Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 16:30, курс лекций
Ә дыбысының тарихы. Түбір сөз құрамындағы дауысты фонемаларды көне түркі тіліндегі дыбыстар тобымен салыстырғанда, көзге оқшау көрінетін фонема-ә. V-VII ғасыр жазбаларының тілінде де, орта ғасырлардың алғашқы кезеңіне қатысты жазбаларда да мұндай фонема жиі ұшырамайды.
Сингармониялық параллельдер туралы. Дауыстылар гармониясы заңдылығының табмғаты мен түрлері жайлы әр қилы пікірлер бар. Кейбір авторлар, мысалы болгар зерттеушісі Моллова, сингармонизм мен дауыстылар гармониясы дейтін терминдер бір ғана құбылысты білдіреді деп қарамайды, олардың айтуынша сингармонизм+буын құрамындағы дауысты мен дауыссыз бірдей қатысты болатын тембр бірлігі. Алайда ол да сингармонизм бар жерде ғана дауыстылар гармониясы болатынын жоққа шығармайды. Сингармонизмнің ежелгі түрлері тек қана еріндік, езулік емес, ауыздың ашылуы дәрежесіне қарай да үндескен дейтін пікір бар. Бұл пікір негізінен мынадай дәлелдерге сүйенеді: алтай тілдерінің өте ежелгі дәуірлерінде, әлі дауысты дыбыстар фонемалық мән алмаған, жаңа грамматикалық форманттар қалыптаспаған дәуірлерде түркі тілдері де, осы заманғы кейбір тілдер тәрізді, полисинтетикалық құрылысты басынан өткізеді.
Қазақ тілінде бірінші
буын құрамындағы дауысты
Дауыстылардың редукциясы. Осыдан бұрын айтылғанадй, сөздің басқы шеніндегі екпін сөздің соңына қарай жылжыды. Бұл өзгеріс сөз құрамының күрделенуімен де байланысып жатады. Екпіннің сөздің соңына қарай жылжуы сөз құрамындағы белгілі бір өзгерістердің болуына жағдай да жасаған. Екпін түспеген буындар сөз құрамында әлсіреп көмескіленіп, тіпті кейде түсіп те қалған. Бірсыпыра дыбыстар екпін ауысуымен қысаңдаса, кейбірі көмескіленіп, тіпті айтылуы да байқалмайтын дәрежеге жетеді. Мұндай өзгерістер, көбінесе, екпін түскен буынның алдындағы буын құрамында болған. Қазіргі ұйғыр тіліндегі екінші буында кездесетін а,е ашық дауыстыларының і, ы дыбыстарына айналуын осылай түсіндіруге болады: бала, баласы ,т.б. Бірсыпыра сөздер құрамында қысаң дауыстылар әбден көмескіленіп кеткен. Қазақ тіліндегі жап(ы)рақ, топ(ы)рақ,көк(і)рек сөздерінің құрамындағы редукция сондай құбылыс. Қазіргі қазақ орфографиясында осындай сөздердің жазылуы қиындық тудыратыны да сондықтан.
Сөздің соңғы буынының екпінді болуы сол буын құрамындағы дауыстының алдыңғы буын құрамындағы дауыстыға әсерін тигізеді: жақсы ат (жақс ат), қара ала ат (қар ал ат), т.б. Түркі тілдері тарихында негізгі етістік пен көмекші етістік тіркесінің редукцияға ұшырауы жиі кездесетін құбылыс. Қазіргі қазақ тілінің фактілері мұндай құбылыстың әлі де болып отыратындығын дәлелдеді. Келатыр, түрегал, баратыр (келе жатыр, тұра кел, бара жатыр), т.б. Айтылу нормасы есебінде қалыптасып кеткен сөздер сондай өзгерістердің нәтижесі. Мұндай сөздер құрамынан екі түрлі өзгеріс байқалады: екпінсіз буынның түсіп қалуы және дербес сөздің грамматикалық формантқа айналуы. Бірақ осы жағдай –е, (а, й) тұлғалы көсемшелер мен көмекші етістік тіркесінің құрамында ғана болады да, -п көсемшелі тіркестер құрамынан мұндай кездеспейді. Қазіргі қазақ тіліндегі нақ осы шақ жасайтын отыр, жатыр, жүр, тұр етістіктері де қосымшалар құрамындағы қысаң дауыстының түсіп қалуы негізінде қалыптасқан деп қарауға негіз бар.
