Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 16:03, автореферат
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақстан- ның орталық және жергілікті мұрағат құжаттары кеңестік саяси репрессия тарихының дерек көзі ретінде талданады. Мұрағат материалдарын кешенді түрде зерттеу отандық деректану ғылымындағы көптеген мәселелерді айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХ ғасыр тарихы - КСРО мемлекеті, оның құрамындағы Қазақстан үшін арпалысты болды. Ғасырдың екінші онжылдығында дүниеге келген жаңа өкімет қоғамды түбегейлі өзгертіп қана қоймай, өзімен бірге халықтар тағдырына зор алапат апаттар алып келді. Бұл тоталитарлық мемлекет жүйесі және саяси репрессиялар толқыны еді.
Біз тоталитаризмнен демократияға өткен мемлекетте өмір сүре отырып, шын мәнінде өткен жүйенің қаншалықты қасірет әкелгенін түсінеміз. Қоғам өміріне еніп жатқан жаңа ойлар мен идеялар жылдар бойы кеңестік насихаттаулар арқылы қалыптасқан сананы бір мезетте өзгертпейді. Ұрпақтар алмасуы, тәуелсіз еліміздің жастары ғана бүкіл адамзаттық құндылықтарды қабылдап, жаңа жүйеге өтуге мүмкіндік алу арқасында бұл міндет үдесінен шығуға болады. Кеңестік тоталитаризмнің жүргізген ең ауыр шарасы - саяси репрессиялар. Біздің ойымызша, саяси қудалау тоталитарлық жүйенің ұлттық сана - сезімді күйретуге арнаған бағыты еді.
Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі заман тарихы құжаттама орталығындағы №37 - Семей уездік земство басқармасы, №44 - Семей уездік жұмысшы, шаруа және қызыл әскер депутаттары Кеңесі, №48 - Жалпыресейлік Уақытша үкіметтің Семей облысындағы басшысы, №72 - Семей губерниялық революциялық комитеті, №73 - Семей губерниялық жұмысшы, шаруа және қызыләскер депутаттары Кеңесінің атқару комитеті, №133 - Алаш қалалық қоғамдық басқармасы қорларының деректері Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы саяси күресті ашып береді. Әсіресе, Алаш қозғалысына қатысты мәліметтер көп кездесетінін айтып өтуіміз керек.
Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатында да №350 - Жетісу облыстық ревкомы, №352 - Кіші Алматылық стансалық ревкомы секілді қорларда аймақтағы «қызыл террордың» жүргізілуіне қатысты кейбір материалдар кездеседі.
Мәселеге байланысты кейбір
Жезқазған қалалық мемлекеттік мұрағатынан №381 - Қазақ КСР түсті металлургия министрлігінің Жезқазған мемлекеттік мыс қорыту комбинаты, №498 - ІІМ Далалық еңбекпен түзеу лагерінің саяси бөлімі, №498-П - КСРО ІІМ Далалық еңбекпен түзеу лагерінің саяси бөлімінің партия комитеті, №458 - КСРО ІІМ қарасты №37 әскери тұтқындардың Балқаш лагері, №380 - №39 КСРО ІІМ қарасты әскери тұтқындардың Жезқазған лагері қорлары алынды. Қорлардан әскери тұтқындар лагерлері мен Далалық лагерге қатысты материалдар сан - алуан мәліметтер табылды.
Сонымен қатар, деректердің
Жұмыс барысында деректік
Қосымша деректер - большевиктер саясатына қарсылықтар мен репрессиялардың жүргізілу туралы естеліктер мен мемуарлық материалдар. Оның ішінде, эмиграцияға кеткен, кезінде Алаш қайраткерлерімен бірге большевиктерге қарсы саяси күреске араласқан З. Валиди мен ұлт - азаттық қозғалыс қайраткері М. Шоқай және оның жары М. Шоқайдың, «үлкен террор» кезіндегі қуғындалған әйелдердің, «Әділет» тарихи - ағарту қоғамы мен ҚР Президенті мұрағатының бірігіп шығарған саяси репрессиялар құрбандары мен туыстарының естеліктерін айтуға болады.
Саяси репрессияларға
Диссертациялық жұмыстың зерттелу деңгейі. Саяси репрессиялар тарихы кеңестік тарихнамада толық әрі кешенді қарастырылмады. Әрине, бұл түсінікті де еді. Өздері құрған мемлекеттің қылмыстарын большевиктер әшкерелей алмайтын. Оны Н. Хрущевтің ХХ сиезде жеке басқа табынушылықты айыптаған баяндамасынан кейін де еңбектердің жарық көрмеуі дәлелдеп береді. Басты мәселе мұрағаттардың ашылмауы және құжаттардың құпиясыздандырылмауы болды. Деректерсіз тарихтың жазылуы мүмкін емес. Тіпті Н. Хрущевқа даярланып берілген мұрағат материалдары да жарияланбады.
Отан тарихында саяси
Жалпы алғанда, осы жылдардағы кеңестік репрессиялар тарихының тарихнамасын үш кезеңге бөлуге болады:
- 1988-1993 жылдар, репрессиялар тақырыбын күн тәртібіне қою және көлемін анықтау. Бұл уақытта қоғамдық пікір қалыптаса бастады, сонымен қатар мерзімді басылымдарда құжаттар жарияланып, саяси репрессияларды айыптайтын мақалалар толассыз шығып жатты. Ғылыми айналымға құжаттық материалдарды енгізу жүргізілді, сонымен қатар зерттеу жұмыстары да жазыла бастады. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтының бір топ ғалымдары үрдісті бастады және мәселеге отандық қоғамтанушы ғалымдар араласты;
- 1993-2000 жылдар, саяси репрессиялар
тарихын зерттеу мемлекет
- 2000-2009 жылдар, аталған тақырыптың әртүрлі мәселелеріне арналған деректер жинақтары шығып, көлемді ғылыми жұмыстар жарық көрді, яғни кеңестік саяси репрессиялар тақырыбы кеңейіп, көптеген докторлық диссертациялардың және монографиялардың тарихи зерттеу обьектісіне айналды. Ғалымдар Х. Әбжанов, Б. Аяған, Т. Жұртбай, К. Есмағамбетов, зерттеушілер С. Ділманов, Г. Көкебаева, Д. Махаттарды атауға болады.
