Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 12:30, реферат
Зерттеу нысаны. Абайдың ақындық мектебі өкілдерінің, XX ғасыр басындағы қазақтың көрнекті ақындарының, Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмаларындағы Абай дәстүрін танытатын мазмұндық – құрылымдық, көркемдік – бейнелілік сипаттар.
Зерттеу мақсаты. Ақын шәкірттерінің поэмаларына талдау жасай отырып, Абайдың ақындық мектебі мен шығармашылық дәстүрінің қазақ әдебиетіндегі поэма жанрын қалыптастырудағы маңызын дәйектеу, Шәкәрімнің поэма жанрын дамытудағы өзіндік қолтаңбасы мен орнын анықтау.
Абай дәстүрі – қазақ әдебиетінің даму тарихында заңды жалғасын тауып, жан – жақты байып келе жатқан асл арна. Оны жалғастырушылардың алдында заманының заңғар міндеттері бой көтереді. Абай шығармалығын зерттеген ғалым М.С.Сильченконың сөзімен айтқанда: «Мәселенің тарихи нақтылығының артуы, реаализмнің осынау мәнді қасиеті Абайдан кейінгі кезеңдегі ақын-жазушылардың Абай нұсқаған кейбір жайларды мейлінше өткір қоюға міндетті болуынан көрінеді».
Абайдың ақындық тәрбиесін көрген шәкірттер туралы мәселе турасында отызыншы жылдардан бергі кезеңде әр түрлі сипатта болса да сөз болып келеді. М.Әуезовтің, С.Мұқановтың, Е.Ысмайылоытың, Ә.Жиреншиннің әр кезде шыққан кітаптары мен мақалалары осының айғағы. Әсіресе, Қ.Мұхамаджановтың «Абай төңірегіндегі ақындар» атты диссертациясы осы бағыттағы қомақты талпыныс болды. Өкінішке орай, қазақ әдебиетіндегі сол кезегі қайшылықты пікірталастардың салдырынан шығармашылық қуаты айрықша Шәкәрім, Нарманбет сияқты ақын шәкірттер бұл еңбекке енбей қалды. Мұнда зерттеуші Ақылбай, Мағауия, Әсет, Әріп сияқты ақындар шығармашылығына арнайы тоқталып, сонымен қатар олардың айналасындағы бірқатар жас талапкерлердің есімдерін атайды. 1950 жылы шыққан «Абай Ақылбай, мағауия, Кәкітай, Әубәкір деген балалары, немере інілері, Нарманбет, Әбсалық,Көкбай, Әріп сияқты ірі ақындар Абайдың тура шәкірті болады»,-дейді. Абай шәкірттері туралы С.Мұқановтың зерттеулерінде де әр қилы пікірлер бар. Атап айтқанда, өзінің, «Әдебиет және искусство» 1951 жылғы 7-ші санында жарияланған «Абайдың шәкірттері туралы» атты мақаласында: «Осылайша екшеп келгенде «Абайдың шәкірттері» аталған тізімдегі адамдардан шығармалары туралы пікір алысуға жарарлықтайы: Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әріп, Әсет, Мәшһүр-Жүсіп, және Сәбит Дөнентаев»,-деп тұжырымдаса, енді бір тұсында: «Көкбай ақын жайында «Мұндай саяси беті теріс керітартпа ақынды Абайдың шәкірті деу мүлде орынсыз»,- деп жоғардағы пікіріне қарсы шығады. Осы тұста айта кететін бір жайт – С.Мұқанов бұл мақаласында М.Әуезовтің Шәкәрәмдә, Нарманбетті Абай шәкірттерінің қатарына қосқанын құптамайды. Бұл да, сөз жоқ, сол кездегі солақай сын мен даурықпа идеялогияның салқыны еді.
