Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 23:56, реферат
техникалық ТОО-лар
Өзгеге жеңіл болса да, осылайша болған көшу қойшы, қозышы, жылқышыларға аса бір тынымсыз бейнет, масыл күндер болды. Біреудің жылқысына көш аттар, саяқ-сандырақтар кетіп қалған. Біреудің қойына бір ауылдың қозысы жамыраған. Қой мен қой араласып, шатасып кеткен.
Осындай қарбаласта «бармақ басты, көз қысты» боп, талай момынның тоқты-торымы сотқар ауылдардың жемі боп жүреді.
Өзінікін жеуге үнем қып, кісіден кірген «қоспа», «кірме» болса, соны түн баласында ақтармалап, шикілі-пісілі домалатып, қылғып салып отыратын, талай бәле басы атқамінерлер болады.
Осы сапарда көп
елдің қауырт көшімен қатар жаңағыдай
үйіле қонуына себеп болатын
тағы бір нәрсе: сыртта, алғашқы күндерде
қасқыр қатты болады. Елсіз болғандықтан
осы өңірде, тау сыртында күшіктеген
қасқыр, ел келгенше тышқан, суыр аңдумен
күн көріп жүрсе, енді мал қаптаған
уақытта, түн баласында тыным
бермей құйындай соғатын. Көп ауылдар
түн бойы қотандарын атпен қүзетіп,
ауыл-ауылдың шеттеріне
Бірақ дәл биылғы жыл, жылдағыдай қайталаған осы кештер Абайға ең бірінші рет соншалық мазасыз бейнет боп өтті. Оны меңдетіп жеңген ауру да жоқ. Бірақ сау да емес. Жүрейін десе көзі қарауытып, басы айналып, құлап қалады. Бұның ауруына қарап, кешпей отыруға болмайды.
Үш күн, төрт күнде Ұлжанның үйіне бір-ақ соғатын Құнанбай, көбінесе, сұлу тоқалы Айғыздың үйіне қонады. Оқта-текте бәйбішесі Күнкенің қасында болады. Ол бөлек ауыл. Соның көшімен жүріп кетеді.
Баласының сырқатын
алғашқы кезде бір рет
Абай атқа міне алмайды. Жүк артқан түйеге мінгізуге: «жүк құлап, түйе жығылса мерт болады» деп шешесі оған да мінгізбеді. Кәрі әже мен Ұлжанның ортасында жалғыз арба бар еді. Тегі, бұл ел көшпелі болғандықтан арба дегенді білмейтін. Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің - Құнанбайдың кәрі шешесінің көк арбасы десе де болады. Құнанбай аға сұлтан сайланған сапарында шешесіне:
- Көшкенде осыған мін!- деп, Қарқаралыдан әдейі әкеп еді.
Таулы жерде атпен жүру бұл күнде Ұлжанға да қиын болатын. Ол ұлғайып, еті ауырлап қалған.
Енді, Абай жайын ойлай келгенде, Ұлжан өз тыныштығын қойды да, арбаға, әжесінің қасына Абайды мінгізетін болды. Өзі бір жуас торы биеге мініп, ылғи осы арбаның қасында жүріп отырды.
Жайлауда Құнанбай
аулының көбірек орнығып
Енді көңілі де айығып,
бұрынғы балалық шаттығын да, ойын-ермегін
де тапса керек еді. Бірақ, ғажап!
Биылғы жыл, әсіресе соңғы көп
күндер ішінде Абай балалықтың қызу ермегінен,
қызығынан шеттеп, салқындап қапты.
Тіпті балалығынан
Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала бозбалалық қалпына бейімденген. Бірақ, әлі сол мүсінде үлкендік жоқ. Толық, балғын емес. Сидиып, арықтап, құр созылған сияқты. Күн көрмей өскен, реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес.
Бұрын қара болушы еді, бетінің қызылы да бар еді. Қазір де қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір бозшылданған. Сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрінеді. О да ауырғандық пен кун көзінде болмағандық белгісі.
Абайдың осы сияқты қалпына ендігі мінез машығы да бір алуан боп өзінше үйлесті. Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бөлек, бір дос тапты. Онысы, әсіресе әжесі. Одан қала берсе шешесі. Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Әуелі Абай ауыра бастағанда бір күні кешке ұйықтай алмай жатып, әжесінен әңгіме айтуды сұрады. Сонда, ол ойланып отырып:
- Е-е... Бұлдыр-бұлдыр
күн өткен. Бұрынғыда кім
кішкене тақпақтап
бастап еді. Абай соны ұғып қапты. Келесі
жолы әңгіме сұрағанда әжесін тізесінен
ақырын қағып:
- Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда
кім өткен?- деп, тағы да әңгіме тілегенін
білдіруші еді.
Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ-Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген» - бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды.