Кеңес мемлекетінің жазалау
Бұл мәселелердің шығуына саяси репрессиялар деректерінің жеткілікті дәрежеде ғылыми айналымға қосылмауы да әсер етті. Көбінесе тарихшылар орталық және жергілікті мұрағаттар деректерін қатар алып қарастыруды мақсат тұтпады. Орталықта жазылған еңбектер тек қана сол жердегі мұрағаттарды, ал жергілікті тақырыпты ашатын зерттеулер облыстық мекемелер сақтау қоймаларындағы құжаттарды пайдаланатын үрдіс белең алды. Орталық және жергілікті мұрағаттар арасындағы байланыс, деректерін салыстыру, сараптау жұмысы кенже қалды. Облыстық мұрағаттар материалдары ғылыми айналымға қосылмады. Одан деректер базасының тарлығы туындады. Және қазақстандық мұрағаттар құжаттарын құпиясыздандыруды тек қана тоқсаныншы жылдардың екінші жартысынан қолға ала бастады.
Әлі күнге дейін кеңестік
Тақырыптың зерттелу дәрежесі диссертацияның бірінші тарауында арнайы қарастырылды.
Зерттеудің мақсаты - Кеңес өкіметі кезіндегі саяси репрессиялар тарихына қатысты қазақстандық мұрағаттар қорларын талдау. Осы негізде мұрағат материалдарын деректанулық теориялық - методологиялық тұрғыда сараптау туындайды.
Бұл мақсатқа жету үшін диссертациялық жұмыста төмендегі міндеттер қойылды:
- қазақстандық ұлттық мұрағат қорының мәліметтеріне деректанулық методологияның негізгі әдіс - тәсілдерін қолдану;
- тақырыпқа байланысты тарихнамалық шолулар жүргізіп, кеңестік саяси репрессиялардың әртүрлі қырларына байланысты жарық көрген ғылыми еңбектерді көрсету;
- Қазақстандағы «қызыл террор» деректерін анықтап, сараптау арқылы мемлекеттің репрессивті саясатын айқындау;
- большевиктердің жазалау жүйесін қалыптастыру барысындағы құзырлы мемлекеттік мекемелер іс - әрекеттерін сараптау;
- большевиктік заң актілерін дерек көзі ретінде пайдалана отырып, деректанулық талдаулар жасау;
- Алаш зиялыларын саяси қудалау деректері әлеуетін орталық мұрағаттар қызметі барысында жинақталған материалдармен кешенді түрде ашу;
- «үлкен террор» кезіндегі деректердің ерекшелігін және репрессиялар тарихындағы орнын қарастырып, деректік құндылығын анықтау;
- Ұлы Отан соғысы жылдарындағы репрессивті шаралар мәліметтерін айқындап, құжаттардың деректік маңызын зерттеу;
- соғыстан кейінгі сталиндік репрессияларға қатысты мұрағаттық құжаттардың құрамы мен мазмұнын анықтау.
Диссертацияның зерттеу нысаны - кеңестік мемлекеттік мекемелер мен саяси қуғындалған жеке адамдардың мәліметтері сақталған қазақстандық орталық және облыстық мұрағаттар құжаттары.
Жұмыстың зерттеу пәні - 1917-1956 жылдардағы саяси репрессияларға қатысты мұрағаттық құжаттардың деректік әлеуетін дәйектеу.
Зерттеу жұмысының методологиялық негіздері. Зерттеуде революцияға дейінгі және Кеңес өкіметі жылдарындағы деректанулық методологияның әдіс - тәсілдері қолданылады. Оның ішінде А. Лаппо - Данилевскийдің деректану методологиясын жаңа бағытқа көтеруінен бастап кеңестік деректанушылардың маркстік - лениндік идеология негізінде тарихилылық, обьективтілік ұстанымдарын деректерді талдауда қолдану әдістері қамтылады. Әр кезеңнің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, автор деректерді талдауға арналған тұжырымдамалардың қажетті тұстарын алуға тырысты. Осыдан келіп, жұмыстың методологиялық негізіне зерттеудің жалпығылыми методологиясы мен қазіргі ресейлік тарихшылардың деректану ғылымында қолдана бастаған жаңа, философиялық тұжырымдамалары алынды. Қазіргі деректанудағы адам қолымен жасалған дерекке қоғамдағы мәдениеттің туындысы деп қарау ұстанымын автор бөліседі. Ізденуші деректанудың барлық гуманитарлық ғылымдарға ортақтығын көрсете отырып, мұрағаттарда кездесетін әртүрлі мазмұндағы деректерге ішкі және сыртқы сынды соңғы кездегі методологиялық ұстанымдарға сай жүргізді.
Ресей ғалымдары А. Лаппо - Данилевский, С. Валк, М. Тихомиров, И.Д. Ковальченко, С. Шмидт, О. Медушевская, И.Н. Данилевский, В.В. Кабанов, М.Ф. Румянцевалардың зерттеу методологиясы диссертациялық жұмыста кеңінен қолданылады.
Бүгінгі күні қазақстандық