Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 16:03, автореферат
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақстан- ның орталық және жергілікті мұрағат құжаттары кеңестік саяси репрессия тарихының дерек көзі ретінде талданады. Мұрағат материалдарын кешенді түрде зерттеу отандық деректану ғылымындағы көптеген мәселелерді айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХ ғасыр тарихы - КСРО мемлекеті, оның құрамындағы Қазақстан үшін арпалысты болды. Ғасырдың екінші онжылдығында дүниеге келген жаңа өкімет қоғамды түбегейлі өзгертіп қана қоймай, өзімен бірге халықтар тағдырына зор алапат апаттар алып келді. Бұл тоталитарлық мемлекет жүйесі және саяси репрессиялар толқыны еді.
Біз тоталитаризмнен демократияға өткен мемлекетте өмір сүре отырып, шын мәнінде өткен жүйенің қаншалықты қасірет әкелгенін түсінеміз. Қоғам өміріне еніп жатқан жаңа ойлар мен идеялар жылдар бойы кеңестік насихаттаулар арқылы қалыптасқан сананы бір мезетте өзгертпейді. Ұрпақтар алмасуы, тәуелсіз еліміздің жастары ғана бүкіл адамзаттық құндылықтарды қабылдап, жаңа жүйеге өтуге мүмкіндік алу арқасында бұл міндет үдесінен шығуға болады. Кеңестік тоталитаризмнің жүргізген ең ауыр шарасы - саяси репрессиялар. Біздің ойымызша, саяси қудалау тоталитарлық жүйенің ұлттық сана - сезімді күйретуге арнаған бағыты еді.
Большевиктердің «қызыл
1920 жылы қыркүйекте Мәскеуде Қазан революциясының мұрағаты құрылды. Жаңадан ашылған мұрағатқа осы жылы - ақ Кеңес мемлекетінің алғашқы жылдарындағы қызметі туралы материалдар мазмұндалатын Кеңестер сьездері, БОАК сессиялары, Халық Комиссарлар Кеңесі, Еңбек және Қорғаныс Кеңесі материалдары, В.И. Ленин қол қойған немесе жазған құжаттар түсе бастады. Революция мен азамат соғысы тарихын зерттеу үшін маңызды материалдар, оның ішінде Ф.Э. Дзержинскийдің өкімі бойынша Бүкілодақтық төтенше комитетке әкелінген Сібір үкіметінің, Колчактың құжаттары берілді [6, 15 б.]. Аталған қорлар құжаттары «қызыл террор» туралы мәліметтерді топтастырған негізгі деректер көзін құрайды. Себебі, Колчак үкіметі большевиктердің террорлық әрекеттерін тергеу мекемелерін құрған болатын.
Дерек көздерінің бір бөлігі Ресей Федерациясы әскери мұрағаты мен федералды қауіпсіздік қызметі орталық мұрағатында жатыр. Ресей Федерациясы әскери мұрағаты саяси репрессияға байланысты, оның ішінде Кеңес өкіметінің жазалау шаралары, атылған адамдар тізімі сияқты нақты мәліметтер жинақтаған. Ал Бүкілодақтық төтенше комитет пен Біріккен мемлекеттік саяси басқарма құжаттары Ресей Федерациясы Федералды қауіпсіздік қызметінің орталық мұрағатына өткізілген. Өйткені, «аса құпия» деген белгісі бар құжаттар әскери мұрағатқа жіберіліп отырылды. Ресми партиялық құжаттардан жазалау органдарының мәліметтерінің ерекшелігі нақты репрессивті шаралардың даярлануын, барысын көрсетеді. Кеңестік ұлт республикалардың бірі ретінде қазақстандық жергілікті органдардың барлығы әр ай сайын жүргізілген террор туралы материалдарды жинақтап, орталыққа жіберіп отырды. Мәскеудегі құзырлы органдардың құжаттарында басқалармен қатар еліміздің барлық облыстары туралы мәліметтер бар. Осыдан шыға отырып, репрессивті шараларды ашу ресейлік мұрағаттардың деректерін пайдалану арқылы жүзеге асатынын байқаймыз. Ал біздің орталық және жергілікті мұрағаттарда республикалық дәрежедегі мекемелердің жүргізген іс - қимылдары, әрекеттері мен қызметтері айтылады.
