Жеке дауыстылардың дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 16:30, курс лекций

Описание работы

Ә дыбысының тарихы. Түбір сөз құрамындағы дауысты фонемаларды көне түркі тіліндегі дыбыстар тобымен салыстырғанда, көзге оқшау көрінетін фонема-ә. V-VII ғасыр жазбаларының тілінде де, орта ғасырлардың алғашқы кезеңіне қатысты жазбаларда да мұндай фонема жиі ұшырамайды.

Работа содержит 1 файл

томанов.docx

— 81.12 Кб (Скачать)

Арқылы қалыптасқаны мәлім. Бүгінгі қолданыста кій, ійгі, ій, ійір, ійірім түрінде дыбысталып, әлсіз і дыбысы айтылады. Екінші жағынан, сөздің бірінші буынында айтылған е дыбысынан да осындай ерекшелік байқалады. Көне түркілік йеген, қазақ тілінде жиен, көне түркілік йегрен қазақ тілінде жійрен, т.б. мұнда бір кезгі бірінші буындағы е-нің біздің тілімізде і-ге сәйкестігін байқауға болады.

Сөйтіп осылардың нәтижесінде  қазіргі түркі тілдерінің арасында и-е-і (ким-кем-кім) сәйкестігі қалыптасты.

Сонымен, тарихи тұрғыдан бұл  дыбыстың үш түрлі ізін көреміз. Ійгі, ійе сөздерінің басқы буынында айтылатын і көне түркілік е-ге барып тіреледі, ал іс, істе сөздерінің құрамындағы і көне түркілік осындай дыбыстың баламасы. Үшін, түйін сөздерінің екінші буынындағы і көне түркі тіліндегі ерін дауыстысының көрінісі.

*        *         *

Қазақ тілі вокализмі құрамындағы «жаңа» дыбыстар қатарына тыл, станция, элекир сөздерінің құрамындағы ы,и,э дыбыстарын да жатқызу керек. Сөйлеу нормасында (орфоэпияда) кейде қазақ тілінің байырғы ы, и, е фонемалары мен бұлардың арасында көп өзгешелік байқалмайтыны да бар. Алайда, екінші жағынан әлгі сөздер құрамындағы ы, и, э қазақ тілінің осыған жақын дыбыстарымен бірдей емес. Басты ерекшелігі-ы, и, э дыбыстарының фонемалық мәні тек осындай сөздер құрамында ғана көрінеді. Басқа ыңғайда бұлар фонема бола алмайды. Якорь, январь сөздерінің құрамында айтылатын я, ю дыбыстары (дыбыс тіркестері) туралы да осыны айту керек болады. Бұлардың қайсысы да қазақ тілінде фонемалық дәрежеге жеткен жоқ.

Дауыссыз дыбыстар жүйесі

Жалпы түркілік консонантизм мынадай принциптер бойынша әр түрлі  топтарға жіктелінеді: жасалу орнына қарай (еріндік, тіс, тіс-ерін, тіл арты, тіл  алды, көмей, тіл ортасы), дауыстың қатысына қарай (үнді, ұяң, қатаң), айтылу жолына қарай (шұғыл, ызың).

Дыбыстардың қатаң және ұяң  оппозициясы қазіргі түркі тілдерінде анлаутта да , инлаутта да бар: бақа-баға, қашық-ғашық, күл-гүл, т.б. Алайда, мұндай парлар барлық уақытта фонемалық мәнмен байланысты болып отырмайды.