Буын
Сөздің буын құрамы жайында әңгімелегенде, ең бір назар аударарлық жай-сол буындардың фонетикалық сипаты. Сөздің буын құрамының тұрақталған фонетикалық сипатына қарап, сөздің байырғы түбірін сөздің негіз құрамынан ажыратуға болады.
Алтай тілдерінде, оның ішінде
түркі тілдерінде, буынның негізгі
екі түрі кездеседі: 1)ашық буын (дауыссыз-дауысты),
2) бітеу буын (дауыссыз-дауысты-дауыссыз).
Бұдан басқа сөз басында тек
дауыстыдан не дауысты-дауыссыздан
құралған буындар да бар. Буындардың
осы түрлерінен басқа, тек түркі
тілдерінде ғана кездесетін буын түрі-дауыссыз-дауысты-
Алтай тілдерінде, оның ішінде түркі тілдерінде, сөздің буын құрамы қандай фонетикалық сипатта болды дейтін мәселе әзір бір тоқтамға келген жауап алды деу қиын. Алайда, алтай тілдері жайлы әдебиеттерде бұл мәселеге екі түрлі көзқарас барлығын атап айту керек. Олардың қайсысын жақтаушылар да өз дәлелдерін, өз байламдарын ұсынады. Н.А.Баскаковтың айтуынша, түбір сөздердің ішінде ең байырғысы бітеу буын түрі де, қалғандарының бәрі осы түрдің әр түрлі модификациясы. Бұл ретте қазіргі түркі тілдерінің құрамында сақталып қалған кейбір сөздердің ескі формалары және көне дәуірде қолданылған жазу түрлерінің қайсысы да сөздің фонетикалық сипатын түгелдей бере алмайтындығы еске алынады. Айталық, қазіргі түркі тілдерінің бірсыпырасында су түбірі кездеседі, кейбірінде суғ түбірі кездеседі. Сол сияқты, йу, жу//йуғ, сы, сын//сығын, т.б. сонда осы көрсетілген сөздердің қай вариантын көне, байырғы деп айтуға болар еді? Әрине, дауыссызға, дауыссыз болғанда да тарихи «әлсіз» деп есептелетін дауыссыздарға біткен варианттарын көне деп қарауға тура келеді. Олай болса, көне түркі тілі ескерткіштерінің кейбірінде кездесетін сы, су, бі (қазақ бие), йу тәрізді дауыстыға біткен екі дыбысты түбірлер ескі түрі емес, жаңарған (әр түрлі фонетикалық өзгеріске ұшыраған) түрі деп қарау дәлелді.
О баста «әлсіз» дауыссызға
біткен түбірлердің соңғы дауыссыз
дыбысы не алдыңғы дауыстарға ұласып
созылыңқы дауысты құраған
Бұл теорияны ұсынушылар де//те, же//йе тәрізді етістіктер де о баста й дауыссызына біткен деп есептейді. Яғни, олардың ойынша, де,те етістігінің алғашқы түрі тей, же етістігінің алғашқы тұлғасы жей. Бұл ретте олар ұйғыр, ноғай тілдерінде осы етістіктерден жасалатын қимыл есім формалары дейиш, жейиш түрінде, ал қазіргі түркі тілдерінде не түрінде айтылатын есімдік Махмуд Қашқари сөздігінде нен, сол сияқты бірсыпыра түркі тілдерінде бү түрінде айтылатын есімдік кейбір тілдерде (м: қазақ, қарақлпақ) бұл тәрізді дыбысталатынын да дәлелге келтіріледі.
