Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 12:30, реферат
Зерттеу нысаны. Абайдың ақындық мектебі өкілдерінің, XX ғасыр басындағы қазақтың көрнекті ақындарының, Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмаларындағы Абай дәстүрін танытатын мазмұндық – құрылымдық, көркемдік – бейнелілік сипаттар.
Зерттеу мақсаты. Ақын шәкірттерінің поэмаларына талдау жасай отырып, Абайдың ақындық мектебі мен шығармашылық дәстүрінің қазақ әдебиетіндегі поэма жанрын қалыптастырудағы маңызын дәйектеу, Шәкәрімнің поэма жанрын дамытудағы өзіндік қолтаңбасы мен орнын анықтау.
Қолында өнер жоқ,
Ұғатын сөзі жоқ.
Реалист Шәкәрімді қоршаған әлеуметтік жағдайдың жай-күйі осындай болатын. Сөз жоқ, бұл фактор Абай мен Шәкәрімнің лирикасындағы ой мен идеяның тамырлас болуына ерекше ықпал етті.
Шәкәрімнің ағартушылық бағыттағы идеялары, әсіресе «Сынатарсың өзіңді», «Насихат», «Үш-ақ түрлі өмір бар», «Сен ғылымға...», «Ғылымсыз адам хайуан», «Жасымнан жетік білдім түрік тілін» сияқты өлеңдерінде жарқырап көрінеді. Ақын бұларда бұқараны оятуғаәрект етеді, ғылымға жетелейді. Қазақ қоғамындағы жоғарыдағыдай жағдайды әділ сынай отырып, ол адамдарды еңбек етуге, ғылым мен мәдениетке шақырады. Бұл арада Шәкәрім лирикасындағы өнер мен ғылым, еңбек тақырыбы бірінші орынға шығады.
2.3.Дастан
және дәуір
Шәкәрім он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында Абайдан бастау алатын реалистік үлгідегі лириканың дамуына ғана үлес қосып қойған жоқ. Оның қаламынан көркемдік бояуы өзгеше «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» тәрізді эпикалық сипаттағы шығармалар да туды. Бұл қазақтың жазба әдебиетіндегі алғашқы поэмалардың заңды жалғасы еді. Осы үлгідегі тұңғыш поэмалар Абайдың «Ескендірі» мен «Масғұты» десек, одан кейінгі Ақылбай мен Мағауияның, Әсет пен Көкбайдың, Шәкәрімнің дастандары Абайдың ақындық ықпалымен, шығармашылық тәрбиесімен жазылған шығармалар еді. Әйтсе де Абайдың ізбасарлары өздерінің ұлы ұстаздарын немесе бірін-бірі қайталамады. Олардың шығармашылықтарындағы өзіндік ерекшеліктер, көркемдік-стильдік даралық осыны аңғартады. Тіпті олардың тақырыптық бағыттарында да ә дегеннен-ақ айқындық болғаны байқалады. Ақылбай мен Мағауия, Әсеттер өзге жұрттар өмірінен алынған сюжеттер негізінде романтикалық дастандар жазса, Көкбай мен Шәкәрім өз поэмаларына қазақтың өткен өміріндегі оқиғаларды арқау етті.
Әдетте поэма жайында сөз болғанда, ол, ең алдымен, өлеңмен жазылған күрделі эпикалық туынды ретінде қаралады да, оның бойындағы эпостық туынды ретінде қаралады да, оның бойындағы эпостық элементтерге баса назар аударылады. Сонан соң барып оның ішкі формалары ескеріледі. Алайда әдеби тектер ешқашан бір-бірінен алшақ, дербес өмір сүре алмайды. Көп жағдайда эпикалық шығармалардың түп негізінде лирикалық сипаттар, дәлірек айтқанда, белгілі бір оқиға желісін баяндау процесі үстінде автордың сезім толғаныстары, сүйініш-күйініштері қатар көрініс беріп жатады. Бұл кемелденген әдебиетке тән қасиет. Эпоста лириканың аралас жүруі қаншалықты қажет болса, лирикада эпос элеметтерінің көрінуі де поэма жанрының даму өрісін айқындайды.
