Дайын шетел инвестициясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 09:06, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап республика экономикасында күрделі бұрын соңғы болмаған өзгерістер болды. Реформа экономикада әлеуметтік жағдайларда да бағыт алуды өзінің мақсаты етіп қойды, оған жету, бұрын республикада қалыптаспаған экономикалық қатынастардың барлық жүйесін өзгертуді қажет етті, ал оны жүзеге асыру күрделі де ауыр процесс екені белгілі.

Работа содержит 1 файл

Дайын шетел инвестициясы.docx

— 173.13 Кб (Скачать)

       Сондай-ақ жеміс-жидек өндейтін 20 цех пен  зауыт, 5 кант зауыты, 29 сүт өндірісі, 25 шарап зауыты, 12 құс фабрикасы, жугеріні калибрлейтін 5 өндіріс орны, тағы баска да кәсіпорындар оны өндіру бағытында толық қайтарымен жұмыс  істеуде. Сол сияқты Казақстан Рсспубликасының  Индустриялық-иновациялық даму стратегиясы  бойынша облыстың кластерлік өнімдер  өндіру жөніндегі ізденістері де қуантарлық. Бұл тұрғыда көкөніс, жеміс-жидек, шарап, темекі, сут және құс етін қайта өндеу мақсатындағы жұмыстар нақгы нәтиже беруде.

       Ұлан-байтақ аймаққа орналасқан облыс байлығын тізіп айта берсек, ұзақ-сонар әңгімеге арқау болары анық. Өйткені, өсу көкжиегі сәт сайын кеңейген көптеген басқа  да салалар аз емес. Соның бірі балық  кәсіпшілігі, балық зауыты, кұрылыс  материалдарын өндіру, шағын өзендерде  энергетикалық нысандар салу аралығы  олардың куатты энергетикалық кешеңдерге баламалық қабілетін күшейту, ірі  караның және үй кұстарының еті мен  ішек-қарын, тағы басқа мүшелерін  қайта өндеу және бұқтыру, сүт, қант, сусын, ұн, кондитерлік бұйымдарды қайта  өңдеу кәсіпорындарын барынша көбейту  де күн тәртібінен, уақыт ауанынан түспейтін мәселе.

       Ауыл  шаруашылығы дегенде, тіл ұшына  алдымен ірі қара, жылқы және кұс, жүгері, қант қызылшасы, майбұршақ, темекі, картоп пен көкөніс өсіру және сүт пен жұмыртқа, жүн өндіру кәсіптері  оралады. Өйткені, аграрлық кешенде  көпсалалы, тұрақты 4 жылда орта есеппен  жыл сайын 455,3 мың тонна көкөніс  өсірілгені осының дәлелі. Айталық, Еңбекшіқазақ ауданында қуаттылығы 20 тонна табиғи шырын шығаратын ″Ақжол" ЖШС  іске қосылды. Ал "Фуд Мастер Компания" ЖШС "Пике" сауда маркісімен табиғи жеміс-жидек және көкөніс шырындары  шығарылуда. Сол сияқты Текелі қаласындағы "Зеленый дом" ЖШС ұзақ мерзім сақтауға шыдас беретін сапалы өнімдері де мол сұранысқа ие.  

       Облыстың  жеміс-жидек өсірудегі тәжірибесі мол. Жеміс ағаштарының, жалпы көлемі 17,2 мың гектарды, оның ішінде күзімдік алқалардың өзі 4,5 мың гектарды алып жатыр. Соңғы жылдары алманың  ежелг ″Апорт'" сортын қалпына  келтіру қолға алынды.  Сондықтан, Алматы облысының өз атынаа лайық  дүниежүзіне даңқы жайылатын  кезі де алыс емес екендігіне сенім  мол. Бұл бағытта, Қарасай, Жамбыл, Іле, Еңбекшіказақ, Талғар аудандарындағы бағбандар еңбегі үлгі, етуге тұрарлық.

       Жүзім шаруашылығын дамытуда да жақсы істер  бар. 4,5 мың гектарға жуық алқапты  осы жеміс ағашынан жасалатын  сапалы жүзім шарабы ауыл шаруашылығының тиімді буындарының қатарына жатады.

