Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 23:56, реферат
техникалық ТОО-лар
Дауыстап жылады. Жиреншеге білдірмеймін деп, әлі де ағызып шауып келе жатқан.
Сол шабыс қосылды ма, болмаса өзінің бала көңілінің сенделуі сондай ма, Абай бір уақытта жылау үстінде лоқсып-лоқсып булығып кеп, құсып-құсып жіберді. Аш өзегі ақтарылғандай. Жаны да, денесі де қатарынан қатты азап шекті. Бірақ сонда да тоқтаған жоқ. Аттың жалын құшып алып, тек қана құлап қалмасты ойлап, шаба берді. Жиреншеге жеткізбеген күйінде Көлқайнарға жетіп, шешесінің үйіне кеп түсті. Ұлжан тыста тұр екен. Баласы үйге тақай бергенде, өңіне көзін салып, тіксініп қалды. Абайдың түсі құп-қу, қатты өзгерген. Тіпті Абай сияқты емес. Ұлжан: «Көзім бұлдырап тұр ма?» деп кірпігін жиі қағып, қайта қарады Абай. Бірақ тіпті жат реңді. Баласы атын байлап қасына келгенде, жаңа байқады. Кезі де қып-қызыл боп ісіп кетіпті.
- Өй, Абайжан, қарағым,
не болды? Біреу тиген бе?- деп,
ішінен: «әкесі ұрды ма?» деп
те ойлап қап еді. Далада
езге кісі жоқ екен, Абай үндемей,
шешесін құшақтай алды да, баурына
кіріп, өзінің ып-ыстық басын
анасының тесіне басып,
- Жөніңді айтшы, қарағым, не болды? Әкең ұрды ма?
- Жоқ, ешкім де ұрған жоқ, кейін айтам... Апа, төсек сап берші, жатқызшы!- деп Абай шешесін құшақтап қысқан бойда, үйге қарай аяңдады.
Сабырлы Ұлжан осыдан әрі еш нәрсе сұрап тақымдаған жоқ. Үйде әжесін де, өзгені де үркіткен жоқ. Абай жайын бір жанға білдірмеді. Үлкен ақ үйдің оң жағына әкеліп, әжесінің жер төсегін жайлап берді де, шешіндіріп жатқызып, езінің мол пұшпақ ішігімен жауып, қымтап қойды.
Әжесі:
- Немене, қарағым? Ұшындың ба әлде,- деп бірдеңе білгісі келіп еді, Ұлжан:
- Ұшынған ғой.
Тимейік. Жатып ұйықтап тұрсын,
- Түңлікті жауып, есікті түріп қойшы! Абайға күн түспесін!- деп ақырын ғана айтты.
Әжесі іргеге қарап жатқан Абайдың сыртына қадалып отырып, қабағың түйіп, тамсанып қойды. Ернін үнсіз ғана қыбырлатып сиына бастады.
Таңертең Абайды
ертіп кеткен Жиреншенің қайда екенін
Ұлжан білмеп еді. Тыста бағанағыдай
тағы да ит шулаған соң, «тазысымен
келген сол болар ма?» деп үйден
шықты. Жиренше қонақ үйдің сыртына
түсіп, атын байлап жатыр екен. Ұлжан
үлкен үйдің жанында тұрып,
Жиреншені өз қасына шақырып алды да, жөн сұрады.
Жиренше таңертеңгі қоян қуғаннан бастап Жексен аулында көргенін де, жолшыбай не болғанын да тегіс айтып болып:
- Абай қайда өзі?-
деп еді, Ұлжан Абайдың жатып
қалғанын айтып, Жиреншеге
- Шырағым, сен
бала емессің, естиярсың. Өзің
барсаң бір сәрі. Ондай жаман,
сұмдық жерге Абайды несіне
апардың? деп, «жаман», «
Жиренше сөз таба алмай ұялып, қысылып қалды:
- Ұят болды. Өзім де өкіндім. Бірақ құдай ақына өлігін көреміз деп ойлаған жоқ ем!
- Жарықтығым, ендігәрі
Абайды бұндай жерге бастай
көрме! Тіпті басың жас,
Талай үлкеннің ішінде сөзін осындай байсалды қып айтқан, сондай өтімді, салмақты қып айтқан кісіні Жиренше бұрын көрмегендей болды.
Ұлжанның жай, салқын айтқан сөзі бұған ұрысқаннан да, ұрғаннан да жеңіл тиген жоқ. Қысылғаннан, біраз жер шұқып тұрып, қонақ үйге қарай қайта бұрылды. Ұлжан да өз үйіне
беттеді. Жиренше еш нәрсеге айналып бөгелместен атына мініп, тазысын жетектеп алып, кетіп қалды.
Бұл - түс ауып бара жатқан кез еді.
