Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 16:30, курс лекций
Ә дыбысының тарихы. Түбір сөз құрамындағы дауысты фонемаларды көне түркі тіліндегі дыбыстар тобымен салыстырғанда, көзге оқшау көрінетін фонема-ә. V-VII ғасыр жазбаларының тілінде де, орта ғасырлардың алғашқы кезеңіне қатысты жазбаларда да мұндай фонема жиі ұшырамайды.
Жеке дауыстылардың дамуы
Ә дыбысының тарихы. Түбір сөз құрамындағы дауысты фонемаларды көне түркі тіліндегі дыбыстар тобымен салыстырғанда, көзге оқшау көрінетін фонема-ә. V-VII ғасыр жазбаларының тілінде де, орта ғасырлардың алғашқы кезеңіне қатысты жазбаларда да мұндай фонема жиі ұшырамайды.
Қазақ тілінің фактілеріне қарағанда, ә фонемасы түркі тілдерінің бірсыпырасында шығыс тілдерінің әсерімен қалыптасты дейтін пікір дұрыс болса керек. Араб, парсы тілдерінің өзінде ғ, х немесе соларға жақын дыбыстардан басталатын сөздер қазақ тілінде ә-ден басталып айтылып қалыптасқан. Қазіргі қазақ тіліндегі Әкім, Әлі, Әли, т.б. сөздердің шығыстық нұсқасына жақын түрі Әкім, Ғали. Бұл пікірдің дұрыстығына тағы бір себеп-бұл фонема қазақ тілінде тек сөздің басқы позициясында ғана айтылады. Осыған ұқсас жағдай оңтүстік-батыс тілдерінде де бар. Мысалы, азербайжан тілінде сөз ортасында айтылуға тиіс ғ,һ дыбыстары түсіріліп, олардың орнына біршама созылыңқы естілетін ә дыбысы қолданылады. Оңтүстік қазақтары тілінде ә дыбысы өте жиі кездеседі. Бұл жай, сірә Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда, сол аймақ тұрғындары тілінде арабизм мен парсизмдердің мол болуына байланысты болса керек.
Әр сөзінің арғы түрі һар екені мәлім. Осы түбірден тараған сөздер де сондай: әркім, әрдайым, әралуан, әркез, әрқилы, т.б. Ал әскер, әуе, әуел сөздері өз нұсқасындағы ғаскер, һауа, һауал түрінде де дыбысталған. Екінші жағынан, қазіргі қазақ тілінде байырғы қазақ сөздерінің де ә дыбысынан басталатыны кездеседі: әпер, әкел. Бұл жердегі ә дыбысы екі түбірдің бірігіп, бір фразалық екпінге бағынуының салдарынан болған кейінгі ықпалдың нәтижесі: алып бер, алып кел күрделі етістіктері бірігу процесінде кейінгі буынның әсерінен жіңішкеріп кеткен. Ә дыбысын қолданатын үшінші бір орын-жәй, шәй сөздерінің құрамы. Әдетте ж,ш дыбыстарынан кейін айтылатын жуан дауысты дыбыс жіңішкеруге бейім болады. Мұндай бейімділікке қосымша әсер- сөздің й-ге аяқталуы. Осы сөздердің жуан дауыстымен айтылатын варианттары да бар. Сонымен қатар, ә дыбысы Күләш тәрізді бірен-саран кісі аттары құрамында да айтылады. Бұл жердегі ә прогрессивтік ассимиляцияның нәтижесі, өйткені сөздің алдыңғы буынының құрамындағы к дауыссызы жіңішке дауыстыны қажет етеді.
Ә дыбысы а,е дыбыс парлары қатарында фонемалдық мән алады. Ал, ел, әл қатарларын салыстырғанда ә сөз мағынасын айырушы қызметте екені айқын. Бірақ осындай сөз мағынасын ажыратуы түркі сөздері құрамында емес, басқа тілдерден ауысқан сөздерде орнығып қалуының нәтижесі. Ал әкел, әпер, жәй, шәй сөздерінің құрамындағы ә тек қана дыбыс, фонема емес.
