Басқару жүйесінің қағидалары, басты тұжырымдамалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 20:48, курсовая работа

Описание работы

Кең мағынасында алғанда, басқару дегеніміз – қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: өлі табиғаттағы басқару процестері техникалық жүйелер (техникалық жүйелерді басқару), Ф.Энгельс еңбек құралдарын басқаруға “заттарды басқару” деген анықтама берген:
тірі организмдердегі (биологиялық жүйелердегі) басқару процестері;
қоғамдағы (әлеуметтік жүйедегі) басқару процестері.

Содержание

Кіріспе
І. Басқарудың методологиялық негіздері
І.1 Басқару ұғымы, мәні, түсінігі
І.2 Өндірісті басқару жүйесі
І.3 Басқару ғылымының қалыптасуы мен дамуы
ІІ. Басқарудағы қолданылатын негізгі әдістер
ІІ.1 Экономикалық әдіс
ІІ.2 Ұйымдық - әкімшілік әдістер
ІІ.3 Әлеуметтік – психологиялық әдістер
ІІІ. Басқару жүйесінің қағидалары, басты тұжырымдамалары
ІІІ.1 Басқарудың қағидалары
ІІІ.2 Басқару жүйесінің тұжырымдамалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Курсавой.doc

— 192.50 Кб (Скачать)

     Машинаға қарағанда адамды оқып  – білу, іс - әрекеттік мектеп теориялық сипатқа қарағанда эмпирикалық сипат алады. Дегенмен, менеджмент тәжірибелерін белгілі бір күшпен жұмсауға мүмкіндік береді.

     Іс - әрекет мектебінің алғашқы  маңызды жетістігі орындаушының  еңбек өнімділігіне тек қана  материалдық факторлар емес, сонымен қатар психологиялық эәне әлеуметтік факторлар да ықпал ететіні туралы дерек дәлел болады.

     Э. Мэйо тәжірибелік нәтижелер  алмас бұрын, оны теория жүзінде  Мэри Фоллет басып озды. Оның  қарастырған сұрақтары шеңберіне  “билік”, “бедел” сияқты категориялар, олардың шегі мен формальды емес қабылдаулар жатады. Батыс үшін принципті болған басқаруға жұмысшылардың қатысуы кірді. М. Фоллет сәйкес ұсыныстарды шығаратын біріктіру, ымыра, басымдылықты жіктейтін жанжалдар мәселелерін қарастырады.

      Бұл сұрақтардың барлығы ғылыми  жаңалықтың элементтері болды.  Бұл және басқа да ойлар  Хоторндағы Э. Мэйо зерттеулерінің  құралы болып табылды. Хоторнның  зерттеулер қорытындылары үш  жорамалға сәйкестелді:

   • адам өзін “әлеуметті жануар” есебінде көрсетеді;

   • бағынушылықтың қатаң иерархиясы, ұйымдық  процесс құрылымы адамның табиғатымен  сәйкес емес;

   •  бизнесмендер үшін адам мәселелерін  шешу.

   Мектептің басты негіздері:

   • Адамдық фактордың рөлі мен маңыздылығын ұйымның тиімділігінің негізгі элементі ретінде түсіну;

   • Іс - әрекет мотивациясы экономикалық күштермен емес, адамдар қажеттілігімен анықталады;

   • Адамдарға өзінің мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, оның негізінде адамның ресурстық жоғарылауы жатыр. 

           Басқарудың қазіргі  теориялары немесе  көлемдік қадам (амал),

                             1950 жылдан қазіргі  уақытқа дейін 

     Іс әрекет мектебінің көлемдік  өсуі 1960 жылы сапалы серпін пайда болғанға дейін жүргізіліп келді. Мэйо мен оның ізін басушылардың көзқарастары Дуглас Макрегордың еңбектерінде ары қарай дамыды.

   Макрегор  орындаушының қызметін жұмыс орнында талдап, келесіні анықтады, басқарушы орындаушының қозғалыстарын анықтайтын келесі параметрлерді бақылай алады:

   • бағынушы алатын тапсырмалар;

   • тапсырмалардың орындалу сапасы;

   • тапсырмаларды алу уақыты;

   • тапсырмаларды орындау уақытын болжау;

   • тапсырмаларды орындау үшін қажетті құралдар;

   • бағынушының алатын инструкциялары (ережелері);

   • бағынушының тапсырмаларды орындай алатынына көз жеткізу;

   • өткізілген жұмыс үшін мадақтау мөлшері;

   • жұмысшыны жұмыспен байланысты мәселелерге тарту деңгейі.

     Математиканың, статистиканың, инженерлі  ғылымның дамуы басқару теориясына  елеулі салым жасайды. Көлемді  әдістер операцияларды зерттеу  атымен топтанады.

     Операцияларды зерттеу – бұл  ұйымның операциялық мәселелерін  ғылыми қолдану.

Көлемдік  амалдың әдістемесі мыналарға негізделеді:

Мәселелерді құру;

Оқиға үлгісін өндіру, талдау;

• Үлгі көлемдік маңыздылық беретін айнымалыларды  салыстырып, сипаттайтын айнымалылардан құралған;

Ауызша талқылауды алмастыру және сипаттама талдаушыларды символдармен, көлемдік белгілермен алмастыру;

Басқарудағы әр түрлі мектептер жағынан келетін қадам өзіне түрлі нақты амалдарды: процесті, жүйелі, оқиғалық амалды тартады. 