Абай кешкі козының жамырауынан оянды. Бүгін қойды кеш сауып болған ба, немене, ымырт жабылып қалыпты. Дүние у-шу, ызың-ызың... Бірақ соны көмескі, бұлдыр бір түс араластай болжайды. Басы мең-зең. Еті лапылдап, күйіп тұрған сияқты. Аузы құрғап, ерні қатты кезеріп қапты. Құр тамсанады. Қасында шешесі мен әжесі отыр. Ұлжан мұның маңдайына алақанын қойып, төмен қарап отыр екен.
- Апа... Әже... Немене,
мен аурумын ба осы?- деп, көзі
жасаурап шешелеріне қарай
- Иә, етің ыстық.
Ауырған жерің бар ма?..- деп,
Ұлжан сұрады. Абайдың аунап түскенде
екі шекесі қатты шаншып, қысып
ауырғандай болатын. Соны
Ұлжан енесіне бағана, Абай ұйықтап жатқанда бір жайды айтқан.
Екеуі де:
- Шошынған ғой,
содан ұшынған ғой!- деп байлаған-ды.
Зере Жиреншеге де, үлкендерге
де қатты ұрсып, жерге
Абай шешелерінің күндізгі жайды білгенін байқады да:
- Әкем... Әкем!..- деп
әкесін еске алып, күрсініп, кеудесін
сипап, шешелеріне құпия қып
шаққандай боп: - Не деген қатал,
не деген қатты еді!- деді. Әкесі
турасындағы іште жүретін
Әжесі шала есітті, Ұлжан үн қатпай, Абайға жауап та айтпады. Бірақ, енесі бұған қадалып, тізесінен түртіп, «не дегенін айт» дегендей ишарат еткен соң ернін Зеренің құлағына тақап:
- Әкесін айтады. Қатал
екен, неге аямады дейді,- деді.
Әжесі ұқты да, күрсініп, Абайдың бетіне
таман төніп кеп маңдайынан ұзақ иіскеп
отырды.
- Айналдым, қарашығым, қоңыр қозым!- деп алып:- Аямайды, аямайды ол?- деп келіп, көзін жұмыңқырап, басын жоғары көтере берді.
- Я, құдая, зар
тілегім босын. Бейуақтағы
Екі ана ортасында жаны ауырған бір бала. Бейуақтағы үшеуінің құпия тілегі - зор шындықпен еміреніп тілеген тілегі осы еді.
Абай өзі де бетін сипап, ана тілегін барынша қабыл алып, бата қылды.
Өмірін, балалығын қайта тапқандай, ішіне мол сәуле, игі сәуле кіргендей.
Бірақ ол іші. Ал, денесі әлі ауру. Көңілі сергиін деп еді, етінің қызуы мен басының шаншуы қайта меңдеді. Енді үшеуі де үнсіз, жым-жырт. Даладағы қой-қозының шуы да алыстап барып сөнген болатын. Үй іші сияқты дала да бүгін дағдыдан тыс жым-жырт.
Осы кезде Абай мен анасының құлағына ерекше бір жат, суық үн естілді. Біреу:
- Ойбай, бауре-ем!
Ойбай, буре-ем,- деп ат қойып
келе жатыр. Бұл елде кісі
өлгенде алыстан ат қойып
Ұлжанның көңіліне алғаш қорқыныш үстінде кеп қалған ой: «Осы үйдің біреуі жазым болды ма, әлде Құнанбайдың өзі жазым болды ма?» деп еді. Шошып, елең еткен бойында құлағын сыртқа бұрды.
Үркіп қалғандықтан аңғара алмапты. Тасырлатып шапқан ат даусы жоқ. Өзі жақын жерде және жаяудың үні. Абай бұрын білді. Даусын әдейі жуандатып зорайтып айқайлағанмен, баланың үні. Тіпті, дәл тентек Оспанның үні екен.
Ол даладағы ойыннан қайтып келе жатып, «жаман ырым» анау-мынау дегенге қарамастан, қаннен-қаперсіз өтірік жылауды үдетіп:
- Ойбай, баурым
Қодар!.. Ойбай Қодар,- деп, санын
сабап шауып келді. Қодардың
өлімі барлық ауылға да, оған
да естілген. Жаңа, кешке жақын,
бұлақ басындағы бір тақырға
жиналған өзі құрбы балаларды
бастап осылай ат қоюды көп
ойын қылған. Тақырдың ортасынан
шұқыр қазып, соған бір қу
сүйекті әкеп бейітше
Ұлжан Абайдың сырқатының үстінде өзін жаңағыдай жаман шошытқан Оспан мінезіне қатты ашуланды.
