Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 16:30, курс лекций
Ә дыбысының тарихы. Түбір сөз құрамындағы дауысты фонемаларды көне түркі тіліндегі дыбыстар тобымен салыстырғанда, көзге оқшау көрінетін фонема-ә. V-VII ғасыр жазбаларының тілінде де, орта ғасырлардың алғашқы кезеңіне қатысты жазбаларда да мұндай фонема жиі ұшырамайды.
Сөз соңында з, с дыбыстарының айтылу жүйесі көңіл аударарлық. Түркі тілдерінің барлығында бірдей сөз соңында з ұяң дыбысы айтыла бермейді.
Қазіргі қазақ тілінде з дыбысынан басталатын сөздер о баста түркілік емес, басқа тілдерден ауыс-күйіс жолымен келгендігі (экстралингвистикалық жол) мәлім. Ал сөз ортасындағы з түркі негіз тілі дәуірлерінде де осы сапасында айтылған. Көне түркі фактілері соны дәлелдейді: йазы, азуқ, қызыл, безе, йүзүк, т.б.
Сөз соңындағы з, с дыбыстары қолданылуындағы сабақтастық, әсіресі, келер шақтың болымсыз түрінен айқын көрінеді: қазақ: алмас; түрікмен, түрік, азербайжан: алмаз. Сөйтіп қазақ тіліндегі етістіктің болымсыздық қосымшасынан кейін жалғанатын – с осы позицияда айтылған з дыбысының тарихи қатаң варианты болып шығады: кел-ме-с, бар-ма-с. Олай екеніне көз жеткізу үшін оғыз тілдеріндегі –мар, -маз формаларымен салыстырса да жеткілікті. Сонда қазақ тілінде р-з сәйкестігінің екінші сыңары болатын ұяң з қатаңдау процесіне ұщырап, с-ға айналғандығын көруге болады.
Бірсыпыра түркі тілдерімен салыстырғанда, қазақ сөздерінің соңында байқалатын тағы бір ерекшелік-бірсыпыра тілдердегі аффрикат ч орнына ш дыбысын айту. Бұл ерекшелік қазақ тілін қыпшақ-бұлғар тобына жататын тілдермен (татар, башқұрт) салыстырғанда айқын байқалады: татар тіліндегі ач, күч, уч қазақ тіліндегі аш, көш, үш түрінде айтылады. Қазақтың әдеби тілі байырғы сөздер құрамында ч дыбысын сөз басында да, аяғында да қолданбайды. Алайда қазақ тілінің Жетісу говорында бұл дыбыс сөз басында да, аяғында да, кейде тіпті сөз ортасында да қолданылады. Бұл, сірә, ұйғыр тілінің әсері болса керек.
Фузиялық өзгешеліктер
Қазақ тіліне тән дыбыс
өзгерістері түбір мен
Н//д//т. Бұл өзгеріс түбір мен кейбір септік қосымшаларының арасында болады. Фактілерге қарағанда, ілік септіктің алғашқы формасы-н болған. Кейін, көне түркі тілінде және ұйғыр тілінде ол ң-ға айналған да, дауыссызға біткен түбірге жалғанғанда байланыстырушы дауысты – ы пайда болған: -ың. Сонан соң есімдікке негізделген септеудің нәтижесінде –н қосылған: -ның. Оңтүстік-батыс тілдерде дауыссыздарға біткен түбірлерге –ның түрінде, ал дауыстыға біткен түбірлерге ескі күйінде –ың болып жалғанады.
Табыс септіктің қосымшасы көне түркі және ұйғыр тілдерінде –ғ, -г, -ығ, -іг түрінде болса, кейін есімдікке негізделген септеу жүйесімен –ны, -ні болып қалыптасты.