Шәкәрімнің Абайдан тәлім алған талантты шәкірт екндігін, ұлы ақын дәстүрінің тұңғыш жалғастырушыларының бірі болғандығын алғаш рет ғылыми негіздеп берген Мұхтар Әуезов болды. Ол өзінің 1934 жылы жазған «Абай ақындығының айналасы» атты мақаласында ұлы Абайдың маңына топтасқан талантты шәкірттер жайында айта келіп: «Мұндай ақын төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия Абайдың өз балалары. Қалған екеуі Көкбай, Шәкәрәм. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық мағынадағы шәкірттері»,-дейді.
Әдебиеттанудағы мұндай пікір қақтығыстары, түрлі көзқарастар, түптеп кегенде, Абай қалыптастырған әдеби дәстүрдің құдіреттілігі мен өміршеңдігін танытты. Абай дәстүрінің алғашқы қуатын сезініп, соның нәрінен сусындауға ұмтылған тұңғыш талапкерлер ақынның жоғарыда аттары аталған шәкірттері еді. Олар ұстаз ақынның шығармаларын жаттап, көпшілікке тарата жүріп, сол өлеңдердің жалынын өз жүректеріне де құйды, ұзтаздарының шын мәніндегі ұлылығын сезінді, сол себепті өздерінің әдебиет әлеміндегі әрбір жаңа қадамын Абайдың талқысына салып отырды. Оларды идеяластық, мақсат ортақтастық біріктірді, Олардың шығармаларының тақырыптарында, идеяларында ортақ сипаттар болды. Мұның өзі қазақ әдебиетінде ұлағатты дәстүрдің туғанын , кейінгі ақындарға үлгі боларлық Абай тәрізді алыптың дүниеге келгенін аңғартқан құбылыс еді. Осы орайда белгілі ғалым З.Кедринанның «Кезінде қазақ әдебиетін зерттеуші ғалымдар ойлап тапқан «Абай мектебі» теориясы бүгінде қате деп танылуда. Шынында да, Абай маңына топтасқан жандар арасында ақындық мектептің болғанын дәлелдерліктей идеялық-эстетикалық тұтастық болған емес. Сонымен қатар, «мектеп» ұғымының өзі үлкен ақынның идеологиялық-көркемдік ықпалын оны қоршаған шағын топтың шеңберімен тұстап, оның ақындық ықпалы жөніндегі мәселені бұрмалайды және классик шығармашылығының бүкіл әдебиеттің дамуындағы мәнін төмендетеді, өздерінің ұлы ұстазының тәсілдерін құп алып қайталай беретін жандарды оның ізбасарлары мен жалғастырушылары деп түсіндіреді»,-деген пікірімен келісу қиын. Себебі Абайдың маңында идеялық-эстетикалық тұтастық болмады деудің қисыны жоқ.
Рас, Абайдың тұсында өмір сүріп, өзін шәкірт санаған талапкерлердің бәрі бірдей жоғары деңгейдегі көркемдік ой – түсінікте, көзқараста болды деу қиын. Әйтсе де Абайдың талантынан бастау алатын құнарлы идеялық – эстетикалық қайнар көздің боғанын ешқашан жоққа шығаруға болмайды. «Егер әрбір ірі суреткер мазмұн мен формада тыңнын жол ашса, және ол ашқаны іске татырлық болса, ондай сурткер әрқашанда басқаларды соңынан ертіп әкете алады»,-деген Р.Ролланның сөздерін еске алсақ, сондай-ақ Абай тек мазмұн мен формаға жаңалық енгізумен шектелмей, әдебиеттегі бүтіндей бір дәстүрлі бағыттың басындатұрғанын ескерсек, бұл сөзімізге дәлел іздеп жатудың өзі артық. Осындай ішкі тұтастықтың болуы нәтижесінде Абайдың сыншыл реалистік дәстүрін Ақылбай, Мағауия, Шәкәрім, Көкбай, Әсет бір-бірінен ажырағысыз бірлікте алға қарай іліп әкетті. Бұған олардың жаңа дәстүр үлгісіндегі, өз дәуірінің саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени жағдайын тап басқан шығармалары айқын дәлел. Сонымен қатар олар ұлы ақынға құрғақ еліктеуден мүлде аулақ болды. Ақынның шәкірттері ұстаздарының ізін қайталамай, жаңаша соқпақ табуға тырысты. Абай айтпаған сөзді айтуға, Абай ұсынып үлгірмеген ойды алға тартуға құштар болы. Өз өлеңдерінде ұлы ұзтаздарына деген ілтипаттарын әрдайым сездіріп отырады.