       Облыстағы қаржылық саланы дамытудың тағы бір  көзі — туризм. Табиғат таңғажайып облыстарымыздың тау-тасы, өзен-көлі, таза ауасы кімді болса да тамсандырмай қоймайды. Өйткені шөл дала мен мәңгі қарлы  шындары бар 5 климатық аймақтың өзіндік ерекшеліктерін айтып жеткізу мүмкін емес. Ежелден бері Талгиз, Алмалық, Құйған, Қойлық, тағы басқа атақты елді мекендері болған байсын өлкеде қазір Алматы, Алакөл  мемлекеттік қорықтары мен Іле Алатауы, "Алтынемел" табиғи парктері бар. Шынында да бір кездері көршілес Қытайдан шыққан Жібек жолымен Жетісу арқылы Түркия және Еуропа елдерін шарлауға мүмкіндік беретін киелі жерімізде тарихи орындар қаншама десеңізші.

       Облыс Қытай мен Орталық Азия республикаларының, Ресей мен Қырғыстанның  және Тәжікстанның арасындағы қолайлы көлік дәлізі ретінде де үлкен маңызға ие. Достық темір жол бекеті және Қорғас автокөлік жолдары арқылы Қытайға және одан   әрі   әлемнің   басқа   да   елдеріне қазақстандық тауарлар экспортка еш кедергісіз шығарылады. Көліктік логистикалық қызмет көрсетулер кластерін дамытудың аясында Алматы қаласының "Достық'' бекетінін; жол желілерінде ірі көліктік-логистикалық орталықтар кұру көзделіп отыр.

       Инвестиция  салымдар құрылысқа жұмсалған қаржының үлсс салмағы басым 61,2 пайыз. Жаңарту және техникалық қайта жарақтау жалпы инвестиция көлемінің 28 пайызын құрайды.

       Қазақстанның  интеллектуалдық және рухаи потенциалдығын негізі болып саналатын білім  жүйесі туралы қазіргі заманның талабына сай жалпы ұлттық жоспар қабылдап, әртүрлі тәжірибелерді тоқтатып, оларды реттейтін уақыт жеткен сияқты. Толыққанды білім жүйесіне мүмкіншілік  беретін экономикалық - ұйымдастыру  тетіктерін жетілліру - мемлекет алдында  тұрған үлкен міндет. Бұл мәселеде бюджеттің әлеуметтік салаға үлесін көтеріп қана коймай, бюджеттен тыс  қаржылаидыру мүмкіншіліктерін жетілдіру  қажет. Осы орайда инвестицияның  орны ерекше. Еліміздегі үлкен-үлкен  коммерциялық компанияларды бұл  мәссле  бойынша   жоспарлары  болып олардың жүзеге асырылуы мемлекет тарапынан бақыланып отырылуы керек. Мұндай оңтайлы процесті одан әрі  дамыту үшін Қазақстан экономикасындағы шынайы жағдайды сараптап, инвестициялық  процестін даму стратегиясын жасау кажет. Ең бастысы, бұл стратегия алдымен салаға инвестиция жүмсаумен жене шаруашылық инвестициясынан түсетін кайтарым мен ерекшеленуі керек. Инвестициялық іс-әрекет әлеуметтік факторларды ескере отырып реттелінбесе онда ол жалпы дағдарысқа апаратын негзігі себептердің біреуі болып табылады. Сондықтан да экономиканы, соның ішінде инвестицяны әлеуметтік тұрғыдан талдап, соның негізінде әлеуметтік және экономикалық" кұрылымдарды  қатар  қалыптастырып,   ескеріп   отырғанда   ғана дағдарыстан ептеп құтылуға болады. [Қосымша Д]

      Әрине,   экономикалық   және   әлеуметтік  тиімділіктерді,  дегенімен де олардың  нақты қырларын айқындап, нәтижелерін  қадағалап отыру қажет. Сонда  ғана инвестициялық процесс әлеуметтік-экономикалық саланың құрамдас бөлігі ретінде  өз міндеттерін  атқарып отырады 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

