Дайын шетел инвестициясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 09:06, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап республика экономикасында күрделі бұрын соңғы болмаған өзгерістер болды. Реформа экономикада әлеуметтік жағдайларда да бағыт алуды өзінің мақсаты етіп қойды, оған жету, бұрын республикада қалыптаспаған экономикалық қатынастардың барлық жүйесін өзгертуді қажет етті, ал оны жүзеге асыру күрделі де ауыр процесс екені белгілі.

Работа содержит 1 файл

Дайын шетел инвестициясы.docx

— 173.13 Кб (Скачать)

мәселелерін анықтайтын ең маңызды элемент. Экономиакалық  реформаларға сәйкес халықаралық капиталмен инвестиция тартудың мемлекеттік саясаты  дағдарыс пен инфиляцияны тежеуге, жеке инвесторлардың инвестициялық  белсенділігін арттыруға және өндірістік құрылымдық өзгерістерге септігін тигізуде. Шетел инвестицияларының Кен  өндіру өнеркәсіптеріне келіп түсуі  Қазақстан экономикасының шикізат  секторын дамытуға жағдай жасайды. Республиканың  өнеркәсіп құрылымында шикізат  кешенінің үлесі 65% -ті құрайды. Мемлекет саясаты осы сектордағы шикізат ресурстарын ұлғайту мақсатында инвестиция тартуды, қосымша ынталандыруды жақсартуға негізделеді.

     Экономиканың  тепе–теңдік дамуын қамтамассыз ету үшін мемлекеттің экономикалық басым секторларына қаржы салған инвесторларға жеңілдіктер мен преференциялар бере отырып шикізаттық емес саланың  дамуына да қолдау жасайды. Осы мақсаттарды жүзеге асыруға байланысты  үкімет тарапынан  стратегиялық бағдарламалар мен  заң жобалары құрылуда. Тікелей инвестицияларды жүзеге асыратын орган инвестиция бойынша мемлекеттік комитет  болып табылады. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына жүзеге асыру әртүрлі нысанда жүзеге аырылады. Оған шетелдік банктері мен халықаралық ұйымдардан қарық алудан бастап кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторлврының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады.

     Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту  өте пайдалы процесс. Біріншіден  шетелдік инвестициялар елдің өндіріс  базасын жедел  жетілдіруге және оның өндірістік өндірістік мүммкіндіктерін  артыруға көмектеседі. Екішіден шетел  фирмалары жаңа өндірістік кәсіпорындар шаумен қатар капиталдық бәсекелестікте мыңдаған еңбекпен өндірісті ұйымдастыру  тәжірибесін ала келеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1.  Шетел инвестицияларын тартудың  теориялық жәнек методикалық негіздері

     1.1. Инвестицияньң әлеуметтiк-экономикалық мәні

       Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған  күннен бастап республика экономикасында  күрделі бұрын соңғы болмаған  өзгерістер болды. Реформа экономикада  әлеуметтік жағдайларда да бағыт  алуды өзінің мақсаты етіп  қойды, оған жету, бұрын республикада  қалыптаспаған экономикалық қатынастардың  барлық жүйесін өзгертуді қажет  етті, ал оны жүзеге асыру күрделі  де ауыр процесс екені белгілі.

       Қазіргі уақытта Қазақстанның  әлемдік экономикалық жүйеден  бөлектенген болашағы жоқ, сондықтан  республиканың дүние жүзілік  капитал қозғалысына енуі үлкен  жетістіктерге жеткізіп отыр  деуге болады.

       Әлемдік тәжірибе дәлелденгендей, капиталдың халықаралық миграциясы, шаруашылық өмірі барлық ұлттардың  қарым-қатынасының теңдігінің тереңдеуіне  келтіреді. Бұл жағдай капиталдың  өзара қозғалысының дамуы, әсіресе  өндірісі дамыған елдер арасындағы  қатынастарда жақсы білінеді.