Сонымен, түркі сөзі ең алғашқыда үш дыбысты түбірден (дауыссыз-дауысты-дауыссыз) жасалған деп қарайтын көзқарасты ұсынушылар екі дыбысты (дауыссыз-дауысты) түбірлердің көне түркі ескерткіштерінде де кездесуін соңғы «әлсіз» дауыссыздардың (р, л, н, ғ) алдыңғы дауыстымен ұласуынан, сөйтіп созылыңқы дауыстының пайда болуынан (кейбір тілдерде олар қысқа дауыстыларға айналған) немесе сол дауыссыздың түгелдей түсіп қалуынан пайда болған деп есептейді. Сондай-ақ, мұндай түбірлердің басқы дауыссызы түсіп қалуы да кезедеседі. Мысалы: оңтүстік тілдердегі ол//бол. Кейде бұрынғы байырғы буынға сөз жасаушы элементтердің қосылуы арқылы да буын күрделенеді: мысалы айт (соңғы т), қайт (бұнда да). Осы сөздерді мыналармен салыстырсақ: айқай, қайыр, алдыңғы түбірдегі т дыбысы жоқ. Н.А.Баскаков ұсынған пікір көп ыңғайда көне түркі тілдерінің материалдарымен де деңгейлесіп қалады. И.А.Батмановтың зерттеулері бойынша Енисей жазуының ескерткіштерінде дауысты-дауыссыз түрімен қатар дауыссыз-дауысты-дауыссыз сипатты түбірлер бар да, соңғы түрі өте көп кездеседі.
Түркологияда, сонымен бірге,
дауыссыз-дауысты буыннан
Көне түркі түбірі екі дыбысты ашық буыннан тұрған деп есептейтіндердің бірі поляқ ғалымы В.Котвич орыс тілінде «Исследование по алтайским языкам» деген атпен басылған зерттеуінде қазіргі алтай тілдеріндегі (тұңғыс-маньчжур, түркі, монғол) тілдерінде екі дыбысты ашық буыннан және үш дыбысты бітеу буыннан құралатын түбірлердің арасалмағы шамалас екенін айтады. Бұдан ашық буынды түбірлер қалайда байырғы болуы керек дейтін қорытынды шығады. Олай болса, екі дауыссызға бітетін бітеу буыннан тұратын түбірлердің пайда болуын қалайша түсіндіруге болар еді- дейтін заңды сұрақ туады. Екі дыбысты ашық буынды түбір теориясын жақтаушылар, оның ішінде Котвич, моңғол және түркі тілдері материалдарын тұңғыс-маньчжур тілдерімен салыстыра отырып, соңғыларда мұндай сипатты түбірлердің бүтіндей кездеспейтіндігін айтады. Олай болса, түркі тілдері мен монғол тілдерінде бір фонетикалық сипатта, бір мағынада қолданылатын қырық-қырға, шаш-сачу тәрізді параллельдердің бірінде екі буынды, бірінде бір буынды болуын қалай деп қарауға болар еді? В.Котвиятің айтуынша, түбірдің мұндай сиапты алтай тілдеріне жат еді, сондықтан қалайда бұдан құтылуға тырысты. Сол себептен және екі дауыссыздардың қосарлануынан құтылу үшін түркі-монғол тілдері қатар айтылған екі дауыссыздың арасына дауысты қойып айтуға немесе ең соңына дауысты дыбыс қосып айтуға мәжбүр болды. Монғол тілдері соңғы тәсілді пайдаланған да, түркі тілдерінде көк емес көке, аб, ау емес аба, ер емес ере, түн емес түне, қыр емес қыра, т.б. ал қазіргі түркі тілдерінде кезедсетін бұлыт, тарақ о баста екі дауыссыз дыбысқа аяқталған бітеу буынды түбір болу керек, яғни, бұлт, тарқ. Осы ізбен көне түркі тіліндегі болығ (қала), кергек (керек) сөздерді де балғ, керг болып айтылған деп қаралады. Өйткені монғол тілінде бұл сөздер балғасын, кергег түрінде айталды екен.