     Елiмiз  Тәуелсiздiк алған алғашқы 4-5 жылда шетелдік инвесторлар Қазақстанға келiп, жұмыс iстeyi жүректерi дауаламады. Оның себебi де түcініктi, өйткенi Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн жүргiзiлген жекешелендiру реформалары өте күрделi кезеңге дөп келдi. Саудада да дүкен сөрелерi бос қалып, инфляция қаулай бастады. Yкімет мемлекет иелiгiндегi кәсiпорындарды жеке басқаруға бере бастаған шақты ipi кәсiпорындардың көбi одан ары қарай жылжуға дәрменi жетпей тоқтап қалды, өте аз. Бұны жандандыруға ipi шаңырақ көтерген жас мемлекеттiң экономикалық қуаты жетпедi. Осыны көрiп, бiлiп отырған шетелдiк инвесторлар Қазақстанға қаржы салып, жұмыс iстeyre батылдық ете алмады.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Әлемдiк тәжiрибелерге сүйене отырып, меншiктiң ұланғайыр реформасын қысқа мерзiмде жүзеге асыруға мүмкiндiк бердi. Сол орындағы күрделi жағдай түзетiлгенге дейiнгi барлық уақытта Президент бұл салаға жете назар аударып отырды. Қазақстанға келiп жұмыс iстеудi ниет еткен инвесторларға мемлекеттiк қолдау мақсатында 1994 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесiне "Шетелдiк инвестициялар туралы" заңын, алғаш 1997 жылы 28 ақпанда "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" заңын Қазақстан Республикасының Парламентiнде қабылдатады. Осы заңдармен бiрге, Қазақстан Ресубликасы үкіметінің инвестицияға қатысты қаулылары шетелдiк инвесторлардың Қазақстанға келiп жұмыc істеуіне мүмкiндiк бердi. Сонымен меншiк иесi өзгерген нысандарының алғашқыларының қатарында "Қарағанды металлургия комбинаты", "Жезқазған түсті металл АК," және "Балқаш мыс Балқыту комбинаты", "Павлодар аллюминий зауыты", "Қазхром" ТИК, "Ақтөбемұнай" бiрлестiгi және Шымкент мұнай өңдеу зауыты болды.

     Айта  кeтeтiн бiр жәйт, әлемнiң ең ipi рентинг берушi агенттiгi "Moody's" Ресейдiң "интерфакс компаниясымен бiрiгiп Қазақстанда өзiнiң өкiлдiгiн ашуда. "Moody's" aгeнтігінe әлемнiң жүздей елiнде банктер мен бағалы қағаз эмитенттері құлақ асады.

      Бұл жұмыстың артықшылықтарында түсiндiрiледi: корпорацияның жетiсiтiгi оның брендiнiң ceнiмiнe және репутациясына тәуелдi. Қазақстанға инвестициялық рентингтiң берiлуi елдiң жетiстiгiнiң көрсеткiшi. "Moody's" әлемдiк агенттiктердiң iшiнде алғашқылардың бiрi болып Қазақстанның егемендiк рейтингiсiн ("Baal") 2002 жылдық қыркүйегiнде көтердi.

      Экономистердiң тiлiнде "Васт" елдiң мiндеттiлiгi орташа сенiмдiлiкке жататындығын бiлдiредi. Оны тiптi жақсы қорғалған немесе тiптi" қамтамасыз етiлмеген деп бағалауға болмайтындығын бiлдiредi. Ал ендi бiзге рентинг aгeнтігінің көзқарасының өзгеруiн бiрден бiр себебi бiздiң экономикалық халхуал. Бiздiң ел ең ipi мұнай қорын иеленедi және басқа да минералды ресурстарының бай қорын иеленедi және дұрыс фискалды саясатын жүргiзедi, әлемдiк өзгерiстерге тез бейiмделе алады.

      Бiзге инвестициялық рентингтi eкi жыл бұрын бердi. Қазақстан Республикасының экономикасына рентингтiң әcepi инвестициялық климаты белгiлi болды, яғни, қарыздың мiндеттемелердi елiмiз дұрыс пайдаланса бiледi. Соңғы кезде елiмiзге салынган тiкелей инвестициялар aгeнтіктің мәлiметi бойынша ЖҰӨ-нiң 5,8 пайызын құрайды.

