Заманалар керуені үздіксіз

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 12:30, реферат

Описание работы

Зерттеу нысаны. Абайдың ақындық мектебі өкілдерінің, XX ғасыр басындағы қазақтың көрнекті ақындарының, Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмаларындағы Абай дәстүрін танытатын мазмұндық – құрылымдық, көркемдік – бейнелілік сипаттар.
Зерттеу мақсаты. Ақын шәкірттерінің поэмаларына талдау жасай отырып, Абайдың ақындық мектебі мен шығармашылық дәстүрінің қазақ әдебиетіндегі поэма жанрын қалыптастырудағы маңызын дәйектеу, Шәкәрімнің поэма жанрын дамытудағы өзіндік қолтаңбасы мен орнын анықтау.

Работа содержит 1 файл

Абай және Шәкәрім .doc

— 203.00 Кб (Скачать)

         Қазақтың жайнар даласы,

Жетілер оқып баласы.

Шошытатын мені сол

     Олардың күндес, таласы.

   Дағдысы сіңген бойына,

             Тастаңдар күндес, мақтанын.

            Көрген соң таңнын атқанын,

     Ел бастайтын жастарым,

       Жөн емес жай жатқаның,-

дейді ақын осы өлеңінде. Бұл шумақтан ақынның асқар таудай арманын да, үкілі үмітін де, көңіл жабырқатар күдігін де көреміз. Бір жағынан туған жұртының болашақ жақсы күндерін аңсаған асыл арман, екінші жағынан адамдар бойындағы кері тартар кемшіліктерге төзбестік сезімге толы осынау жолдардан ақын реализмнің шынайы халықтық табиғаты танылады.

      Реалист суреткер Шәкәрімнің жаңашылдығы оның күнделікті өмірде ұсақ-түйек көрініп, қалың нөпірдің арасында өтіп жататын нәрсенің өзіне ойлы да терең мән беруінен аңғарылады. Атап айтқанда, ақынның пікірінше, қазақ қауымын жайлап алған рулық, патриархалдық ұғымдар мен түсініктер қоғамның ілгері басуы нәтижесінде халық тұрмысына қанат жаюына жағдай туғыза бермейді, қайта керітартпалық сипатта көрінеді. Бұл-Шәкәрім лирикасына тән идеялық-көркемдік ерекшелік. Кері құбылыстарды байыппен саралау, нақты да әділ бағалау арқылы Шәкәрім өзінің алдындағы Абай тәрізді халықтың арман-тілегін білдіріп отырады. Жалпы алғанда, Абай негізін қалаған реалистік тәсілдің басты сипаттары да осыған саяды. 

  Қаламкерлік кемелденуінің барысында Шәкәрімнің ендігі бір көтеоген идеясы-адам мен қоғам арасындағы байланыс. Оның лирикасында өз тұсындағы қазақ қоғамынаң шынайы образы сомдалған. Әдетте қоғам өмірі қандай ақынды болсын ұдайы толғандыратын, оның шығармашылық табиғатын айқындайтын мәңгілік маңызы бар тақырып болып келеді. Академик жазушы С.Мұқановтың тілімен айтқанда: «Ақынды өсіретін жағдай-қоғам тіршілігі. Оның ой-пікірінің қазығы-сол тіршілік. Қоғамдық ойдың өресі мен екпіні қаншалықты күшті болса, ақын ойы биік деңгейден табылмақ».

   Шәкәрімнің лирикалық шығармаларынан аңғарылатын шығармашылық ерекшеліктің бірі де осыған саяды. Ақын өлеңдерінің басым көпшілігі XIX ғасырдың екінші жартысы мен  XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени жағдайды шыншылдықпен суреттеуге арналған. Алайда ақын оны жеке емес, өзге елдердің өміріндегі игі нышандармен салыстыра, сабақтастыра отырып суреттейді, болашақ заманның мүделерімен астастыра жырлайды. Мұнда реалист ақынның көрегендігі де, арман-мақсаты да тоғысып жатады. Шәкәрімнің лирикасында қоғам ұғымы жекелеген адамдар басындағы қасиеттермен органикалық байланыста ашылады. Бұл ақын лирикасындағы типтік образдардың мол болуына ықпел еткен қуатты фактор еді. 

