Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 16:03, автореферат
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақстан- ның орталық және жергілікті мұрағат құжаттары кеңестік саяси репрессия тарихының дерек көзі ретінде талданады. Мұрағат материалдарын кешенді түрде зерттеу отандық деректану ғылымындағы көптеген мәселелерді айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХ ғасыр тарихы - КСРО мемлекеті, оның құрамындағы Қазақстан үшін арпалысты болды. Ғасырдың екінші онжылдығында дүниеге келген жаңа өкімет қоғамды түбегейлі өзгертіп қана қоймай, өзімен бірге халықтар тағдырына зор алапат апаттар алып келді. Бұл тоталитарлық мемлекет жүйесі және саяси репрессиялар толқыны еді.
Біз тоталитаризмнен демократияға өткен мемлекетте өмір сүре отырып, шын мәнінде өткен жүйенің қаншалықты қасірет әкелгенін түсінеміз. Қоғам өміріне еніп жатқан жаңа ойлар мен идеялар жылдар бойы кеңестік насихаттаулар арқылы қалыптасқан сананы бір мезетте өзгертпейді. Ұрпақтар алмасуы, тәуелсіз еліміздің жастары ғана бүкіл адамзаттық құндылықтарды қабылдап, жаңа жүйеге өтуге мүмкіндік алу арқасында бұл міндет үдесінен шығуға болады. Кеңестік тоталитаризмнің жүргізген ең ауыр шарасы - саяси репрессиялар. Біздің ойымызша, саяси қудалау тоталитарлық жүйенің ұлттық сана - сезімді күйретуге арнаған бағыты еді.
ӘОЖ 930.253:94(574) «1917-1956»
Қолжазба құқығында
МҰСАҒАЛИЕВА
АРАЙЛЫМ СӘБИТҚЫЗЫ
Қазақстанның
орталық және жергілікті
мұрағаттар қорлары
құжаттары саяси репрессиялар
тарихының дерек көзі (1917-1956
жж.)
07.00.09 –
тарихнама, деректану және
Тарих ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Астана, 2010
Жұмыс
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
Қазақстан тарихы кафедрасында орындалды.
Ғылыми кеңесші: | тарих ғылымдарының
докторы,
профессор Х.М. Әбжанов |
Ресми оппоненттер: | тарих ғылымдарының
докторы, профессор І.М.
Қозыбаев тарих ғылымдарының
докторы, профессор Е.А.
Әбіл тарих ғылымдарының докторы, профессор Р.Ж. Қадысова |
Жетекші ұйым: | ҚР БҒМ Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты |
Диссертация 2010 жылы « » сағат -де Мемлекет тарихы институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.02 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады.
Мекен-жайы:
010000, Астана қаласы, Солжағалау, Орынбор
көшесі, 8 үй, Министрліктер Үйі, 14 кіреберіс.
Диссертациямен Мемлекет тарихы институтының кітапханасында танысуға болады.
Мекен-жайы:
010000, Астана қаласы, Солжағалау, Орынбор
көшесі, 8 үй, Министрліктер Үйі, 14 кіреберіс
Автореферат
2010 жылы « »
Біріккен Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы,
тарих ғылымдарының докторы
Ж.Ү. Қыдыралина
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақстан- ның орталық және жергілікті мұрағат құжаттары кеңестік саяси репрессия тарихының дерек көзі ретінде талданады. Мұрағат материалдарын кешенді түрде зерттеу отандық деректану ғылымындағы көптеген мәселелерді айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХ ғасыр тарихы - КСРО мемлекеті, оның құрамындағы Қазақстан үшін арпалысты болды. Ғасырдың екінші онжылдығында дүниеге келген жаңа өкімет қоғамды түбегейлі өзгертіп қана қоймай, өзімен бірге халықтар тағдырына зор алапат апаттар алып келді. Бұл тоталитарлық мемлекет жүйесі және саяси репрессиялар толқыны еді.
Біз тоталитаризмнен
Кеңестер Одағында орын алған саяси репрессиялар бүгінгі таңда дүниежүзілік тарихшылар тарапынан зерттелуде. Қазіргі кезде бұрынғы тоталитарлық мемлекет тарихының ақтаңдақ беттерін ашып, зерделеу қажеттілігі туындап отыр. 1996 жылы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «1997 жылды жалпыұлттық келісім және саяси репрессия құрбандарын есте сақтау жылы деп жариялауы туралы» жарлығының шығуы да қоғам өміріндегі аталмыш тақырыптың орнын көтеріп, өзектілігін анықтап берді. Қазақстанның қазіргі заман тарихында саяси репрессия тақырыбының өткір мәселеге айналуы осылайша жолға қойыла бастады. Тарихи еңбектер жазылып жатты, деректерді жариялау басталды. Бірақ саяси репрессиялар тақырыбы әлі де ізденістерді қажет етті. 2007 жылы, 31 мамырда Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол (бұрынғы - Малиновка) селосында «АЛЖИР» музейлік - мемориалдық кешені ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев тақырыптың тарихи перспективалары ашылды, біз оны міндетті түрде жүзеге асырамыз деп атап өтті. Бұл ретте алдымен саяси репрессиялардың тарихи деректері жан-жақты зерттелуі қажет деп ойлаймыз. Әртүрлі тарихи еңбектер жазылғанмен, негізгі түпқазық деректердің анықталуы тақырыптың ашылуын жаңа бір белеске көтерері сөзсіз. Бұл тұста кеңес кезеңі деректерінің ерекшелігі мен әлеуеті анықталып, қазақстандық мұрағаттар құжаттарын талдау керек.
