Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 12:30, реферат
Зерттеу нысаны. Абайдың ақындық мектебі өкілдерінің, XX ғасыр басындағы қазақтың көрнекті ақындарының, Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмаларындағы Абай дәстүрін танытатын мазмұндық – құрылымдық, көркемдік – бейнелілік сипаттар.
Зерттеу мақсаты. Ақын шәкірттерінің поэмаларына талдау жасай отырып, Абайдың ақындық мектебі мен шығармашылық дәстүрінің қазақ әдебиетіндегі поэма жанрын қалыптастырудағы маңызын дәйектеу, Шәкәрімнің поэма жанрын дамытудағы өзіндік қолтаңбасы мен орнын анықтау.
Кезінде ұлы Абай шығармашылығы жайында сөз қозғай келіп, белгілі ғалым А.Нұрқатов: «Абай поэмалары кегізінен баяндау стилінде жазылған. Оларда эпикалық сарын басым. Авторлық тебіреністер, лирикалық шегіністер, кейіпкерлердің ішкі монологтары Абай поэмаларында жоққа тән,-деген болатын. Шәкәрімнің поэмаларының жазылу стилінде де ұлы ұзтазына ұқсастық бар. Оның дастандары да негізінен баяндау үлгісінде жазылған. Ол заңды да. Өйткені бұл дәуірде көркем де бейнелі сурет жасайтын қазіргі ұғымдары поэмалар дәстүрі әлі де толық қалыптаса қоймаған болатын. Абайды қазақтың жаңа үлгідегі поэма жанрын өмірге әкелген ақын дей тұрсақ та, бұл кезде негізінен бұрыннан келе жатқан дастан дәстүрі үстем тұрған. Абайдың реалистік поэмалары да, Шәкәрімнің одан кейінгі дастандары да осы дәстүрде туады. Бір айырмасы-Шәкәрім поэмаларында авторлық түйінге, кейіпкерлердің диалогтары мен монологтарына айрықша маңыз берген. Бұл ұзтаз дәстүрін ілгері дамытудағы шәкірт ақынның жемісті ізденісі деу керек.
Қорыта айтқанда, Шәкәрімнің дастандары Абай үлгісінде жаңа эпикалық шығармалар тудыру процесіндегі берекелі арналардың бірі болды. Шәкәрім поэмалары арқылы өзінің лирик қана емес, кең ауқымды эпик ақын екенін дәлелдеді.
Қорытынды
Өз тамырын халықтың аса бай ауыз әдебиетінен тарататын қазақ әдебиеті он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында өзінің идеялық, тақырыптық және көркемдік қырларын тың бояулармен әрлеп, жаңаша бағытқа бет бұрды. Бұл бағыт өмір құбылыстарын бейнелеудегі шанайылықты, гуманизм мен азаматтық үнді бірінші орынға қоятын реалистік бағыт еді. Қандай да болсын реалистік туындының құдіреті қоршаған ортадағы былайғы көпшілікке беймәлім жаңа құбылыстар мен құпия сырларды барынша нанымды әрі көркем етіп жеткізе білуінде жатса керек. Реалистік әдебиеттің әлеуметтік маңызы мен қоғамдық мәнінің өзі оның өмір құбылыстарын, заман сипатын шынайы бейнелей білуімен өлшенбек.
Қазақ әдебиетіндегі реалистік әдеби дәстүрдің басында ұлы ақын Абай тұрды. Бұл заңды да. Өткені өз дәуірінің рухани жүгін арқалау міндеті Абай сынды алып тұлғалардың ғана қолынан келер іс еді. Ол өзінің сан қырлы шығармашылығы арқылы қазақ әдебиетінде бүтіндей жаңа дәстүр,әдеби мектеп қалыптастырды. Ұлттық әдебиеттің бұдан кейінгі даму процесін тікелей осы дәстүрдің заңды жалғасы деп білеміз.
Адай дәстүрінің ұлағаттылығы
мен өміршеңдігі, ең алдымен,
ұлы ақынның өз айналасынан
көрінді. Абай маңында
Шәкәрім – ең алдымен лирик ақын. Оның лирикасы – көркемдік бояуы қаңық, тақырыптық ауқымы кең, идеялық нысанасы биік лирика. Абайдың реализміне тән белгілер Шәкәрімнің лирикасынан мол ұшырасып отырады. Сонымен қатар Шәкәрім Абай дәстүрін өзіндік өрнек-бояумен байытқан жаңашыл ақын болды.
