Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 23:56, реферат
техникалық ТОО-лар
Бұрын ондай сөздеріне
Абай араласып та, тыңдап та көрмеген.
Бүгін бірінші рет әдейі
Абай келіп отырысымен анау үлкендер бұдан: қала жайын, оқу жайын, саушылығын сұрастырды. Өзге үлкендер ішінде Абайға, әсіресе, көңіл бөлген сөзуар, жарқын жүзді Қаратай. Ол Абайды көре отырып, Құнанбайдың өзге жас балаларын да еске алды.
- Осы, ана Ысқақ бір жошын! Біртүрлі пысық та, сергек неме!- деді.
- Ол әлгі Күнкенің қолындағы ма?- деп сұрап алып, Бөжей:
- Рас, құлдырап тұр!- деді.
- Иә, рас-ау, соның
оты бар!- деп, Байсал да қостады.
Мұның бәрі қиялап айтқан
Үндемей түйіліп, сұп-сұр боп отырған Құнанбай
ол сөздерге көп шіміркенген жоқ. Қайта,
теріс көргендей мойын бұрып, Абайға қарап:
- Одан да, не күтсеңдер
де осы жаман қарадан
Құнанбайдың мына баласын
осында шақыртып алып отырған және
жаңағыдай етіп бұларға танытқалы
отырғанын өзгеден Қаратай
- Сендер мұның
сүндетке отыртқанда не
Қаратай күле отырып:
- Сүндетке отырғызғанда,
ауырсынып жылап жатып: «Құдай-
Құнанбай естімеген сияқты, ешбір белгі бермеді. Бұл сияқты сөз онымен Байсалдардың қабағына қарағанда ұзаққа бармайтын тәрізденді. Абайға жайлысы сол болып еді. Әйтпесе үлкен адамша орталарына шақырып ап, ақымақ бала қып қойып күлгендеріне ырза болайын деген ойы жоқ.
Сөйткенше, сырттан Оспан кіріп келді. Кішкене інісі. Ауылға келгелі көп сұраса да, көре алмаған тентек, содыр інісі.
Ол сәлем беруді ұмытқан жоқ. Бірақ әкесі мен өзге ешкімге қарамастан, келе Абайды құшақтай алды. Өзінің де ең жақсы көретін туысқаны Абай еді. Екеуінің арасы 5-6 жас. Сондықтан Абай қазір де оған аға есепті. Оспан келе бергенде бұ да құшағын жайып бетінен сүйді. Үлкендер
бұлардың жаңа көріскенін сезіп, мына мінездерін кешіргендей. Бірақ келесі минутта-ақ Оспан өзінің тентектігін танытып, абыройдан айырыла бастады. Ол, «қайда жүрдің» деп ақырын сұраған Абайға жүресінен отырып, ағасының мойнынан құшақтап, өзіне қарай тартты да, құлағына бір нәрсе сыбыр етті. Бұнысы бір қатты нашар боқтық сөз еді. Шеткі үйде өзінің ағасы Тәкежаннан үйреніп кепті. Сағынған ағасымен ең алғаш тіл қатқанының өзі осы. Абай сескеніп, құлағын тартып қап:
- Өй, не дейсің?- дей беріп еді, Оспан атып тұрып, мұны бас салып құшақтап:
- Айтпа, айтпа деймін анаған! Айтушы болма анаған!..- деп, әкесі жақты нұсқап, Абайдың аузын аштырмай, шалқалатып жыға берді.
Абай бір жағынан еріксіз күліп, екіншіден қысылып, бойын жиып алайын деп еді. Денесі кесек, қолы қайратты Оспан түрегеліп алып, шалқалата жығып салды. Және соның үстіне, ұртына тығып жүрген бір сілекейлі қатты нәрсені әпсәтте Абайдың көйлегінің омырауын ашып, жалаңаш етіне тигізе тастап жіберді. Абай сескеніп, тітіркеніп ырши берген. Үлкен кісі скяқты боп отырған шәкіртті, мына бала бір сәтте кішкене балаша алыстырып, арпалыстырып жіберді.
Оспан оның тітіркенгеніне мәз болып, әкесін ұмытып сақылдап күліп:
- Бақа! Бақа салып
жібердім көйлегіңе,- деп, Абайды
бұрынғыдан да жаман
Құнанбай өзінің арт жағында отырған балалардың не қып жатқанын байқамаған. Енді тентек Оспанның дағдылы мінезі құтырып, үдей бастаған соң ашуланып, шұғыл бұрылып, жалт қарады. Жаңа байқады. Алпамсадай болған, асау қара баласы, Абайдың кеудесіне мініп ап тұрғызбай жатыр екен.