Бұл айталған сипаттар өзіміз қарастырғалы отырған поэмаларға да тән. Оларды белгілі бір тектік қалыпқа ғана салып қоюға болмайды. Бір қарағанда, Абай шәкірттері өз поэмаларында нақты бір халықтың басындағы оқиғаларды баяндағанымен, олардың көтерер идеялары мен көркемдік жүгі әр алуан. «Жалпы, Абай шәкірттерінің ескі қазақ тұрмысынан жазылған поэмаларының ешқайсысы да тарихи шығарма емес. Жанрлық тұрғыдан алғанда, бірі-лиро-эпикалық жырға бейім, енді бірі-әлеуметтік дастан, ал кейбірі-махаббат драмасы болып табылады,-дейді М.Мағауин. «Негізінен тартысқа құрылған сюжетті бұл поэмаларда да қисса, дастан мен қазақ эпосының әсерлері қатар жүреді»,-дейді Абай ізбасарларының дастандары жайында сөз қозғай келіп белгілі ғалым М.Дүйсенов.
Қалай болғанда да, Абайдың талантты шәкірттері тудырған дастандар шын мәнінде қазақ поэзиясындағы жаңа үлгідегі поэмалар болды. Бұл-ұлы ақынның сыншыл реалистікпен, терең ойшылдықпен көмкерілген «Масғұт», «Ескендір» дастандарынан басталған сара жол болатын. «Абайдың ақындық күшінің зорлығы:өз заманында жұртты өзіне қаратып алып, кейінгілерді де сол ізбен әкеле жатыр. Кейінгі жазушылардың бәрін Абай өзіне еліктіріп, соңынан ертіп, шәкірт қып әкетті»,-деп Ж.Аймауытов пен М.Әуезов өздерінің 11918 жылы жазған мақалаларында айрықша баға бергендей, Абай, ең алдымен өз маңындағы талантты жастарды жаңа үлгідегі поэманың өрісін кеңейту ісіне бірден жұмылдырып әкетті. Осы топтағы Шәкәрімнің орны айрықша. Ол эпикалық поэтикалық поэзия жанрында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды. О бастан-ақ бұл саладағы өз тақырыбын айқындап алды. Идеялық мұрат-нысанасын белгіледі, көркемдік тәсілдері мен поэтикалық стилін ұштап өсті. Ақынның лирикалық поэзияда стилін ұштап өсті. Ақынның лирикалық поэзияда меңгерген көркемдік шеберлігі мен қол жеткізген жетістіктері оның позмаларының табиғатынан да айқын көрінеді. Атап айтқанда, Шәкәрімнің лирикасына тән шыншыл суреткерлік, терең психологизм, әлеуметтік астар салмақтылығы, философиялық ой-тұжырым кеңдігі оның «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» дастандарында барынша жарқырап көрінеді.
Шәкәрімнің ақын ретінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастыруы, сөйтіп классикалық үлгідегі шығармалар жазуы тікелей ұлы ұзтазының шығармашылық ықпалында жүріп жатты. Ұлы мектептің өнегесі оны шығармашылық шеберлік биігіне алып шықты. Бұған Шәкәрімнің өз бойындағы ақындық талантты, терең парасатты қосар болсақ, оның өз шығармалары арқылы «Әр дәуір поэзияға өз міндетін жүктеп отырады. Сол міндет, талаптарға орай ақындар да жаңарып, ізденіп отыруы шарт» деген биік талапқа барынша толымды жауап бергенін аңғарар едік.
Шәкәрімнің қаламынан туған «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу поэмаларының қай-қайсысында да қазақ жұртында ертерек заманда болып өткен оқиғаларды арқау еткен. Кейіпкерлері-тарихта болған адамдар, жер-су атаулары да нақты. Алайда оған қарап бұл поэмаларды тарихи шығармалар қатарына жатқызуға болмайды. Ақын өзінің идеясын, ақындық нысанасын алып шығу барысында тарихи дәлдікті, нақты деректерді дастандарында көркемдік деталь ретінде пайдаланады.
Поэмалардағы
тарихилық сипат оқиғалардың
уақыт пен кеңістіктегі
Шәкәрімнің эпикалық поэзия жанрында жазған елеулі туындыларының бірі-«Еңлік-Кебек» дастаны. Жанрлық жағынан алғанда бұл әлеуметтік дастан. «Қалқаман-Мамыр» моэмасынан кейін жазылған.
Қалқаман мен Мамырды жаздым бұрын,
Оқығандар байқадың оның сырын.