     Республикамыздың  негiзгi көрсеткiштерi келе-келе жақсаруда. Қазiргi кезде Қазақстанның 20-дай кәспорыны өзiндiк рентингiсiн алған. Ең жоғарғы бағаны жалғыз бiр ғана мұнай фирмасына берiлген, ал басқа компаниялар "В" және "С" бағасын алды. Болашақта әрбiр Қазақстанның кәсiпкер компаниясы, фирмасы рейтингiнi алады деп күтiлуде.

     Айта  өту керек Қазақстан нарығында тiкелей және портфельдi инвестицияларды іштің және шетел инвестицияларының белсендi жұмыс жасап жатқандығы көрiнедi.Бiрақта бір шардың оң жағымен қоса тepic жағы бар.

     Бiрiншiден, бұл жерде жаңа технологиялық өндiрiстің eнyi, жаңа менеджмент және маркетинг әдістері жергілікті халықтың жұмыспенқамтылуы болса.

     Екiншiсi, бұл жерде дамушы елдерден үлкен көлемде пайда ресурстарды сыртқа шығарады. Бұл ұлттық экономикалық қауыпсiздiк жағдайында проблемаларға алып келедi. Экономикалық iс-әрекеттердi басқаруды және бақылауды жоғалтып алуымыз мүмкін.

     Үшiншiсi, дамушы елдер қазiргi таңда шетел инвестициясынсыз алға жылжи алмайды. Бұл жерде айта өтейiн шетел инвестициясы елдің ұлттық инвестициясын ығыстырып шықпай оны толықтырушы болуы керек.

     Республикалық маңызды инвестициялық процестің  жүруiн 2003жылдың -қаңтар айында қабылдаған ҚР "Инвестиция туралы " заңы себеп  болады. Бұл заң он жыл бойындағы  өзгерiстердi көрсетедi.

     Индустриалды  инновациялы даму стратегиясының орындалу мақсатында Қазақстан инвестициялық  қоры құрылды. Бұл қор мемлекеттің 100 % -тiк қатысуымен жарғылық капиталында  араласуымен құрылды. Сауда индустрия  министерствасының мәлiметi бойынша  қазiргi кезде 640 инвестициялық келiсiм  бар, оның 60%-i отандық инвесторлармен жасалды. Соның iшiнде Қазақстаннның  инвестициялық климатынан банктердің ролi маңызды болып отыр. Дәл айтсақ 2002 жылы банктердің 60% активi экономиканы  несиелеуге жұмсалды. 2003 жылдың қаңтар тамыз айларында Қазақстанның екiншi деңгейлi банктерi экономиканың салаларына 825,7 млрд. теңге инвестиялады.

     Қазақстанның даму тенденциясы тек бұлармен шекетелiп қалмайды.  Бүгінде еліміз эканомикасында тұрақты даму орын алды. Қазақстан Республикасының ашық рыноктық эканомикасы жүзеге асуға бағытталған

     Сондықтан да, жалпы алғанда Қазақстанда  қолайлы инвестициялық ахуал  қалыптасқан деп айтуға негіз  бар. Ал ел эканомикасының басым секторларын  дамытуға шетелдік қана емес, сонымен  қатар Қазақстандық инвесторларды  да тартуға барынша жағдайлар  жасалынатын болады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы. 2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен
  2. ҚР«Шетелдік инвестициялар туралы» 1994 жылы 27 желтоқсандағы заңы.
  3. ҚР «Тікелей инвестицияларды мемлкеттік қолдау туралы» 1997 жылы 28 ақпандағы заңы. 
  4. Елемесов Р.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар. –Алматы. Қазақ университеті, 2002 -256 бет.
  5. Мамырова М.К. эффективность инвестиций в промышленном производстве –Алматы: Экономика. 2001.
  6. Садвакасова А.Б., Рахматуллаева Д.Ж. Исследование влияние факторов внешней среды на состояние «Портфельных инвестиции».//Вестник КАЗГУ №1 –Алматы, 1999.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОСЫМША А

 

 

Сурет 1 Инвестициялардың түрлері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОСЫМША Б 

 

    Сурет 2 Қазақстанға тура шетел инвестицияларының 1993-2005 жылдар аралығында құйылуы 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

ҚОСЫМША В 

 

Сурет 3 Қазақстан қалаларына инвестициялардың құйылуы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Дайын шетел инвестициясы