Қазақ жеріндегі «қызыл террор» деректері қазақстандық орталық мұрағаттарда аз. ҚР Президенті мұрағатында Қазақстан КП Орталық Комитетінің саяси зерттеулер институтының қорында Қазан революциясы, азамат соғысына қатысушылардың, Кеңес өкіметі орнауы барысында болған оқиғаларға жекелеген азаматтардың және олардың туыстарының қатысқаны жөнінде естеліктері жинақталған. Естеліктер кеңес дәуірінде жасалғандықтан, большевиктердің террорлық іс - әрекеттерін ақтау реңкі басым екендігін айтып өтуіміз қажет.
Қазақ жерінде ықпалды саяси күшке айналған Алаш - Орда үкіметінің орталығы Семей қаласында бүгінде Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі заман тарихы құжаттама орталығы орналасқан. Бұнда Кеңес өкіметінің орнауы, азаматтық соғыс, 1920 жылдардың бас кезіндегі большевиктер тарапынан жүргізілген «қызыл террор» тарихынан бай деректер шоғырланған. Қазақ жерінде өзіндік күшке айналған алаш интеллигенциясының саяси орталығы Семей қаласы еді. Себебі кез келген тарихи оқиға туралы сан - қырлы мәліметтер болған жерінде сақталады, жергілікті мекеме органдарында алғашқы қайнар көз құжаттар болады. Міне, Семей қаласында Шығыс Қазақстан облыстық құжаттама орталығының құжаттарының Кеңес өкіметінің орнауы, азаматтық соғыс, 1920 жылдардың бас кезіндегі большевиктер тарапынан жүргізілген саяси репрессиялар тарихының дерек көзі болуының нақты себебі осында жатыр. Аталған мекеме - кеңестік кезең деректерін топтастырған Қазақстандағы бірден - бір байырғы облыстық мұрағат.
Тарихшылар Кеңес өкіметіне қарсы күресушілер туралы негізгі деректер ретінде қазақстандық мұрағаттардағы сақталған естеліктер мен ел арасынан жиналған мәліметтерді пайдалануға мәжбүр. Бұл заңды да. Жоғарыда айтып өткендей, «қызыл террор» деректері толық сақталмаған.
Зерттеуші І. Қозыбаевтың ізденістеріне сүйенсек, Қазан революциясы және азамат соғысы кезінде мұрағат материалдары жойылған, қарсыластар тарапынан ұрланған, тіпті аукционнан сатылған [7, 18 б.].
Сонымен қатар, «қызыл террордың» көптеген мәліметтері Мәскеудің орталық және Ресейдің шекаралас облыстарының мұрағаттарында шашылып жатыр. Отандық мұрағаттардан біз Кеңес өкіметінің “қызыл террор” жылдарындағы жазалау шаралары, мемлекеттің алғашқы жылдарындағы Бүкілодақтық төтенше комитеттің жүргізген шаралары, кеңестік қудалау саясаты туралы деректерді жолықтырамыз. Қазақстандағы «қызыл террор» алдымен Алаш зиялыларына бағытталғанын да құжаттар айқындайды.
Қазақстанда қызылдардың террорлық әрекеттері шектен шыққан жағдайда болды. Бұны мұрағат қорларындағы деректер толық дәлелдейді. «Қызыл террор» Қазақстанның аймақтарын әрқалай шарпыды. Негізінен, шығыс, оңтүстік - шығыс, солтүстік, солтүстік - шығыс, орталық, батыс өңірлерді қамтыды. Деректерден көргеніміздей, азық - түлік салғыртына қарсы шаруалар көтерілістері мен мемлекеттің саясатына жергілікті халық наразылығы болған жерлер большевиктер тарапынан қатаң жазаланды.
Біздің ойымызша, «қызыл террор» большевиктік экономикалық саясаттан ғана емес, жеке адамдарға, барлық халыққа қысым жасаудан, яғни «төменнен жоғарыға» наразылықты басу мақсатында қолданылды. Бұның қазақстандық тарихнамада анықталмауы деректер базасының тарлығынан, жергілікті (ресейлік те, қазақстандық та) мұрағаттардың құжаттарын үзіп - жұлып ғана қарастырудан, ақпараттық негіздердің кешенді биікке көтерілмегенінен туындап отыр.
Көптеген мәліметтер жеке тұлғалар мен жергілікті өкімет орындары басшыларының да кеңестік саяси террорға қарсы тұра білгенін дәлелдейді. Ал құзырлы органдар мен жазалаушы мекемелер құжаттары мәселенің негізгі қырларын ашып бере алады. Оның ішінде, Бүкілодақтық төтенше комиссияның жергілікті органдары, кеңес милициясы, ішкі күзет әскерлері, ерекше міндеттер жүктелген бөлімдер, ішкі әскерлер, продотрядтар мен продармиялар.