М // б-п. Бұл өзгеріс тек қазақ тілінде ғана емес, башқұрт, түрікмен, тува тілдерінен басқа түркі тілдерінің бәріне дерлік жайылған. Қазақ тілінде түбір мен қосымшаның шегінде бұл өзгеріс, негізінен, мына түрде көрінеді: дауыстылардан соң –м, сонорлардан соң –б, қатаңдардан соң –п. Бірақ кейбір тілдерде бұл заңдылық әр түрлі қалыптасқан. Мысалы, азербайжан тілінде тұйық рай жасайтын қосымша б-дан басталса (оп-бек), болымсыздық аффиксі де б-дан басталады (оп-бе). Сөйтіп түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса да, қосымша ұяңнан басталғаны көрініп тұр. Сол сияқты, қырғыз тілінде сұраулық шылаудың екі түрлі фонетикалық варианты бар, бірі б-дан басталады (бы: келди би?), екіншісі п-дан басталады (пы: келип пи?). тіркескен сөздің соңғы дыбысы дауысты сонор балса –бы, қатаң болса –пы. Алтай тілінде де осындай. Ал башқұрт тілінде сұраулық шылаулар тек м дыбысынан басталады.
Л //д//т. Л дыбысының д, т-ға ауысуы көбінесе мынадай грамматикалық формаларда кездеседі: көптік жалғау –лар, зат есімдік қосымша –лық, сын есімдік –лық, етістік жасайтын қосымша –л. Кейде кейбір сырттан енген сөздер құрамында да осы ауысу байқалады. Барлық түркі тілдеріне ортақ заңдылық: дауыстыдан соң және й, р дыбыстарынан соң –л, сонор және ұяңдардан соң –д, қатаңдардан соң –т. Дегенмен, бірсыпыра түркі тілдерінде сонор дыбыстардан соң да л-дан басталатын қосымшалар жалғанады: азерб. Келинләр, л//д//т дыбыс өзгерісі қазақ тіліне жақын деп есептелетін қарақалпақ, ноғай тілдерінде де сақталмайды.
Протеза, эпентеза, дауыссыздардың элизиясы. Тарихи тұрғыдан сөз құрамында белгілі бір дыбыстың болмауы мүмкін де, бірақ тілдің даму барысында пайда болып, қалыптасуы ықтимал. Әдетте тіл білімінде протеза, эпентеза деп аталатын құбылыстар этимологиялық тұрғыдан сөз құрамында болмаған, тілдің даму барысында пайда болып, қалыптасқан дыбыстарды еске алады. Протезалық және эпентезалық дыбыстардың пайда болуы қазақ сөздерінің тарихи қалыптасқан құрамынан туатын ерекшелік.
Түркі сөздері сол сияқты қазақ сөздері де, іргелес айтылған екі дауыссыздан, л, р дыбыстарынан басталмайтыны белгілі сырттан, басқа тілдерден енген сөздердің барлығы да тілімізде қалыптасу процесінде осы заңдылықты сақтайды.
Қазақ тілінде протеза есебінде жиі айтылатын дыбыстар қысаң дауыстылар. Революциядан бұрынғы дәуірлерде енген араб-парсы сөздері де. Орыс сөздері де қазақ тілінің заңдылығынан лайықталып, осы протезалық дыбыстармен қалыптасып кеткен. Қазақ тіліндегі үстел, ырас, ырза, ірет, т.б. сөздер осы протеза дыбыспен қалыптасқан. Протеза ретінде кейде о ашық дауысты дыбысы да айтылады: орыс, ораза (бастапқы түрі: русь, руза). Қазіргі орфографиялық нормаға сай ренжу, рахмет, лашын тәрізді сөздер де айтылуда ырахат, іренжу, ылашын болып, протеза қысаң дауыстымен айталады. Айтылуда алдынан қысаң дауыстылардың қосарлануы щ, в, л дыбыстарынан басталатын орыс тілінен енген сөздерге де тән. Айырмашылық тек қана орфографиялық нормада ғана.