Бертін келе, тәуір болып алған соң, әжесінен тағы бір әңгімелер тапты. Ол осы ел ішінде Зеренің жасынан бергі көргені, естігені жайындағы әңгімелер. Ел мен елдің шабысы, таласы жайында бірталай күндер айтты... Осыдан жиырма-отыз жыл бұрын Найманның осы елге, осы ауылға шапқанын, сонда Бостанбек деген өзінің асыранды баласы өлгенін және Найман қолынан осы ауылға тұтқынға түсіп, жыл жарымдай кісенде жатқан Қожамберді деген ақын жайын айтады. Соның көп өлеңін шұбыртады. Басқа да «Қарашор шапқан» сияқты шабысты, жортуылды айтады.
Тағы бір күндер Мамыр, Еңліктей қыздардың қайғыларын да айтып берді. Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді. Және ол көбінесе өлеңді сөзді жиі айтады. Оқымаған
шешесінің әлі күнге ұмытпай, білдірмей, шақтап жүрген зейініне таң қалады. Нелер ескі заман жырларын, айтыс, өсиет әзілдерін де көп айтып береді. Екі анасын көңілдендіріп тағы айтқызу үшін кейде өзі де қаладан әкелген кітаптарының ішінен: «Жүсіп - Зылиқа» сияқты қиссаларды оқып береді. Әндетіп, мақалдап қояды. Шешелеріне ұғымсыз болған түрік тілінің жеке сөздерін жолшыбай қазақшалап отырады. Осымен қайта көңілдендіріп алып, ескі әңгімелерді тағы айтқызады.
Зере ел шабысын әңгіме еткенде, сол істердің бәрін ел басына әлек салған, ұлардай шулатқан, кесел күндей айтатын. Кішкентай күнінен ертек-әңгімені көп сүйетін бала осы жазда, тіпті, көп есітіп, көп біліп алған сияқты.
Сондай шеше әңгімелеріне бар бейілін беріп жүрген күндердің бірінде бұл үйге екі бөгде қонақ келіп қонды. Бірі - қартаң, бірі - жас қонақ. Жасын Абай біледі. Таныған жерде қуанып кетті. Ол былтыр жайлауда келіп, осы үйде үш күндей жатып, «Қозы Көрпеш - Баянды» жырлап берген Байкөкше деген жыршы. Қасындағы қартаң кісіні Абай өзі білмегенмен, шешесі әбден таниды екен.
Қонақтармен жай сүрасып, амандасып болған соң Ұлжан Абайға қарап жымиып:
- Ал, балам, әжеңмен екеумізді қажай беруші едің, әңгіме-жырдың дүкені міне, жаңа келді. Мына кісі Барлас деген ақын!- деді.
Шоқшалау ғана ақ сақалы бар келбетті келген, зор дауысты ақ сары кісі Барлас Абайға салғаннан ұнады. Білгенін ішіне бүгіп, үндемей отырған өзге үлкендердей емес.
Барлас іле сөйлеп кететін жарқылдақ, ашық. Осы үйде талай күннен жатып жүрген, ауыл адамы сияқты.
- Е, балам, «шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай егілген» дегендей, сөйлеуді де, тыңдауды да сүйген ел - ел-дағы. Тыңдауға өзің жалықпасаң, айтуға Байкөкше жалықпас!- деп, жас жолдасына қарап күліп қойды.
Жайлауға келіп қонғалы бөгде қонақтар келгіш еді. Барлас Сыбан болатын. Жайлауға қоныстары жақындаған соң, жылдағы дағдысы бойынша осы ауылдарға амандаса келген екен. Жолшыбай Мамай ішінен Байкөкше қосылыпты. Ол Барластың ақын шәкірті. Жылда осылайша қасына еріп, бірнеше айларды бірге өткізуші еді.
Үй іші тегіс қош алған соң, екі ақын да оңай шешілді. Осы түнде ас піскенге шейін Барлас «Қобыланды батыр» жырын жырлады. Абайдың қазақ аузынан да, кітап ішінен де өмірі естіп білмеген ең бір сұлу, ең бір әсерлі, күшті жыры осы еді. Барлас жырын бітіріп, қол жуғалы камданған уақытта Абай:
- Мұны айтқан кім?
Осы өлеңді шығарған кім екен!-
деп, бағанадан бері өзін
- Әріден келе жаткдн деседі-ау, балам, бұның түбін...- деді.
Қобыландының қоштасқаны, Тайбурылдың шабысы, Қазан мен Қобыландының жекпе-жегі Абайды, әсіресе, елтіткендей болатын. Жатқанда көпке дейін алағызып ұйықтай алмады.
