Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 12:30, реферат
Зерттеу нысаны. Абайдың ақындық мектебі өкілдерінің, XX ғасыр басындағы қазақтың көрнекті ақындарының, Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмаларындағы Абай дәстүрін танытатын мазмұндық – құрылымдық, көркемдік – бейнелілік сипаттар.
Зерттеу мақсаты. Ақын шәкірттерінің поэмаларына талдау жасай отырып, Абайдың ақындық мектебі мен шығармашылық дәстүрінің қазақ әдебиетіндегі поэма жанрын қалыптастырудағы маңызын дәйектеу, Шәкәрімнің поэма жанрын дамытудағы өзіндік қолтаңбасы мен орнын анықтау.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Абайдың шығармашылық мұрасы мен оның ақындық мектебі әлденеше ғылыми – зерттеулердің нысанасына алынып, жан-жақты зерттеліп келе жатқаны аян. Тереңдеп таныған сайын жаңа қырларымен, өзгеше сипатымен ашыла түсетін ақын мұраларының қуаты мен құдіреті әр дәуірдің бағыт – бағдарына қарай бағаланып отырды. Ал еліміз тәуілсіздік алғаннан бергі кезеңде әдебиеттанушы ғалымдардың Абай шығырмашылығының ұлттық және жалпыадамзаттық деңгейдегі биіктіктеріне ден қоюы, оның төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді дамытудағы еңбектерін шынайы бағалауға ұмтылысы бүгін күннің сұранымынан туындап отыр. Сондықтан Абайдың ақындық мектебінің қазақ сөз өнерін жаңа деңгейге көтерудегі маңызын, ақын шәкірттерінің қазақ әдебиеті тарихындағы рөлін айқындау, Абай мектебінің төлбасы саналатын Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмаларына жаңа көзқарастар тұрғысынан талдау жасау біздің зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігін дәлелдейді
Зерттеу нысаны. Абайдың ақындық мектебі өкілдерінің, XX ғасыр басындағы қазақтың көрнекті ақындарының, Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмаларындағы Абай дәстүрін танытатын мазмұндық – құрылымдық, көркемдік – бейнелілік сипаттар.
Зерттеу мақсаты. Ақын шәкірттерінің поэмаларына талдау жасай отырып, Абайдың ақындық мектебі мен шығармашылық дәстүрінің қазақ әдебиетіндегі поэма жанрын қалыптастырудағы маңызын дәйектеу, Шәкәрімнің поэма жанрын дамытудағы өзіндік қолтаңбасы мен орнын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1.1.
Заманалар керуені
үздіксіз.
Заманалар керуені үздіксіз. Осынау керуен көшіндегі әрбір жеке адам, майлі ол қай деңгейдегі қайраткер болсын, қай кезеңде өмір сүріп, қандай көзқарас пиғылда болсын,оның бүкіл болмысы не біржола жақсы, н.е тұтастай жаман деп біржақты бағаланбауға тиіс. Бұл – адамзат баласының дамуындағы мәңгілік қозғалыстан туған ғибратты тәжірибе. Тоқтаусыз алға басқан заман көшінің бірінен – біріне ауысар, жалғасын табарасыл мұралары мен өркенді өсиет-өнегелері шексіз. Дегенмен, осынау үздіксіз көштің арагідік болса да арасы алшақтап, сәні бұзылытын, тіпті кей тұста үзіліп те қалатын кездері жоқ емес. Бірақ ұзақ жол, мәңгілік қозғалыс барысындағы ақиқатты ту еткен күрес осы бір бұзылған жерді қалпына келтіріп, үзілгенді жалғап отырытыны тағы да шындық. Өкінішіке орай, мұндай тұстарда сыңаржақ көзқарастарға бой алдырып, бірқатар қайраткерлерімізді солақай түсініктің құрбаны етіп алдық. Бір қуаныштысы-тарих тізбегінің үздік тұсында тап келіп, ұзақ жыл ортамыздан жарық қалып қойған талай – талай арыстарымызды құдіретті күшті. Уақыттың өзі арамызға қайта әкелді. Қоғамымыз өзінің өткені мен бүгіні, келешегі туралы салауатты ой пайымдауға мойын бұрып, оның шапағаты халықтың рухани өміріне өз сәулесін түсірді. Қандай құбылысқа болса да жаңаша көзқарас орнықтыру процесі жанданды.
Осындай жанданудың арқасында қазақ халқы өзінің XIX ғасыр мен XX ғасырдың шегіндегі мәдени, рухани дамуында, погресшіл ой-пікірлердің қалыптасуындағы зор рөль атқарған Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов сынды асыл перзенттерімен қайта табысты, олардың сан қырлы мұраларын мейлінше әділ де лайықты бағалау мүмкіндігіне ие болды.