У, И, Ұ, Ү, О, Ө дыбыстарының тарихы. Су, бу, келу, кету сөздерінің құрамындағы у дыбысын қазақ тілі грамматикасында дифтонг дыбыс деп қарайды. Дифтонг деп танылуы алдынан көмескі болса да бірде ұ, бірде ү естіледі (бұлардың екінші сыңарлары әдетте буын құрамайтын, яғни, дауыссыз дыбыстар болады). Қазіргі тілдердің материалдарын салыстырып қарайық: хақас: суғ, тува, шор: суг, башқұрт: һыу, қазақ: су, қырғыз: суу, т.б. Бұл фактілерден мына дыбыс сәйкестігін көруге болады: уғ//ыу//уу//у. Сонда қазақ тілінде уғ>у өзгерісі болған. Сондай-ақ, қазақ тіліндегі елу сөзін көне түркі тіліндегі елліг сөзімен салыстырғанда да іг>у сәйкестігі байқалады. Сонымен, у дифтонг дауыстысы көне түркі тілінде қолданылған уғ (кейде іг) дыбыс тіркесі негізінде қалыптасқан болып шығады.
Осыны й дыбысы туралы да айту керек. Көне түркі тілінің фактілерін салыстырайық: йығ-жи, йығыл-жиыл, т.б. Қазіргі түркі тілдерінің материалдары да осыған ұқсас: шор: пег, басқа тілдерде: бег ( бек, қазақ тілінде бек//би (бій). Мұнда мынадай дыбыс сәйкестігі көрінеді: ығ//ег~и (ій). Сонымен, қазіргі қазақ тіліндегі у, и дыбыстары о баста дауыстылар мен ғ, г дауыссыздары тіркесінің қазіргі жалғасы болып табылады. Ғ дыбысы жуан дауыстылармен, г дыбысы жіңішке дауыстылармен тіркескен. Соған орай, солардың негізінде қалыптасқан дифтонгілер де бірде жуан, бірде жіңішке (алдыңғы дыбыстардың ықпалымен) естіледі.
Түркі тілдерінің бір тобында
дифтонгілердің, ал енді бір тобында
созылыңқы дауыстылардың
Бұл заңдылық ол тілде сырттан енген сөздерге де жайылған. Сондықтан түркілік тағ сөзі тоо түрінде айтылумен бірге, шығыс тілдерінен енген сағат сөзі де саат түрінде дыбысталады. Сол ізбен ол тілде аалам (ғалам, әлем орнына), маалим (мұғалім орнына), маалумат (мағлұмат, мәлімет орнына), маан (мағына, мән орнына) түрінде дыбысталады.
Қырғыз тіліндегі
Көне түркі тілі
йоған, суғ, бағ; жоон, суу, буу; жуан, су, бу;
йунғу, ийегін;
жуу, джеен;
қағур, қуғу. куур, қуу. қуыр, қу (құс аты)
Дифтонгілер мен созылыңқы
дауыстылардың шығу ізінің бірлігін
мына ерекшеліктерден де көруге болады:
кейбір сөздер құрамында ғ немесе
г дыбысының дауыстылармен
И дифтонг дыбысының қазіргі
тілде монофтонгіге айналу процесі
де байқалады. Н.Жүнісов, С.Омарбеков
Шымкент, Ташкент, Шу алқабы тұрғындары
тілінде ый, ій қосар дыбыстарының
ы,і түрінде қолданылатынына
Қазақ тілі дауыстыларының ішінде оқшаулау тұратын дыбыстың бірі-ұ.
Түркі негіз тілінде сөздің
абсолют басында у дауысты
дыбысы айтылғандығын қазіргі тарихи
түркология дәлелдеді. Түркі тілдері
салыстырмалы-тарихи фонетикасының
авторлары у дыбысынан
Қазіргі қазақ тілінде ұ дыбысы сөздің тек басқы позициясында, яғни, тек бірінші буынында ғана айтылады. Кейінгі буындардағы ұ қазақ сөзінде ы-ға жақын естіледі де, жазуда еленбейді. Бұл ерекшелік қазақ тіліндегі ерін үндестігінің әлсіздігінен туған-ерін дауыстысы езулікке айналады. Мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі мойын сөзін чуваш тілінде май, якут тілінде мой түрінде айтылады, ал қойын (таудың қойны, қойнауы, қолтығы) сөзі осман түріктерінің тілінде қой түрінде айтылады. Сөйтіп қазақ сөздерінің соңғы буыны (ын) о баста у дыбысынан (яғни қазақ тіліндегі ұ) басталған ілік септік қосымшасы болып шығады. Қазақ тілінде түбір мен қосымша бірігіп, сингармонизм заңы бойынша үйлескен. Бұған қарағанда, қазіргі тілімізде бірінші буында ұ дыбысы бар сөздердің қалған буындары да бір кезде қазіргідей езулікпен емес, тек еріндіктермен айтылған болса керек. Қазіргі түркі тілдерінің бірсыпырасында ілік септік қосымшасы осы уақытқа дейін у дыбысынан басталады. Мысалы: азербайжан тілінде ілік септіктің бір варианты у, ү дыбыстарынан басталады.