Сөз басындағы  дауыссыздар

Түркі тілдерінің тарихи фонетикасын  зерттеушілер сөз басында дауыссыздардың қолданыла бастауын түркі негіз  тілінің жеке тілдерге ыдырау дәуірінде  пайда болған құбылыс деп есептейді. Сөздің абсолют басындағы қатаңдардың  ұяңдауы, сөйтіп бұл позицияда ұяң  дыбыстардың пайда болуы қатар  айтылған екі сөздің алдыңғысының соңғысына  әсері (сандхи заңдылығы) деп қаралады. Қалайда сөздің абсолют басында  қатаң дыбыстардың айтылуы түркі  тілдері тарихындағы өте көне, ежелгі құбылыс. Сөздің абсолют басында  қатаң дыбыстың қолданылуы түркі  тілдеріндегі сингармонизм заңдылығының болуымен де байланысты: сөздің басы қатаң  да күшті айтылудың нәтижесінде  басқы буын сапасы қалған буындарға  да ықпал еткен. С.Е.Малов өзінің белгілі классификациясында қатаң  дауыссыздардың қолданылуы тіл құрамындағы  ежелгі жазбалар тілмен салыстыруға  негізделген, олардың өзара қатынасын  пайымдаудан туған. Қазақ тілінде  осы процесс барлық сөздері құрамында  анлаутта ұяңдардан гөрі қатаң дауыссыздардың айтылуы жиірек. Бұл әсіресе қ, ғ, к, г, т, д, с, з дыбыстарының қолданылуына қатысты. Мысалы: тек (ти), таш (тас), ташру (тыс), саб (сөз), сайу (сайын), қамыш (қамыс), күмүш (күміс), т.б. Бұл сөздердің бәрі де қазақ тілінде басқы қатаң дауыссызды сақтап қалған. Осымен байланысты, орта ғасыр авторларының бірінің сол заманғы түркі тілдерінде қатаң, ұяң дауыссыздардың қолданылуы жайлы ескертпелерін келтіре кетудің артықтығы жоқ. Ортағасырлық (Китаб тәрджума фарси у турки у мағоли) авторы сол заманғы түркі тілдерін «біздің жақтың түріктері» және «түркстандық» деп бөледі. Мұндай бөліске себеп болған жайлардың бірі, кітап авторының баяндауына қарағанда, сөз басында қатаң, ұяң дауыссыздардың қолданылуы. «біздің жақтың түріктері» тілінде, автордың айтуынша, сөз басында д ұяң дыбысы қолданылған да, «түркстандықтар» тілінде осы позицияда т дыбысы айтылған: діш-тіш, діл-тіл, дірік-тірік. П.М.Мелиоранский «Тәрджума...» авторының осы ескертпелерін келтіре отырып,автордың айтып отырғаны шығыс тайпалары мен оңтүстік тайпалары тілінің арасындағы айырмашылық деп түйеді.

Түрік негіз тілінде сөздің абсолют басында қатаң жабысыңқы  дауыссыздар ғана қолданылған дейтін қағиданың орнығуына да бүгінгі  түркі тілдеріндегі осындай фактілер негіз болып жүр. Оның үстіне, бұл  пікірді біршама тұрақтанған  деп есептеу керек. Бұл пікірге  қосымша, негіз тіл құрамында  ұяң дауыссыздар айтылған ба, айтылса  қай дыбыс дейтін сұрақ қойылып  келеді. Соңғы шыққан (1984 ж.) «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының» авторлары  түркі негіз тілінің алғашқы  кезеңінде м, н сонант дыбыстары болды деп қарайды. Бұл кітап авторларының айтуынша негіз тіл құрамында 12 (ң дыбысын қосқанда) дауыссыз фонема қолданылған. А.М.Щербак өзінің белгілі еңбегінде тілдің осы күйінде сөз басында 6-8 дауыссыз фонема айтылған деп қарайды да, олардың бірі- б және кейбір реттерде м дауыссыздары деп есептейді. Қысқасы, түркі негіз тілінде ұяң дыбыстар сөз басында қолданылса да бір-екіден аспаған. Сөз басында айтылуы мүмкін дейтін ұяң дауыссыздар б, кейде м. А.М.Щербак беретін алғашқы түркілік бір буынды түбірлер құрамында, дегенмен, б, м дыбыстарынан басталатын сөздер жоқ. Қазіргі тіліміздегі б дыбысынан басталатын сөздер жоқ. Қазіргі тіліміздегі б дыбысынан басталатын сөздер А.М.Щербак тізімдерінде п дыбысынан басталатын сөздер қатарына кіргізілген: па (ба-, байла), пай (бай), пақ (бақ, бақыла), пар (бар, кет), паш (бас), па (бей, бійе), пен (мен) т.б. Қысқасы, түркі негіз тілі құрамында, бұл тізім бойынша б дыбысынан басталатын сөз болмаған. Сөз басында б дыбысының айтыла бастауы түркі негіз тілінің соңғы дәуірлерінде, сөз басындағы қатаң п дыбысының фразалық (тіркестік) екпін салдарынан ұяңдануының нәтижесінде орныққан. Кейін б дыбысы м дыбысына сәйкес қолданыла бастайды. Бұл өзгеріс диалектілердің (тілдердің) араласуынан тууы мүмкін. Көне түркі жазбаларында жіктеу есімдігінің бен формасымен бірге арагідік мен түрінің де кездесуі оысның нәтижесі. Бүгінгі түркі тілдерінде м-б сәйкестігі немесе б-м ауысуы әдеттегі құбылыс: қазақ тілі, түркі тілдерінің көпшілігі бас//баш, чуваш: пуш, хақас: паш, қазақ: бай, чуваш: пуй, хақас: пай, қазақ: біз, азербайжан диалектілері міз (-міз жіктік жалғауы тағы бар), құмық тілінде буна-муна (мұнда), қазақ тілінде мауызда-бауызда, т.б. сонымен, түркі негіз тілі дәуірінде-ақ п-б-м ауысуы қалыптасты. П-б ауысуы уақыт жағынан аса ерте пайда болды да, тілдердің бәрін дерлік қамтиды, ал б-м сәйкестігі түркі негіз тілінің соңғы дәуірлерінде пайда болуы мүмкін.