Жалпы алғанда, Қазақстанда
Кеңес өкіметінің заңдық актілері мемлекеттің дамуының негізгі кезеңдерін ашып береді, мемлекеттік органдардың қызметін ашуда маңызды дерек болып табылады. Өйткені, заңдар - мемлекеттік органдардың қызметін, жүргізген саясатын зерттеу үшін басты дерек көзі. Олар мемлекеттің құқықтық негізін жасай отырып, бағытын анықтайды. Кеңес өкіметінің құжаттарында тоталитарлық жүйенің өктемдігі анық көрінді. Большевиктер заңдары міндеттеген бұйрық түрінде жазылды. Және де олар өздерінің репрессиялық саясатын жасырмай, ашық айтып отырды. Декреттердің шығуын зерттеу деректанулық талдау үшін маңызды мәліметтер бере алады. Бүгінгі күн тұрғысынан біз аталған шаралардың жазалаушыларға зор мүмкіндіктер ашқанын көрсете аламыз. Алғашқы заңдық құжаттар адамдардың сөз, ой бостандығын, шығармашылығын шектеді, қуғындады. Сонымен қатар, декреттер саяси жүйенің өмірге қалай еніп жатқанын анықтады және алғашқы заңдық актілер ретінде қоғамдағы үдерістерді реттеді. Декреттерді дерек ретінде талдау бізге Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы жүргізген саясатын ашып беруге көмектеседі.
Большевиктердің азаматтарды жазалау үдерісін заңдастыруы алғашқы күндерден - ақ күн тәртібінде тұрды. Мәселен, «Революциялық трибунал туралы» нұсқауда алғаш рет «халық жауы» деген термин қолданылды, «Мемлекеттік өкіметтің функциясын алу үшін жасалған қадамдарды контрреволюциялық әрекеттер ретінде тану туралы» қаулыда «контрреволюциялық әрекет» жөнінде, ал «Қызыл террор туралы» қаулыда «концлагерлер» және «ату жазасы» туралы айтылды [8, 15 б.]. Бұл шаралар қудалануды жүргізу мен материалдар жасауға нұсқау ретінде қабылданды.
Алғашқы кезеңде, яғни революциядан соң 1918 жылдың аяғына дейін кеңес құқықтық деректері Кеңестердің Бүкілресейлік Кеңестер съезі декреттері, БОАК, БРК халық комиссарлар бұйрықтары, жергілікті кеңестер актілері болып табылды. Мемлекеттің құқықтық – нормативті базасы түгелдей дерлік саяси репрессияның күшейтті. Кеңес елінің Конституциясынан бастап барлық заңдары адамдарды қудалауға бағытталды және олардың негізгі мақсаттары үндесіп жатты.
1922 жылы РКСФР Қылмыстық Кодексінің шығуы және онда ату жазасының үлкен мәнге ие болуы саяси репрессияларды заңдастырып берді. Кеңестік деректанушылар заңдарды тарихи дерек көзі ретінде талдағанда, негізінен Конституция, Декреттер секілді актілерді ерекше мазмұндайды. Өйткені ол заңдарда Кеңес өкіметінің негізгі шын бет - пердесі толық ашылмаған еді. Ал, Қылмыстық Кодекс баптарын қолданған құжаттарды талдау адамдар тағдырын шешудегі өкіметтің ролін аша алды.
Мемлекетте жазалаушы арнайы мекемелер де пайда болды. Бүкілодақтық төтенше комиссияның деректері адамдарды қудалаулық сипатқа толы болды. Мекеме құжаттарынан оның репрессивті шараларының бағыт – бағдары ғана білініп тұрмады, сонымен қатар жергілікті жерлерде жүргізген саясаты да осылай дамығанын біле аламыз. Революцияға қарсы күштерді жазалайтын мекеменің біртіндеп бүкіл елді қатаң қадағалауға алғаны мәліметтерінен айқын көрінеді. 1922 жылы ашылған Мемлекеттік саяси басқарма құжаттары да Алаш қайраткерлеріне қарсы саяси репрессияларды ашып беруге көмектеседі. Оның ішінде, агентуралық қызмет барысында жинақталған ақпараттар көп екенін айқындайды. Егер Бүкілодақтық төтенше комитеттің жергілікті органдары революцияға қарсы күштерге ашық шабуылдар жасаса, енді Мемлекеттік саяси басқарма жазба мәліметтер жинауға көшті. Бұның барлығы большевиктерге қарсы майданға болғандарға Қылмыстық Кодекс бойынша іс қозғап, заңды түрде қудалау үшін жұмыс жасауға даярлау жүргізілгенін анықтады. «Айыптау үкімі», «үкім», «айыптау қорытындысы» секілді құжаттарда Кодекс баптары анық көрінеді.