Дауыссыздардың ішінде протеза ретінде жиі қолданылатын дыбыс –й. Түркі тілдерінің көне дәуірінде сөздің абсолют басында протеза ретінде айтылған й сөз құрамына әбден сіңіп, қазақ тілі заңдылығына лайық ж дыбысына айналған. Қазіргі тілімізде кейбір сөздердің басында айтылатын ж сол протезаның өзгерген түрі. М.Қашқари XI ғасырдағы түркі тілдерінің фонетикалық сипатына мынадай мысалдар келтіреді: ығла-йығла, ылығ-йылығ, іг-йіг. Бұл сөздер қазақ тілінде жыла, жылы, ій (+ір) түрінде айтылады. Протеза й тек соңғы сөздің құрамында ғана орнықпаған. Алдыңғы сөздер құрамындағы протеза й қазақ тілінде ж-ға айналып орныққан. Н.К.Дмитриев бұл дыбыстың қолданылуын қыпшақ тілдеріндегі е дыбысының алдынан естілетін й-мен байланысты құбылыс деп қарайды. Қалай да протеза й-дің қолданылып, орнығып қалуы тіліміздің құрамында болған әрі бар құбылыспен ұштасып жатады.
Эпентеза немесе сөз ішіндегі қатар айтылуға тиісті екі дауыссыз дыбыстың арасында дауыстының түсіп айтылуы да қазіргі әдеби тіл құрамындағы сөздерден кездесіп отыратын құбылыс. Эпентезалық дыбыстар әсіресе араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздер құрамында жиі кездеседі. Қазіргі қазақ тіліндегі пікір, уақыт, өмір, ресме (сын есім түрі – ресми) есім сөздері эпентезалы дауысты дыбыстар арқылы қалыптасқан. Революцияға дейінгі уақытта орыс тілінен енген сөздердің көпшілігі-ақ эпентеза дауыстымен қалыптасып, орнығып кеткен. Қазіргі тіліміздегі кереует (кровать), бөрене (бревно), тұрба (труба), сымала (смола), т.б. эпентеза дыбысты сөздер.
Сөйтіп протеза, эпентеза, құбылыстары да сөз құрамына белгілі дәрежеде әсер ететіндер қатарына жатады. Осыдан бұрын айтылғандай, бұлар арқылы айтылып, қалыптасқан дыбыстар этимологиялық дыбыстар қатарына жатпайды. Тіл құрамына сырт жағдайлардың әсерінен пайда болып орныққан дыбыстар болып табылады. Сөз құрамындағы этимолгиялық дыбыстардан кейін пайда болған мұндай дыбыстарды бөлек қараудың қажеттігі де осында.
Сөз құрамында әр түрлі сырт жағдайларға байланысты пайда болған дыбыстар (протеза, эпентеза) жайлы айтқанда, сөз құрамында бұрыннан бар дыбыстардың түсіп қалу (элизия) құбылысы да болғандығын айту қажет. Ондай құбылыстың негізгі көріну түрлері төмендегідей.
Байырғы қазақ сөздері ғ, г, х,һ дыбыстарынан басталмайтыны мәлім. Осы дыбыстардан басталатын сөздер қазақ тілінде әр түрлі орныққан. Көп реттерде қазақ тілі өзіне жат құбылыстан «қашып», сөз басындағы әлгі дыбыстарда түсіріп айтқан. Осының нәтижесінде қазақ тілінде Әбдірахман, Әли, Омар, Оспан тәрізді кісі аттарымен қатар әл, әзір, өмір, өкім, әскер, әкім, т.б. сөздер қалыптасты. Сонымен қатар, кей сөздер құрамында бұрынғы басқы дыбыс сақталып, қазақ тілі заңдылығына лайықталып қатаңдап кеткен. Содан барып жаңағы сөздердің кейбірінің қатаң дауыссыздар басталатын варианттары қалыптасқан: Қабдрахман, Қали, Қалима, Құмар, Құспан, қазір, кәзір, хал, т.б. бұлардың ішінде әсіресе қазір (кәзір), кәзір варианттарының мағыналық жіктелісі көңіл аударады. Бұлардың өзара әрі мағыналық, әрі грамматикалық жіктелісі сондай, екеуін екі түрлі грамматикалық топ деп түсінеміз.
