Заманалар керуені үздіксіз

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 12:30, реферат

Описание работы

Зерттеу нысаны. Абайдың ақындық мектебі өкілдерінің, XX ғасыр басындағы қазақтың көрнекті ақындарының, Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмаларындағы Абай дәстүрін танытатын мазмұндық – құрылымдық, көркемдік – бейнелілік сипаттар.
Зерттеу мақсаты. Ақын шәкірттерінің поэмаларына талдау жасай отырып, Абайдың ақындық мектебі мен шығармашылық дәстүрінің қазақ әдебиетіндегі поэма жанрын қалыптастырудағы маңызын дәйектеу, Шәкәрімнің поэма жанрын дамытудағы өзіндік қолтаңбасы мен орнын анықтау.

Работа содержит 1 файл

Абай және Шәкәрім .doc

— 203.00 Кб (Скачать)

                                                                Ескіден қалған сөз теріп,

                                                       Өз ойымнан өң беріп.

                                                       Үйретуді жөн көріп,  

                                                       Түзетпек едім адамды.

                                                        Қышыған жерін қасуға,

                                                       Әділет жолын басуға,

                                                       Алдына салып ашуға, 

                                                       Жақсылық пен жаманды, 

                                                       Ешкім бұған сенбеді,

                                                       Өз қылығым жөн деді,

                                                        Көре тұра көнбеді, 

                                                        Кетірді қуат-шамамды,- 

деген ақынның көкірек көзі көреген. Адам баласына тұсау болып отырған жаман әдеттер-Шәкәрімнің басты дұшпаны. Айналасындағыларды ол осы тұсаудан босатуды аңсайды. Өкінішке орай, оның бұл пиғылын түсінетін адам жоқ. Қайта мұның өзін келеке етуге даяр. Ақын жүрегі осыған күйзеледі. Күйзеле тұрып ол: 

                                                                 Жүрегі таза адамдар,

                                                       Зұлымдықтан амандар,

                                                        Қиянатсыз надандар,

                                                        Әулиеден кем емес,- 

деп түйеді. Тіпті мынадай ортада өзгеге қиянат жасамаған надандардың өзін Шәкәрім адам қатарына қосады. «Надан болсаң бол, бірақ өзгеге қиянат, кедергі жасама, соған да шүкіршілік»,-дейді ақынның сезімтал жүрегі. 

    Ақын алдымен адамның мінез-құлқындағы, жүріс-тұрысындағы кемшіліктерге шүйлігеді. 1904 жылы шамасында жазған «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Еріншек», «Қалжыңшыл қылжақпас», «Құмарлық» деген сияқты өлеңдерінің аттарының өзі айғақтап тұрғандай, Шәкәрім надандықтың басын осы тәрізді кемшіліктерден іздейді. «Бір салмойын сал келер» атты өлеңінде сәнқойларды сын садағына нысана етсе, енді бір тұста ақын еріншек пен жалқауға шүйлігеді:  

                                                         Еріншектен салақтық,

                                                        Салақтықтан надандық,

                                                        Бірінен-бірі туады,

                                                        Жоғалар сүйтіп адамдық,-

деп («Еріншек») надандықтың өзі түптің түбіне осындай жолдармен туатынын топшылайды. Осы тәрізді надандық белгілерін көре тұрып, оны түбірімен жоюға жалғыз өзінің шарасыз екнін сезген ақын: 

                                      Жолыққан кісіге соқтық,

                                                 Қалжыңға қосып айт боқтық.

                                                 Осы ғой сәулесі жоқтық,

                                                  Сен күлдің,  мен білдім, әйдә! –

деп («Қалжыңшыл қылжақпас») сөзіне әжуа, мысқыл араластыра лағынет айтады. Бұл өлеңдерінің қай-қайсысында да Шәкәрімнің реализіміне тән шыншылдық пен сыншылдық, шынайлық бар. Қандай объектіні нысанаға алмасын, Шәкәрім оны бір адамның басындағы кемшілік деп санамайды, оларға типтік сипат бере сомдайды. Өзінің ақын ретінде өсу эволюциясының барысында ол бұл қасиетті барынша тиянақтай түседі.