XIX ғасырдың екінші жартысында Абай ауылы бүкіл қазақ жұртының аса бай өнері мен поэзиясының, дәстүрлерінің жарқырай көрініп, жаңаша танылуна жол ашқан рухани жайлау, мәдени орталық болды. Абайдың маңында талантты ақындармен қатар күміс көмей әншілер, күйшілер мен композиторлар топтасты. Ұлы ұстаздың ақын шәкірттерінің ішіндегі көрнектілері Ақылбай, Мағауия, Шәкәрім, Көкбай, Әріп болды.
Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзиясы шын мәнінде Абайдың ақындық дәстүрінде туған, құнарлы топырақтан нәр алған қуатты поэзия. Ақынның дастандары мен лирикаларында өз халқының өткені мен бүгінінің ізі сайрап жатыр. Оларда халқының ішкі жан дүниесі жете зерделенген. Алапат рухани күш-қуат, ширақ сезім, ауыр мұң мен ойлы үнсіздік, қайғы мен күрсініс, жан ләззаты мен мөлдір сезім, сезімтал да сергек жүрек, ар мен ұят, махаббат пен сүйіспеншілік-бәрі-бәрі Шәкәрім поэзиясының бойынан өз орнын табады. Бір сөзбен айтқанда, оның шығармалары өз заманының айнасы болды, бірақ ол кез келген құбылысты талғаусыз бейнелей берген жоқ. Оның лирикасынан шынайы поэзияға, кемелденген кең құлашты талантқа тән айрықша белгі болып табылатын ой жүйесінің қарапайымдылығы мен ұғынықтылығы айқын аңғарылады.
Сыншыл реализм-Шәкәрінің шығармашылығындағы ең басты көркемдік тәсіл. Бұл әрісі орыстың сыншыл реализмнен, берісі Абай дәстүрінен тамыр тартқан қасиет болатын. Шәкәрімнің реализміне тән ерекше белгілер дегенде, ең алдымен, оның лирикасындағы халықтық сипат, әлеуметтік астар, тақырып жүгінің ауырлығы, адам мен қоғам мәселелерін бірлікте бейнелеудегі шынайылық, көркемдік және жаңашылдық ізденістер көзге түседі.
Шәкәрім поэзиясындағы реализм өмір шындығын қоспасыз да бүкпесіз бейнелеу қабілетінен көрінеді. Ол объективті шындықтың жүйесін тауып, сырын ұқтыра нанымды суреттейді, оқырманның көзін жеткізе, жақсы мен жаманын сезіндіре бейнелейді. Түптеп келгенде, «Шынайы реалистік туындының құдірет-күші оның айналадағы ортаның қандай сипатын ашып беретіндігінде екені мәлім».
Сыншыл реалистердің міндеті-өмірдегі құбылыстарды, заман сипатын көркем де жан-жақты суреттеу. Оның әлеуметтік, эстетикалық мәні де осы арқылы айқындалмақ. Сол себепті реалист Шәкәрім де бұл міндетін қоғам мен адамды өзара тығыз байланыста алып суреттеу арқылы орындап шықты. Шәкәрім бір адамды немесе оның бойындағы жекелеген жағымсыз қасиетті сынай отырып, бүкіл қоғам өміріндегі кеселдерді әшкереледі, типтік бейне жасады.