Сөйтіп еріндіктен басталған сөздердің екінші буынындағы езулік ы дыбысы көбінесе көне түркілік у дыбысының көрінісі болып келеді. У (ұ)~ы сәйкестігі түбір сөздер құрамында да ұшырасады: олдуруғ (отырық), оғулсыз (ұлсыз, баласыз), т.б. екінші жағынан, қазақ тілінде сөз басындағы ұ дыбысы көне түркілік оғ, уғ, ығ дыбыс тіркестеріне сәйкес айтылады: оғлан (ұлан), оғыл (ұл), оғры (ұры), т.б. Алайда оғ дыбыс тіркесінің қысқа, жуан дыбысқа айналуы тілдің құрамындағы барлық сөздерді түгелдей қамтымаған прцесс. Көне түркі жазбаларының тілінде оғша («Құдатқу білік»), оқша (Манихей ескерткіші) мағыналас сөздері кездеседі. Қазақ тілінде осының екеуі де сақталған-диалектілік ерекшелік. Бұл фактілер көне түркілік о қазақ тілінде кейбір реттерде ұ-ға сәйкес келгендігін көрсетеді. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерінде әдеби тілдегі о дыбысына ұ-ның сәйкес келуі жиі кездесетін құбылыстардың бірі: құлдану-қолдану, ұяну-ояну, сұрақы-сорақы. Керісінше, орпақ-ұрпақ, арық-торық-арық-тұрық, т.б. Мұның өзі кейбір түркі тілдерінде көне түркілік о дыбысының қысаңданып кету процесін еске түсіреді. Бұл айтылғандардан мынадай екі жай аңғарылады: 1) қазақ тілінде кейбір сөздер басында айтылатын ұ көне түркілік оғ дыбыс тіркесінің көрінісі, соның жалғасы. Дыбыс тіркесінің жуан айтылатын қысаң дыбыстың түсіп қалуы да орын алған, мысалы: оғ (ы) л >ұл. 2) ескі түркілік о дыбысы қазақ тілінде қысаңданып, қысқа айтылатын дәрежеге жеткен. Оғ дыбыс тіркесінің қазақ тілінде ұ-ға сәйкес келуін де ғ дыбысының түсіп қалуы (элизия), сөйтіп барып о-ның қысаңдануы деп қарауға болар еді. Мұны оқша сөзінің құрамындағы о дыбысының қазақ тілінде ұ-ға сәйкес келуі де, сол сияқты әдеби тіл мен диалектілер арасында ұшырасатын дыбыс сәйкестіктері де (ұ-с, о-ұ) дәлелдейді. Оның үстіне, көне түркілік кейбір ашық дауыстылардың қысаңдануы қыпшақ тілдерінің біразына тән құбылыс.
Алайда, көне түркілік о дыбысы барлық уақытта қазақ тіліндегі ұ дыбысына сәйкес бола бермейді. О дыбысының ұ-ға сәйкестігі жеке сөздерді ғана қамтыған. Әйтпесе, қазақ тіліндегі сөздің абслоют басында және бірінші буын құрамында айтылатын о, дыбысына сәйкес келеді (тек башқұрт, татар, чуваш тілдерінде ғана басқа дыбыс айтылады). Көне түркі материалдарын салыстырып көрейік: оқ, оқта, орду (орда), оңлуғ (ондық, ондық бастығы), ол ой, ойул (ойыл), т.б. Бұлардың басқы позициясында айтылған о қазақ тілінде де о дыбысына сәйкес (жиі кездеседі), кейде ұ дыбысына сәйкес.
Қазақ тіліндегі ұ дыбысының жоғарыда айтылған ерекшеліктерін ескерсек, мынадай дыбыс сәйкестіктерін көреміз: у-ұ, у-о, о-ұ.
Сөздің абсолют басында не бірінші буынында айтылатын ө, ұ дыбыстары көне түркі тілінің осындай позицияда қолданылған дыбыстарына сай келеді: өч-өш, өкүн-өкін, өл,өлүг-өлік, үчүн-үшін, т.б. Сөздің екінші буынында байқалатын еріндік ықпал (ө, ү тәрізді) соның салдары.