Осы бағыттағы игілікті істің алғашқы жемісі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген көрнекті ақын, ғұлама ойшыл, білгір тарихшы Шәкәрім Құдайбердіұлы есімінің өз халқына оралуы еді. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бюросы әлеумет пікірін, әдеби және ғылыми жұртшылықтың талап - тілегін таразылай келіп, 1988 жылғы сәуір айының 14-ші жұлдызында «Ақын Шәкәрімнің творчестволық мұрасы жөнінде» қаулы қабылдап, онда Шәкәрімнің бай мұрасына маркстік – лениндік тұрғыдан тиянақты баға берді, ақын есіміне таңылған қара дақты жойды. «Шәкәрімнің әдеби творчествосы идеялық - тақырыптық мазмұнының ауқымдылығымен, әсерлі де көркемдік қуатының молдығымен ерекшеленеді,-делінді каулыда. – Жалпы алғанда, оның творчестволық мұрасы мол да, мағыналы және ол XIX және XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінен ерекше орын алады. Бұл мұра ұзақ жылдарғы «үнсіздік» пен нақақ жаладан кейін халыққа оралуға тиіс.
Шәкәрім ұлы Абаймен замандас. Замандас қана емес, оның әрі інісі, әрі шәкірті болған ақын. Ол қазақ әдебиетінде Абай қалыптастырған реалистік дәстүрдің алғашқы дамытушыларының бірі болды. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді әшкерелеуде, халыққа жол көрсетуде ол Абай бағытын, ұлы ағартушы ақын дәстүрін ұстанды.
Абай мен Шәкәрім өмір сүрген дәуір қазақ халқы үшін аса бір күрделі кезең еді. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның қоғамдық – саяси , әлеуметтік – экономикалық және рухани, мәдени өмірінде маңызды оқиғалар дүниеге келді. Бұл кезде қазақ өлкесі түгелдей патшалық Ресейдің құрамына қосылып біткен болатын. Патша үкіметі осы тұста бірнеше реформаларды жүзеге асырды. Ресейде крепостнойлық право жойылды. Мыңдаған орыс шаруалары қазақ жеріне қоныс аударды. Қазақ даласын басқарудың әкімшілік жүйесіне өзгеріс енді. Көшпелі ел тұрмысына жаңа экономикалық қатынастар кіріп, капитализмнің нышандары пайда болды. Енді мекендер көбейіп, өндіріс пен сауда – саттық ісі дамыды, егіншілік етек алды.
Міне, осындай тарихи - әлеуметтік жағдай Қазақстанның рухани, мәдени өміріне де өзгеріс әкелмей қалған жоқ. Мұның бәрі қазақ халқының қоғамдық – саяси санасының, әдебиеті мен мәдениетінің өнерінің өркендеуіне. Ғылымының туып, қалыптасуына себепкер болды. «XIX ғасырдың екінші жартысында халықтың ауызша творчествосымен қатар қазақтың жаңа тұрпатты жазба әдебиеті де дамыды»
Шәкәрімнің шығармашылық сапарының бастау алуы, міне, осы кезеңге тұспа – тұс келді. Бұл кезеңде қазақ әдебиетінде идеялық тартыс өрістеп, оның болашақтағы даму бағыты айқындала түсті. Ресейдегі революцияшыл-демократтардың ықпалымен қазақ халқының өнері мен мәдениетінде, әдебиеті мен ғылымында игі өзгерістер белгі бере бастады. Соның нәтижесінде Абай бастаған жаңашыл бағыттағы реалистік әдебиет қалыптасты. Қазақ әдебиетіндегі Абайдың реалистік тәсілінен орыстың революцияшыл – демократтарының эстетикалық пайымдаулары мен әдеби сынындағы басты принциптер айқын аңғарылып жатты. Профессор Е.Ысмайловтың тілімен айтқанда, «Абай негізін салған реалистік дәстүрдің және өскелең тенденциялы болуының басты себебі – халық өмірімен, халықтың прогресшіл арман – тілегімен тығыз байланысты болуында және орыстың классикалық әдебиетінің идеялық-эстетикалық принциптерін шынайы игеруінде еді». Бұл кезеңдегі қазақтың халықтық лирикасы бұқараның қоғамдық ахуалы мен эстетикасын бейнеледі. Өзіндік жазба әдебиетінің төмен дәрежеде болуына қарамастан халықтың лирикалық поэзиясының ықпалы ол кезде өте күшті болды. Қазақтар өмірінің әрбір сәті өлеңмен өрнектеліп отырды. Лирика бұқараның қоғамдық санасының өсуіне, аса көрнекті ақындар шығармашылығының кемелденуіне орай өріс ала түсті. Ол ақындардың алдына заманның көкейкесті мәселелерін айту, орыс халқының прогресшіл ықпалы мен патша үкіметінің отарлау саясатына деген халықтың көзқарасын білдіру міндетін қойды.
