Техникалық ТОО

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 23:56, реферат

Описание работы

техникалық ТОО-лар

Работа содержит 1 файл

Үш күндік жолдың бүгінгі.docx

— 88.05 Кб (Скачать)

Сол биыл қыстыгүні  жалғыз баласы өлгеннен кейін, келінімен  жақын бопты дейді. Ана 

кісілердің сұмдық деп отырғаны сол.

- Жақын? Қалайша? 

- Не қалайшасы  бар? Шөккен дейді...

- Не дейсің?

- Е, сығыр, шөккенді  білмеушімең?.. Бура мен інгенше?.. Білесің?..- деп Жиренше, өте бір 

тұрпайы қозғалыстар  жасады. Ол үлкендер арасынан әбден  іші пысып шығып, енді салқын далада азырақ ойнақы күйге кеп тұр еді. Абайды күлдірмек болатын. Бірақ  Абай күлер емес. Көңілінде қатты  қобалжу бар.

Сол рас па екен?- деп, Абай қадала сұрады.

 Бәсе, сол анық-танығы  мәлім емес... Бірақ ел өсек  қып әкетіпті. Сүйіндіктің, жаңағы, анығын 

білейік деуі сол  ғой,- деп Жиренше салмақты болып  сөйлеп еді.

- Ендеше, бекер жала-дағы?

- Тіпті солай десетіндер  де көп. Бірақ әнеугүні Құнекең  мына Сыбан ішіне топқа барса,  сонда Солтабай төре осыны  бетіне салық қыпты. Мына кісі  төреге насыбайды тастасаңшы  дегенде, анау: «мен насыбайымды  тастайын, бірақ, Шыңғыстың бөктеріндегі  шашты сайтаныңды сен де тыйсаңшы!»  деп бетінен алыпты дейді. Соған  намысы келіп, Құнекеннің қатуланып  отырғаны әлгі ғой,- деді.

Абай әкесінің жаңағы «дарға асу» деген жердегі аяздай суық пішінін еске алды. Үндемей  біраз тұрып, қабағын шытып, қатты  күрсінді де, айналып жүріп кетті. Күрсінуі ауру дененің қиналған ыңқылына ұқсағандай болды. Шешесінің үйіне  қарай беттеді. Жиренше басқа  да бірдеңелер сөйлеспек боп, бөгемек  еді, қайрылған да, үндеген де жоқ. Кете берді. 
3

Келіні жаңа ысытып әкелген, құрт қосқан қонақ көжені анда-санда  бір ұрттап отырып, Қодар:

- Қарағым, Қамқа,  бүгін күн жұма ғой осы?- деді.

- Жұма, бейіт басына  барып, құран оқып қайтайықшы,- деді де, Қамқа күрсініп алып:- құданың құдіреті бүгін түсіме  балаңыз бір түрлі боп кірді,- деді.

- Пәке паруардигар!  Паруардигар!- деп, мол келген  батыр кеудесін қақ жарған  шерді Қодар да шығарды. «Түс  шіркін жұбаныш па, тәңір-ай!»  Бүгін өз түсіне де Құтжаны  - жалғызы кірген еді. Бірақ,  Қамқа түсті кәдімгідей медеу  кереді. Айтсын. Бала көңілі тым  құрыса, сонысымен уанған болсын. Тыңдайды.

- Осы дәл еңімдей,  үйдің сыртына кеп аттан түсіп,  асығып, жайраңдап кіріп келді.  Келді де: «әкем екеуің жылай  бересің... Зарлай бересің. Мені  шын өлді деймісіңдер? Ал мен,  міне, келдім... Тіпті өлгем жоқ... Қойшы, Қамқа! Қабағыңды ашшы!»  деп, осы бір түрлі сай-сүйегімді  босатты!..- деді.

Осы кезде Қамқаның да, Қодардың да кездерінен үнсіз жастар біртін-біртін сорағытып ағып отыр еді.

Жым-жырт үйде Қамқаның құлағына тыс жақтан бір ызың естілді. Қазіргідей таңертеңгі уақытта мұның  құлағына осымен бірнеше рет, осы  бір ызың естіледі де тұрады.

Қаны қашып, аппақ  сұр болған бетін тер жаққа, атасы  жаққа бұрып, қадала тыңдады. Екі  көзі жасқа толып, қызарып тұр. Аш бетінде кек тамырлары білінеді.

- Шыңғыстың бектер  желі ғой, қарағым. 

- Ызыңы несі?

- Қораның төбесі  ашылып қалыпты. Оның да тозығы  жеткен емес пе? Тесіктерден сорайып  шығып тұрған ескі қамыстар  бар. Сол құрғыр, жел соқса ызың  салады ғой,- деді.