Абай дүниеге әкелген көркемдік тәсілдің орнығуына, оның қазақ әдебиетінен өз орнын табуына, өркен жаюына Шәкәрім өзінің шыншыл да шебер, жаңашыл жырларымен өлшеусіз үлес қосты. Мұның өзі реалист Шәкәрім шығармашылығының шығар биігін айқындайды.
Реалист суреткер Шәкәрім өз шығармаларында терең мағыналы пайымдауларға табан тіреп, типтік образдар жасаудың жаңа формаларына жүгінеді, кейіпкерлердің мінез-құлқы, ішкі-сыртқы қасиеттері арқылы өмірдің жалпы заңдылықтарын тарихи жағдай фонында бейнелеуге ұмтылады. Оның шығармаларында сол кездегі үстем тап адамдарының типтік бейнесі бар.
Сондай-ақ, Шәкәрімнің реализмі жағымсыз кейіпкерлерді мүсіндеумен шектелменді. Жаны ізгі жүрегі таза парасатты жандардың реалистік жиынтық образдары да ақын лирикасында аз емес. Адам жанының білгірі «өзі суреттеп отырған ортадағы сан түрлі адамдардың ішкі сырын, мінез әрекеттерін де ірі шеберлікпен ашатын психолог ақын» болған Шәкәрім ұлттық характерді, халықтық қасиетті барынша байыту жолында лирикалық поэзияның соны үлгісін тудырды.
Сондай-ақ
Шәкәрім Абай шығармашылығы арқылы өмірге
келген реалистік сипаттағы сюжетті дастандар
үрдісін жемісті жалғастырған эпикалық
кең құлашты ақын ретінде де танылды.
2.2.Өлең-күміс, қоспаңыз мыс...
Ұлы Абайдың сөз өнеріне деген ерекше ықылысын сезіне жүріп қалыптасқан Шәкәрім о бастан-ақ ақындық өнер жолындағы өзінің биік нысанасын, асыл мұратын жете түсінді, лирикалық поэзияны айрықша қастерлі дүние деп есептеді. Оның болашақтағы шығармашылық өсу жолына үзілмес желідей болған идея да осы сезімнен туды. Халқының мұның жырлау, бүкіл әлеуметтік мұратын көздеу, адам бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерді бағалау оның лирикалық шығармаларының тақырыптық аясын айқындап береді. Әлбетте қандай да болмасын «лирикалық поэзияның басты бағытын анықтағанда оның әлеуметтік тақырыптарды қалай ұсынатыны бірінші шарт болуы әбден зайды»
Абай дәстүріндегі ақындар алдында XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласының әлеуметтік-саяси жағдайынан сан алуан тақырыптар тұр еді. Мұның өзі лирикалық поэзияға көп міндет жүктеді. Бұл кездегі халықтық лирика бұқараның қоғамдағы жағдайы мен эстетикалық таным-түсінігін бейнелеуге ұмтылды. Халық өмірінің әрбір сәтін қалт жібермеуге ұмтылатын лирика жанрының маңызы ерекше артты.
Шәкәрім реализміне тән халықтық сипатты да осы әдебиеттің, тың өрнектегі лириканың алғашқы көрнекті өкілдерінің бірі болды. Ол өзінің алдындағы Абай поэзиясынан нәр ала отырып, Ақылбай, Мағауия, Әріп, Әсет, Көкбай, Уәйіс, Нарианбеттер тәрізді замандастарымен бірге ұлы ұстаз дәстүрін ілгері дамытты. Абай дәстүріндегі қазақ лирикасына Шәкәрім қосқан үлес, ол әкелген жаңалық әр алуан. Ақын поэзиясының басты қасиетін айқындайтын да осы үлес. В.И.Ленин тұұжырымдап бергендей: « Тарихи қайраткерлердің сіңірген тарихи еңбегі олардың осы күнгі талаптарға қарағанда жаңалық енгізбегеніне қарай бағаланбайды, өзінен бұрынғыларға қарағанда олардың қандай жаңалық енгізгендігіне қарай бағаланады» Шәкәрім мұраларын да осы тұрғыдан бағалау қажет.