      Шәкәрімнің шынайы ақын болып қалыптасуының өзі оның лирикасындағы осындай реалистік сипаттарға байланысты. Айналадағы құбылыстарды бақылап көру бір басқа да, оны көркем кестемен, өз мәнінде, бар бояуымен сипаттай, көпке мәлімдеу бір басқа. Ф.Энгельстің тілімен айтқанда «реализм бөлшектердің шындық болуының үстіне типтік сипаттірда типтік жағдайларда көрсетуде де шындық болуын көздейді». Өзінің бүкіл ақындық шығармашылығында осы мұратты ұстанған Шәкәрімнің өлеңдері сол себепті де шыншыл әрі сенімді. Тіпті жоғарыдағы өлеңдерінде келтірілген кейіпкерлер қазір де маңайымыздан табылатын, күнде кездесіп жүрген жандар секілді. Бұлардағы ақын ойларының дәлдігі, ақын жүрегінің сезімталдығы мен көрегендігі оның шығармаларын бүгінгі күнмен де осылай жалғастырып, астастырып жатыр. Оның өз заманында айтқан терең ойлары мен сырлы жырлары дәл қазір өмірге келгендей сезіледі. Шәкәрімнің бірқатар туындылары осыған айғақ. Мәселен, оның «Епті тышқан» деп аталатын өлеңіндегі мына жолдарды бүгінгі күннің шындығынан алшақ жатыр дей аламыз ба?  

                                               Ойласам, сол тышқандай бұзықтар көп ,

             Сырты сопы, іші арам қылықтар көп.

              Пара алып, не қазынаның ақшасын жеп,

   Адалымсып жүретін ұлықтар көп.

         Бір ұрты май, бір ұрты қандар да бар,

          Қой терісін жамылған жандар да бар,

Жазасызды жалалап атақ алып,

          Ақ жүрексіп жүретін паңдар да бар...

Әлбетте айналадағы адамдардың бойында кездесер кемшіліктер қай заманда да прогресшіл ой-түсінігі бар азаматтарды толғандырумен болған. Шәкәрім болса, сол кемшіліктерді көрумен ғана шектелген жоқ. Өз хақының мүддесін көздеген ақын оның бойындағы кеселдерін жұртқа жариялаушы ғана емес, солардың үкімін айтушы да бола біледі. Аталған кемшіліктер шын мәнінде адамныңой-санасын топастандырып, рухани дамуға тұсау боларлық қасиеттер еді. Соны айқын сезінген ақын «шедірейіп шекиіп, қасын керіп кекиіп» жүрген сәнқойлар мен ақылын ашуға билеткен ызақорларды, еріншектер мен салақтарды өзінің «Хайуан мен ақымақтар» деген өлеңінде ақылсыз мақұлыққа теңейді. Өлеңін:

Қылығына  қара да сөзімді ойла,

Бұларға бір жолығар кезің бар ғой,-

деп қорыта отырып, Шәкәрім мінез-құлық кемшіліктерін әшкерелеумен қатар, өз үкімін де айтады, айналасындағыларға астарлы да салмақты ой тастайды, азаматтық міндеттің ауырлығын тұспалдайды.

   Мұндай сипаттар ақынның «Ашу мен ынсап», «Шаруа мен ысырап» , «Анық пен танық», !ер қоспақ пен сөз сөйлемек», « Дүние мен өмір», «Мақтау мен сөгіс», «Міндеу мен күндеу» сияқты бірқатар лирикалық туындыларына тән. Мұнда да ақын заманының шынайы суреттерін береді. Басты мақсаты-қоғам ман адам бойындағы кемшілікті әшкерелеу.

