Жеке дауыстылардың дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 16:30, курс лекций

Описание работы

Ә дыбысының тарихы. Түбір сөз құрамындағы дауысты фонемаларды көне түркі тіліндегі дыбыстар тобымен салыстырғанда, көзге оқшау көрінетін фонема-ә. V-VII ғасыр жазбаларының тілінде де, орта ғасырлардың алғашқы кезеңіне қатысты жазбаларда да мұндай фонема жиі ұшырамайды.

Работа содержит 1 файл

томанов.docx

— 81.12 Кб (Скачать)

Тілдің морфологиялық  даму заңдылықтары жайлы сөз болғанда грамматикалық тұлғалардың дамуындағы кейбір фаторлардың мәні ерекше. В.А.Богородицкий оларға қарапайымдану, морфологиялық ығысу , аналогия және халықтық этимология, дифференциация, сөз мағынасының өзгеруі тәрізді құбылыстарды жатқызады. Бұл факторлар тілдің морфологиялық құрылымының дамуына үнемі әсер етіп отырады.

Түп төркіні тұрғысынан тіліміздегі  бірсыпыра сөздер бірнеше түбірлерге немесе түбір мен әр түрлі қосымшаларға бөлінуі мүмкін. Алайда ол сөздерді бүгінгі қолданушылар олардың құрандылығына  немесе олардың әр бөліктерінің бір  кезгі мағыналарына зер салмайды, қазіргі қолданыста ол сөздердің  әрқайсысы-беретін мағынасы тұрғысынан бөліп жаруға келмейтін бір ғана түбір. Мысалы, қазіргі тілімізде  бар ашудас, ай, қабақ, ақ табан, бірқазан, т.б. сөзерді олардың құрамы және о бастағы мән-мағынасы туралы ойланып  жатпайды. Біз бұл сөздерді осы  мағынасында түсінеміз де, осы  тұлғасында айтамыз.

Түбір мен қосымшаның өзара  жымдасып кетуі кейде бастапқы түбірдің өзінің дербес мағынасын жоғалтып, ескіруінен болуы мүмкін. Мұндай жағдайда түбірдің бастапқы сипаты басқа сөздермен салыстыру арқылы, ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, қосымшаның құрамы (қазіргі тілде актив болмаса да,  белгілі болуы ықтимал) арқылы анықталады. Мына фактілерге назар аударайық: ілгері, айт, жоры, алда, байла, арт, сан, т.б. осы сөздердің қай-қайсысы да, жоғарыда айтылғандай, түбір мен қосымшаның жымдасып кетуінен пайда болған. Оны салыстыру арқылы ғана байқайға болады. Айталық, айт сөзін онымен мағыналас айқай, айқын сөздерімен салыстырсақ, ортақ түбір ай екеніне көзіміз жетеді. Ал т түбірден кірігіп кеткен қосымша болып шығады. Сол сияқты, айқай, айқын сөздерінің құрамындағы –қай, -қын да қосымшалар. Кет сөзінің құранды екенін кел, кері, кейін сөздерімен салыстыру арқылы анықтауға болады. Алғашқы сөздің соңындағы т, айт сөзінің құрамындағы т-мен бірдей. Бұл екеуі де етіс қосымшасы. Байырғы түбір өз дербестігін жоғалтқаннан кейін барып, етіс қосымшалары жалғанып, жымдасып кеткен. Жорыт етістігінің құрамын анықтау үшін, жорға сын есімімен салыстыру мақұл. Сонда ортақ түбір жор екені көрінеді. Ал көне түркі тілінде йор-жоры, шабуыл-да, жүр сөздерінің мағынасын берген. Түбір мен етіс қосымшасының бірігіп жымдасуы арыл сөзінің құрамында да бар. Көне түркі тіліндегі ары сөзі – таза, кіршіксіз деген мағынада қолданылған. Қазақ тіліндегі ар (ары таза дегендегі) абстракцияланып, соңғы жуан дауысты түсіп қалған. Ілгері үстеуін батыс қазақтары тіліндегі ілкі, оңтүстік қазақтары тіліндегі ілуде сөздерімен салыстыруға болады. Бұл екеуінің ортақ түбірі іл, көне түркі тілінде алғы жақ, алды мағыналарында жұмсалған. –гері-көне түркілік барыс септіктің күрделі қосымшасы, -кі-сын есім жасайтын аффикс, -де – жатыс жалғауы.

Қазіргі тілімізде байырғы  түбір деп қаралатын толып  жатқан бір буынды сөздердің морфологиялық  қарапайымдану процесінің нәтижесінде барып қалыптасқанын көреміз.

Алайда морфологиялық  жымдасу (қарапайымдану, фузия) тек  түбір мен қосымшаның бірігіп, бөліп-жаруға келмейтін ұғымға ие болуына ғана әсер етіп қоймаса керек. Бір фонемадан  ғана тұратын алғашқы қосымшалардың  фузияның нәтижесінде өзара жымдасып, бірігіп кетуіні салдарынан осы  күнгі бір буынды аффикстер қалыптасса керек. А.Н.Кононов осындай топқа  –ғылтым, -сымақ, -мтыл аффикстерін  жатқызады. Бұл аффикстерді ол, қазіргі  түркі тілдерінің фактілеріне сүйене отырып, кішірейткіш және ұқсастыру  аффикстерінің жымдасуынан қалыптасқан  деп қарайды. Егер осы пікірді  негізге алсақ, қазақ тіліндегі  ботақан, ақшыл, қарамық, бозамық, сарғалдақ  сөздерінің құрамындағы –қа, -шыл, -мық, -ғалдақ аффикстері құранды, бірнеше  аффикстің жымдасуынан пайда болған деп қарауға тура келедк.

Түркологиялық зерттеулерге қарағанда, көне түркілік шартты рай  қосымшасы –сар, өткен шақ есімшесі –мыш, қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде жиі қолданылатын, зат  есім жасайтын қосымша –лық бір-біріне фузиялық ұқсастығы жоқ қосымшалардың жымдасуынан пайда болса керек. Осы топқа қазіргі түркі тілдеріндегі өткен шақ есімшенің актив қосымшасы –ған да жатқызылып жүр.

Сөйтіп фузия-түркі тілдерінің, оның бірі қазақ тілінің морфологиялық  құрылысына үлкен із қалдырған процестің  бірі, фузия арқылы жеке түбірлер, түбір  мен қосымшалар, қосымшалар мен қосымшалар бір-бірімен жымдасып, ажыратып болмастай  күйге жеткен.

 


Информация о работе Жеке дауыстылардың дамуы