Көне түркі тілінің осы дауыстыларының қыпшақ тобындағы тілдердің өз ішінде (басқа топтарды еске алмағанда) көріністері әр түрлі. Башқұрт, татар тілдері вокализмінің тарихи даму ерекшеліктеріне лайық ө дауыстысы біршама қысқарып ү-ге айналған да, керісінше ү дыбысы сәл кеңейіп ө-ге айналған. Сөйтіп қыпшақ тобындағы тілдер ішінде көне түркілік ө дыбысы ү-ге, керісінше көне түркілік ұ дыбысы ө-ге сәйкестігі келіп шығады: көл-күл, көз-күз, үч-өч, өс, күн-көн. Мұндай процестің кейбір іздері қазақ тілінің жеке фактілерінен де байқалады. Көне түркі тіліндегі өгір, үгүз сөздері қазақша үйір (жылқы үйірі), өзен түрінде айтылады. Бұндай фактілер қазіргі тіл құрамында да шінара ұшырасып қалады: өтек-үтек, өкімет-үкімет тәрізді басқа тілдерден ауысқан кейбір сөздер осы сәйкестіктің негізінде қалыптасқан.
Көне түркі тілінде ү дыбысы екінші, үшінші буындарында да айтылған (кейбір көне жазбалар материалдары соны растайды). Кейінгі буындарда айтылған көне түркілік ү қазақ тілінде әбден қысқарып делабиализацияға ұшыраған. Мысалы: өкүнүч, түгүнчүк, күмүш, үчүн, үгүр, түшүр тәрізді сөздер қазақ тілінде өкініш, түйіншек, күміс, үшін, үйір, түсір тәрізді дыбысталады. Бұлардың құрамында ү әбден қысқарып і-ге айналған. Сонымен, көне түркілік ө, ү дыбыстары негізінен бұрынғы сапасында сақталған да, жеке сөздер құрамында ғана кейбір өзгерістерге ұшыраған.
Қазіргі түркі тілдерінің құрамында а-ның жуан ы-ға сәйкестігі ұшырасады. Бұл құбылыс кей реттерде осы екі дыбыстың негіз бірлігі жайлы айтылып жүрген пікірлерге дәйек болды. Мысалы : тува тілінде-тырт, ындығ, ында, хырын, басқа тілдерде- тарт, андағ (андай), анда, қарын, якут тілінде- сыт, сырдых, ый, ыл, ыт. Басқа тілдерде-чат ( йат), жат, царых (жарық), йарық, ай, ал, ат (ату). Мұндай пікір авторлары түркі негіз тілі құрамында бір тайпа тілінде а-ның орнына ы айтылған болу керек дейтін пікірді дұрыс деп санайды. Тайпа тілдері біртұтас тілге ұласу барысында сөздің бір позициясында екі түрлі дыбыстың жарыса қолданылуы болды да, кейін сол екеуінің бірі басым қолданылатын болып қалыптасады. Соның нәтижесінде көпшілік тілдерде а орнықты да, аз ғана тілдерде ы орнықты. Сонымен қатар, ы дыбысы дамуының екінші бір жолы да бар: у>ұ>ы. Бұл мына тәрізді фактілермен дәлелденеді: турна-тұрна-тырна. Сөйтіп бұл реттегі, ы делабиализация (еріндіктердің езулікке айналуының) процесінің нәтижесі болып шығады. Көңіл аударар фактілер чуваш тілінен кездеседі. Чуваш тілінде көп сөздердің бірінші буынында жалпы түркілік а орныны у, енді бір топ сөздерде ы дыбысы айтылады: сухол-сақал, улма-алма, улап-алып, уч-аш, тына-тана, ылтан-алтын, тымар-тамыр, хыран-қарын. Қазақ сөздерінде де осындай сәйкестік кездеседі: анда-мұнда - анда-мында, тұмақ-тымақ, шұбар-шыбар. Қазақ тіліндегі бұл сәйкестік екі түрлі ыңғайда көрінеді: бірсыпыра сөздер құрамында екінші буында кездеседі-сиақты-сиықты, тайаз-тайыз, қысқаш-қысқыш, т.б. Бұлардың кейбірі әдеби тілде айтылса, кейбірі диалектілік ерекшелік, мағыналық айырмашылығы жоқ дублет сөздер. Енді бір топ сөздер құрамында (бұлар және едәуір қомақты топ) бірінші буын құрамында айтылады: атып шығу-ытып шығу, ағып кету-ығып кету, сарылда-сырылда, маңқаю-мыңқыю, адыраңдау-едіреңдеу, т.б. Бұлар бір-бірінен мағыналық мәнер тұрғысынан ерекшеленіп тұратын сөздер. Бұл ыңғайда бұлардың (бірінші буын құрамындағы сәйкестіктің) лексикализациялануын көреміз.