    Бұрынғы, өзінің алдындағы қазақ поэзиясында кездесетін әшкерелеуші өлеңдерден бір ерекшелігі-ақын мұнда өзіндік жаңа көркемдік тәсіл қолданады. Жақсы мен жаманды, жанды мен жансызды қатар алып отырып ой айту тәсілін ұстанады. Ақын бірі-біріне қарама-қарсы немесе өзара қатыссыз екі түрлі ұғымды паралель түрінде қатарластыра алып отырып, соларды салыстыру арқылы өзіндік тиянақты ой түйеді. Мәселен, «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек» өлеңдерінде ақын атқа салынатын кәдімгі ер-тоқым мен адам мінезінің арасынан ұқсастық іздейді: 

                                Кей ердің алды биік, арты аласа,

                                Оны көрсем қаламын таң-тамаша.

                                Алды қаңқақ, ерінің арты жалпақ,

                                Атын жауыр қылады-ау байқамаса.

                               Біреу сөйлер басында батыр шығып,

                             Жеп жіберер кісімсіп, жерге тығып.

                               Ер жүректі еркекке жолыққанда,

                               Ыржаң қағып, жалынып кетеді ығып.  

 Бұл өлеңде зергердің қолымен жасалған ер-тоқымның сыртқы сұлулығы мен ішкі мазмұны, яғни аттың арқасына жайлылығы арасындағы алшақтық кеудесіне нан пісіп, аяғын алшаңдай басқан, санасында бір түйір дән жоқ саңылаусыз жандардың кейіпіне теңеледі. Қисынды байланыс, философиялық түйін жасаудағы ақын шеберлігі ғажап! 

  Шәкәрімнің шығармашылық өсу, кемелдену, даму жолынан байқалатын ендігі бір қасиет-ақын өзінің бір қарағанда жеке көрінетін ойларынан халық жөніндегі толғамдарын туындатады. Халық бейнесі-Шәкәрім лирикасындағы тұлғалыбейне. Бұл тұста да ол ұлы Абай дәстүрімен сабақтас, үндес. «Абай өлеңдерінен халық өмірінің кең көріністерін ғана байқап қоймаймыз,-дейді А.Нұрқатов,-сонымен қатар оның арманы мен үмітін танимыз, қайрат пен жігерге, ашу-ызаға, қасиетті мұңға толы үнін есітеміз». Бұл пікірдің Шәкәрім лирикасына да тікелей қатысы бар. Өйткені Шәкәрімнің қай өлеңінде болсын туған жұртының тұрмысы, болашағы жайлы сан алуан сырлар, азаматтық, перзенттік үн естіліп жатады. Ең алдымен, ақын өзінің халық өмірінің арашашысы болуға тиіс екенін жете түсінеді. Бұқараға жалаң ақыл үйрете бермей, оның өмірден жол ьаба білуіне көмектесу, еңбекші қауымға қол ұшын беру қажеттігін сезінеді. Абай тәрізді қарапайым халық арасында өмір сүрген Шәкәрім де көпшілікті қараңғылық бұғауын бұзуға шақырып, тікелей төңкеріс жасауға талпынбаса да, өзінің ақыл-кеңесі мен жеке өнегесі арқылы жұртшылық санасына сіресіп қатып қалған патриархалдық, рулық түсініктердің тамырын шірітіп, бұқараның бойындағы адамдық ар-намысты оятуға күш салды. 

Мен қайғы  жедім ғой,

                                                  Қапы өтті дедім ғой,

                                                  Қазағым, қам ойлан,

                                                  Сен де адам едің ғой,- 

       дейді ақын «Қош!» деген өлеңінде халқына қарата. Бір қарағанда, азамат бойындағы күйзеліс пен өкінішті білдіретіндей бұл жолдардан Шәкәрімнің туған халқының тағдырына деген алаңдаушылығы, перзенттік үміті, сергек сенім мен биік оптимизмі байқалады. Мұнда кешегі өмірі өкінішпен өткен жұртын оянуға шақырытын, алға ұмтылуға үндейтін азаматтық үн бар.