          Әлемдік тәжірибе көрсеткендей  шаруашылық ісінде “шетелдік  инвестиция” терминін пайдаланудың  ұқсас еместігі әртүрлі айтыс-тартысты  жағдайға соқтырады. Соның кесірінен  оны реттеуге көп уақыт пен  ақша жұмсауға тура келеді.

    Дүние-жүзінде  қолданып жүрген заңдарға сәйкес инвестицияға кең көлемдегі сөз түсінігі ретінде  материалдық инвестиция және басқа  да құнды заттардың табыс табу үшін ақыл-ой еңбегін қосқанда кәсіпкерлік  және басқа да құралдармен қызмет түрлері жатады. Біздің ойымызша инвестицияны анықтауды оның мәнінің сипаттамасы  ғана емес сонымен қатар оның бағытының  мақсатында қарастыру керек.

       Сонымен инвестицияға мыналар  жатады: ақшалай қаржылар, мақсатты  банктар салымдар, пайлар, акция,  облигация және басқа да бағалы  қағаздар қозғалатын және қозғалмайтын  мүліктер, технологиялар, машиналық  тауар белгілері, пайдалануға,  табиғат байлықтарына, бағалы ой  еңбегіне, авторлық құқыққа т.б.

    Белгілі болып отырғандай кәсіпкерлік инвестициялаудың екі негізгі формасы айқындалуда: тікелей инвестициялар және портфельді инвестициялар.

    Тікелей инвестиция – тікелей өндірістік кәсіпорындарңа жасалынған инвестициялауды  сипаттайды.

    Портфельдік инвестиция – пайда табу үшін инвестордың  кәсіпорындардан акция, облигация, басқадай құнды қағаздарын сатып  алуларын білдіреді. Олар халық қаржысын қайта бөлуде айтарлықтай маңызды  рөл атқарады. Инвестициялық қорға  адамдар пайда алу үмітімен ақша слады. Нарықтық экономикасы дамыған  елдерде капиталдың ішкі құйылысында  тікелей секілді, портфельдік инвестициялар  да белсенді түрде қатысады. Бұл, сонымен  бірге, эканомика ресурстарындағы  негізгі массаның Қазақстанның материалдық өндіріс аясынан қаржылық аясына көшүдің спецификалық жағдайы – отандық инвестициялық қордың мәртебесі туралы ойға қалдырады.

       Инвестициялық қызметтің субьектілері (адамдар және әлеуметтік топ)  инвестициялық қызметке қатысушылардың  екі немесе одан да көп қызметтерін  үйлестіріп атқаруға құқы бар.

       Инвестициялық қызметтер субьектілері  арасындағы қатынас олардың өздері  арасындағы жасалған шарт бойынша  анықталады. Шарт инвестициялық  қызметтегі субьектілер арасындағы  өндірістік-шаруашылық және басқа  қызметтерді реттейтін ең басты  құжат болып саналады. Бұл жерде  мемлекеттік мекемелердің араласуына  жол бермейді. Шарт өз қызметін  инвестициялық қызметтің бүкіл  мерзімінде күшін жоймайды. Егер  шартты жасасып болғаннан кейін  серіктестер жағдайын нашарлататын  заң тәртібінде өзгерістер пайда  болған жағдайда шартты өзгертуге  болады.

    Бiздiң  пiкiрiмiзше инвестицияға ағымдағы шығындар жатпайды, сондай –ақ инвестиция түсінігі капитал салымы түсінігінен едәуiр  кеңiрек өйткенi олар негiзгi капиталды  қайта өндiруге кететін шығындар, ал инвестициялар - бұл материалдық  активтерге тiкелей салым және портфельдiк  инвестициялар және материалдық емес активтерге инвестициялар. Инвестициялау процесiн сызба түрiнде керсетуге болады (1 кесте).              
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1-Сурет. Инвестициялау сызбасы.

    
Инвестиц

иялау түрлері

Материалдық

активтерге  инвестициялар

Қаржылық активтерге инвестиция-

лар

Материялдық емес

активтерге

инвестицилар

Инвестициялау обьекті

лері

Негізгі өндірістік және өндірісітік емес қорлар, материялдық запастар Акция лар,мемлекеттік  және корпоративтік  облигаци

лар, басқа  құнды қағаздар

Патенттер,

лицензиялар,

сауда белгілері,

ғылыми

техникалық

өнім  және т.б.