Алаш зиялыларына қарсы бағытталған шаралар Қазревком мен Қазақ АКСР – інің мекемелері қызметтерінен де көрінді. Алдыңғы мекеме Кеңес өкіметіне қарсы соғысып жатқан Торғай және Орал топтарын большевиктер жағына шығаруға байланысты жүргізілген жұмыс барысында көптеген құжаттар жасады. Жұмыс істеу аясында жинақталған материалдар Батыс Алашорданы жою мен елдегі бүкіл билікті қолына алу кезінде зиялыларды ығыстырудың басталғанын анықтайды. 1920 жылы 20 қазанда Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесінің амнистия туралы қаулысына нұсқаудың мазмұнының қазақ қайраткерлерінің қудалау құжаттары жасалу барысына әсері талданды. БКП (б) Қазақ Өлкелік Комитеті мен РКП (б) Облыстық Комитетінің іс жүргізу материалдары арасында осы тақырыптағы деректер бар. Көбінесе, жеке баяндамалар, арыздар, хаттар репрессивті саясатты анықтайды.
Мұрағаттарда Кеңес өкіметінің
толық орнаған алғашқы
Мекемелердегі іс жүргізу құжаттарының ішінде жиырмасыншы жылдары жеке адамдарға жүргізілген екі - үш беттен тұратын сауалнамалар тұлғалардың көзқарасын, қоғамдық - саяси қызметін анықтау үшін дерек ретінде пайдаланылды. Онда азаматтың мүліктік жағдайы, Қазан революциясы, азамат соғысы кезінде атқарған қызметтері, қандай партияда екендіктері, саяси көзқарасы, қудаланғаны туралы мәліметтер, Кеңес өкіметіне деген көзқарасы, туыстары туралы ақпараттар түгел сұралған. Губерниялық революциялық комитеттердің жеке іс парақтарына, кеңестік мекеме қызметкерлеріне арналған сұрақтарға назар аударсақ, Кеңес өкіметі қазақ интеллигенциясына күмәнмен қарағанын көре аламыз. Мәселен, «1914 жылдан 1917 жылдың ақпанына дейін қандай қызмет атқардыңыз немесе жұмыс істедіңіз?», «1917 жылғы ақпан айынан бастап 1917 жылдың аяғына дейін қайда жұмыс істедіңіз?», «Қазан төңкерісінен кейін қайда жұмыс істедіңіз?», «1918 жылдың мамыр айына дейін қайда жұмыс істедіңіз? 1918 жылдың мамыр айынан тамыз айына дейін қайда жұмыс істедіңіз? Қай партияда болдыңыз және осы уақытта қандай партиядасыз? Кеңес өкіметіне қатынасыңыз қандай? Кеңес өкіметінің қандай саясатына келіспейсіз? Ақ әскерде болдыңыз ба? Қандай саяси көзқарасыңыз үшін саяси қудалауға ұшырадыңыз?» деген сұрақтар қойылған. Деректер мәтінінен көрініп тұрғанындай, кеңестіктер әрбір азаматтың большевиктер туралы көзқарасын білдіретін ақпаратты толық жинап отырған. Бұл большевиктердің мемлекеттік мекемелерді «контрреволюциялық күштерден» тазалау үдерісінің бастамасы еді. Осы кездегі «тазалау» материалдары кейінгі «үлкен террор» кезіндегі тергеу материалдарына дәйек ретінде пайдаланылды. Аталған сұрақтарға Семейдегі алаш интеллигенциясы өкілдерінің түгел жауап бергенін жеке іс қағаздарынан анықтауға болады. Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі заман тарихы құжаттамалар орталығында Әуезов Мұхтар, Ермеков Әлімхан, Ақпаев Жақып, Бірімжанов Ғазымбек, Мәрсеков Райымжан, Нұрмақов Нығметтің жеке істері бар.