Күні бойы батпақ кешіп, аяғы әрі былғаныш, әрі күс-күс болған Оспанды:
- Бері келші, әй,
балам! Бері келші!- деп, ешбір
сыр білдірмей, ұрыспай
Шешесі мұны сол қолынан шап беріп ұстап алып:
- Сен жаңағы ат
қойған нәрсені қайдан
Оспан әкесі ұрғанда жыламаса да, шешесі ұрған уақытта тіпті жылауық. Әке жылағанға қарамайды. Ал, шешесіне қарсы кейде бұның емі бар. Бас қорғаудың жылауы. Қазірде де бақырып, бар даусымен шырқап, азан-қазан қылды., Шешесінен босап барып сол жақтағы биік сүйек төсектің үстіне секіріп шығып, етпетінен жатып ап жылады. Бірақ, бұл жолы қанша жыласа да, оған қайысып, уатам деген шеше жоқ. Оны біледі. Сондықтан аяқ кезде көзде жас болмаса да, өтірік анда-санда бір бақырып қойып жатыр. Өзі де жылауынан жалыға бастады. Енді тағы да ойнақы тентек мінезіне бой ұрып, жылаған боп жатып, әредікте қысқа ғана:
- Ойбай, бау-рем!-
деп қояды. Бір-екі рет
- Ойбай, бау-рем Абай!- деп қойып, сұнқ етті. Абай басы ауырып жатса да, еріксіз күліп жіберді.
Оспан енді байқады. Шешесінің үлкен, толық денесі қайта қозғала бастады. Ол тұрғалы жатыр екен. Тағы бір тықырдың болатынын біліп шешесі тұрып болғанша Оспан төсектен ырғып түсіп:
- Ойбай, бау-рем
Абай! Абай! Абай!- деп есікке қарай
атқып берді. Шешесі тұрып
- Әй, кім барсын? Ұста!
Ұстап әкелші, ана жындыны!- деп
еді. Оспан есік алдында
Абай осыдан бірталай, ұзақ ауырды. Алғашқы күндер біреу «ұшынған» деді, біреу «соқпа» деп, тағы біреу «сүзек» деп, әртүрлі топшылағанмен, дәл басқан ешкім болған жоқ. Әсіресе ем істелген жоқ.
Жалғыз-ақ, алғаш жығылған күннің ертеңінде, әжесінің бұйрығы бойынша, бір қартаң қатын, күн батарда Абайды далаға алып шығып, жаңа сойған қойдың өкпесімен қақты. Бетіне су бүркіп, үшкіріп:
- Кет бәлекет,
кет! Көш баламнан, көш!- деп, батып
бара жатқан қып-қызыл күнге
қаратып қойып, бірдеме ем
Абай, буындары қалтырап, басы айналып зорға шыққан. Көзі бұлдыр тартқаннан ба, әйтеуір қазіргі бар дүниенің қызылы бұрын бұл көрмегендей біртүрлі ерекше көрінді. Ертегі ме, түс пе? Әйтеуір бір басқаша ғаламның өзгеше суреті тәрізді.
Екі күн өткен соң, ауыл Көлқайнардан, Шыңғысқа қарай көшті.
Бірталайдан бері, ел-елдің үлкендері, шаруа иелері «жайлаудың тоңы жібіді ме екен? Көгі жетілді ме екен?» деп, өткен-кеткеннен ылғи сұрау салумен болған. Бауыр, бөктер көктегенмен, Шыңғыстың сырты тез жылына қоймайтын да, ерте көктемейтін. Қар қалың түсетін биік сырт. Бар Тобықтының мол сулы, кең жайлауы ұзақ өріс, мол қоныстары сол, Шыңғыстың ар жағында.
Құнанбай аулы көшкен шамада, айналадан өзге қалың ел де дүрк көшкен. Ойдағы мол шалғынды қыстаулық жер: Жидебай, Мұсақұл, Шүйгінсу сияқты қорықтардан да ағылып көшіп жатыр. Әр ел, тұс-тұсындағы Ақбайтал, Көлденең, Жігітек, Шатқалаң, Бөкенші сияқты асу-асуларға қарай беттеді. Шыңғыстағы кей асулардың аттары таудың сол тұсын иемденген ру атымен аталады. «Жігітек», «Бөкенші» деген сондай аттар еді.
Бөкенші асуына Қодар қыстауы мен Жексен қыстауының аралығындағы кең сайды өрлеп баратын.
Сау болса, Абай көшті
қөңілді өткізіп, асыр салар еді.
Көктемде Шыңғыс асып жайлауға көшу үлкен
атаулыға, әсіресе шаруа адамдары
мен жоқ-жітікке соншалық ауыр, ұзақ
бейнет көрінгенмен балаларға сейіл
сияқты.
Абай да бұрыңғы жылдар осы Көлқайнардан,
сонау алыс, сырттағы Байқошқар өзеніне
жеткенше он шақты көшіп баратын сапарды
қызығы бітпес қан базардьщ көшкеніндей
көретін.
Биыл да көшу солай.
Жолдағы белгілі қоныстар: Талдыбұлақ,
Барлыбай, Қызылқайнар. Кей қонысқа
таңертең кеп қона сала, кешке тағы
көшеді. Үдере көшу. Кей қоныста
бірді-екілі күн отырар-
Қыс пен көктем, күздеуде бір-бірінен алыс жүретін ауылдар осы сапарда қоныс жағдайымен әлдеқайдан түйісіп, қым-қуыт араласып қонысады. Адамдары, малдары, күркелері де қосылып, бір ауылдан бір ауылды айырып та болмайды.