    Түптеп келгенде, адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынас жайындағы жаңа тұжырымды қазақ топырағына ең алғаш сіңірген Абай еді. «Абай адамды белгілі қоғамдық өмірдің жемісі, нәтижесі ретінде қарады, оның қимыл-әрекетін, психологиясын, моральдық келбетін өмірге, әлеуметтік тұрмысқа байланысты көріп, бағалап бейнеледі».    

    Шәкәрім болса, бұл тұжырымды өзіндік ерекшеліктермен байытып, жалғастырып әкетті. Ол қандай кейіпкерінің бейнесін сомдаса да оның бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттердің тамырының қоғам өмірінде жатқанын үнемі сездіріп отырды. Қандай әлеуметтік кеселді болсын ол уақыт ағымының барысынан туған, бірақ міндетті түрде түзетуге болатын кемшілік деп білді. Билік пен байлыққа жету мақсатындағы әлеуметтік психология, адамдар бойындағы қараңғылық пен надандық, шарасыздық пен жалқаулық, түптің түбінде, қоғамның өміріне де әсер етпей қоймайтынын Шәкәрім жақсы түсінді. Ал оған қол жеткізудің бірден-бір жолы-халықтың санасын ояту, ел ішіндегі бай-манаптардың, залым әкімдердің  бет пердесін ашу деп есептеді. Осы бағытта сыншыл реалистік, әшкерелеушілік идеядағы өлеңдер жазды. Бұл шығармаларында Шәкәрім елді қанаушылардың, қарны тойғанын қанағат тұтқан топастардың, ойын-сауықпен бар өмірін мән-мағынасыз өткізіп жүрген бос кеуделердің типтік образдарын жасады. 

   Шәкәрімнің сыншыл реализмі, ең алдымен, өз қоғамындағы осындай кеселдерді өткір сынаған өлеңдерінен көрінеді. Ол қазақ қоғамынаң кемшіліктерін жай ғана сынаумен қанағаттанған жоқ. Ең алдымен,сол кеселдердің әлеуметтік тамырын, объективті, субъективті себертерін сарлауға, сол арқылы патша үкіметінің мүддесін қызғыштай қорғаған жергілікті әкімшіліктің бедел-бейнесіне әділ баға беруге ұмтылды.  

    Бұл бағытта да оның шығармашылығынан Абайдың реалистік дәстүрінің ізі айқын аңғарылады. Шәкәрім де Абай тәрізді өз дәуірінің бүкіл кесел-дерттеріне жаның ауыртты, содан арылудың емін іздеді. «Ашу мен ынсап», «Бай мен қоонақ», Партия адамдары», «Өкінішті өмір» сияқты бірқатар өлеңдерінде ақын залым әкімдер мен мәңгүрт билерді, топас байларды аяусыз  әшкерелейді. Билікке таласып қырықпышақ болған партияшыл надандарға жиіркене қарайды. Әсіресе, Шәкәрінің «Партия қуған өңкей қарт» өлеңінде сол кездегі қазақ қоғамының реалистік портреті бар. 

Партия  қуған өңкей қарт,

  Жазылмайтын ол қылқұрт.

Мен тартам ел қайғысын

 Әкімі залым, биі мәңгүрт.

                                                Сұрқия тілін жалдайды,

         Момын мен аңқауды алдайды.