Қазақтың жаңашыл бағыттағы
Осы тұста бой көтеретін үлкен міндеттің бірі – қазақ топырағында туған осынау реалистік әдебиеттің алғашқы өкілдерінің бірі Шәкәрім Құдайбардіұлының поэтикалық мұрасына ғылыми жүйелі талдау жасау, оның өзі өмір сүрген дәуірмен және Абайдың ақындық дәстүрімен байланысын, шығармашылық тамырластығын саралау. Осы мақсатпен ақын поэзиясының идеялық, тақырыптық, поэтикалық, стильдік ерекшеліктерін, реалистік, демократтық, ағартушылық бағыттарын айқындауға, сол арқылы ақынның Абайдан кейінгі қазақ поэзиясынан алатын орнын анықтауға талпыныс жасалды.
Шәкәрімнен қалған мұра жанрлық, тақырыптық жағынан сан қырлы. Оның бәрін бір еңбек көлемінде талдап шығу мүмкін емес. Бұл зерттеуге ақынның лирикалық өлеңдері мен поэмалары объекті етіп алынып отыр. Ақынның поэзиясын талдау үстінде оның Абай шығармашылығына қатысы үнемі назарда ұсталды. Өйткені Шәкәрім тікелей Абайдың ықпалы мен тәрбиесінде өскен ақын.
2.1
Ұлы дәстүр ұлағаты.
Шынайы сезім,шыңырау ойға толы Шәкәрім поэзиясының кәусәр бұлағы, бастау алған қайнар көзі ұлы Абайдың құдіретті жыры, ол бастаған реалистік дәстүр болды. Ол заңды да. Өйткені, Шәкәрәм Абайдың замандасы ғана емес, әрдайым жанында болып, тағлымын алған талантты ақын інісі, ұлы ойшылдың маңайында топтасқан талантты жастар шоғырының шоқтықты өкілі еді.
Шәкәрәм өмір сүріп, еңбек еткен тарихи кезеңде қазақ әдебиетіне орыстың сыншыл реализмі Абай арқылы кеңінен еніп, жаңа бір құбылысқа айналып келе жатқан болатын. Соның нәттижесінде «Абай қазақтың жаңа, реалистік әдебиетін – мағынасы терең, тілі орамды, өрнегі шебер, кестесі көркем әдебиетін – жасады». Халық поэзиясының тереңінен нәр тартқан Абай өз жырларына сол дәуірдегі қазақ тұрмысының, қоғамдық - әлеуметтік жағдайдың шындығын арқау етті, шынайы көркем де өткір шығармалар тудырды. «Өзінің сан қырлы шығармашылығы арқылы Абай қазақтың реалистік әдебиетінің қалыптасуындағы принципті жаңа дәуірді бейнелеп қана қойған жоқ, сонымен қатар әлемдік классика қазынасына да үлес қосты»,-дейді белгілі ғалым З.Кедрина.
Абай өздігінен ұлы ақын атанған жоқ. Оның ұлылығы өзінің нәр алған бастауларының құнарлығында жатыр. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақтың халықтық лирикасы ерекше гүлденген болатын. Ол қоғамның хал – ахуалы менэстетикалық куатын бейнелеуде күщті қару болды. Өзіндік жазба әдебиеттің төмен дәрежеде болуына қарамастан лирикалық поэзиясының ықпалы ерекше көзге түсті. Халық өмірінің әрбір жағдайы сырлы да сұлу өлеңиен өрнектеліп отырды. Онда түрлі сезім, күйзелістер мен көңіл күйлерінің көрінісііспетті халықтың прогресшіл ой-пікірі бейнесін тапты. Ол бұқараның қоғамдық сананың өсуіне ықпал етті, ақындардың алдында заманның көкейкесті мәселелерін биікке көтере жаңғырту міндетін қойды.