Аздан соң екеуі  де тысқа шықты. Тозығы жетіп қалған жалғыз қоңыр үй, жапа-жалғыз кішкене, ескі шым қораға ықтап тұрғандай. Маңайда басқа не қыстау, не бірде-бір  киіз үй де, тірі жан да жоқ. Көшерлік өз көлігі жоқ болған соң, Қодар ешкімнен көлік те сұрамаған, қыстаудан да ірге аударып жылжымаған.

Бұрын баласы: «Жатақ боп жатамыз ба?» деп көлік  әкеп, көп ел ойға көшсе - ойға, қырға  көшсе - қырға ілесе беретін. Мал  тойыны, шаруа есебі дейтін емес. Әйтеуір, құр жас болған соң дүрмектен  қалмау сияқты. Онда Қодар өзі де, «тым құрыса, аққа тәуір болармыз, біреуден там-тұм сауын сауармыз» деп, елге ергенге қарсы болмаушы еді.

Ал биыл ағайын өзі  білмесе, балам өліп еді деп, енді жатқа телміргендей көлік сұрап  жүруді лайық көрмеді.

Қамқа да, өзі де Құтжанның  жас қабірін құлазытып, жалғыз тастап, «жайлау бар еді, сайран бар еді» деп, кеткісі келмеді. Күндіз-түні егілген  жаспен, еңіреген зарлылар арысын тастап кетерлік дәрмен де таба алмас еді.

Бұларда мал дейтін мал да шағын. Азын-аулағы болса, осы  қыстау маңын қысы-жазы жесе де, Бөктер шөбінің тұмсығын сындыра алмайды. Жалғыз үйдің қолындағы бары: жиырма-отыздай  ешкі-лақ, қой-тұяқ пен бір бұзаулы сиыр, екі торпақ болатын. Осы малды бағарлық, бұт артары бір ғана қоңыр ат. Құтжанның қоңыр аты.

Баласы өлген соң  Қодар қыстыгүні, осы ел ішінде кірме  боп, әркімде жалда жүретін бір  шал жиені Жәмпейісті өз қолына алып еді. Жәмпейісте қатын да, бала да, баспана  да жоқ. Өмірі шыр бітпеген сорлы  еді.

«Екі жарты бір  бүтін болайық. Кімге сенеміз? Иық  сүйесіп күн көрейік» деп, Құтжанға құран оқи қелгенде Қодар Жәмпейіске зарын шақты да, қолына ұстап қалды. Қазір қоңыр атпен бар қара-құраны қосып жайып жүрген сол Жәмпейіс.

Малда алаңы жоқ. Үйде де мінбелеп тұрған шаруа жоқ. Сондықтан, өмір мен уақыт бүгілдірген  бір кәрі, дерт пен зар бүгілдірген  бір сорлы боп, екі шерлі баяу басып, бейіт басына қарай аяңдады.

Жарқыраған май  күні бір түрлі боп нұрланып, тамылжып тұр. Аспанда ұсақ қана ақ мамық бұлттар  қалқиды. Айналадағы жазық пен төбешіктің бәрі де алқара көк. Аласа, тықыр, бірақ  тығыз бетегемен жайнаған. Қызғалдақ, жауқазын, сарғалдақ, бәйшешек дегендер қызыл, сары, көкшіл түстермен құлпырып жайнайды. Гулеп ұшқан көбелектей көп бояулы, неше алуан...

Бөктер желі таңертең, әрдайым, Шыңғыс аса соғатын қоңыр  салқын күйінде. Қазірде де күн қызуын жеңілдетіп, майда қоңыр лептей үріп тұр. Бірақ бұл жарастық, бұл жастық кімдер үшін?

Әлдекімнің рақаты, әлдекімдердің қызығы, сайраны үшін болар. Жалғыз-ақ, мынау екі қаралылар  үшін ол жоққа тән. Бұлардың алдында, кішкене көк төмпешік үстінде, құбыла жақтағы 

серек тасы шошайған жалғыз жас бейіт қана тұр. Көздері  де, көңілдері де сонда.

Дүниенің көктемі  Құтжанның былтыр ғана осындай кезде, күліп жайнап жүрген аман шағын, сау  шағын еске түсіреді. Еске түсіреді де, тағы да толқып келген құсамен басады. Жүрек басынан запыран, зәр төгілгендей  болады.

Қодар батыр денелі, алпысқа жаңа кірген, бурыл қарт еді. Жалғыздық пен осы қаралылық  иықтан баспаса, өмірдің мұны мойытар  өзге күші жоқтай.