Құнанбай өз алдындағы мына бейбастақтыққа қатты ашуланып, Оспанды сол қолымен өзіне қарай жұлқып сүйреп алды да, жақтан тартып-тартып қалды. Оспан екі беті нарттай жанып, үлкен көздерімен әкесіне шоқтай қадалып, сазарып тұрып алды. ҮҰғанына титтей міз баққан да, қалт еткен де жоқ. Бұның бәрін көріп отырған Сүйіндік Байсалға күбір етіп:
- Жаным-ау, қасқыр бала мынау ғой!- деді.
- Құж десеңші. Мынадан ба, мынадан шығар-ау!- деп Байсал да күңк етті.
Құнанбай атшабарға қатты әмір етіп:
- Бар, алып кет
қарғыс тигенді!- деп Оспанның
бетін бұрды да, итеріп қалды.
Бала сүрініп құлай бергенде,
атшабар да қармап көтере
- Қап, мына абыройсыз,
бар абыройдан бір-ақ айырылды-
Қаратай, Байсалдар Оспанның кетісін өз іштерінде: «қорқып кеткен жоқ, егесіп кетті» - деп бағалаған.
Құнанбайдың бұрыннан да түйіліп, айтар сөзін бастамай ызаланып отырған қалпы бар еді. Мынау тұста тағы да суынып, түнере түскендей болды. Үй іші бірталай жым-жырт отырып қалды.
Сонымен, біраз томсарып
отырып барып қайта қыбырласқанда
Құнанбай ойдағы сөзін бастады.
2
Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде, қызғылт, күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр. Оқтын-оқтын іргеден соққан жел лебімен әлсіз шам кейде ұйтқып, шалқи түсіп, кейде лапылдап, жалпылдай жанады. Қырын отырған әкесінің үлкен, кесек пішіні Абайға жартылай ғана көрінеді.
Түсі суық. Қара сұр жүзіне бозғылданып түгі де шығып алыпты. Жалғыз өзі ұзақ сөйлеп отыр. Зор даусында ыза мен зіл бар. Кейде Абайға қызық көрінетін бір мақалдар, мәтелдер айтылып кетеді.
Абай әкесінің сөз желісін, түп мәнісін түсінген жоқ. Кейбір мақалдарын ғана таңдана шешіп отыр. Осы бар үлкеннің мұндай жердегі салты бойынша, әкесі де тұспалдап, орағытып ұқтырмай сөйлейді. Бір сөзімен бір сөзін жалғастыруға Абай үлгірмей, адасып қап отыр. Өзіне салса, жаңағы көңілді үйге, шешесінің жанына қазір кетер еді. Бірақ әкесі шақырған соң енді шығып болмайды.
Сондықтан бір уақыт ол әке сөзінің сыртын, ағымын тыңдайды. Кейбір өзі білмейтін қиын, жаңа сөздерін ұстап қалады. Әлдекімге қаптап, зіркілдеп сөйлеп отырған әке сөзі кейде бұған бір жортуыл, шабуыл үстіндегі шұбырынды, ұзақ сарын сияқтанады. Кейде ұғымсыз сөзден іші пысып, әкесінің пішін, тұлғасына қарап, қадалып қалады.
Тегінде ертекші, елеңші, не басқа әңгімеші адамға талай уақыт тапжылмай тесіле қарап қалу Абайдың кішкентай күнінен бергі әдеті еді. Адам пішіні әрдайым бұған бір тамаша, өзгеше қызық сурет тәрізденетін. Әсіресе, әжімі мол үлкендер пішіні бір қызық хикая тәрізді. Ол кей адамның айгыз-айғыз әжімінен, салбыраған ұртынан, қыртыстанған маңдайынан немесе бояуы оңған көздерінен, әр алуан сақал-мұртынан - өзінше неше түрлі жанды, жансыз дүние сипаттарын көргендей болатын. Қына басқан, сызаты көп тас па? Я селдір тоғай ма? Не, көде-көкпек пе? Кейде мал мен аң бейнесі ме? Бәріне де ұқсап кетіп отыратын Адам мүсіндері болады.
Әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ басының құлақтан жоғарғы жері қаз жұмыртқасындай көрінеді. Оңсыз да ұзын, үлкен бетіне, ұп-ұзын боп дөңгелей біткен сақалы қосылғанда, басы мен беті бір өңірдей. Сонда Құнанбайдың жалғыз сау көзі, оның көтеріңкі жал-тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай, сақшыдай бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя берсін, салғырттығы жоқ сергек, қатал күзетші.
Жалғыз көз шүңет
емес, томпақша. Тесіле, сыздана қарайды.
Кірпігін де сирек қағады. Иығына бота
ішігін жамылып, шалқия отырып сөйлеген
Құнанбай, осы үйде әркімге қарамайды.