Шәкәрімнің реализмі – Абай
реализмінің заңды жалғасы.
Өмір құбылыстарын шанайы суреттеуге ұмтылу ниеті Шәкәрім реализміндегі сыншылдық сипаттың өрістеуіне жол ашты. Әлбетте сынның мақсаты-қисықты түзету, кемшілікті жою. Шәкәрім сыншылдығының түп төркінінде де осы мақсат жатыр. Ол айналасындағы кемшіліктерді, адамдардың мінез-құлқындағы, халықтық әдет-ғұрыптағы, қоғамның әлеуметтік өміріндегі кереғарлықты сынағанда өзін олардан бөлек алып қарамайды, солардан безу үшін, өзін ақтап алу үшін сынамайды. Сынау, әшкерелеу арқылы ол халқын кемшіліктен арылтуға, экономикалық және рухани дамудың таза жолына түсіруге ұмтылады.
«Қазақтың мінін қазғамын,
Айтқанымнан кайтпаймын»,-
деген табандылықтың астарында осындай сыр бар.
Шәкәм өзін әрдайым халықпен бірге сезінеді. Оның лирикалық кейіпкері-халықтың қалың ортасынан шыққан, баршаның қуанышына қуанып, мұңына мұңаятын жан. Шәкәрім лирикасындағы халықтық сипаттың мейлінше мол көрінуіндегі шешуші факторлардың бірі де осы.
Ағартушылдық идея-Шәкәрім лирикасындағы басты идеялардың бірі. Айналасындағы өмір құбылыстарына, замандастарының рухани дәрежесіне қарай отырып, ақын болашақ дамудың ықтимал жолдарына көз жібереді. Соның нәтижесінде кемшіліктен құтылудың бірден-бір жолы ғылым мен өнер үйрену, еңбек ету, бірлікті сақтау және озық ойлы елдерден үлгі алу деген тоқтамға келеді. Бұл Шәкәрімді өзінің алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлардың идеяларымен сабақтастырып жатыр.
Келешекке жол ашар оқу мен білім, ғылым мен өнер үйрену Шәкәрімнің ұғымында адамзат баласының санасын ағартатын құрал ғана емес, адамдық пен айуандықтың арасын алшақтата түсетін фоктор. Бұұл тақырып-Шәкәрім лирикасының өне бойына желі болып тартылған тақырып. Бозбала шағында жазған «Жастарға» атта ғибратты өлеңіндегі ағартушылық идея оның соңғы өлеңдеріне дейін заңды жалғасып жатыр.
Шәкәрім лирикасындағы ағартушылық идеяның көрінуінде өзге ақындарда кездесе бермейтін бір ерекшелік бар. Ол-ақынның көрегендігі мен талғампаздығы. Яғни, Шәкәрім оқу мен білімді үйренгенде көзсіз, талғамсыз бол демейді. Қай қиырға ұмтылсаң да уысыңа түскен дүниеден өзіңе қажеттісін, пайдалысын таңдап ала біл дейді. Өзгедегінің бәрі өнегелі емес. Надандық пен кемшілік кім-кімнің де басында бар. Сондықтан талғамды болу керек. Бұл жолдың сол кездегі қазақ қоғамы үшін қаншалықты маңызды екенін Шәкәрім жақсы түсінді. Бұл идея ақынның Абай дәстүрін жалғастыра отырып, оған өз жанынан қосқан жаңалығы еді. Яғни, өзге елдердің сынын саралап беруде:
«Европа білімді жұрт осы күнде,
Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде»,-
деген сияқты дәлелді де терең мәнді тұжырым жасауда Шәкәрім бірінші болды десек артық емес.
Шәкәрім лирикасына тән ендігі бір қасиет-философиялық тереңдік. Оның адам жайындағы, қоғам мен өмір, тіршілік туралы өлеңдерінің қай-қайсысында да сырлы астар, терең мән жатыр. Жалқының сипатын суреттеу арқылы жалпыға тән қасиеттерді тұспалдау, болмашы нәрседен байсалды тұжырым жасау Шәкәрім лирикасының ойшылдық қасиетін тереңдете түседі.
Оның бұл қасиеті тіршілік пен өмірдің негізіне қатысты таза философиялық мәселелерге келгенде тіпті салмақтана түседі. Ол ақынның дүниетанымының қай бағытта болғанын да аңғартып жатады. Әрине, Шәкәрімнен бірыңғай материалистік түсінік талап етудің қисыны жоқ. Өз дәуірінің философиясы Шәкәрімді де өз шеңберінде ұстады. Әйтсе де оның өлеңдерінде материалистік ой-түсінік жиі кездесіп отырыды.