Қанды қақпан бар құрған,

Түсірер болса қандайды.-

деп суреттейді ақын көзімен көріп отырған нақты жағдайды. Мұндағы сурет -   қазақ қоғамының патшалық Ресей жүзеге асырған әкімшілік реформасынан кейінгі жағдайы.Ақын сол кезеңдегі қоғамдық психологияны, әлеуметтік жайды дәлме-дәл бере білген. Мұндағы қоғам жылт еткен жаңалық атаулының қандайы болса да қанды қақпанында тұншықтыратын, зұлымдық пен сұрқиялық, адамды адамның қанауы мен алдауы жазылмайтын қылқұрт кеселге айналған қасіретті қоғам. Ондағы өмірдің бар ауырпалығын момындар мен аңқаулар, кедейлер арқаласа,  қоғам қасіретін, ел қайғысын Шәкәрім сияқы көзі ашық парасатты азаматтар тартады . Өз мойнындағы осындай жауапкершілікті сезінген ақын үнсіз қала алмайды, Халықтың сөзін сөйлейді, өз сөзін түсінетін сәулесі бар жан іздейді. 

                                                         Көрмесе де көзімді,

                                                         Білмесе де өзімді.

                                                        Кейінгі жандар қабылдар

                                                        Айтылған түзу сөзімді.-

деп мүттенеді. Бұл жерде Шәкәрім лирикасының тағы бір ерекшелігі – тақырып жүгінің ауырлығы көзге түседі. Сол ауыр міндетті атқаруда ақын шынайы реалист тұлғасында көрінеді. Абай негізін қалаған сыншыл реализімнің мәртебелі міндеініңөзі осында,салмақы әлеуметтік ой айтуда, өмір құбылыстарын, заман мен қоғам өлеңдерінің көпшілігінде осы қасиет бірінші орында көрінеді. Мысалға «Бай мен қонақ» өлеңін алайық. Шығарма сюжетіне қазақ ұмысындағы шағын бір эпизод негіз болған. Бай үйіне келген қонақ пен үй иесі арасындағы диалог сол кездегі қзақ қоғамының бүкіл әлеуметтік психологиясын, этикасы мен эстетикасын, тұрмыстық ерекшеліктерін, рухани сананың деңгейін жан-жақы әрі дәлме-дәл сипаттап береді. Мұнда да Абай жырлаған тоғыраш кейіпкерлер бар. Кемеңгер Абай айналасына қарай отырып:

                                                        Тамағы тоқтық,

                                                        Жұмысы жоқтық,

                                                        Аздырар адам баласын.

                                                        Таласып босқа,

                                                       Жау болып досқа,

                                                       Қор болып құрыпбарасың.

                                                       Өтірік шағым толды ғой,

                                                        Өкінер уақтың болды ғой,-

деп тоғышар тіршілікке күйзеле зер салса, Шәкәрімнің жағдайы да соған ұқсас. Оның айналасындағы адамдар да алдындааа асы бар, екі қолында ітер ісі жоқ, ел қыдыып, өсек сөз теруді, бірін-бірі қажап кемсітуді ғана білетін, мейірім мен адамшылықтан жұрдай, рухани мүгедек жандар.

                 Бұл елде басты жұмыс-ел қыдырмақ,

              Бай ауылға түстеніп пайда қылмақ.

   Онан өзге зияны тимей кетсе,

             Сонымен-ақ сыпайы кетсін бірақ,-

деп Шәкәрім осынауқоғамдық мерездің шексіз зияндылығын меңзейді. Көпке зияны тарамасын деген тілекпен осыған да шүкіршілік етеді. Осының бәрін ақындық зердесімен саралай келіп, ол Абай пікірімен үндесе: 

          Көрінгенге көз сүзбей күнін көріп,

           Қазақ қашан ел болар құдайым-ай!-

деп түйінейді. Кезінде Абай да өзінің «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» деген өлеңінде қазақ арасындағы бейнетсіз, еңбексіз тамақ асып, жалқаулық пен тоғышарлық жолында түскендерді аяусыз сынға алғаны белгілі. Абайдың да, Шәкәрімнің де ақындық жебесісоларға қадалады. Олар үшін арамтамақтық пен кісінің қолындағы көз сүзушілік-азғындықтың барып тұрғансорақы түрі. Бұл кеселден арылудың біден-бір жолы-еңбек ету.