Шын мәнінде Абай мен Шәкәрім арсындағы қаламгерлік тамырластық аса терең. Өз заманының келелі мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғауда екі ақын да ерекше қуат танытқан. Абай тәрізді Шәкәрімнің лирик ақын ретінде өсу эволюциясының өн бойында жеке адамдағы ұсақ-түйек міндерден бастап сол кездегі саясат сияқты күрделі ұғымға дейін мәселелердің бәрі қамтылған. Ол заңды да. Өткені ақын қашанда өз дәуірінің перзенті. Қандай ақынның болсын поэзиясында өзі ғұмыр кешкен кезеңнің сыр-сипаты, ақыл-ойы мен болмыс-бітімі тұжырым табады. «Қоғамда өмір сүріп отырып, қоғамнан тысқары бола алмайсың». Шәкәрімнің релистік лирикасына да осы сипатта анықтама берген жөн.
Шәкәрім өзінің айналасындығыларды сырттай ғана саралап, салғырт жырлаушы болып қалған жоқ, бар нәрселерінің қай-қайсысына да терең мән беріп, жақсылығына қуанып, кемшілігіне егіле зер салды. Осындан келіп оның ақындық бітімі, азаматтық үні қалыптасты. Бір жағынан бұған он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетіндегі азаматтық лириканың дамуы, Абай шығармашылығы арқылы ерекше өркен жаюы ықпал етті. Оның үстіне орыс қоғамындағы ағартушылық, демократтық ой-сананың өрістеуі бұл кезде Абай арқылы қазақ поэзиясына жаңа леп әкелген болатын.
Осы реалистік дәстүр, шынайы халықтық арна Абайдан кейінгі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Шәкәрімнің шығармашылығының да негізгі идеялық-көркемдік нысанасына айналды. Оның реализмі, әсіресе саяси, азаматтық лирикада айқын көрінеді. Азаматтық асқақтық, поэтикалық пафос оның өлеңдерінің қазығына айналды. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу парасатты азаматы ретінде ол халқының, бүкіл қоғамның басындағы нақты жағдайды көре білді, кемшілік-кеселдердің тамырына балта шабудың жолдарын іздеді. Осы жолдағы барлық ой-пайымдарын өз лирикасына нәр қылып құйды. «әрбір поэтикалық шығарма ақынды билеген құдіретті ойдың жемісі»,-деп В.Г.Белинский айтқандай, ақын өлеңдері оның жүрегінде тұнған көркем ойдың көрінісі болды.
Шәкәрімнің реалистік бағыттағы азаматтық лирикасының ауқымы аса кең. Өзінің ақын ретінде толысуының барысында ол негізінен адам мен қоғам аралығындағы категорияларды нысана ете отырып, ондағы тарам-тарам тақырыптардың әрқайсысына тиянақты түрдезер салып отырады. Сайып келгенде, Шәкәрімнің қаламынан бұл бағытта тыс қалған мәселе жоқ десек артық емес. Сонымен қатар, ақын өзі алып отырған тақырыбының идеялық мәніне терең үңіліп, мәселеге қатысты образдарды мейлінше анық сомдауға тырысады.
Ақын реализімінің күші де, ең алдымен, өз қоғамындағы әлеуметтік жағдайларды, теңсіздікті көре білуінде, соны әшкерелей білуінде. Кемшіліктің Шәкәрім үшін үлкен-кішісі жоқ. Сондықтан да ол қоғамдағы кемшіліктерді сынауды жеке адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынаудан бастайды. Ақын лирикасының негізгі объектісі-адам. «Ескіден қалған сөз теріп» деп аталатын өлеңінде ақын ә дегеннен-ақ өз көкірегін кернеген күйініші мен арманын жайып салады. Мұнда Шәкәрім өмір сүрген заманның реалистік суреті бар, ақынның айналасындағы адамдардың нанымды психологиялық, рухани портреті бар.