Енді айтамын Еңлік пен Кебек сөзін,
Тағы сынап көріңіз мұның түрін,-
Дейді Шәкәрім поэмаға жазған кіріспе бөлігінде. Мұндағы оқиғаның өрісін баяндауда да Шәкәрім «Қалқаман-Мамыр» поэмасындағы тарихи жағдайлардың сабақтастығын үзбейді. Атап айтқанда, Қалқаман мен Мамыр оқиғасынан соң іле-шала халық басына төнген «ақтабан-шұбырынды» дүрбелеңі Сыр бойын жайлаған елді үдере көшуге мәжбүр етеді. «Еңлік-Кебекте» сол көштің аяғы Шыңғыстауға келіп тіреледі де, оқиға осы тұста өтеді.
Поэманың кіріпе бөлігінде ақын осынау тарихи процесс үстіндегі нақты жағдайларды тәптіштей баяндайды. Сол кезде өмір сүрген адамдар мен жер-су аттары да белгі беріп отыратын мұндай нақтылық, уақыт пен кеңістік өлшемдерінің айқындығы «Еңлік-Кебектің» кіріспе бөлімінде ерекше қызмет атқарып тұр. Ол поэмадағы негізгі оқиғаның болмысын, шығармадағы трагедиялық жағдайлардың туу себептерін ашуда кейінірек үлкен роль атқарады. Дастанның әлеуметтік сипатын айқындайтын басты тұтқалардың бірі ретінде қолданылыды.
«Еңлік-Кебек»-Абайдың көзі тірісінде, оның тікелей шығармашылық басшылығымен жазылған шығарма. Жас талап ақынға қамқорлық жасап, тақырып беріп, жазғандарын талқыдан өткізіп отыру-Абай мектебіндегі ұлағатты бірі. Ұлы ақын кезінде өзінің ізін куған шәкірттеріне нақты тақырыптарға шығарма жазуды тапсырып отырған, оларын сын тезінен өткізіп, болашаққа бағыт-бағдар сілтеген. Шәкәрімнің «Еңлік-Кебекгі» де осылайша туған шығарма екені анық. Олай дейтініміМағауияда да осы аттас поэма бар. Аттас болғанда жай ғана аттас емес, екеуіне де қазақ жұртында ертеректе болған бір оқиға арқау етіп алынған. Осы арқылы Абай өз шәкіртерінің шығармашылық қарымын, ақындық өресін сарапқа салған сияқты.
Шәкәрімнің «Еңлік-Кебегі» көркемдік жағынан болсын, идеялық нысаналылығы жағынан болсын елеулі туынды. Поэма, жоғарыда айтқанымыздай, оқиға өткен кезеңнің нақты деректерін таныстырудан басталады. Шәкәрімнің айтуынша, оқиға он сегінші ғасырдың сексенінші жылдары шамасында Шыңғыстауда өткен. Дастанның сюжеттік желісі мынадай: Батыр Кебек өз болашағын болжау мақсатымен Нысап абызға келіп, бал аштырады. Абыздың айтуынша, Кебектің ажалы қара жартастың түбінде кездесетін биік қабақ сұрлау қыздан болмақ. Содан сақтану керек.
Алғашқыда өзін қатты ойландырған бұл жайды уақыт өте келе Кебек ұмытып кетеді. Бірде ол аңда, Хан тауынан түлкі қағып жүргенде адасып, ойда-жоқта бір шал мен кемпірдің үйіне түседі. Сол үйде Еңлікпен жолығады, алғаш рет тілдесіп, ұғынысады. Еңліктің айттырып қойған жері бар, бірақ болашақ күйеуі адамдық қасиеттен жұрдай надан біреу. Қыздың оған барғысы келмейді. Еңлік пен Кебектің алғашқы таныстығы ыстық махаббатқа ұласып, екеуі қол ұстасып қашып кетеді. Сөйтіп елден жырақта қара жартасты мекен етіп тұра береді. Сол арада Еңлік босанып, ұлды болады. Бұл кезде екі ел арасында осыған байланысты шатақ туады. Ақыры қыз төркінінің қысымымен жігіт жағы Еңлік пен Кебектің тығылған жерін айтып береді. Қос ғашық сөйтіп қапыда қолға түседі, бірге қаза табады. Жартастың қуысында кішкентай сәбилері шырылдап қалал береді. Оған қараған жан болмайды. Қос мұңлықты жаудай көріп, өлтіргендеріне мәз болған надан топ дүрлігіп кете барады.