Түркі тілдерінде дауыссызға біткен түбірлерге монғол тілдерінде көбінесе а, е, у, ү дауысты дыбыстары қосылып айтылады. В.Котвичтің байқауынша түркі тілдерінде аффрикатқа бітетін сөздерге монғол тілінде қысаң дауыстылар қосылып айтылады да, басқа дауыссыздарға біткен сөздерге ашық дауыстылар қосылып айту жүйесі бар. Осымен қатар, В.Котвичтің монғол тілінің мына ерекшелігін атап көрсетеді: монғол тілінде, сөз аяғы көбнесе қатаң дауыссыздарды (қ, к) қолданады да, сол позицияда ұяңдардың (ғ,г) айтылуы срек кездеседі. Сөйтіп монғолдар қатаң дауыссыздар мен ұяң дауыссыздардың ара жігін ашып айтуға бейім болады да, осы мақсатпен сөз аяғын дауысты дыбысқа бітіруге ұмтылады. Өйткені тек соңғы жағдайда ғана ұяңдар мен қатаңдардың ара жігі айқын көрінеді.
Сонымен бірге, түркі-монғол тілдеріндегі сөздің буын құрамы туралы айтылған, ескерілуге тиіс пікірдің бірі-белгілі монголист Владимирцовтың пікірі. Ол түркі-монғол параллельдерін салыстыра келіп, тарихи тұрғыдан ескісі және негіз тілге жақыны дауысты дыбыспен аяқталатын ашық буынға біткен монғолдық варианттар деп қарайды. Осы пікірді белгілі дәрежеде Н.К.Дмитриев те қайталады. Бұл осыдан бұрын айтылған пайымдауға қарама-қарсы екені мәлім.
Сонымен, фонетикалық сипаты қандай болса да, аяқ, ауыз тәрізді сөздер көне тілде де осы құрамында (екі буынды) кездеседі. Кейбір дыбыстық өзгерістерді ескермесек, буын санының я азайып, я көбейіп кетепегендігін көреміз. Сөйтіп екі буынды сөздердің көпшілігі туралы кесіп айту қиын. Алайда, үш буынды сөздерден бастап түркі сөздері тарихи тұрғыдан туынды түбірлер болып келеді. Сарқыншақ, тұндырма, кимешек, т.б. сөздер қазақтың өз топырағында пайда болған байырғы сөздер . Енді сөздерді үйірлес түбірлі сөздермен салыстырып көрейік: сарқыншақ, сарқы, сарқыт, тұн, түндыр, тұнық, киім, ким (е) шек.
Сөйтіп ұялас түбірлерді салыстырғанда, осы сөздердің барлығы да бір, я екі буынды сөздер болып шығады. –шақ, -шек бір кезде есімдер құрамында кішірейткіш мәнді туғызудың өнімді тәсілі болған. Ал ким (е) шек сөзінің құрамындағы –е- -екі дауыссыздың арасындағы (түбір мен қосымша жігіндегі) жалғастырушы дауысты ма, әлде монғол тіліндегі ұзартпалы дыбыс па – ол жағын ашып айту қиын.
Сөздің грамматикалық
тұлғасының өзгеру, дамуын дыбыстарды
тарихи тұрғысынан қарастырғанда ғана
айқын түсінуге болда. Сондықтан
сөз тұлғасын сөз етіп, оның буындық
құрамы жайлы әңгімелегенде
Тарихи морфология
Тарихи морфологиялық құрылымының тарихи даму ерекшеліктері
Тілдің қәзіргі морфологиялық құрылымы-оның динамикалық дамуының жемісі. Тіл құрамында динамикалық дамудың нәтижесінде қалыптасқан элементтермен қатар, көне дәуірдің куәсі боларлықтай фактілер де кездеседі. Сондықтан тілдің морфологиялық құрылымының тарихи дамуы оны туыс тілдер материалымен, тілдік тарихи ескерткіштер фатілерімен салыстырып зерттеу арқылы ғана емес, сол иілдің өз құрамында қалыптасқан тілдік элменттерді зерттеу арқылы да ашылады. Қазіргі қазақ тілінің осы күнгі морфологиялық құрылымының бүгінгі қалыпқа жету жолын да аталған әдістерді қатар қолдана отырып зерттегенде ғана айқын түсінуге болады.