Мұрағаттық құжаттарды тарихи дерек көзі талдаудың жолға қойылуы тоталитарлық мемлекеттің адам құқығын шектеу жолында жасаған қылмыстарын әшкерелеуге мүмкіндік береді. Мәселені анықтауда деректер - мен жұмыс істеудің жаңа методологиялық ұстанымдарын іздеу кеңес кезеңі мәліметтерін талдаудың көптеген мәселелерін туындатады. Алдымен жаңа мәліметтерді ғылыми айналымға енгізу, қазақстандық археографияны дұрыс жолға қою, деректерді құпиясыздандыру үдерісін шегіне жеткізу, зерттеушілерді шектеу салынған мәліметтерге жіберу секілді мәселелерді шешу қолға алынуы керек. Сонымен қатар, деректік материалдармен жұмыс істеу әдістерін игеру, жүйелеу бағытында кешенді түрде жұмыстар жүргізуді қолға алу қажеттілігі шықты. Осының барлығы тақырыпты зерттеудің маңыздылығын, мәселенің көкейкестілігін күн тәртібіне қояды.
ХХ ғасырдағы кеңестік саяси репрессиялар деректерін талдаудың өзектілігі халықтың бетке ұстар ұлт зиялылары аттарын қайта қалпына келтіру, еңбектерін зерделеу мен қарапайым халықтың отаршыл жүйеден шеккен қасіретін анықтауда да жатыр. Олармен бірге бізге қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы ұлт-азаттық күресінің жарқын беттері мен Кеңестер Одағының өз азаматтарына қарсы бағыттаған саясаты айқындалады. Тақырыптың таңдалуы да осы үдерісті толық әрі обьективті түрде ашумен байланысты болып келеді.
Тоталитарлық мемлекеттің жүргізген саяси репрессияларын мұрағат материалдары арқылы анықтау бүгінгі күнгі тарих үшін аса маңызды. Деректерді анықтау, жариялау, талдау, синтездеу тарихи үдерістің шынайы зерттеу негізін қалыптастырады. Ал кеңестік мұрағаттық құжаттар Кеңес өкіметі мен мемлекеттік мекемелердің осы кездегі қылмысын жан-жақты ашып беруде құнды деректер болып табылатыны сөзсіз. Онда жоғарыдан түскен өкімдер, үкімдер, бұйрықтардан бастап атқарушы билік пен құзырлы органдардың жүргізген жұмыстары толық баяндалады. Осы мақсатта отан тарихының келелі мәселелерін ашуда мұрағаттық құжаттардың деректік жағынан талдануы керек. Тақырыптың деректік тұрғыда ашылуындағы үлкен мәселелер - саяси репрессия құжаттарының толық жарияланбауы және қол жетімсіздігі. Сондықтан кеңестік уақыт мәліметтері басқа кезеңдермен салыстырғанда аз қарастырылған. Қазақстандық әртүрлі деңгейдегі мекемелерде жылдар бойы қордаланып жатқан мәліметтер жетеді. Еліміздің орталық және жергілікті мұрағаттары Кеңес өкіметінің террорлық саясатының біртіндеп көлемді саяси репрессияларға айналғаны туралы деректерді талдау көп мәселені шешеді, ғылыми айналымға жаңа материалдарды қосады. Мемлекеттік мұрағаттар қорларында 1917-1956 жылдар аралығындағы Отан тарихына байланысты материалдар көп кездеседі. Бұл мұрағаттық деректердің бәрі бірдей ғылыми айналымға еніп болған жоқ, сақтау қоймаларында өз зерттеушілерін күтуде.
Осының барлығы кеңестік саяси
репрессиялар тарихына
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Диссертациялық зерттеудің негізгі деректік базасы Қазақстанның орталық және облыстық мұрағат қорлары болып табылды. Жұмыс барысында аталған қорлардан мыңдаған құжаттар анықталып қаралды. Оның құрамы әртүрлі, мемлекеттік мекемелердің іс жүргізу құжаттарынан бастап жеке адамдар қорлары, тергеу құжаттары, мәлімдемелер, жеке істер, кеңестік еңбекпен түзеу лагерлері қорлары, ақпараттар және т.б. Кеңестік саяси репрессиялардың заңдық актілері мен РКСФР Қылмыстық Кодексі дерек көзі ретінде жеке талданып, жұмыс барысында беріліп отырылды.