Ол жасында найзагер батыр болған. Осы жасына шейін  өз қасиетін жоятын жаман аттан да аулақ.

Жуан кім, көп кім, бақ масы есер кім? Ешбірін де ол білмейтін. Өз өмірі, өз үй ішімен, өз айранын  ішіп күн кешетін.

Үйден шығып, әлдебір  сөзге, сыпсыңға да араласпаушы еді. Сондықтан алысты қойып, ағайын ішінде де бұны білетін жан аз. Өзі де аз ғана Борсақтан, Бөкеншіден басқа  жұртты танымайтын.

Соңғы алты ай ішінде, барлық жалын атқан қайғысы - жалғыз баласы Құтжан жайы.

Ендігі үміт не? Құлазыған  қу өмірде тірек не? Ойлағанмен тапқан емес. Таппасын білген соң, соңғы кезде  оны ойламайтын да. 
Жалғыз жанкүйері мынау қайғыдан сөніп бара жатқан, санадан солған бейшара келін. Оның алды немене? Не болады? Бұны шешуге тоналып қалған көңілі баспайды. Батылы бармайды. Бөтен боп кете ме деп ойлай бастаса, Құтжаны бір өлген емес, екі өлгендей көрінеді.
 

Келіні Қамқа мен  Құтжан арасының тәттілігі өзгеше еді. Бұл бейшара жетім қыз екен. Құтжан сонау алыстағы Сыбан ішіндегі нағашыларын іздеп барып, содан  алып қашып келген. Бұнда да артына оралар, ие шығар туыс жоқ. Сондықтан  ба, әйтеуір Қамқа Құтжан мен осы  үйдің тілеуіне бар ынтасымен  құлаған еді. Қодар соны танып, Қамқаны  дәл өз ішінен шыққан Құтжаннан бірде-бір  кем сүйген емес. Оның да, бұның да тең ортақ әкесі болды.

Біртоға, кесек мінезі бойынша, осы көңілін өле-өлгенше  сақтаумен, көрге бірге әкетемін деп сенуші еді.

Бірталай күн болды, Жәмпейіс тауда, көрші ауылдардың қойшыларымен кездесіп, сондағы естіген сөзінен  бірдемені бықсытып айта бастағанда, Қодар толық түсінбей, түсінгеніне  ыза боп, түсінгісі келмей тойтарып тастаған, айтқызбаған. Естіген сөздеріне  қарағанда, басы аман, өсекші ағайын тек  отыра ма? Соның шырғасы ғой:

- Бұл Қодар неге  қыстаудан шықпай, інге кіргендей  жатып алды?- деседі дейді. Тағы  бір кезде: 

- Осы Қодардың  келіні нені үміт қылып отыр? Не ойлаған ойы бар?- деп сұрастырады  дейді. 

Осындайға келгенде, Қодар мұндай жыбырдың ішкі зәрін, суығын сезгендей болған. Оның өз топшылауы  бойынша, бұндайдың арты жесір қатынға  әменгер іздеу. Мал шығармай біреудің үйіне тегін қатын кіргізіп беру. Қодар малына ие болатын мұрасерді  іздеу, соны табу.

Бұндай жай, өтірік ағайын - болмыс, жан күйер - болмыс атқамінер  қулардың құлшына кірісетін сыпсыңы.

Қодар елге жоламай, елдің келуін де тілемей қойғанда, әсіресе осындайдан қорқатын. «Тым құрмаса, баламның жыл уақыты жетсін»  деп, оның ар жағын тіпті ойламай, жауып қоюға тырысатын.

Енді, міне, өмір аязының  алдыңғы лебі болып, Жәмпейіс арқылы, қойшылар арқылы келіп жатқан сұм  салқын сол ғой деп ұққан-ды.

Қодар қиналып, қатуланған соң, Жәмпейіс өз естігенін тегіс  айтқан жоқ. Және айтам десе де, өзі  сөз білмейтін, сөзін кісіге ұғымды қып айта алмайтын аса бір орашолақ адам еді. Сонысынан тағы жасқанып, Қодарды қинамайын деп қойған-ды.

Бірақ бір күні далада бір кәрі қойшы бұған сұмдық айтты.

- Қодар келінімен  жақын дейді. Сен не білдің?- деген-ді. Бұған Жәмпейіс жаман  түршігіп:

- Оңбай кетейін,  естіген сұмдығым емес. Тарт... Тарт  кәпір, мына сөзіңді, тарт!- деген.  Ақтағаны ма? Жоқ, жай шошығаны  ма? Біліп болмайды.    