Білім беру

денсаулық

сақтау

және  т.б.

Инвести

цияның  айналу саласы

Экономиканың

нақты секторы

Қаржы-банктік

сала

Инновация

лық

сала

Әлеуметтік

сала

Инвести

цияның  айналу мақсаты

Жаңа материалдық  актив

терді құру

Шығу шы материа

лдық  актив

терді толық

тыру

Материал

дық активтер дің тиімділі

гін көтеру мен жаңарту

Бос қаржы құрал

дары  ның

инвес тиция  ға

айнал уы

Матер иалдық актив  тердің сапасы

мен бәсеке лес

тігін ғылыми техника

лық

деңгейін  көтеру

Өмір сүру сапасын, білім беру деңгейін, квалифика

циясын  көтеру, ұлт денсаулығын жақсарту қоршаған орта сапасын және т.б.

Инвести

циялау  дың соңғы мақсаты

Материалдық емес сипаттағы материал байлықтың  және қоғамдық құндылықтардың өсуі
 

    Инвестицияның бірыңғай анықтамасының жоқтығынан бүгінгі күні көптеген инвесторлар  қорлық көруде, мұның өзінде нақты  қаржылық тұрғыда зардап шегүде. Әртүрлі  ой-толғамдарға жол бермейтіндей «инвестицияның» базалық анықтамасы жасалынса, Қазақстандық заңнаманың барлық салаларында және инвестициялық барлық қызыметтің қатысушыларына бұл нормативтік актінің реттеуші болуына жағдай тур еді.

    Белгілі болып отырғандай кәсіпкерлік инвестициялаудың екі негізгі формасы айқындалуда: тікелей инвестициялар және портфельді инвестициялар.

    Тікелей инвестиция – тікелей өндірістік кәсіпорындарңа жасалынған инвестициялауды  сипаттайды.

    Портфельдік инвестиция – пайда табу үшін инвестордың  кәсіпорындардан акция, облигация, басқадай құнды қағаздарын сатып  алуларын білдіреді. Олар халық қаржысын қайта бөлуде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде капиталдың ішкі құйылысында тікелей секілді, портфельдік инвестициялар да белсенді түрде қатысады. 

    Инвестициялаудың  соңғы мақсаты болып материалдың  байлықты құру және ұлғайту, сонымен  қатap қоғамдық құндылықтарды максималдау, инвестициялау процесi қазiргi экономикалық әдбиеттердегi инвестициялау терминi сияқты классикалық анықтамасы әр турлi пайымдалады.

    Қазiргi заманғы жағдайға сай жиынтық  өндiрiс пен табыстың бiрiншi себебi болып Кейнстiң жүйесiндегi керек  инвестикалық табыстар көлемiнiң өзгеруi болып табылады. Инвестицияның не eкeнін еске түсiрейiк. Инвестициялау - болашақта бiз күтетін табыс  үшiн қандай болмасын құндылықтарды  сатып алу.Қазiргi экономистер анықтаманы «инвестиция» терминi «капитал салымы»  терминiмен теңестiрiледi. Бұл жерде  инвестиция дегендi негiзгi қорларды қайта  өндiру құралы ретiнде қарастырады. (Fимараттар, қондырғылар, құралдар, көлiк  құралдары және т.б.) осымен бiрге  инвестициялар айналымдағы активтер мен әртүрлi қаржы құралдарына (акция, облигация т.б.) және материалдық  емес активтердiң жекелеген түрлерiне (патент алу, лицензия, «ноу-хоу» және т.б.) жүзеге асырылуына мүмкiндiк болады. Осылайша капитал салымдары тар ұғым болады да инвестицияның бiр түрі ғана болып қалады.