Қарсысына таман отырған
Сақал-шашы бір реңдес, қара бурыл Сүйіндік оқта-текте бір қарап қойғаны болмаса, Құнанбайға тесіле қарамайды. Көзін төмендете береді. Абайға оның пішіні - көп кездесетін, әңгімесі аз пішін сияқты. Бөжей де оншалық өзгеше емес. Түсі ақ сұр келген, өзі қоңыр сақалды, кесек мұрынды Бөжей - осы отырғанның бәрінен де сұлу. Бетінде әжімі де аз. Бірақ Абайдың көзін оған көп тартатын бір нәрсе - бұның бітікшелеу, кішкене келген көздері.
Құнанбай ұзақ сөйлеп отырған кезде Бөжей қыбыр етіп қозғалған жоқ. Көзін де төмен салған қалпынан бір көтермеді. Сондықтан оның ұйықтап отырғаны, я ойланып отырғаны мәлім емес. Қалың етті, салбыраңқы қабағы кішкене көзін көрсетпей, тасалап алған сияқты.
Құнанбайға бұлардың ішінен көз алмай, қырандай қарап отырған - дәл төрдегі Байсал. Қызыл жүзді, жирен сақалды Байсалдың денесі ірі, қапсағай. Көкшіл түсті үлкен көздері - әрі салқын, әрі сыр берместей сабырлы.
Бұлардан басқа барлық салқын: томсарған жандар ішіндегі ең жандысы, ең шапшаң, қағылезі Қаратай мен Абай қасындағы Майбасар.
Үлкендер тобына бір жақтан, әкеден төмен отырып, телміре қараған Абай болса, дәл осы тәрізденіп, барынша бой салып, қарап отырған - ана шеттегі жас жігіт Жиренше.
Бұл - Көтібақ ішінде Байсалдың жақын туысқаны Шоқаның баласы. Байсал әрдайым қасына ертіп жүреді. Әрі жігіті, әрі сөз ұғып, Адам болар деген жасы. Ол әңгіме атаулыны көп біледі. Қызық қып айтады. Өзі күлдіргі. Абайды еркелетіп те қоятын кезі бар-ды. Қазіргі осы жиында Абайдың оңаша кездесуді іздейтін жалғыз ыңғайлы көрер адамы осы.
Бірақ оның шыны ма, я әдейі үлкендерге көз қыла ма, әйтеуір, қазір Құнанбай сөзінен басқа бар дүниені ұмытқан. Сонымен бірге Абайды да былай қоя тұрған сияқты.
Жиренше қабағын бір шытып, қозғалақтап қалды. Абай енді байқады, әкесі сөзін аяқтап келеді екен.
- Қодар сұмның
қылығы сырт елдің алдында
менің бетіме салық болса, осы
елге, өз келеңе келгенде, осы
отырған бәрімізге салық.
Бірақ Бөжей мен Байсал мызғыған жоқ.,
Өзге отырғанның барлығы сөздің салмағы
мен түйінін өз арқаларынан сезгендей
боп қозғалақтап, ырғалып қалысты.
- Ендеше, өлімнен
ұят күшті. Ел көрмеген
Отырғандар осы күйді танып қалды. Құнанбайдың бұлай беттеп алғанда қайта оралар қайырымы жоқ, оны бәрі біледі.
Не айтысып, шарпысып
кету бар. Немесе іштен қоштамаған уақытта
Байсал, Бөжейдің бір тәсілі: міндет,
мысалды Құнанбайдың өзіне
Жан күйер жер болмағанда, олар осы соңғы мінезді көп қолданатын. Екеуі де жарытып, тіс жарып сөйлемейтін.
Бірақ Құнанбайдың мына сөзі үндемеске де қоймайды, үндеуге де жібермейді. Дел-сал етті. Үй іші бірталай уақыт жым-жырт отырды. Қодарды Абай білмеуші еді. Оған бұл ат әуелі - «Қозы Көрпеш - Баянның» Қодарын елестетті. «Сұм» дегеніне қарағанда да, былтыр Байкөкше ақын бұның шешелеріне жырлап берген Қодардың бейнесі сияқты. «Қодар деп соған ұқсаған біреуді әдейі сол атпен айтып отыр ма» деп ойлады.
Жым-жырт жиынның ішінен алдьімен сөйлеген - майысқақ Қаратай. Ол:
- Сұмдық екені
рас. Ұлы-қызыңның басына
Ал Сүйіндік сол сөзді оп-оңай, бІр айналмай айтып салса ертеңгі тауқымет бұнда. Және алдымен Қодардың сол Құнанбай айтқандай айыптылығына да көзі жеткен емес. Ол Қаратайдың шапшаңдығынан бір пайда да тапқандай болды. Әсіресе, оның «шын болғанда» деген босаң тастаған жерін ұстады да:
- Осы айыбына көз
жетсе, тұрғызып қойып