                                     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                          Қорытынды 

       Басқару ол біздің айналамыздағы  дүние элементтерінің бірі болып  табылады. Бірақ басқару процестерін  тарихтан тыс және басқаруды  жүзеге асыру саласынан қол  үзген деп қарастыруға болмайды.

       Басқарудың анықтамалары көп.  Олардың кейбіреулері мынадай:

  • Басқару дегеніміз -  жүйенің жаңа, сол жүйеге арналған күйге көшуі (академик Берг);
  • Басқару – не істеуге тура келетінін және мұны қайткенде, мейлінше, жақсы және арзан істеуге болатынын білу өнері (Тейлор).

       Басқару дегеніміз – алға қойылған  мақсаттарға жету үшін адамдар  бағыттап, жүзеге асыратын күрделі  де серпінді процесс. Өндірісті  басқаруды жүзеге асыру ісінде  басқару әдістері жүйесінің маңызы  зор. Басқару субъектісінің басқарылатын объектіге ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсініледі.

           Өндірістік басқару ғылыми басқару қатынастарын зерттей отырып, басқарудың заңдылықтарын қалыптастыру, принциптерін әзірлеу жолымен оның теориясы мен методологиясын жасауға тиіс. Сондықтан басқару ғылымының мазмұны - өндірісті басқару заңдылықтарын анықтау, басқару жүйесі мен басқарылатын жүйенің бірлігі мен арақатынастарын зерттеу, өндірісті басқару процесіндегі адамдардың нысаналы қызметінің қағидасы, функциялары мен әдістерін әзірлеу.

     Өндірісті басқару теориясының  мазмұны оның объектісін анықтайды.  Оны өндірістің белгілі бір  саласы мен аясында болатын  жеке заңдылықтар емес, қайта  жалпы жүйе ретіндегі қоғамдық  өндірістің жұмыс істеуі қызықтырады.  Сондықтан өндірісті басқару  теориясының пәні қай салаға жататынына немесе қызмет ететініне қарамастан, өндірісті басқару қатынастарына тән ортақ нәрсені зерттеу болып табылады.

     Өндірісті басқару ғылымының  міндеті - өндірісті басқару қатынастарының  механизмін түсіндіру, практиктердің  нақты міндеттерді шешудің жолдары мен әдістерін табуына теориялық білімнің кешенді жүйесі. Басқаша айтқанда мұндағы міндет – басқаруды азын – аулақ адамдардың шамасы келетін өнерден осы салаға маманданушы әрбір білікті адам істей алатын ғылыми жүйеге айналдыру болып табылады.

     Басқарушылық іс – қимыл өндірісті  де, басқаруды да ұйымдастырудың  белгілі бір формалары жағдайында  белгілі бір нақты байланыстарды  бейнелейді. Осы байланыстар мен  ұйымдық формалардың жиынтығы  экономиканы басқару механизмін  құрайды. 

     Басқару теориясы бойынша, басқарушы органдардың құрылымы атқаратын функцияларына сәйкес болуы тиіс. Сондықтан қазіргі кезеңде орталық пен аймақтардың қаржы жөніндегі өзара қарым – қатынастарын қайта құру керек. Сонымен қатар, ең алдымен инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешу – көліктік қатынас жолдары комуникацияны, сауда жолдарын дұрыстап реттеуді және т.б. талап етеді. 

                         Пайдаланылған әдебиеттер 

  1. К.Б. Бердалиев  – “Қазақстан экономикасын басқару негіздері”, Алматы ҚазМБА, 1994
  2. К.Б. Бердалиев, С.Ы. Өмірзақов – “Менеджмент негіздері”

         ҚазМБА, 1995

  1. К.Б. Бердалиев және т.б. – “Басқару негіздері”, Алматы, ҚазМБА, 1995
  2. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. – “Менеджмент негіздері”,

         М., Дело, 1995

    5. Герчикова И.Н. – “Менеджмент” М. Банки – Биржи, 1994

    6. Глухов В.В. – “Менеджмент негіздері” Санкт – Петербург, Социальная   

         литература, 1994

  1. “Ұйымдарды басқару”. Оқулық, Ред. Румянцева З.П., Соломатин И.А, М., Инфра – 1995.
  2. Виханский О.С., Наумов А.И. – “Менеджмент” М., Высшая школа, 1994.
  3. Кохно П.А және т.б. – “Менеджмент” М., Финансы и статистика, 1993
  4. Б. Жакенова, Қ. Тәмпішева, Л. Мақсатова – “Менеджмент негіздері”, Астана: Фолиант, 2007. – 260б.
  5. Ж. Тоқтабаева, Ж. Тасқынбай – “Менеджмент негіздері”, Астана: Фолиант, 2008. – 192б.
  6. Веснин В.Р. - ” Основы менеджмента” . – Минск: Экономпресс, 1998
  7. Мескон А. – “Основы менеджмента”, М., 1995
  8. Брэддик У. - “Менеджмент в организации”, М., ИНФРА-М, 1997.
  9. Вукок М., Френсис Д. – “Раскрепощенный менеджер”, М., Дело, 1991.

Информация о работе Басқару жүйесінің қағидалары, басты тұжырымдамалары