Егер қазіргі қазақ тілінің фактілерін ескерткіштер фактілерімен салыстырсақ, онда бүгінгі тілімізде негізгі, я алғашқы түбір делініп жүрген біраз түбір сөздердің өзін алғашқы түбір мен өлі қосымшаға айыруға болатынын көреміз. айталық, қазіргі тіліміздегі қартаю етістігін ескі жазбалар тіліндегі сондай сөзбен салыстырып, (Құтадғу білік( тілінде осы етістік қары (айқын етістік мәнінде) түрінде қолданылғандығын білеміз. Сонда қазіргі тіліміздегі қартай сөзінің құрамындағы т-ны байырғы түбірмен жымдасып кеткен ырықсыз етіс қосымшасы деп тануға тура келеді. Осы жай сол етістікті өзімен түбірлес қария (кәрия) сын есімімен салыстырғанда тағы байқалады. Соңғы варианттар (қария, кәрия) құрамында т элементі кездеспейді. Сондай-ақ, қазіргі тіліміздегі қалдық, тасқын, күрек, бақ, қайық, қысқаш сөздерін де алғашқы түбір мен»өлі» қосымшаға бөліп қарауға әбден болады.
Морфологиялық элементтердің
динамикалық дамуын қарастырғанда
беліглі бір тілге тән
Соңғы вариант сол күйінде
қазіргі түркі тілдерінің көбінесе
бар. О бастағы бірле сөзінің
құрамындағы р дыбысының түсіп
қалуы түркі тілдерінің тарихына
жат құбылыс емес. Ал қазақ тілінің
жергілікті говорларында көмектес септік
жалғауының –мынан (-пынан) түрі де кездеседі.
Сөз басындағы м//б сәйкестігі
түркі тілдері тарихында
Тілдің морфологиялық құрылысының даму кездеңдерін білуде жергілікті ерекшеліктерді әдеби тіл нормаларымен, көне дәуір ескерткіштерімен және туыс тілдер материалдарымен салыстырып қараудың маңызы зор. Бұл тұрғыда мына жай еске алынады: жергілікті ерекшеліктер барлық жағдайда тілдің көне дәуірінің қалдығы бола бермейді. Олардың едәуір бөлігі кейінгі кезеңдерде көрші халықтармен жиі қарым-қатынас жасап, араласудың салдары болуы да мүмкін. Алайда сонымен қатар, мына жай да ескерілуге тиіс: халықтың этникалық негізі көптеген ру-тайпалардан құралғандықтан, қазіргі уақытта кейде оғыз тілдерінң белгісі, қарлұқ тілдерінің элементі деп жүргендердің біразы-ақ халықтардың құрамына енген сол тайпалар тілдерінің қалдығы болуы да мүмкін. Сол себептен де жергілікті говорларда кездесетін бірсыпыра грамматикалық ерекшеліктердің тіліміздің морфологиялық құрылымының тарихи даму жолдарын зерттеуде бағалы материал болуы әбден ықтимал жай. Мәселеге осы тұрғыдан қарағанда, оңтүстік қазақтарының тілінде кездесетін бұйрық райлық мән беретін –қын, -ғын (-кін, -гін), -ың –ің, -қыл), -кіл, - гіл, бұйрық мәнді көптік қосымшасы –алы//елі, шығыс септік орнына –барыс, көмектес септік орнына шығыс септіктің қолданылуы, батыс қазақтарының тілінде кездесетін: бізің, сізің, мезгіл мәнінде барыс септік орнына қолданылатын –улы//-улі, жеткізу етістігінің орнына –аған//еген тұлғасының қолданылуы, сұрау есімдіктерінің қанда (қайда), қандайма (қандай да болса), қайшан (қашан) тұлғаларында қолданылуы, жатқан етістігінің жатырған түрінде айтылуы (жат және жатыр сөздерімен салыстырыңыз), кейбір есім түбірлерден әдеби тілде жоқ тәсілдер арқылы етістік түбірлерінің жасалуы: сақ+ы (сақта), сақ+ын )сақтан), ен+е (ен салу), ұят+та (ұялт), т.б. айрықша назар аударуды қажет етеді. Бұл тәріздес жергілікті грамматикалық материалдарымен салыстыру морфологиялық тұлғалардың даму процесін айқындауға себебін тигізеді.