Түркі негіз тілінің соңғы  дәуірлерінде, оның жеке тілдерге ыдырау дәуірінде болған өзгерістер қатарына т-д, қ-ғ ауысулары да жатады.

Сонымен, фонетикалық өзгерістердің  нәтижесінде сөз басында тек  қатаңдар ғана емес, б,м, кейбір тілдерге ғ,г дыбыстары да қолданылатын болды.

Сөз құрамының күрделеніп, екпіннің сөз соңынан қарай жылжуымен  бірге сөз ішіндегі қатаң дауыссыздар  ұяңдады, көне түркі тілінде-ақ егір, (иір), кігүр (кір), ада (ата) тәрізді қолданылған.

Сөздің абсолют басындағы  қатаң дауыссыздардың ұяңдауы орта ғасырда-ақ орныққан құбылыс. Оған дәлел-Махмуд Қашқари сөздігінде де кездеседі. Қашқари  батысқа қарай орналасқан тайпа  тілдерінде ұяң дауыссыздардың қолданысын көрсетеді. Мұның бәрі де қазақ тілінің  дербес халық тілі болып қалыптасуына дейін болған өзгерістер. Қазақ тілінде  оңтүстік-батыс тілдерімен салыстырғанда, қатаң дауыссыздардың қолданылуы басым. Әрине, қиыр шығысқа орналасқан түркі  халықтары тілдерімен салыстырғанда, қазақ тілінде кейбір қатаңдардың  ұяңдауы байқалады. Мысалы, қазақ  тілінде бау, бақ, балық, бес, балта сөздері хақас, шор тілдерінде қатаң п дыбысымен айтылады. Дегенмен, қазақ тілінде көне түркі сөздерінің кейбірінің қатаңдауы да бар: пыш (ақ)-көне түркі тіліндегі түбір, быч,; піс, пісір, пісіру-көне түркі тіліндегі түбір быш. Сондай-ақ піл сөзі қатаңмен айтылады да, осы түбірден жасалған сын есім б ұяң дыбысымен қолданылады: білдей.

Н.К.Дмитриев қазіргі түркі  тілдерін сөз басында дауыссыздардың қай тобы жиі де біршама тұрақты  қолданылуына қарай екі топқа  жіктегені белгілі. Олар: 1) сөз басында  дауыссыздардың қай тобы да (қатаң-ұяң) біршама еркін қолданылатын тілдер. 2) сөз басында дауыссыздардың бір  тобы біршама тұрақты қолданылатын тілдер. Бірінші топқа азербайжан, түрікмен, гагауз, қырым татарлары  тілінің оңтүстік диалектісі, екіншісі топқа қазақ, қырғыз, ноғай, қарақалпақ, өзбек тілдері жатқызылады. Бірінші  топтағы тілдер сөз басында д, г дыбыстарын, екінші топтағы тілдер сол позицияда т, қ дыбыстарын жиі айтады. Сөз басының біршама ұяңдап естілуі әдетте оғыз тілдерінің, ал біршама қатаң естілуі қыпшақ тілдерінің құрамында ұшырасуы этникалық араластықтың себебінен диалектілік араластықтың нәтижесі екені айқын. Сондықтан да қазақ тілінде қалыптасқан заңдылық т, қ дыбыстарының айтылуы бола тұрып, сол позицияда д дыбысы да ұшырасады.