   Шәкәрім реализмінің  бар бояуымен айқын көрінген енді бір тұсы оның ағартушылдық идеядағы лирикасы. Абай тәрізді Шәкәрім де өз дәуірінің барлық рухани болмысын, бүкіл қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық деңгей дәрежесін, кемшілігі мен кереғар қасиеттерін жан-жақты түсінді. Оның қараңғы халық бұқарасының болашағы үшін жаны ауырып, қанатымен су сепкен қарлығаштай болса да игілікті іс тындыруға, елі мен жұртына жақсылық пен жаңалықтың не екенін түсіндіріп, соған жетудің жолын көрсетуге ұмтылған лирикалық шығармалары осы пікірді дәлелдейді. Ақынның бұл бағыттағы еңбегі бозбола шағында,1879 жылы жазған «Жастарға» атты өлеңінен басталған деуге болады. Бұл идея Шәкәрімнің ақындық шығармашылығына өзек болып тартылған. Түптеп келгендн , ол Шәкәрімнің сыншыл реализімінің бір қыры болып табылады. Өз жұртының бойындағы түрлі кеселдер мен надандық белгілерін аяусыз сынай отырып, одан құтылудың жолын іздеу барысында ақын ойы бірте-бірте шанайы ағартушылық идеяға ойысады. «Ағартушылар өздерінің айрықша көңіл бөлерлік мәселесі ретінде халықтың бірде-бір табын бөліп алып қараған жоқ, бұлар тек жалпы халық туралы ғана емес, тіпті керек десе жалпы ұлт туралы сөз қылды»,-деп В.И.Ленин атап көрсеткендей, Шәкәрім де өзінің өнер мен білімге, мәдениетке еңбек етуге шақырған лирикалық шығармаларында бұқараны бай, кедей, жас, кәрі деп жіктеп бөліп жатпады. Бұл сөзімізге Шәкәрімнің «Насихат» атты өлеңі дәлел болады. Ақынның ғибрат сөздері қазақ қоғамының барлық буындарына арналған.  

         Кел байлар балаңды оқыт, ғылым ізде,

Қазақты бастайтұғын қару сізде.

Партияға  шашқанша осыған сал

Қолыңда қорегің бар кезіңізде.

                                                ........................................

Жарлылар  жалаңдама, сендер де ойлан,

  Кер кедей, кежерлікті шығар бойдан.

    Бойың жалдап қор болма, ойың жалда,

   Түк өнбес алты ай жүріп алған қойдан.

.....................................

Жастарым  құмар болма көрінгенге,

  Жас күйде бойды үйретпе ерінгенге.

Аз ойна да, көп ойла, осынымды ұқ,

Өкінбе  жастық бойдан серілгенде,- 

деп ақын алуан түрлі оқырманына айтар арнаулы сөздерін соншалықты нанымды әрі көркем жеткізеді. Өлеңді оқи отырып Абайдың ержеткен соң қолына білім сәулесін түсіре алмай өкінген кейпі ойға оралады.

   Бұл өлеңде Шәкәрімнің көркемдік жаңалығы да айрықша. Реалистік көріністі жеткізуде қолданған «бойыңды жалдама, ойыңды жалда», «аз ойна да көп ойла» тәрізді соны тіркестердің авторы – Шәкәрім. Бұл тіркестер өлеңнің эмоциялық, экспессивті мәнін арттырып, бояуын қалыңдатып тұр.  

Шәкәрімнің  ағартушылдық сөзі, халықты оқу-білімге  шақырған ұраны осылайша бүкіл қазақ  қауымына арналады. Бұл тұста ол Абайдың идеясын, ұлы ақынның нұсқап кеткен жолын одан әрі жалғастырады, дамыта түседі

                                            Ғылымды іздеп,

                                           Дүниені көздеп.

                                            Екі жаққа үңілдім.

                                            Құлағын салмас,

                                            Тіліңді алмас,

                                            Көп наданнан түңілдім,-

деп жырлаған Абайдың басындағы жағдай Шәкәрімде де болды. Ол халін Шәкәрім өзінің «Тағы сорлы қазақ» деген өлеңінде былайша жеткізді: 

                                              Салынған қала жоқ,

Информация о работе Заманалар керуені үздіксіз