Ғ, г дыбыстарының элизиясы сөз ортасында да байқалады. Қазақ тіліндегі мағына, мән, мағлұм, мәлім соның нәтижесі. Ал ғ, г дыбыстарының элизиясы түркі тілдеріне әсте жат емес. Мұндай құбылыс ортағасырлық түркі тілдерінде де кездеседі. Дегенмен, кейбір сөздер құрамында бұрынғы күйінде қалып, қазіргі тіл құрамында түбірлес сөздердің қалыптасуына негіз болады.
Диссимиляция. Дыбыстардың сөз ішіндегі бір-біріне ықпал ету, ыңғайласу заңдылықтары (ассимиляция, сингармонизм) қазіргі тіліміздің өн бойын қамтитын, сөйтіп бүкіл тіліміздің қазіргі сипатын, ерекшелігін айқындайтын құбылыстар екені белгілі. дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке тұрғысынан бірыңғайласуы, сол сияқты түбір ішінде немесе түбір мен қосымша шегінде дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал жасауы қазіргі тіліміздің нормалық заңдылығы деп есептеледі. Алайда тілдің әрбір қалыптасқан заңдылығы жайлы айтқанда, оның белгілі бір тарихи себептерге негізделген ауытқуларын да еске алу керек болады. Қазіргі қазақ тілінің дауыссыз дыбыстарының ықпалдасу заңдылығының кейбір тарихи ерекешелігін тануға себеп болатын бір құбылыс-түбір сөздер құрамында, кейде туынды сөздер құрамында ұшырасатын диссимиляция ізі-бір-бірімен ықпалдаспаған дауыссыздар тіркесі.
Көне түркі ескерткіштері тілін (әсіресе, V-VIII ғ.) барлағанда көзге оқшау көрінетін бір жай – түбір мен қосымша шегіндегі дауыссыз дыбыстар тіркесі. Біздің қазіргі тілімізде бір-біріне ықпал етіп, өзара ыңғайласып келетін бірсыпыра дыбыстар тіркесі ол тілде ықпалдаспаған, өзара үйлеспеген қалпында айтылып қолданылған. С.Е.Малов түркі тілдерін тілдің ескі қалдығын көп не аз сақтауына қарай бөлгенде, сары ұйғыр тілін жаңағыдай дыбыс тіркестерін көп сақтауына қарай ең көне тілдің бірі деп қарайды. Әрине, қазақ тілі ондай топқа жатпайды. Бірақ бұл ерекшелік оның құрамында кейбір ескі күй-қалыптың сақталуына кепіл де емес. Диссимиляцияның кейбір түрлері қазақ тілінде де ұшырасады: рт-торта, қарта; рп-арпа, сорпа; лт-алты, алтын, былтыр; лқ-жылқы, жалқы, алқа, салқы (алқы-салқы), шалқы, қалқы.
Метатеза. Сөздердің, грамматикалық тұлғалардың тарихи дамуында із қалдырған құбылыстардың бірі-метатеза. Метатеза деп әдетте сөздің өз ішіндегі дыбыстардың өзара орын алмастыруын, сөйтіп соңғы қалпында қалыптасып, орнығуын айтады. Әрине, метатезалық құбылысты айқындау үшін туыстас тілдер мен көне жазбалар тілінің фактілерін бүгінгі біздің тіліміздегі сондай фактілермен салыстыру қажет. Сонда ғана дыбыстардың орын ауысуын анықтауға болады, сол арқылы олардың қандай сөздермен түбірлестігін, құрамын айқындауға мүмкіндік туады.