     Халық тағдыры-Шәкәрімнің жырындағы көкейкесті тақырып. Бүкіл шығармашылық жолында ол халық бұқарасынан қол үзбейді. Оның әшкерелейтіні де халықтың басындағы кеселдер, мақтан тұтары да халықтық қазына. Өз өлеңдерінде ол әрдайым халқының басындағыжағдайды ұдайы баяндап отырады. Осы тұста Шәкәрімнің реалистік лирикасының халықтық сипаты айқын көрінеді. Бұл-Шәкәрім реализімінің ажырамас қыры.

        Қандай қаламгер болсын өзі өмір сүрген тарихи дәуірмен органикалық байланыста болатыны ақиқат. Кезінде М.Әуезов Абай шығармаларының халықтығы туралы айта келіп, оның екі түрлі сипатта көрінетінін атап көркеткен болатын. Яғни, бірінішіден, ақын қарапайым шаруа адамының атынан сөйлей отырып, қанаушы таптың зұлымдық әрекеттерін әшкерелейді. Ол ауыл кедейінің аур халіне жаны ашып, араша түседі, қазақ әйелінің теңдікке жетуіне тілеулес болады, жастардың жарқын болашаққа аяқ басуын арман етеді. Ал екінші жағынан, ақын осы тәрізді шынайы халықтық мүддені жырларына өзек ете отырып, халықтың сөз өнерін барынша мол пайдаланумен қатар, оны жаңа қырлармен, әрлі бояулармен, соны сипаттармен байыта түседі. Осыдан келіп Абай шығармашылығындағы халықттық қасиеттің екінші қыры көрінеді.

       Шәкәрім реализіміне тән халықтық  сипатты да осы тұрғыдан қарастырған  жөн. Ол да қазақ қоғамындағы  көлеңкелі жайларды, ұлт адамдарының  психологиясындағы, рухани-әлеуметтік өміріндегі кемшіліктерді халықтық тұрғыдан зерделеп, көпшілік бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдайды, жастардың қамын жейді. Барлық үміт келешек ұрпақтарда деген идеяны айтады. Сонымен бірге ол халықтың санасына ұя салар ой түйіндерін де тап басып, көрегендік танытады. Сол көрегендігінің арқасында болашақты болжап, өз заманының өкінішті оқиғаларына жаны аурады. Мұндай сезім Шәкәрімнің көптеген өлеңдеріне тән. Атап айтқанда, «Ашу мен ынсап», «Бай мен қонақ», «Партия адамы», «Қазақтың жаманы болмас», «Өкінішті өмір», «Ей, көп халық, көп халық», «Ескіден қалған сөз теріп», «Қазақ», «Насихат», «Тағы сорлы қазақ», «Қош!», «Қош жұртым!» тәрізді өлеңдерінде ол халық басындағы халді шындықпен бейнелейді. Ақын келтірген мысалдар, сынаған кемшіліктер нанамды. Оларда сол кезеңнің тарихи дамуындағы бүкіл ерекшеліктер мен сын-сипаттар көрінетін секілді. Мәселен, «Қош, жұртым» атты өлеңінде ақын халқымен бірге жасаған өз өміріне кәрілік биігінен көз жібереді. Бұл кезеңде қазақ даласына жаңа заманның нұры енді-енді сәулесін шаша бастаған. Ақынның жүрегі соған қуанады. Асарын асп, жасарын жасаған ақын бір сәт өзіне «ендігі мақсат не?» деп сауал қояды да, соған жауап іздейді. Әрине, бұл тұстағы ақынның арманы шуақтыарман, бұдан бұрынғы тұстағы ақынның арманы шуақты арман, бұдан бұрынғы өлеңдеріндегідей аса мұңды емес. Ақын революцияның жеңісін, патшаның тақтан құлаған заманын көрді, енді өлсе де армансыз. Өйткені халқының өмірінде жаңа өзгерістер туып келе жатқанын көңіліне тоқыды. Алайда ақынның жүрегін алаңдатарлық жайлар әлі де бар. Соларды айтып, бағыт берудегі өзінің рөлін айқын сезінген ақын:

Информация о работе Заманалар керуені үздіксіз