ҚР Президенті мұрағатының №
Ресей Федерациясы мемлекеттік мұрағатынан №9414 - КСРО ІІМ тұтқындар орындарының Бас Басқармасы қорындағы қазақстандық еңбекпен – түзеу лагерлері құжаттары қаралды. Лагерлер Бас Басқармасының деректері толық жинақталған қордан біздің мемлекеттік мекемелерден жіберілген материалдардың құрамы, мән – мағынасы ашылады.
Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағаты жергілікті мұрағаттар ішіндегі ең үлкені. Аталған мұрағатта сақталған облыстық құзырлы органдар мен Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің деректері кешенді түрде қарастырылды. Одан №1257 - Қазақ КСР Әділет халық комиссариаты басқармасы, №205 - Қарағанды облыстық прокуратурасы, №731 - Қарағанды облыстық соты, №732 - ІІХК Қарлагы Прокуратурасы, №1108 - КСРО ІІХК көмір разрезі құрылысы және еңбекпен-түзеу лагерлерінің басқармасы, №1075 - КСРО ІІХК Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің Жартас бөлімшесі, №1143 - КСРО ІІХК Қотыр еңбекпен түзеу лагері, №1181 - Cарент еңбекпен түзеу колониясы, №520 - №2 Теміртау лагерлік бөлімшесі, №519 - №6 Волын еңбекпен түзеу колониясы, №110 - №1 Қазақ КСР ІІХК Шоқай еңбекпен тәрбиелеу колоннасы, №102 - КСРО ІІХК құрылысы және Сарань еңбекпен түзеу лагерінің басқармасы, №21 - Қарағанды облысы бойынша ІІМ басқармасы, №454 - ІІМ басқармасының еңбекпен түзеу колониялары бөлімінің №17 жеке лагерлік пункті, №458 - ІІМ басқармасының еңбекпен түзеу колониялары бөлімінің №19 жеке лагерлік пункті, №459 - ІІМ басқармасының еңбекпен түзеу колониялары бөлімінің №18 жеке лагерлік пункт, №410 - КСРО Ішкі істер министрлігі №99 әскери тұтқындар лагерінің басқармасы, №484 - №17 Астахов еңбекпен түзеу колониясы, №425 - Қарағанды облысы бойынша жұмыс жасаған ІІМ басқармасы еңбекпен түзеу колониялар бөлімі, №426 - еңбекпен түзеу колониялар бөлімі №18 Қарағанды жеке лагерлік пункті, №423 - еңбекпен түзеу колониялар бөлімі №20 Сарань жеке лагерлік пункті қорлары материалдары сарапталды. Ал ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша Комитетінің Қарағанды қаласындағы филиалы мұрағатынан №16 - адамдардың жеке істері біріктірілген қор іріктелді.
Ақмола облыстық мемлекеттік мұрағатынан №282 - Қазақ КСР ІІМ №330 әскери тұтқындарға арналған лагерлер басқармасы, №529 - Степняктағы жеке лагерь бөлімшесі, №892 - Атбасар қаласындағы еңбекпен түзеу лагерлер басқармасы және №154 совхоздар құрылысы, №1277 - 40-50-жылдардағы саяси репрессия құрбандары және олардың туыстары туралы құжаттар коллекциясы, №180 - Ақмола болыстық атқару комитеті, №46 - Көкшетау уездік ревкомы, №37 - Атбасар уездік кеңес жұмысшы шаруа милициясы, №181 - Атбасар уездік ревкомы, №312 - Кеңес жұмысшы шаруа милициясы, Атбасар қаласы, 4 аудан, №317 - Ақмола уезі, Ақмола қаласы 1 аудан кеңес жұмысшы шаруа милициясы, №454 - Атбасар уездік қылмыстық іздестіру бөлімі, №118 - Аштарға көмектесу бойынша Атбасар уездік комиссиясы, №343 - Ақмола облысы, Алексеевка селосы, 2 аудандық кеңес жұмысшы шаруа милициясы, №108 - Көкшетау жұмысшы, шаруа және қызыл әскер депутаттарының кеңестерінің атқару комитеттерінің әділет уездік бюросы, №1304 - Көкшетау уезінің ерекше тағайындау бөлімі қор құжаттары алынды. Материалдар Ақмола облысының Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы «қызыл террор» мен соғыстан кейінгі жылдардағы өңірдегі еңбекпен – түзеу лагерлері қызметтерін ашады.