Абай поэзиясының бүкіл даму жолын да осы процестен бөле – жара қарауға болмайды. Халықтық поэзия дәстүрі – Абайдың нәр алған «үш үлкен түп-төркінінің» бірі болды. Ендігі жерде «Абайдың реалистік дәстүрі мен оыстың классикалық әдебиетінің әсерімен қалыптасып дамыған қазақ әдебиеті халық өмірінің келелі мәселелерін көтеріп, сол мәселелерге қалың бұқараның назарын аударуға ұмтылды». Осы дәстүрлер негізінде Абай қазақ әдебиетінің жаңа қырын,тың тынысын ашты, жаңашылдық танытты. Бүтіндей бір әдеби құбылыстың бастаынды тұрған Абайдың шығармаларындағы осынау жаңашылдық сипаттар қазақ әдебиетінің зерттелуі барысында өз бағасын алды.
Әдебиеттегі жаңашылдық пен дәстүр ұғымдарының өіз өзара органикалық байланыстағы нәрселер. Екеуінуң ара жігі белгілі бір тарихи кезеңнің барысында, нақты уақыт өлшемінде ғана айқын болады да, бірте – бірте өміршеңдік танытқан жаңалық нышаны өзінің көркемдік, идеялық қасиеттерін орнықтыры келе дәстүрге айналмақ. Яғни бір кезеңдегі жаңашылдық алдағы бір кезеңдер үшін ғибратты дәстүр саналады. Сол себепті де әдебиеттегі дәстүр мәселесі халықтың сан ғасырлар бойы жинаған рухани қазынасы ретінде қабылданады. Ол сол әдебиеттің дәстүрлік деңгейін, өзге әдебиеттермен жақындастығы мен айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін айқындайтын өлшем тәрізді. Әдеби дәстүрдің байлығы туралы айтқанда біз сол әдебиеттің атқарып отырған ауыр жүгін, идеялық-көркемдік деңгейін, қамтып отырған тақырып аясын, тұтастай кемелдік дәрежесін ойда ұстаймыз. М.Әуезовтың тілімен айтқанда: «Дәстүр мағынасына характер де, түр де, оқу мен өсу де, дами түсіп өзгеру де, мазмұн мен сыртқы сипат көрік күй мәселесі - бәрі де түгел кіреді. Бұл сөз ғылымдық жағынан анығырақ және көлемдірек ұғымды аңғартады».
Әлбетте өнер атаулының алға басуындағы прогресшіл бағыттың басты қасиеттері шығармашылық сапарындағы дәстүр мен жаңашылдық құбылыстарының өзара астасуы болса керек. Дәстүр жалғастығы да, жаңашылдық нышандары да үздіксіз өзгеріс үстінде болғанмен, олар, түптеп келгенде, әдебиет пен өнердегі дамудың қайнар көзі екені анық. Сонымен қатар дәстүрлік байланыстар мен жаңашылдықтың бір-біріне тигізетін өзара ықпалы өнердің тарихи үздіксіз алға жылжуын ғана емес, адамзат баласының көркем ой мәдениетінің өсу жолында бейнелейтін эстетикалық қазынасының басты себепкері болмақ. Қай уақытта да көркем ой мейлінше жаңа қиырларға ұмтылады, беймәлім болып келген рухани, эстетикалық жауһарлардың сырын ашуға талпынады. Өнер әлеміндегі дәстүр жалғастығы өткен кезеңнің немесе белгілі бір жұрттың жинақтағантәжірибесін үйренумен шектелмейді. Дәстүр желілері әр дәуірде өмір сүрген, бір-біріне мүлде ұқсамайтын бағыттағы өнер шеберлерінің арсында жалғастырып жатады. Сондықтан да олар уақыт пен кеңістік шеңберінде аса кең ауқымда көрінеді.
Қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі дегенде біз осындай кең ауқымды, алып танысты құбылысты еске аламыз. Бүгінге дейін XIX ғасырдың екінші жартысында Абай қалыптастырған реалистік әдебиет дәстүрінің жалғасу процесі, одан кейінгі даму сапары, бүгінгі тынысы жайында М.С.Сильченко, М.Әуезов, Е.Ысмайылов, Ы.Дүйсенбаев, А.Нұрқатов, З.Ахметов, М.Базарбаев, М.Мағауин сияқты ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізді, қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрін әр қырынан зерттеп, ұлы ақынның өзінің алдындағы халықтық әдебиеттен, Шығыс және Европа мәдениеттерінен сусындай отырып, өмірге әкелген жаңалықтарын, Абай салған соқпақтың бүтіндей бір әдебиеттіңкөркемдік, идеялық негізінде айналу процесін саралады. Бұл орайда Абай дәстүрін тиянақты зерттеген белгілі ғалым А.Нұрқатовтың «Абайдың ақындық дәстүрі» атты монографиялық еңбегін айрықша атаған жөн.