Дастанның сюжеттік арқауы Еңлік пен Кебектің басындағы махаббат трагедиясы болғанмен ақын сол кезеңдегі заман сипатына, ел ішіндегі әлеуметтік жағдайларға, қоғамдық қайшылықтарға ерекше назар аударады. Бір қарағанда, поэмадағы оқиғалардың ұзын-ырғасы «Қалқаман-Мамыр» дастанындағы оқиғаларға ұқсас болып көрінгенмен мұндағы әлеуметтік астар одан әлдеқайда терең. Қалқаман мен Мамырда негізінен халықтың салт-сана мен шариғат қағидалары арасындағы кереғарлықтар тартысқа түссе, «Еңлік-Кебекте» тікелей ел мен ел, қауым мен қауым арасындағы дау бар. Шәкәрім ақынның поэтикалық шеберлігі де, ақындық поэзиясы да осыған орай айқындала түседі.
Шығармада тарихи фон бар. Ол-«ақтабан-шұбырынды» оқиғаларына байланысты тарих. Шәкәрім өзі әңгіме еткелі отырған мәселелерінің қоғамдық, әлеуметтік жағдайларын мейлінше терең ашу мақсатымен осы фонды шебер пайдаланады. Оның суреттеуінде поэмадағы әлеуметтік тартыс, трагедиялық дау-дамайдың түп тамырында сонау ел басына күн туып, есіл жұрт үдере көшіп, тұрақтауға қоныс іздеген тарихи кезеңнің зардаптары жатыр.
Жалпы алғанда, Шәкәрімнің шығармашылығы оның эпикалық поэзияда өзіндік орны бар екенін, Абайдан кейінгі ірі тұлға болғанын аңғартады. Шәкәрімнің поэмалары-реалистік тұрғыдағы күрделі де көркем эпикалық туындылар, Абайдың жаңа үлгідегі поэма жасау бағытын жемісті жалғастырған шығармалар.
Шәкәрім-халық тарихынан, этникалық, этнографиялық деректерден мол хабары бар ақын. Сол себепті де оның поэмаларындағы халықтық сахналар әрі нанымды, әрі көркем кестелі. Ол әсіресе халық тілінің нәрлі бояуларын, мақал-мәтелдерді барынша ұтымды әрімолынан пайдаланып отырады. Ақынның қай дастанын қарастырсақ та, оларда халық ойының мәйегі болып табылатын мақал-мәтелдер мен қанатты сөздердің молдығы көзге түседі. «Ас иесімен тәтті», «Ел құлағы елу», «Ерке тоқты құрбандық», «Пәледен машайық та қашқан» деген сияқы толып жатқан тұрақты тіркестер ақын жырының кестесін әрлендіріп тұрғаны анық.
Шәкәрім-сөзді орайымен қолдануға айрықша көңіл бөлген. Оның поэмаларында сәтті теңеулер, метафоралар мол. Дыбыстық үндестіктің, ассонанс, аллитерацияның небір үлгісі кездеседі. Сонымен қатар қарапайым сөзді тосын қырынан қолдану, бейнелі түрде жұмсау, оған астар бере сөйлеу-Шәкәрімнің ақындық шеберлігінің салмақты қыры. Мәселен, Шәкәрім Мамырдың ажал аузында тұрған кезінде оның аузына «Екі қан ауыр болар бір өзіңе» деген сөз салса, Кебекті сипаттауда «Жасы бала болса да жаны отты» деген бір қарағанда қарапайым тіркестерді қолданады. Ал осындағы «екі қан», «отты жан» тіркестері бейнелі образдылығына қоса жаңашылдық мәңге ие болып тұр. Сондай-ақ «Еңлік-Кебектегі» «Ей, Көбей, сұңқар қалай, тауық қалай?» деген бейнелі жұмбақтың аңғару да қиын емес. Мұндай мысалдар Шәкәрім поэмаларының өн бойынан ұшырасып жатады.
Шәкәрімнің өз поэмаларында кейіпкерлерінің портретін жасауға ден қоя бермеген. Шынында да Шәкәрімнің кейіпкерлері елден ерек сұлу не жұрттан асқан батыр ретінде суреттелмейді. Нақты портреттер де кездеспейді. Әйтсе де оқырманның көз алдына олардың кескін-кейіптері айқын көрінгендей болары анық. Ол заңды да. Ақын өз қаһармандарының бүкіл портретін, ішкі жан дүниесінің сырларын нақты-нақты шағын детальдар арқылы мүсіндей жеткізеді. Аз сөзбен көп ой ұқтыру, нені болса түйіп айту-Шәкәрімге тән қасиет.