- Ертеңіне Ұлжан
Барлас пен Байкөкшені
- Жүрмеңдер. Асықпай әлі біраз күн қонақ боп жатып кетіңдер,- деді. Бұл - Абайдың тілегі. Абай бұрын тағылым, үлгі - кітапта; білім, өнер - медреседе ғана деп түсінетін. Оған, дастан шебері - Низами, Науаи, Физулиде; мұң нәзігі - Шайх-Сағди, Хожа-Хафизде батыр жыры - Фердаусиде көрінетін.
Қазақта нелер «Баян - Көрпеш», талай «Ақбала - Боздақтар» барын анық білмеуші еді.
Тілі ұғымды, өмірі таныс болғаннан ба немесе Барлас пен Байкөкшенің кезектеп айтқан жырларының кейде шырқаған, кейде қалқып баяулаған, кейде лекітіп соқтырып, ескектете желген әнінен бе? Бебеу қаққан қоңыр, майда баяу домбырадан ба? Қалайда болса Абай бұл күнге шейін өмірінде дәл осы Барлас, Байкөкше баян еткен дастан, жырларға барабар еш нәрсе есітпеген сияқты болды.
Күндіз де, түнде де Барластардың қасынан шықпайды. Екі ақын Ұлжан үйін барлық осы үлкен ауылға қанбазардай қалың жиын үйі қып жіберді.
Бие байлап болғаннан кейін, түске жақын, ауыл қымызға жиылады. Қыза отырып жыр тыңдайды. Күндіз ылғи ұзақ жырлар жырланады. Немесе, әредікте шешендер, ділмарлар айтқан тақпақ, тартыс, билік, даулар айтылады.
Ал ел айығып оңаша қалғанда, Барлас өз жырларына Асанқайғы, Бұхар жырау, Марабай мен Жанақ, Шортанбай, Шөже, Сыбанбай, Балта, Алпыс ақын - бәрін қоса, өзі құрбы өзге ақындар айтқан жырларды термелеп кетеді.
Бұлардың ішінен заман зарын, көп мұңын шертетін сөздерді, әсіресе бөліп айтады. Барлас біреуді мақтап, біреуден сұрап жырлайтын ақын емес.
Абай мен шешелерінің кешкі уақытта тыңдаған жырларының көбі: Барластың өзі сүйген құлақ күйі сияқты термелер болады. Мұндай кезде Барлас Абайға күндізгі Барластан тіпті басқа боп көрінеді Қызықты, қызуды, қыздырманы ғана айтатын күлкіші, сауықшыл Барлас емес. Кешкі кездерде, ол бір үлкен өсиетші кейде шерлі қарт сияқтанады.
Сондай-сондай кездерде өзінің де ішін ашып:
Құлағың сал жырыма,
Ойлана қара сырыма.
Шат-шадыман емеспін,
Құр құландай жортқанмен,
Құбылтып күй тартқанмен,
Қайғыдан, Барлас, құры ма?!-
деп, өз жайын термелеп кетеді.
- Қайғысы не?- деп Абай кейде шешесінен сұрайды.
- Әйтеуір үлкен қасиеті - болымсызды дардай ғып мақтай беретін әдеті жоқ екен. Ел ақтаған ақын емес қой. Сөзін ұғып ал осының!- деп қоюшы еді Ұлжан.
Тыңдай келе Абай Барластан тағы бір соны сөздер есітті. Ол осы заманның ұлығы мен бегін айтқан, сынап-мінеп айтқан сөздер. Бір терменің ішінде Барлас:
Аға сұлтан ұлық бар,
Елге мәлім қылықтар,
«Өл» дегенде өлмесең,
«Жүр» дегенде жүрмесең,
Малы құрым құрықтар
Кісен салып құлыптар!-
деп бір кетті.
Абай әкесінің үйде жоғын еске алып: «келмей-ақ
қоя тұрса екен», «қыдыра түссе екен» деуші
еді. Шынында да Барластар келгелі Құнанбай
бұл үйіне кеп қонған емес. Ол бір топ үлкендермен
ел аралап, жолаушылап кеткен. Ұлжанның
Барласты жібермегені де сол. Ақын мен
әнші Құнанбай жоқта болмаса, мұның ауылына
онша үйір боп, бой жазып жата алмайтын.
Барлас «ұлық пен бек» дегенде кімді айтады? Онысын ашпайды. Бірақ, Абай оның мұндай жырларын ылғи өзінше ұғады. Мысалдың көбін жақыннан іздейді. Бірақ, бұл бала да сырын, ойын ешкімге ашпайды.
Старшын дейтін әкім бар,
Пайдасын көрер жақындар.
Қалың елі тек жемі
Боранды күн тиіскен
Аш қасқырдай тақымдар...
Бұл - «старшын Майбасар» деп ойлайды Абай.
...Жарлы, зарлы демейді,
Кеңінен ашып көмейді
Түгіменен түйесін
Жұтам десе қай сорлы
Қалтқы болып бөгейді?
Соны көріп ақынның