    Қазақстан Республикасының «Шетел инвестициялары туралы» заңында «Инвестицияға» кеңейтiлген анықтама бере отырып оны осылайша капитал салымы түсінігімен шектемеу шарттары жасалған. Онда былай делiнген: « Инвестициялар - инвесторлар кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне пайда табу мақсатында салған барлық мүлiктi құндылықтар және оларға құндылықтар мен қaтap интеллектуалдық меншiкке құқықтардың түрлерi» жатады. Бiрақ та бұл анықтама толық емес, өйткенi мұнда тек кәсiпкерлiк қызметте қолданылатын құндылықтар ғана айтылып өтiлген, әлемдiк тәжiрибеде инвестицияны тиiмдi бағалау кезiнде тек қаржылық эффект ғана емес сонымен қaтap жалпы қоғамды еске алатын экономикалық, қоғамдық құндылықтардың материалдық  емес сипаттағы мақсаттарды да ескеріледі.

    Осылайша, Қазақстан Республикасының «Шетел инвестициялары туралы» заңында анықтама жеткiлiктi толық емес, өйткенi инвестициялардың барлығын қарастырмайды.

    Негiзгi қорларға капитал салымдарының процесi «инвестиция» түсінігін қолдану кезiнде кең көлемде пайымдалуы керек: Инвестициялау-бұл инвестициялық ресурстардың материалдық байлыққа және материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарға ауысу процесі.

    Сонымен, инвестиция дегенiмiз қаржы ресурстары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы материалдық және материалдық емес қоғамдық құндылықтарға алынатын инвестициялық ресурстар деп бiлемiз.

    Әр  турлi инвестициялардьң қозғалысында келесi айырмашылықтар болуы керек. Сондықтан оларды төмендагідей етіп айыруғ болады..

    1 )Тiкелей салынатын нақты инвестициялар; 

    2)Каржы  құралдары арқылы салынатын портфельдiк  инвестициялар.

    Керсетiлген негiзгi инвестициялардьщ екі түрінен  басқа интеллектуалдық инвестициялар дейтiндер де бар, яғни патенттер, лицензиялар, ноу-хоу сатып алу, персоналды дайындау және қайта дайындау. Портфельдiк инвестициялар акцияға, облигацияларға және басқада ұзақ мерзiмдi сипаттағы  құнды қағаздарға оларды сатып алу жолымен құралдарды сатып алу. Әдетте олар кәсiпорынның акционерлiк капиталдарының 10% көлемiнде ғaнa болып инвесторға оны басқаруға немесе болуға толық құқық бермейдi.

    Негiзгi капиталды қайта өндiру жағдайына  байланысты инвестициялар келесiдей  болып бөлiнедi:

    l)Жалпы  және жиынтык, инвестициялар. 

    2)Таза  инвестициялар, яғни негiзгi капиталды  ұлғайтуға бағытталған. 3)шығуды  толтыруға инвестициялар. 

    Жалпы инвестициялар - белгiленген кезеңдерде инвестициялардың инвестицияланған құралдардың  жалпы көлемiн көрсетедi.

          Таза  инвестициялар - белгiленген  кезеңдерде амортизациялық шегерiмдердi аударған жалпы инвестициялар болып келедi.

    Таза  инвестициялардың көрсеткiштерiнiң  динамикасы елдiң әp кездегi экономикалык, дамуының сипаты. Егер таза инвестициялар  соммасы тepic болса, бұл дегенiмiз  өндiрiстiк патенцияалдың төмендеуi, яғни шығарылған өнім келемінің азаюы.

    Егер  таза инвестициялар нөлге тең  болса, бұл дегенiмiз экономикалық өсудiң жоқ болуы, өйткенi өндiрiс  патенциалы өзгермейдi. Егер таза инвестициялар  оң көрсеткiштi көрсетсе, бұл экономика  даму сатысында дегендi бiлдiредi. өйткенi өндiрiстiк патенциалын қайта өзгеруiн  қамтамассыз етедi. Таза инвестициялардың өcyi талабының көбейуiне әкеледi. қарастырылған  инвестициялардың барлық типтерiн топтауға болады және келесiдей сыныптамада  көрсетуге болады.(1-сызба)

Информация о работе Дайын шетел инвестициясы