Қазіргі қазақ тілінде в, ф, ц, х, ч дыбыстары бар, олар вагон, фабрика, халық, цех тәрізді сөздер құрамында сөз басында айтылады да, бару, сегіз, балық, пісу тәрізді сөздер құрамында айтылмайды. Алдыңғы топтағы сөздер басқа тілдерден енгендігі белгілі. Бұлар фонемалық мән тұрғысынан да оқшау тұрды. Егер  байырғы дауыссыздардың фонемалығы кез келген сөздер құрамынан көрінсе, бұл дыбыстардың фонемалығы тек өздері айтылатын сөздер құрамында ғана. Ал ондай сөздер біздің тілімізде соншалықты көп еместігі белгілі.

Сонымен, байырғы фонемалар  мен кейін енген фонемалар  арасында қолданылу сферасы тұрғысынан айырмашылық бар.

Дауыссыз дыбыстар жүйесіндегі тарихи өзгерістер

Қазіргі тілдің фонетикалық  жүйесін тарихи тұрғыдан барлаған да, тілдің даму барысында конвергенция процесі, яғни, өзгерістер нәтижесінде  фонетикалық бірыңғайлану орын алғандығы  көрінеді: байла, киім, жай, тайа тәрізді қазақ сөздерінің й дыбысымен айтылуы тіл дамуының барысында о баста әр түрлі дыбыстардың өзгеріске түсу нәтижесі. Екінші сөзбен, көне түркі дәуіріндегі, одан да ежелгі кезеңдегі түркі тілінің бірсыпыра дыбыстары қазақ тілінде й дыбысына айналған. Сөйтіп бірнеше фонеманың бір фонема арқылы берілуі орын тепкен. У, з дыбыстары жайында да осыны айтуға болады.

Екінші жағынан, жоғарғы  дыбыстардың қалыптасуы бірсыпыра  сөздердің фонетикалық дивергенцияға  ұшырауына да себеп болған. Оны  қазақ тілінде жаз-жай, бақ-бау, семір-семіз, тіз-тер, сый (етістік)-сық, қыз-қырқын, т.б. сөздер құрамындағы з-й, қ-у, р-з, қ-й дыбыс сәйкестіктерінен көруге болады. Фонеткалық конвергенция процесі тілдің сөздік қорын егжей-тегжей түгел қамтымаған. Әр жаңа құбылыстың жаңа екені ескінің ізі қалғанда ғана байқалатыны тәрізді, конвергенция процесінің өтуі де дивергендік құбылыстар арқылы байқалады. Түбірлердің бірсыпырасы өздерінің бұрынғы дыбыстық құрамын сақтап қалды да, жаңа дыбыстар негізінде жаңа варианттар қалыптасты. Бірақ даму процесінде тіл элементтерінің қолданылу мәні тұрғысынан жіктелінің нәтижесінде «ескі» мен «жаңа» варианттар дербес мәнге ие болды да, орнығып қалды. Кейбір варианттар бір-бірінен жіктеліп, алшақтағаны соншалық, қазір олардың түбірлес екенін салыстырма материалдар ғана анықтайды. Мысалы, қат, қатай, қатулан етістіктері мен қатты сын есімінің о баста түбір ғана түбірден тарап осылай қалыптасуы ең алдымен дыбыс өзгерістерінің нәтижесі, мұны тек қана салыстырма материалдар келтіре отырып байқауға болады. Көне түркі тілінде қатты сын есімі қатығды, қатығ түрінде, осы Түбірден жасалған туынды етістік қатығлан сипатында дыбысталған. Қатығды сын есімі элизияның нәтижесінде қатты сипатына келсе, қатығлан етістігі дыбыс өзгерісінің нәтижесінде қатулан сипатына келген.

Дивергендік құбылыстар қатарына мен, бұл есімдіктерін де жатқызуға болар еді. Оның үстіне, бұл сілтеу есімдігі қосымша арқылы туынды сын есімге айналғанда мұндай, бұндай түрінде екі түрлі дыбысталады.