Сыншылдық, адам сезімін жырлаудағы шеберлік-Шәкәрімнің лирикасында, әсіресе, жастық шақ пен махаббаттақырыбына арналған өлеңдерінде байқалатын басты қасиет. Ақын жырларында сезім тереңдігі мен ар тазалығы, ақыл-парасат кеңдігі, ойшылдық мейлінше мол. Кейбір тұста натурализм элементтеріне бой алдырғанымен бұл тақырыпты жырлауда ол шынайы ақындық шеберлігін танытады.
Ақындық өнер-Шәкәрімнің
Шәкәрім-Абайдың ақындық дәстүрін лирикалық поэзияға ғана емес, сонымен қатар дастан жанрында да жемісті жалғастырған ақын. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің «Ақын Шәкәрімнің творчестволық мұрасы жөнінде» деп аталатын қаулысында атап көрсетілгендей: «Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмалары идеялық көркемдік мазмұны жағынан XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің үздік шығармалары қатарына жатады». Оларда Шәкәрімнің гуманистік, демократиялық және хылықтық көзқарастармен қатар, терең сыршылдығы, поэтикалық шеберлігі мол аңғарылады.
«Қалқаман-Мамыр» және «Еңлік-Кебек» поэмаларының негізгі арқауы махаббат тақырыбы болғанмен автор осынау тар шеңберде қалып қоймайды. Ғашық жастардың трагедиясы арқылы ақын қоғамдағы психологиялық кереғарлықты, түрлі сана қақтығыстарын, әлеуметтік әділетсіздік пен теңсіздік мәселелерін көрсетеді. Дастандардың әлеуметтік астары терең. Олардағы кейіпкерлер образдары да аса күрделі. Типтік дәрежеде сомдалған. Түрлі детальдар, көркемдік шешімдер арқылы Шәкәрім өз қаһармандарының характерін анық әрі нанымды етіп суреттейді. Жасанды эпизод, әсіре бояуға бармайды.
«Нартайлақ-Айсұлу»
дастаны Шәкәрімнің аталған поэмаларының
идеялық, көркемдік дәрежесінде
жете алмаған деуіміз керек. Ақын
мұнда жоғарыдғы
Жалпы алғанда, Абайдың тікелей тәрбиесін көрген шәкірт Шәкәрім өзінің көлемді де көркем мұрасын дүниеге әкелу барысында қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік орны бар көрнекті ақын дәрежесіне көтерілді. Оның бүкіл шығармашылығынан Абай іргетасын қалаған реалистік әдеби дәстүрдің ізі сезіліп жатады. Сонымен қатар Шәкәрім-жаңашыл ақын. Өзіне тән жаңашылдығы арқылы ол өз кезіндегі қазақ поэзиясын жаңа сапалық сатыға көтерді. Өлеңдеріндегі идеялық, тақырыптық жаңалығына қоса, Шәкәрімнің қазақ өлеңінің өрнегіне, ырғақ, буын, ұйқас өлшемдеріне қосқан тың бояулары да сан қырлы. Әлбетте бұлқасиеттердің бәрін шағын бір зерттеудің аясында қамту мүмкін емес. Бұлар-Шәкәрімнің шығармашылық мұрасын игеру барысында көзі ашылатын мөлдір бұлақтар.
Сонымен бірге Шәкәрім әрі ойшыл филосов, әрі тарихшы болған білімдар. Оның тіршілік пен өмірдің негіздері туралы толғамдары, «Үш анық» атты философиялық еңбегі, «Мұсылмандық шарты» еңбегі және түркі халықтарының арғы-бергі тегі туралы деректерге толы шежіресі осы пікірді айқындап, дәлелдей түседі. Бұлардың әрқайсысы жеке-жеке зерттеу объектілері болуға тиіс, мол да мағыналы мұра.
«Мұраны сақтау-тіпті де сол мұрамен қанағаттану деген сөз емес»,-деп В.И.Ленин айтқандай, Шәкәрімнің бай мұрасын «бар», «мол» деумен шектелмей, жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу, оның барлық қырларын ашу-болашақтың үлесіндегі іс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Әуезов М. Абай Құнанбаев. Монографиялық зерттеулер мен мақалалар. Алматы: Санат 1995