XI ғасырдың ғалымы М.Қашқари өзінің атақты еңбегінде сол заманғы түркі тайпалары тілдерінде қ мен ч, ғ мен д, ш мен н, ғ мен м, ғ мен л дыбыстарының түбір сөз ішінде метатезалық өзгерістерге түсетінін көрсетеді. Осы айтып отырған пікірді дәлелдеу үшін қарлығаш, қоңсы, жаңбыр сөздерін мысалға келтіреді.
Екпін. Сингармонизм.
Екпін. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, екпін сөздің соңғы буынына түсетіні белгілі. Бұл ежелгі құбылыс емес. Түркі сөздері негізінен бір буынды болып, қарқынмен айтылатын қатаң дыбыстардан басталуы, сондай-ақ поэзиядағы аллитерация құбылысы, қап-қара тәрізді интенсив формаларының қалыптасуы о баста бір буынды сөздің күшті, қарқынды айтылғандығын дәлелдейді. Бұл дай тек қана түркі тілі материалдарымен емес, монғол, тіпті батыста жатқан венгер тілі фактілерімен де дәлелденіп отыр. Осыған орай қазіргі қазақ тілінің мына фактісі айрықша назар аударады: бұйрық рай тұлғасы қарқынмен айтылса, соңғы буындағы екпін бір буын кейін сөздің басына ығысады. Екпіннің соңғы буыннан алға қарай жылжуы сын есімнің интенсив формаларынан да айқын байқалады: қап-қара, сап-сары, шіп-шикі, қып-қызыл, аппақ, т.б. сөздер құрамында екпін алдыңғы күшейтпелі буынға түседі. Қазақ тілінде екпіннің алдыңғы буынға қарай жылжуы, әсіресе, лепті сөйлемдер құрамында байқалады. Лепті сөйлемдер құрамында жұмсалған одағайлар экспрессивтік мәнерге қарай екпіннің орнын өзгертіп отырады: одағай сөз кенеттен болған қорқынышты білдірсе, екпін басқы буынға түседі, егер таң қалуды білдірсе, сөздің соңғы буынына ауысады.
Түркі тілдерінің аса ежелгі дәуірлерінде сөз (түбір сөз) бір буынды болған. Мұндай бір буынды сөздерде екпін буын құрамындағы дыбыстарды біртұтас фонетикалық комплекске біріктіріп, тұтастыратын, сөйтіп сөз тұтастығын белгілейтін тәсіл есебінде болды. Тілдің полисинтетикалық немесе аморфтық құрылымы аглютинацияға ауысумен бірге екпін бір біынды бірнеше түбірді бір грамматикалық топа ұйымдастырудың тәсіліне айналды. Ондай топтың құрамындағы түбірлердің біреуі ғана лексикалық мағына иесі болды да, қалғандары грамматикалық көрсеткіштер қызметін атқарды.даму барысында соңғылар қосымшаларға айналды. Егер сөз құрамындағы буындардың өзара ыңғайласып, бір фонетикалық комплекске бірігуінің белгісі-сингармонизм құбылысы десек, онда бұл пікір қарсылық тудырмайды.
Сингармонизм. Дауыстылар гармониясы заңдылығы екі түрлі ыңғайда көрініс: 1) палатальдық гармония немесе дауыстылардың жуан және жіңішке жағынан үндесуі. Көне түркі тілінде дауыстылардың жуан-жіңішке үндесуі сөздің басынан аяғына дейін сақталады; 2) лабиалдық гармония немесе дауыстылардың еріндік үндесуі.
Қазіргі түркі тілдерінде
лабиалдық гармония заңдылығының таралуы
бір қалыпты емес. Түркі тілдерінің
көпшілігінде-ақ дауыстылардың еріндік
үндесуі жүйелі түрде сақталмайды.
Мысалы, қазақ тілінде еріндік
үндесу екінші буыннан аспайды, кейінгі
буындарда еріндік мәнер әбден
көмескіленген, сондықтан жазуда ескерілмейді.
Ал түркі ескерткіштері тілінде
сөз құрамында еріндік