Бұл айтылғандардан мына қорытынды шығады: қазақ тіліндегі ы тарихи жағынан бірде а дыбысының тарихи баламасы болса, бірде делабиализация процесінің нәтижесі болып табылады. Қысқасы, ығу, тыс сөздері мен былай, бұрын сөздері құрамындағы ы дауыстысы тарихи тұрғыдан бір негізден таралмаған. Ал үшінші буындағы ы алдыңғы буындағы жуан дауыстының көрінісі (аллофоны).
Бұл дыбыстың жіңішке варианты-і. Қазақ тіліндегі і көп реттерде көне түркілік осындай дыбыстың жалғасы, соның орныққан түрі деп қарауға болады. Көне түркі тіліндегі іш, іште, бір сөздері құрамындағы і дыбысы қазақ тілінде сол сапасында қалған: іс, істе, бір түрінде дыбысталады.
V-VIII ғаыср жазбалары тілінде е-і сәйкестігі болған. Бір ғана сөз бірде е, бірде і дауыстысымен айтылған. Мұның өзі әлгі екі дыбыстың бір буынды сөздер құрамында немесе бірінші буын құрамында, тайпа тілдерін бір-бірінен ерекшелейтін белгі болғанын көрсетеді. Қазіргі түркі тілдерінің кейбірінде, айталық, башқұрт тілінде бір кезгі түркілік е дыбысы өзгеріске түсіп, қысаңға айналған: басқа тілдерде е-мен келетін сөздер қысаң і-мен ғана айтылады. Ал қазақ тілінде е дыбысы сақталған, қысқармаған. Алайда, кейбір сөздер құрамында башқұрт тілін түгел қамтыған осы процестің ізі бар: көне түркі тілінде ег, егіл, егү сипатында айтылған сөздер қазақ тілінде ій, ійіл, ійгі түрінде айтылады. Мұнда көне түркілік е-қазақ тілінде қысаң і-ге сәйкес. Нақ осындай жай ійгілік, ійе (көне жазбаларда ергүлік, едү) сөздерінен де көрінеді. Бірақ ел, екінті, екі, ең, емгек, емчі, ем сөздері қазақша да ел, екінші, екі, ең, еңбек, емші, ем болып дыбысталады да, е дыбысының алдынан қысқа й көмескі естіледі. Е-і сәйкестігі қазақ тілінде де кей сөздер құрамынан байқалады: керпіш-кірпіш, зерек-зійрек, т.б.
Зерттеушілер қазақ тілінде ы,і монофтонгтарының дифтонгіге айналу фактілерін атайды: отырыйп, келійп, тасыйп, жатыйп, кійійп (отырып, келіп, тасып, жатып, кійіп). Мұндай ерекшелік Шымкент, Ташкент облыстары мен Қарақалпақстан тұрғындары тілінде кездеседі. Мұндай құбылыстың, яғни ы,і дыбыстарына й дауыссызының қабаттасуы дифтонг дыбыстар сипатын байқатады.
Сонымен қатар, бірсыпыра тілдерде көне түркі тіліндегі і дыбысына е-нің сәйкестігі де кездеседі. Мысалы, алтай, хақас, шор тілдерінде кім есімдігі кем болып айтылады. Хақас диалектілерінде иб-е (үй-і), т.б. Бұл фактілер Н.Қ.Дмитриевтің қазіргі түркі тілдеріндегі і бір кезгі и-дің (монофтонгтың) редукцияға ұшыраған, қысаңдаған түрі дейтін пікіріне дәлел болды.
Түркологияда әр кез еске алынатын бір пікірге қарағанда да қазақ тіліндегі і қысаң дауысты дыбыстың этимологиялық жағынан е ашық дауыстымен байланысы барлығы айқын. Мұндай қорытындыға тіл дамуының барысында фонетикалық өзгеріске ұшыраған байырғы түбірлер де дәлел болады. Көне түркі тіліндегі кед, ейгү, ег, егрі, егрім сөздері қазақ тілінде дифтонгілер