Дивергенция процесі түбір  мен қосымшаның шегінде де болған. Әдетте қазіргі тіл заңдылықтары тұрғысынан ассимиляция деп қаралатын  құбылыс дивергенцияның нәтижесі. Айталық, дивергенцияның нәтижесінде көптік жалғау, тек –лар түрінде емес, қазақ тілінде –дар, -тар варианттарында да қалыптасты. Сол сияқты септік жалғауының кейбір түрлері де осы ізбен: табыс жалғау тек –ны, -ні емес, -ды, -ді, -ты, -ті жатыс жалғауы тек –да, -де емес, -та, -те түрінде де айтылады. Соңғы варианттардағы л, н дыбыстарының дивергендік көріністері ғана.

Дауыссыз дыбыстар құрамында  болған бұл өзгерістердің қайсысы  да грамматикалық тұлғаларға ықпалын  тигізді. Бір кезгі бір сипатты, бір вариантты тұлғалардың кейбірінің қазіргі тілде бірнеше вариантта  ұшырасуы соның нәтижесі. Мысалы, кетік, қатық есімдерінің құрамындағы –ік, -ық пен тұйық етістік жасайтын –у қосымшасы дивергенцияның нәтижесі. Сондай-ақ сусы, көлгірсі туынды етістіктерін жасайтын –сы, қансыра тәрізді етістіктер жасайтын –сыз қосымшалары да дыбыстық өзгерістердің нәтижесінде пайда болған, тарихи тұрғыдан бір ғана қосымшаның әр түрлі варианттары ғана.

Кейбір грамматикалық  тұлғалардың о баста әр басқа  дыбысталса да, дыбыстық өзгерістердің  нәтижесінде бір ғана сипатқа  келгені байқалады. Қазіргі тілімізде  етістіктер құрамында қолданылатын ортақ етіс қосымшасы –с, әдетте болымсыздық қосымшасының о баста –з түрінде дыбысталғанын көне түркі материалдары, қазіргі түркі материалдары да растайды, ал түрікмен тілі фактілері бұл бұдан да ерте дәуірде –р түрінде дыбысталғанын дәлелдейді (-мар). Ортақ етіс қосымшасы бір кезде –ш түрінде дыбысталған. Сөйтіп екі түрлі дыбысталған екі тұлға қазіргі тілде дыбыстық өзгерістердің нәтижесінде бір ғана сипатта орныққан.

Түркі тілдерінің оғыз тобын  түгелге жақын қамтыған ұяңдау (палатализация) процесі қыпшақ тобына тән емес. Басқа да қыпшақ тілдеріндегі сияқты, қазақ тілінде де сөздің абсолют  басында қатаң дауыссыздар, ұяңдармен  салыстырғанда, көбірек айтылады.

Жалпы түркі тілдеріндегі сөздің абсолют басының «оғыздық»  және «қыпшақтық» түрлерінің қалыптасуы соншалық ежелгі құбылыс емес. Тарихи зерттеулер түркі тілдерінде сөздің абсолют басының қатаң болғанын, яғни қатаң дыбыстардан ғана басталуы, ежелгі дәуірлерде дауыссыздардың ұяң, қатаң болып бөлінуі фонемалық дәрежеде болмағандығын көрсетеді. Ал кейін оғыз тіліндегі сөздің абсолют басының ұяңдауы созылыңқы дауыстылардың ықпалы дейтін пікір түркологияда қазір дәлелденіп отыр. Қазақ тіліндегі бұта мен пұта, бал мен пал, диірмен мен тиірмен, тұз бен дұз тәрізді параллельдер тілдік сондай күйдің қалдықтары.

Жеке дауыссыз дыбыстар тарихы

Көне түркі тілінде 16 дауыссыз дыбыс болған. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар саны бұдан әлдеқайда көп. Дауыссыз дыбыстардың сапалық жіктелісі  орныққан фонетикалық құбылыс ретінде  көзге түсті. Көне түркі тілі дауыссыздарының  қолданылу позициясы қазақ тілі дауыссыздарымен бірдей бола бермейді. Кейде бір ғана дыбыстың қолданылу  орнына қарай әр қилы өзгеріске түскенін байқауға болады. Оның үстіне, көне түркі  дауыссыздарының әр түрлі көрініске  ие болғаны тағы бар. Мұндай өзгерістердің  бәрі де жеке дыбыстардың қолданылу  жүйесін салыстырғанда ғана байқалады.

Информация о работе Жеке дауыстылардың дамуы