Бірақ жаңағы сөзді  бастаған кәрі қойшы өзі де сұмдықтың  Адамы емес-ті. Өз ішінен: «Мына бақыр  білсе, бүйтпес еді. Тегі, не аналар аман да, не мынау түк біліп сезбеген ғой»- деп ойлаған. Кейін де осы  көрші қойшы Әйтімбет, Қодарға, анда-санда  қатынасатын кедей-кепшіктен жағалатып, сұрау салып, жаңағы жаладан Қодарды  аман деп ұйғарды. Бірақ жақындағы  жарлы-жақыбай солай дегенмен, осы  өсекті қайта-қайта шығара беріп, көпке  жайып кеткен бір «көз» тағы бар. Не қылса да Әйтімбет Жәмпейістен  алғаш сұраған кезден бастап, осы  жала Қодарға оралып соға беретін  бітпес жала болды.

Қодарда соңғы күндерде Құтжан дертінен бөлек өзгеше бір  ыза бар. Оның себебі, осыдан үш күн  бұрын Сүйіндік бір кісі жіберіпті. Оңаша алып сөйлескен Бектен деген  бір сөзуар көсе бұған әрнені шарлап кеп:

- Ел аузына кім  қақпақ болады? Қан көтеріп әкетіпті. Жаны ашыған жақсы да сол  өсекті басам десе, баса алмапты,- деп, Сүйіндікті атап, оны бір  мақтап қойған. Содан тағы біраз  орағытып кеп: 

Жаман айтады... Сені мен мына келініңді жаман атқа тағады!- деп былш еткізгенде, Қодар:

- Өй, жаным, не  шатып отырсың?- деп, Бектен көсені  таптап тастардай болады. Анау  бірақ 

безбүйрек қайтпас  екен.

- Сол сөзге иланып  алған Құнанбай, саған қатты жаза  бұйыратын түрі бар. Сүйіндік  өз бауырын қисын ба? Саған  мені әдейі жіберіп отыр. Сөз  айқындап ашылғанша, тая тұрсын, бір жерге жалтара тұрсын дейді,- деп келген.

Қодар ыза мен  қорлықтан өлердей боп булығып, орнынан атып тұрып:

- Уа, кет, жоғал!  Құдайдың кәрін көріп болған  Қодар Құнанбайдың кәрінен қорқар  деп пе ең? Жоғал әрман!- деп  айдап жіберген.

Осы сөз бүгін  де Қодарды ызаменен қайнатады. Бірақ  Қамқамен бұл жайды сөз қылуды ойлаған емес. Өзінің әкелік жүрегі өзіне мәлім. Балалық жақындығы  Қамқаның да өзіне мәлім - берік. Сол  қайғы үстінде, күндегі бір-біріне мұң айту, күрсіне отырып зарларын шағу, екеуін әбден 

келін мен ата  халінен кетіріп, ортақ қайғыдағы  ене менен келіндей, немесе әке  мен баладай жақындатқан. Адам мен  адам боп танысып, табысқан-ды. Бірақ  өзге кеп жайды екеуі де ірікпей, бүкпей ашық сейлессе де жаңағы сұмдықты, жарылмаған уыздай, сорлы, шерлі баласына айтуға,

бірбеткей Қодардың батылы да бармас еді.

Екеуі ақырын аяңдап бейіт басына келді. Қодар құран  оқи білмейді. Қамқа да оқыған емес. Бірақ екеуі де өзді-өзі ішінен Құтжанға тілеуін, зар болғанын, арманда  қалдырғанын айтады. Әрқашан жанкүйер жақын қабіріне ыстық-ыстық жастар тегеді. Қайта-қайта бас қояды. Үндемей  иіндері тиісіп, көздерін алмай, ұзақ-ұзақ отырысады. Бұл қабірдің әр тасы екеуіне  санаулы. Әлдеқалай жел ұшырып түсірген шөп-шалам болса, оны алып тастап немесе топырағының ойсыраған, қопсыған жері болса, соны қайтадан түзеп оңдай  отырысады. Тағы да бірталай уақыт отырып қалып еді. Бір кезде бұлардың сырт жағынан дүрсілдетіп келіп  қалған бірнеше аттының дабыры естілді.

Қодар да, Қамқа да бұрылған жоқ, Аттылар мінбелеп кеп  түсіп жатты. Бұлар бес кісі екен. Бастығы Майбасардың қара сақал  атшабары - Қамысбай. Қалғанының екеуі - Бөкенші, екеуі - Борсақ. Қамысбай аттан  түсе бере:

Информация о работе Техникалық ТОО