қалыптасады. Талдау барысында көрсеткіштер арасындағы сапалық және сандық қатынастарды бағалап кетуге болады.             «Қазақмыс корпорациясы» АҚ меншігінің 35 пайызы Үкіметке, 42,4 пайызы «Самсунг» компаниясына, қалған 22,6 пайызы кен қопарып, металл балқытқан, былайша айтқанда осы салада атам заманнан күні бүгінге дейін жұмыс істеп, тер төгіп келе жатқан қалың топ – қарапайым халықтікі. Акционерлік қоғамның акциясы о баста осылай бөлініпті.                                                                                                         "Қазақмыс" корпорациясы" АҚ-ның экономикалық бөлімінің мәліметтері бойынша 2010-жылдың қаңтар-сәуір айларында корпорация инвестицияларының көлемі 79 млн. долларды құрады. Ал 2009-жылғы тиісті мерзімде бұл мөлшер 54 млн. долларды құраған. 2010-жылдың 4 айында корпорация кен өндіру мөлшерін 12,8 млн. тоннаға жеткізді. 2010-жылғы төрт айда өнім мөлшері 11,3 млн. тоннаны құраған. 2009-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда мырыш концентратын өндіру мөлшері 19,2 мың тоннадан 29,2 мың тоннаға жетті. Ал мырышты металл күйінде өндіру мөлшері 0,5 мың тоннадан 20,1 мың тоннаға жеткізілді. Сонымен бірге мыс катанкасын өндіру мөлшері өткен жылғы осы мерзімдегі 1,9 мың тоннадан 20,4 мың тоннаға дейін артты. Металл түріндегі мырыш пен мыс катанкасы Қытайға сатылды.       Қазақмыс 2010-жылы төрт айда құйма түріндегі алтын өндіру мөлшерін 2009-жылғы 441 килодан 695 килоға жеткізді. Ал толлинг жасамай, түйіршік түрінде күміс өндіру көлемі 214 тонна болды. 2007-жылы бұл көрсеткіш 169 тонна болған.      Тазартылған мыс өндіру мөлшері 2009-жылғы төрт айда 130,2 мың тонна болды. Жоспарлау бөлімінің мәліметі бойынша, экспортқа шығарылған жалпы тазартылған мыс көлемінің 45 проценті Қытайға жөнелтілсе, қалған бөлігі Еуропаға жіберілді.                                                                             2010-жылғы төрт айда Бөрілі разрезінде көмір өндіру мөлшері 2,1 млн. тоннаға дейін азайды. Ал 2009-жылғы тиісті мерзімде бұл мөлшер 2,6 млн. тонна болған.

     2010-жылдың төрт айында корпорация 65,1 млрд. теңгенің өнімін босатты. Бұл 2009-жылғы көрсеткіштен 12,8 млрд. теңгеге артық. 

     Нарықтық  экономика жағдайында  қаржылық есеп-шаруашылық субьектілердің қызметі  жөнінде  қаржылық ақпараттардың  жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субьектілерінің өзара  негізгі байланысына және басқару  шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды.

     Енді  талдау жұмысымызда біз «Қазақмыс» корпорациясының қаржылық жағдайын, соның ішінде қаржылық тұрақтылығын талдайын деп отырмыз. Талдау қарапайым  түрде корпорацияның қаржы есебі нысандары бойынша жүргізіледі. Кәсіпорыннның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін  бухгалтерлік баланс атқарады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын  талдауды ең бірінші оның мүліктік жағдайының динамикасын, құрамы мен құрылымын үйренуден басталады.

      «Қазақмыс корпорациясы» АҚ-ның баланс активтері, яғни мүліктік жағдайы 2009 жылдың басы мен 2010 жылдың қаңтар айының 1-ші күніндегі мәліметтері 1-ші кестеде көрсетілген.  

1-кесте. «Қазақмыс корпорациясы» АҚ-ның баланс  активтерінің құрылымы.

  01.01.2009   01.01.2010
АКТИВ Сомасы, мың.теңге Сомасы, мың.теңге
1 2 3
I.ҰЗАҚ  МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР    
Материалдық  емес активтердің  бастапқы құны 1 286 415 949 927
         Гудвилл 496 669 496 669
         Лицензиялық келісімдер 786 13 809

1-кесте жалғасы

1 2 3
         Басқалары 788 960 439 449
Материалдық емес активтердің тозуы 803 269 514 093
Материалдық емес активтердің қалдық құны 483 146 435 834
        Гудвилл 318 774 281 673
        Лицензиялық келісімдер 186 13 091
        Басқалары 164 186 141 070
Негізгі құралдардың  бастапқы құны 155 151 961 244 648 460
        Жер 2 754 13 837
        Үйлер мен ғимараттар 54 397 511 65 731 233
        Көлік және жабдықтар 89 217 282 156 850 733
        Басқа негізгі құралдар 11 534 414 18 056 657
Жинақталған тозу құны 80 298 195 87 338 735
Негізгі құралдардың  қалдық құны 74 853 766 161 309 725
         Жер 2 754 13 837
        Үйлер мен ғимараттар 33 294 555 46 681 834
        Көлік және жабдықтар 36 085 396 130 985 634
        Басқа негізгі құралдар 5 471 061 9 632 420
Аяқталмаған күрделі құрылыс(қаржы) 12 077 586 14 263 920
Алдағы  кезеңдегі шығынтар    
Ұзақ  мерзімді дебиторлық  берешек    
Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестициялар 461 789 582 187
  I БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНЫ 87 876 287 102 591 666
2.АҒЫМДАҒЫ  АКТИВТЕР    
Тауарлы-материалдық  қорлар 23 050 836 35 055 489
        Материалдар 14 607 420 14 298 264
        Аяқталмаған өндіріс 6 458 148 17 585 941
        Дайын өнім, тауарлар 1 985 268 3 171 284
Дебиторлық  борыштар 59 403 480 79 637 183
         Сауда дебиторлары 28 706 027 19 273 819
         Еншілес серіктестердің дебиторлық борышы    
         Басқа сатып алушылар және  тапсырыс берушілердің борышы 28 706 027 19 273 819
         Берілген аванстар 30 244 863 58 744 988
         Күдікті қарыздар бойынша резервтер    
         Басқадай дебиторлық  борыштардың  есебі 452 590 1 618 376
Алдағы  кезеңдегі шығындар 2 887 186 4 519 542
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар 11 686 791  
Ақша  қаражаттары 26 587 619 34 022 810
         Валюталық шоты 123 920 19 067
         Есеп айырысу шоты 721 479 472 505
         Банктегі арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар 25 718 502 33 507 574
         Касса 23 718 23 664
  II БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНЫ 123 615 912 283 235 024
  БАЛАНС        Барлық активтер 211 492 199 435 826 690

Информация о работе Кәсіпорын персоналын басқару